Бурумбаева Гульмира Жумагуловна
№34М. Смағұлов атындағы
орта мектептің биология пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы
Қордай ауданы
guimirab75@mail.ru.
Жаңартылған білім -болашақ кепілі.
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты екі апталық курс бағдарламасын оқып, осы 2018-2019 жаңа оқу жылында 7-ші,8-ші сынып оқушыларына жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім беремін.
Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту оқушылар мен мұғалімдердің білік -тілігін арттыру. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру болып табылады. Елбасымыздың жолдау- ында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Жаңартылған білім берудің маңызы оқушы тұлғасының үйлесілімді, қолайлы білім беру ортасын құрып, сын тұрғысынан ойлау,зерттеу жұмыстарын жүргізу,тәжірибе жасау, АҚТ- ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу , функционалды сауаттылықты,шығармышылықты қол -дана білу және оны тиімді жүзеге асыру.Білім беру бағдарламасын, жаңарту критериалды баға -лау жүйесі оқушылардың ,сонымен қоса мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіреді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқытуға негізделген, яғни оқушылардың бір-біріне сын тұрғысынан қарауы. Жаңаша білім беру мектептердің оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқу деп өзгерді. Белсенді оқуда топтық, жұптық, рөлдік ойындар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып белсенді оқуға жетілдіреді. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін ,тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын :тыңдалым, айтылым,оқылым, жазылым,жетілдіруге бағыт -талған. Сондықтан бағдарламаны жаңартып, жаңа форматта сабақ беру: болашақта техноло- гияны меңгерген ,тілдік құзыреттілігі дамыған, топта жұмыс жасай алатын, іздененімпаз, белсенді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті маман болып тәрбиеленеді.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана біледі . Ал жаңа білім беру : жеке тұлғаның жан –жақты дамуына әкелетін бірден –бір жол !
Достарыңызбен бөлісу: |