7. ПӘНДІ ОҚЫТУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Теориялық материалды оқытуға байланысты әдістемелік нұсқаулар.
№1 практикалық сабақ
Тақырыбы: Фольклор – тарихымыздың төл дерек көзі.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1.
Фольклордың пайда болуын сынау: деректік маңызы, объективтілігі, алғышарттары,
тарихи жағдайлары, ерекшеліктері, сипаты.
2.
Фольклордың түрлік ерекшеліктері (сыныптау поблемалары).
3.
Фольклортанудың негізігі проблемалары мен тәсілдері
Әдістемелік нұсқау: Дөнгелек үстел түрінде. Кеңейтілген әңгіме түрінде ұйымдастырып, ол
дәріс материалына негізделуі керек. Нақты фактіге сүйеніп, сурет, баяндама пайдалану.
Өзекті мәселеге кеңінен тоқталу.
Әдебиет:
1.
Атабаев Қ. «Қазақстан тарихының деректанулық негіздері» А., 2002 ж.
2.
Источниковедение истории СССР / Под. ред. Ковальченко И.Д. М., 1981.
3.
Источниковедените: теория, история, метод. Источники Российской истории:
учебное пособие. М., РГТУ.1998.
№2 практикалық сабақ
Тақырыбы Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының деректік базасы. Антик
авторлары.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1.
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының деректерінің негізгі басылымдары.
2.
Грек авторлары: Геродот, Страбон т.б.
3.
Рим авторлары.
4.
Парсы жазбалары.
Әдістемелік нұсқау: Галереяға саяхат.
Галереяға саяхат.
1.
Студенттер бір проблеманы әртүрлі жолдармен талдайды және өз жұмыстарының
қорытындысы ретінде не диаграмма не кесте сызады;
2.
Нәтижелер тақтаға қыстырылады;
3.
Оқытушы белгі кезегімен жылжып тақтадағы барлық нәтижелерді оқып талқылайды;
4.
Әр топ немесе оқытушы тақтадағы нәтижеге келесі топтың нәтижелеріндегі жетістіктер,
кемшіліктер көрсетілген және ескертпелер берілген өз байқауларын қыстырып қояды;
5.
Осы галерея саяхатынан соң, топтар нәтижелерді басқалармен салыстыра зерттейді, өз
жазған нәтижелеріне басқалардың қыстырып кеткен байқауларын талқылайды.
Әдебиет
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».
2005. Т.1: Ежелгі Шығыс. – 2005. – 472 б.
Т.2: Антикалық Грекия және Рим тарихи ойы. – 2005. – 416 б.
№3 практикалық сабақ
Тақырыбы: Қытай деректері
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Сыма Цян «Тарихи жазбалар» («Шицзи»).
2. Бань Гу «Ежелгі Хань әулетінің тарихы» (Цянь Ханьшу»).
3. Фань Е «Кейінгі Хань әулетінің тарихы» (Хеу Ханьшу).
Әдістемелік нұсқау: Пікір-сайыс түрінде. Пікір сайыс дәріс материалына және студенттер
өзіндік жеке семинар сұрақтарына байланысты тапқан жауаптарына байланысты өткізіледі.
Топ екіге бөлініп, екі түрлі көзқарасты ұстанады. Біреулері жақтайды, екіншілері қарсы
шығады. Бұл сабақта магистранттар нақты фактіге сүйеніп, өз позицияларын жан-жақты
талқылап, дәлейді. Және соны шешу жолдарын көрсете білуі тиіс.
Әдебиеттер:
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. Т.1. А., 1996.
Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».
Т.1: Ежелгі Шығыс. – 2005. – 472 б.
Сиуңну (Хань кітабынан). Аударып, алғы сөзін жазған және құрастырған
Қ.Салғараұлы. Алматы, 1998.
Материалы по истории кочевых народов в Китае. ІІІ- V в.в. Перевод с
китайского В.С.Таскина. Выпуск 1. Сюнну. М., 1989.
№4 практикалық сабақ
Тақырыбы: Ежелгі түркі руникалық ескерткіштері.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Ежелгі түрік руникалық ескерткіштерінің тарихи дерек ретіндегі
ерекшелігі, маңызы және орыны.
2. Орхон түрік бітіктастары.
3. Енисей түрік бітіктастары.
4. Талас ескерткіштері.
Әдістемелік нұсқау: Пресс-конференция
Пресс конференция.
Бұл әдіс нақты аргументтелген ойлау, өзінің жеке көзқарасын білдіру дағдыларын
үйретеді.
Пресс-конференцияда сөз сөйлейтін студент оқытушы орындығын иемденеді, олар
сұрақтарға жауап береді. Оқытушы пресс-конференцияның барысын бақылай отырып,
тақырыптың негізгі жақтарының, негізгі түсініктер мен категориялардың ұмытылып
қалмауын қадағалайды. Пресс-конференцияға қатысушыларға сұрақтарды өзі қояды,
дискуссия уақытын шектейді, сөз сөйлегендерге баға береді, қызықты сұрақтарды және
нақты жауаптарды ескереді.
Әдебиет
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. Т.1. А., 1996.
2. Қазақстан тарихы туралы түрік деректемелері. ІІ том. Көне түрік бітіктастары
мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас).– А.: Дайк-Пресс, 2005.- 252 б.
3. Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятники рунического
письма. – СПб.: Филологический факультет СПб ГУ, 2003. – 560 с.
4. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
№5 практикалық сабақ
Тақырыбы: Ортағасырлардағы Қазақстан (рим,
византия, армян, орыс
деректері).
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Рим авторлары.
2. Византия тархшылары.
3. Араб авторлары.
4. Армян авторлары.
5. Орыс жылнамаларынан мәліметтер
Әдістемелік нұсқау: Ауызша баяндау.
Әдебиет: 1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. Т.1-3. Астана, 2005.
3. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002
№6 практикалық сабақ