В данном дипломном проекте сделан анализ работы центра обработки



жүктеу 0,91 Mb.
Pdf просмотр
бет9/32
Дата14.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#13267
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

31 

Офистік  құрылымдық  кабельді  жүйелерге  қойылатын  стандарттар  дәстүрлі 

жолдарды  және  порттардың  жоғары  тығыздығы  және  жабдықтардың 

көптігімен  сипатталатын  ақпаратты  өңдеу  орталықтарында  қолдануға 

келмейтін  сұлбалары  келтіреді.  Мысалы  қолданушылық  коммуникациялық 

қосылғыштардың  орнына  жабдықтар  қосылатын  коммутациялық  панельдер 

орнатылады.  Осындай  нұсқаны  TIA-942  стандарты  қарастырады,  ал 

қосылғыштық модульдері бар терме панельдерді қолдану офисті құрылымдық 

кабельді жүйелер стандартына жақын шешімді алуға мүмкіндік береді. Дұрыс 

және  сауатты  жобаланған  кабель  өткізгіштер  жүйесі  ақпаратты  өңдеу 

орталығының  кабельді  жүйесінің  икемділігін  және  қолдану  қолайлығын 

қамтамасыз етеді.  

Ақпаратты  өңдеу  орталығына  арналған  құрылымдық  кабельді  жүйе 

порттардың жоғары тығыздығын ескеруі қажет, механикалық беріктілікке ие, 

бөгеуілдерге  төзімді,  жоғары  өткізгіштік  қабілеттігіне  (болашақта  қажетті 

қор),  жобалық  шешімдердің  икемділігін  және  қолданудың  қолайлығын 

қамтамасыз  етуі  тиіс.  Мыс  кабельдері  бағасының  артуы  арзан  оптикалық 

электрониканың  пайда  болуына  әкеліп  соқтыруы  мүмкін.  Әрбір  жабдық  бар 

шкафта  коммутациялық  панельдерді  орнату  АӨО-ге  қызмет  көрсету 

қолайлығын едәуір арттырады.  

Алғашында  АӨО-нің  IT  инфрақұрылымының  осы  компоненттері 

техникалық қамтудың құрылымдық элементтерімен сәйкес келеді деген пікір 

туындауы  мүмкін.  Осы  екі  амалдарды  жүзеге  асыру  кезінде  туындайтын 

мекеменің  талаптары  қатты  ерекшеленеді.    АӨО-нің  стандартты 

интеграцияланған  IT  инфрақұрылымы  АӨО-ны  басқару  және  оның  тиімді 

жұмысын қамтамасыз етуге арналған.  

Құрылымдық  кабельді  жүйелерді  шығарушы  компаниялар  әдетте 

ақпаратты  өңдеу  орталықтарына  арналған  арнайы  шешімдерді  ұсынады. 

Құрылымдық  кабельді  жүйелерге  қойылатын  талаптардың  ішінде  оның 

тиімділігі (жоғары өнімділігі, сенімділігі, орналастыру тығыздығы), басқаруға 

икемділігі  (АӨО-нің  инфрақұрылымын  басқаруды  арттыру),  икемділігі 

(жоғары  жылдамдығы  және  монтаждаудың  қарапайымдылығы)  және 

масштабталуы болады.   

Ақпаратты  өңдеу  орталығының  желілік  инфрақұрылымын  құрудың 

күмәнсіз  артықшылығы  эксплуатациялық  шығындардың  және  компанияның 

техникалық  қызметкерлеріне  жүктеменің    азаюы  болып  табылады.  Сонымен 

бірге  IT-инфрақұрылымының  басқарулығы  және  оның  мониторингі 

айтарлықтай жоғарылайды. Нәтижесінде өндірістік немесе бизнес-үрдістердің 

тоқтап  қалуымен  байланысты  қаржылық  жоғалтулардың  пайда  болу 

мүмкіндігі төмендейді. 



