Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша


Кассадан материалдар алуға есеп беріге міндетті тұлғаға ақша берілді



жүктеу 449,84 Kb.
бет26/131
Дата12.12.2022
өлшемі449,84 Kb.
#40573
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131
?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøà

37.Кассадан материалдар алуға есеп беріге міндетті тұлғаға ақша берілді
А) Дт1010 Кт 1251
Б)Дт 1310 Кт 1010
В) Дт 1310 Кт 1251
Г) Дт1251 Кт 1010
Д) Дт 1252 Кт 1010
38.Дт 3350 Кт 1250 бухгалтерлік жазуы білдіреді
А) кассадан еңбекақы берілді
Б) еңбекақыдан МЗЖ ұсталынды
В) іс-сапар шығындарына берілген аванс
Г) ЖТС есептелінді
Д) есепті соманың қолданылмаған қалдық ақшасы еңбекақыдан ұсталынды
39.Акционерлік қоғам президентінің іс-сапар байынша шығындары есептен шығарылды
А) Дт1010 Кт1251
Б) Дт7210 Кт1251
В)Дт1251 Кт7210
Г)Дт7210 Кт1252
Д)Дт7110 Кт1251
40.1251 шоттың кредиті бойынша есепке алынады
А)аванстық есепке сәйкес есептен шығарылатын сома
Б)есеп беруші тұлғаға берілген сома
В)артық шығыналған сома
Г)еңбек ақыдан ұсталған сома
Д)есеп беруші тұлғаның қарызы
41. Есеп беріге міндетті тұлғағамен есеп айырысу үшін қолданылатын шот
А)1010
Б)1254
В)1251
Г)1310
Д)1210


ІІ. БЛОК ЕҢБЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ


Ұйымдардағы еңбек және төлемақы есебінің мақсаттары.
Төлемақы нысандары мен түрлері

1.Жұмыскерлердің құрамы ,жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу


2.Еңбек ақы төлемінің нысандары мен жүйелері
3. Еңбек ақы түрлері

Еңбек ақыбұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген мөлшеріне сай қызметкер орындаған жұмыс көлемі үшін алады.


Кәсіпорынның қызметінің процесінде жұмысқа қабылдау және босату нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді,жұмыс бабы бойынша ауысулар жүзеге асырылады. Адам құрамының есебін арнайы кадрлар бөлімі жүргізеді.Кадр бөлімі жалпы кәсіпорын бойынша, оның барлық құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің саны туралы және қызметкерлердің санының өзгеруінің себептері туралы; жынысы,жасы, санаты, лауазымы мамандығы, қызмет өтілі, білімі және басқа да басқа да белгілері бойынша қызметкерлердің құрамы туралы толық деректемелермен қамтамасыз етеді. Жұмысқа қабылдау ,жұмысқа алу туралы бұйрықпен және еңбек келісім шарты негізінде жүргізіледі.Жұмысқа қабылдау кезінде кадр бөлімінің қызметкері жұмысшының еңбек қызметін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы. Ондай құжаттарға еңбек кітапшасы,жеке еңбек келісім шарттары немесе жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі жатады. Жұмысқа алғаш рет кірген жұмысшыларға еңбек кітапшасы толтырылады және ол кадрлар бөлімінде сақталады. Әр жұмысшыға жеке табельдік номер тағайындалып бухгалтерияға есеп бухгалтеріне беріледі. Жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан өз еркімен кету кезінде жұмысшы кәсіпорын басшысының атына өтініш жазады. Материалдық жауапты тұлғаны жұмысқа қабылдау және жұмыстан босту кезінде кәсіпорынның бас бухгалтерінің келісімі қажет, өйткені кәсіпорынның ақша қаражаттары мен құндылықтарына басшымен қатар бас бухгалтер толық материалды жауапты тұлға болып табылады.
Материалдық жауапты тұлғаны жұмысқа қабылдау кезінде онымен еңбек келісім шартынан басқа толық материалды жауапкершілік туралы келісім шартқа отырады.
Қызметкердің жұмысқа қабылдану мерзіміне қарай жіктеледі:
1.тұрақты- жұмысының аяқталу мерзімі көрсетілмеген;
2. уақытша- 2ай мерзімге;
3. маусымдық- маусаымдық жұмыстарды 6 айдан аспайтын уақытта орындау кезінде.
Кәсіпорында орындайдық функцияларына байланысты жұмыс жасайтындарды жұмысшылар және қызметкерлер деп бөлінеді.
Қызметкерлер басшылар, бас мамандар, мамандар және басқа қызметкерлер деп бөлінеді.
Жұмысшыларды өндіріс процесіне қатысуына қарай негізгі және көмекші деп бөлінеді.
.Жұмыс уақытының есебін табельдерде жүргізіледі.Табельдің есептік деректері еңбек тәртібін сақтауға, жұмысқа келу мен кетудің уақтылығына бақылау жасауға, жұмыспен өтелген уақыт туралы және жұмысқа себепті және себепсіз келмеу туралы еркін деректемелермен қамтамасыз етуге, жалақы есебін жүргізуге қажает.
Табель бұл жұмыс жасаушылардың санаттары бойынша қызметкерлер тізімі.Табель күн сайын жұмыс аяқталған бойда жабылады.
Табельді жабудың екі әдісі бар:

  1. әдіс. Мұндай кезде қалыпты жұмыс сағаты -8сағат 12 минут қойылады.Жұмысқа келмеу әріптермен немесе сандармен қойылады;

  2. әдіс. Бағандарға тек жұмысқа келмеу белгісі қойылады.Ал жұмысқа келген күндер ұяшықтары бос қалады.

Жұмыстың уақытылы басталуына және аяқталуына, жұмыс күні ішінде жұмыс уақытының пайдалануына бақылау жасауды кәсіпорынның басшысы, бөлім меңгерушілері, цех меңгерушілері жүзеге асырады.
Бақылау әдістері:
1. Карточкалық, бақылау сағаттарының көмегімен;
2. Жетондық, табельдік жетондар мен маркілерді пайдалану арқылы;
3. Өткізу, мұндай кезде кіріп-шығуға рұқсат қағаз беру жұмыс күнінің басында және аяғында жүргізіледі;
4. Рапорттық-ведомостік, бөлімше бастығының рапорттары мен табельдік ведосостерін пайдалану арқылы;
5. Бақылау-өткізу қағаздарының көмегімен.

2.Кәсіпорындардағы еңбек ақы есебі №19 «Қызметкерлер сыйақысы» ҚЕХС-на негізделеді.
Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады: кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (жұмыс атқарған уақытына қарай төлеу).

жүктеу 449,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау