В данном дипломном проекте сделан анализ работы центра обработки



жүктеу 0,91 Mb.
Pdf просмотр
бет8/32
Дата14.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#13267
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

29 

орталығының  желілік  инфрақұрылымының  таңдалған  архитектурасына 

байланысты. Олар жұмыс тобы деңгейінің ең қарапайым коммутаторы ретінде 

немесе мекеме деңгейінің жабдығы ретінде қолданылуы мүмкін; 

- бағдарламалық кешендер. Олар орталықтандырылған мониторинг және 

желіні  басқаруды  жүргізеді,  графикалық  интерфейс  және  де  атқарымдық 

компоненттер күйі, коммутаторлар ресурстарының жүктелуі, қосылып тұрған 

құрылғылардың 

кейбір 

параметрлері, 



оның 

ішінде 


серверлардағы 

FibreChannel интерфейстік карталардың микробағдарламалық қамсыздандыру 

нұсқасы  сияқты  байқалатын  параметрлердің  кеңейтілген  виртуализациясы 

құрылғылары,    есебінен  ақпаратты  өңдеу  орталығының  бүкіл  желілік 

инфрақұрылымын басқаратын бірыңғай нүктесін ұсынады.  

Конвергенция  ақпаратты  өңдеу  орталығының  желілеріндегі  тағы  бір 

маңызды тенденция болып табылады. Оның арқасында бір-бірінен бөлек LAN 

және SAN желілерін біріктіруге болады, ал бірыңғайландырылған коммутация 

көмегімен  басқаруды  оңайлатуға  және  жабдық,  электрқамту  және  кабельдік 

инфрақұрылымда  үнемдеуге  болады.  Конвергенция  бір-бірімен  байланысқан 

протоколдар арқылы жүзеге асады. Олардың ішінде  FibreChanneloverEthernet 

(немесе  FCoE),  DataCenterBridging  (DCB)  жетілдіруі  бар  Ethernet  және 

40/100GB  Ethernet  бар.  Сонымен  бірге  FCoE  FC  және  Ethernet  трафигін 

топтап,  бір  коммутаторға  барлық  серверлер  және  ақпараттарды  сақтау 

жүйелерінің трафигін өңдеуге мүмкіндік береді.  

DCB  арқылы  Ethernet  FibreChanneloverEthernet  (FcoE)  трафигі  үшін 

қолайлы, жоғалтуларсыз протоколға айналады. ақпаратты өңдеу орталығының 

желілк  карталары  және  коммутаторлары  FibreChanneloverEthernet  және 

DataCenterBridging  стандарттарын  қолдауы  қажет.  Егер  конвергентті 

желілерде 40GB және 100GB Ethernet-ке ауысу орын алса, онда ақпараттарды 

өңдеу  орталығы өте  ауқымды  ақпараттар  көлемін  таратуға  мүмкіндік  береді. 

Жақында  серверларда  10GbE  желілік  карталары  болады,  ал  желінің 

ядросымен  байланысты  қамтамасыз  ету  үшін  ToR  коммутаторларында  40 

GbE-ні қолдау қажет етілетін болады.  

Үстіде келтірілген протоколдардың кейбіреулері әлі шығарылуда, бірақ 

жақын  келешекте  олар  заманауи  ақпараттарды  өңдеу  орталықтары 

желілерінің архитектурасын анықтайтын болады. 

Ethernet-коммутациясы  көбінесе  күту  уақытына  үлкен  талаптар 

қоймайтын приложениялары үшін қолданылады. Ал GigabitEthernet арналары 

көбінесе  басқару,  мониторинг,  синхронизация  және  ақпараттарды  сақтау 

желілерімен  әрекеттесу  үшін  қолданылады.  Сирек  жағдайларда  олар  төмен 

өнімділікті  жүйелерде,  параллель  есептеулерді  қолдану  кезінде  есептеу 

түйіндерімен әрекеттесуде қолданысқа ие болды.   

 

SAN  сақтау  жүйелері  әртүрлі  дисктік  жүйеастыларын  біріктіру, 



сенімділік  деңгейін  жоғарылату,  және  ақпараттарды  сақтау  қызметтерін 

көрсетумен байланысты міндеттерді шешуге көмектеседі. Осындай желілерді 

құру  кезінде  SAN  және  NAS  концепциялары  қолданылады.  Олар 



30 

ақпараттарды  сақтау  инфрақұрылымын  және  есептеу  қуаттарын  біріктіруге 

мүмкіндік береді.  

SAN-сақтау  орындары  ақпаратқа  сенімді  және  өнімді  блоктык 

қатынауды жеке сақтау желісіне біріктіру арқылы және арнайы интерфейстер 

(FibreChannel)  бойынша  приложениялар  серверімен  қосылуды  қамтамасыз 

етеді. SAN концепциясы ақпараттарды сақтау жүйелерін және приложениялар 

серверлерін  бөліп  тастайды,  және  де  максималды  иілгіш  және 

масштабталатын  болып  табылады.  Нәтижесінде  СХД-ны  өсіру  және  қызмет 

ету  шығындарын  қысқартуға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  SAN  сақтау 

желілері  ақпараттарды  қалпына  келтіру,  миграциясы  және  репликациясы 

саласындағы барлық атқарымдарды қолдайды.  

NAS сақтау жүйелері IP (internetprotocol) - желілік деңгейдің стандартты 

протоколы  бойынша  серверлерге  қосылады.  NAS  технологиясы  ыңғайлы 

файлдық қатынауды қамтамасыз етеді және әртүрлі, әртекті приложенияларға 

ақпараттарды бірегей қолдануына мүмкіндік береді.  

АӨО-нің  ақпараттары  сақталуының  жоғры  деңгейін  кепілдеу  үшін 

әдетте  аумақ  бойынша  таралған  желілер  қолданылады.  Оларды  жобалау 

кезінде  резервті  ақпараттарды  өңдеу  орталығымен  байланыс  қамтамасыз 

етілуі  керек.  Аумақ  бойынша  таралған  ақпаратты  өңдеу  орталықтарын 

байланыстыру  үшін  қалалық  (MAN)  немесе  глобалды  (WAN)  желілер, 

арасында арналарды оңтайландыруы бар жалпы қолжетімді немесе виртуалды 

жеке желілер қолданылуы мүмкін.   

Алдымен  АӨО-нің  желілік  инфрақұрылымы  өзінің  қызметінде 

ақпараттық  технологияларды  активті  қолданатын  және  көрсететін  қызметтер 

сапасын  көтергісі  келетін  компанияларға  қажет.  АӨО-нің  желілік 

инфрақұрылымы  –  бұл  талдау  және  өңдеуді  қажет  ететін  ақпарат  көлемі 

ұдайы  өсіп  отыратын,  бизнес-приложениялар  саны  өсіп  отыратын, 

ақпараттарды  аумақ  бойынша  таралған  есептеу  желілерімен  өңдеуді  қажет 

ететін компаниялар үшін идеалды шешім болып табылады.  

АӨО-нің желілік инфрақұрылымының негізгі артықшылықтары: 

- АӨО-нің  түйіндері  арасындағы  жоғары  жылдамдықты  транспорт 

қолдану арқасындағы өнімділіктің жоғары деңгейі; 

- бір  тоқтап  қалу  нүктелері  болмайтын  аумақ  бойынша  таралған 

кескіндемелерді қолдану нәтижесінде жүйенің тоқтап қалуға төзімділігі едәуір 

өседі; 


- АӨО-нің  желілік  инфрақұрылымының  масштабталатын  архитектура 

қысқа уақытта өзгеретін бизнес талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді; 

- сақтау  желілерін  қолдану  арқасында  дисктік  кеңістікті  қолданудың 

оңтайлығын жоғарылату; 

- желілерде  интеграцияланған  ақпараттарды  қорғау  жүйелерін  қолдану 

арқылы ақпараттардың қауіпсіздігі деңгейі жоғарылайды; 

- қолданушыларға қызмет етудің жоғары деңгейі; 

- жабдықтардың тоқтап қалуларын қысқа уақытта жою; 

- ақпараттарды сақтаудың сенімділігі және қауіпсіздігі. 



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау