АНАРДЫҢ ата-анасы қамығып, таңырқап жүр. Кішкен-
тай Анар екі жасқа толса да, мүлдем сөйлемейді. Бірақ,
ол, еш шүбәсіз, өте зерек қыз, әрі қалған басқа жағынан
жасына сай дамып келеді, өзіне қарата айтылған сөзді
түсінеді. Анасы біраз уақыттан соң түсінді: өзі шамадан
тыс қамқоршыл және әрдайым қызының көңілін айтпай
табуға тырысқандықтан, Анарды сөйлеу қажеттілігінен
өзі босатқан. Анасы бәрін сөзсіз түсініп, Анар айтып
үлгергенше, оның кез-келген қалауын екі етпей орындап
отырған. Сонда анасы бұрынғыдай «ұғымтал» болмай,
қызының өтініш білдіретін ым-ишаратын, дыбыстарын
«түсінуді доғарды». Бұл Анарды өз қалауын сөзбен
жеткізуге итермеледі, осылайша анасы
қызының өте зерек және сөзшең болып
өсіп келе жатқанына көз жеткізді.
ӘЛІБЕКТІҢ жасы – үш жас, сегіз ай. Ол өте белсенді, әрі
білімқұмар балақай. Ол: «Мен өзім істеймін» деп жиі айтады,
бірақ қойылған шектеулерді қабылдау оған әлі қиын. Әлі-
бек ата-анасын қатты жақсы көреді, оларға еліктегісі келеді,
мысалы, әкесі мен анасы жататын уақытта ұйықтағысы келеді.
Сондықтан, ол ойын енді қызған кезде немесе телебағдарла-
маның ең қызықты жеріне келгенде неге ұйықтау керек екенін
түсінбейді. Күнделікті ұйықтауға дайындалу Әлібек пен оны
ата-анасы үшін нағыз шайқасқа айналады. Ата-анасы Әлібекпен
сөйлесті. Олар Әлібекке неге балаларға көбірек ұйықтау керек
екенін түсіндірді, ұйықтайтын уақыт келгенде сағат тілі қай
жерде тұратынын көрсетті. Олар осы туралы кешкі астан кейін
және ұйықтар алдында біршама уақыт бұрын Әлібектің есіне
салды. Оған қоса, Әлібек ойын ойнауды немесе теледидар
көруді таңдай алады, бұл да бірлесе талқыланып, Әлібектік
пікірі есепке алынды. Қалай болғанда да, ата-анасы осы тәртіпті
сақтауға тырысты. Бірте-бірте Әлібек үйреніп, көп жағдайда
төсекке өзі барып жатып, сергек және
көңілді болып оянатын болды.
56
БАЛАҒА ӨЗ БЕТІНШЕ ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ҚАЛАЙ
КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
8
Кішкентай баланың дамуында оған тек анасының
қамқорлығы, махаббаты және қорғанысы ғана қажет
болатын кезең бар. Артынша балақайға белгілі бір
ережелермен танысатын уақыт келеді. Шындығында бұл
– тек шартты бөлу, негізі, кезеңдер бір-бірімен қатарла-
са жүреді. Шарты түрде, сәбилік кезеңнен кейін балақай
бірте-бірте ережелерге үйретіле бастайды, бірін қуана
қабылдаса (мысалы, серуендеу), екіншісіне бейтарап
қарайды, үшіншілері (ойынды доғару, ойыншықтарды
жинау, уақытылы ұйықтау) ұзақ уақыт бойы балақайдың
наразылығын тудыруы мүмкін.
12
6
9
3
АТА-АНАЛЫҚ МАХАББАТТЫҢ, КҮШ-ҚУАТТЫҢ, БАЛА-
НЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖАҚСЫ БІЛУДІҢ АРҚА-
СЫНДА АТА-АНАСЫ БАЛАСЫНА ӨЗІН-ӨЗІ ҚАДАҒАЛАУ-
ДЫ, ТЫСҚАРЫ ТАЛАПТАР МЕН ІШКІ ҚАЛАУЛАРДЫ
ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫРА БІЛУДІ, ӘРІ НӘТИЖЕСІНДЕ
ОНЫ ӨЗ БЕТІНШЕ ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ҮЙРЕТЕ АЛАДЫ.
57
БАЛАҒА ӨЗ БЕТІНШЕ ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ҚАЛАЙ
КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
8
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: ҚАНДАЙ БОЛМАСЫН ТӘРБИЕЛЕУ
МӘНЕРІНЕ ТӘУЕЛСІЗ, БАЛА ӨЗАРА УАҒДАЛАСТЫҚТАР
МЕН МҮДДЕЛЕР САҚТАЛАТЫН, БІРАҚ, ӘРБІР ОТБА-
СЫ МҮШЕСІ ӨЗІН ЕРКІН СЕЗІНЕТІН ОТБАСЫНДА
ӨСІП-ЖЕТІЛСЕ, БАЛАҚАЙ ӨЗГЕ АДАМДАРМЕН БАЙ-
ЛАНЫС ОРНАТУДА ДӘЛ СОЛ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТҮРІН
САҚТАУҒА ТЫРЫСАДЫ.
58
БАЛАҒА ӨЗ БЕТІНШЕ ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ҚАЛАЙ
КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
8
ТӘРТІП НЕМЕСЕ
БАЛАЛАРДЫ
ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕУ
КЕРЕК
9
59
КӨБІРЕК МАҚТАУ, АЗЫРАҚ ЖАЗАЛАУ
E
гер сіз тәрбиелеудің мәнін балаға өз-өзіне көмектесе
алуына жәрдемдесу, оған өмір сүруді және басқалар-
мен ойнауды үйренуге, барлық жаңа дүниені сақтықпен
зерттеуді, өз сезімдерін жеңе білуді, қызығушылықтарын
дамытуды үйренуге көмектесу деп түсінсеңіз, тәрбиелеу
сондай күрделі мәселе емес.
Бұл оңай шаруа емес. Ешқандай «сиқырлы әдіс» жоқ.
Балаңызды тәртіпке үйрететін және тәрбиелейтін әді-
стеріңіз отбасыңызды басқаларынан ерекшелендіретін
барлық өзгешеліктерге тәуелді болады. Тәртіп – баланы
сіздің қалауыңызды жасауға мәжбүрлеу емес. Сіз баланы
«жақсы» болуға мәжбүрлей алмайсыз; әрине, кейбір
балалар айғайлап, қол жұмсаған соң, жағыну үшін сізге
ұнамаған әрекеттерді жасауын доғарады.
Ата-анасы үнемі өз шаруаларымен жұмысбасты болып
жүргенде, қатты абыржып жүргенде немесе ауыр кезең-
дерді бастан кешіріп жүргенде, балалар ерекше тілазар
болады. Кейде өзіңізге де назар аударыңыз: балаңыз
бүгін мүлдем тіл алмай, жүрген жерін шулатып жүр ме?
Сіз оны бояуды әдейі төгіп тастағаны үшін немесе әкесі
жұмыстан кеш келгендіктен жазаладыңыз ба?
Сізге келесі кеңестердің көмегі тиюі мүмкін.
Балақайлар мақтау естігенді ұнатады, басқалардың
көңілін табуды ерекше жаны сүйеді. Олар өздеріне
назар аударғанды барынша қалайды. Егер сіз балаңы-
здың өзіңізге ұнаған іс-әрекетін мақтасаңыз, ол сіздің
көңіліңізді табу үшін сол әрекетін қайта жасауға бар
күшін салуға тырысады. Құшақтау, күлімсіреу, ол жасаған
әрбір іске қызығушылық білдіру – ең
қымбат сый-марапат. Кәмпит те, жаңа
ойыншық та қажет емес.
60
ТӘРТІП НЕМЕСЕ БАЛАЛАРДЫ
ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК
9
ШЫН МӘНІНДЕ ҚАЖЕТ БОЛҒАНДА «ЖОҚ» СӨЗІН
ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ
Балаға сіз шектеу қоюыңыз қажет. Егер ойына келгенін
жасай алатын болса, ол абдырап, аң-таң болып қалады;
бірақ сіз ненің шын мәнінде маңызды екенін шешуіңіз
қажет. Ережелер онша көп болмаса, бала да тезірек
үйренеді.
Сіз баланы өзіңіз қалаған уақытта тамақ ішуге, ұйықтау-
ға және дәретханаға баруға мәжбүрлей алмайсыз. Жаңа
жанжал тудыра берсеңіз, балаңыз мүлдем тіл алмай
қоюы мүмкін. Бала сізге ұнайтын мінез-құлыққа дейін
өсіп-жетілуін түсіну сіздің осалдығыңыздың белгісі емес.
ТАЛАПТАРЫҢЫЗ ОРЫНДЫ БОЛСЫН
ЖЕҢІЛІС ТАБАТЫН ШАЙҚАСТАРҒА ҚАТЫСПАҢЫЗ
Өте ширақ, еті тірі балалар «абайла», «тыныш», «тұра
тұр» сияқты және т.с.с. ескертулерді мүлдем түсінбейді.
Оларға уақыт беріңіз және соның барлығын үйренуге
көмектесіңіз.
61
ТӘРТІП НЕМЕСЕ БАЛАЛАРДЫ
ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК
9
Достарыңызбен бөлісу: |