2. АӨО-нің аналитикалық модельдеу әдістерін талдау  

2.1 Аналитикалық модельдеу 


32 

Модельдеу –  зерттеушіні  қызықтыратын  сипаттамаларын  сақтап, 

зерттелетін  жүйені  зерттеуші  үшін  ыңғайлырақ  жүйеге  ауыстыру  арқылы 

жүзеге асатын зерттеу құралы. 

Модель –  зертеушіні  қызықтыратын  сипаттамаларында  зерттелетін 

нысанды ауыстыра алатын кез-келген зат.    

Нысанның  сипаттамасы –  зерттеу  жүргізілетін  жүйе  және  зерттеу 

жүргізілуі қажет жағдайлар туралы мәліметтердің жиынтығы.  

Модельдеу  уақыт  бойынша  жайылған  құру,  тәжірибелік  зерттеу  және 

дұрыстау  үрдісі  болып  табылады.  Оның  сипаттамасы  болжанатын  жүйенің 

алгоритмін сілтейді және ресми түрде сыртқы әсерлердің біршама атқарымы 

түрде қаралуы мүмкін. Модель сипаттауды зерттеушінің қажетіне және қолда 

бар  құралдарға  қарай  ірі  немесе  кіші  ықшамдаулар  арқылы  жаңғыртады. 

Сонымен қатар қолданылатын құралдар қиындығы мен алынатын нәтижелер 

дәлдігі арасында мәмілені сақтаған дұрыс. 

Аналитикалық  модель  –  жүйенің  жұмыс  істеу  үрдісінің  және 

құрылымының  математикалық  сипаттамасы,  және  де  оның  оңтайлығы 

көрсеткіштерін  анықтау  әдістемесі.  Осындай  модель  жүйенің  қылығын  тез 

және жоғары дәлдікпен сипаттауға мүмкіндік береді.  

 Математикалық  модельдеуді  аналитикалық  және  имитациялыққа 

бөлуге болады. Аналитикалық модельдеу кезінде жүйе элементтерінің жұмыс 

жасау үрдістері алгебралық, интегралдық, дифференциалдық және тағы басқа 

қатынастар және логикалық жағдайлар ретінде жазылады.  

Аналитикалық  модельдер  жаппай  қызмет  көрсету  жүйелерінің  (ЖҚЖ) 

жұмысын  сипаттау  кезінде  ең  тиімді  және  айқын  болып  табылады.  Жаппай 

қызмет  көрсету  жүйелері  –  уақыттың  кездейсоқ  жағдайларында  қызмет 

көрсетілуге  тапсырыстар  түсетін  және  түскен  тапсырыстар  басқаруда  бар 

қызмет  ету  арналары  бойынша  қызмет  көрсетілетін  жүйелер.  ЖҚЖ-ны 

толықтай  сипаттау  үшін  және  зерттеудің  міндетін  қою  үшін  жүйенің 

құрылымын  және  қызмет  ету  ережелерін  анықтау  қажет.  Сонымен  қатар 

зерттелетін ЖҚЖ-ның жұмыс жасау тиімділігі және сапасын талдауға қажетті 

кейбір  сандық  көрсеткіштерін,  яғни  қызмет  ету  сапасы  және  тиімділігі 

көрсеткіштерін анықтау қажет.  

 Аналитикалық модельдеу жүйелерді талдау үшін қолданылатын, екінші 

реттен  жоғары  емес  теңдеулермен  сипатталатын  және  көп  өлшемді  өлшеу 

құралдарын  есептеуге  қолданылатын  жақындатылған  дәл  әдістерден  тұрады. 

Олар  сызықтық  аналогтық  және  қарапайым  (сызықтануға  берілетін) 

импульсты түрлендіргіштерді модельдеу үшін ыңғайлы.    

Әдетте  аналитикалық  модельдеу  үш  кезеңмен  орындалады:  ЖҚЖ  түрі 

таңдалады; тапсырыстар және қызмет ету ағындарының модельдері жасалады; 

ЖҚЖ сипаттамалары зерттеледі.  

Имитациялық  және  аналитикалық  модельдеу  кезінде  қолданылатын 

ЖҚЖ модельдері сәйкесінше имитациялық және аналитикалық модельдер деп 

аталады.  




жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау