ЖАЗАЛАУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ ЕШҚАШАН ДЕНЕ НЕМЕСЕ
МИ ЕҢБЕГІН ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ.
5. «Махаббат жарылысы» (жедел психологиялық көмек).
Тек төтенше жағдайларла, бала аса күрделі күйзеліс не
дағдарыс күйіне түскенде қолданылады.
ЖАЗАЛАУ ТҮРЛЕРІ
еріксіз қолын бос қалдыру – арнайы орындықта
отырады, бұрышта тұрады және т.с.с.;
теріс қылықтарына айып тағу.
ЖАЗАЛАУ
Осы тәрбиелеу әдісі айналасындағы барлық қара-
ма-қайшы пікірлерге қарамастан, оның да қолданылу
құқығы бар екенін атап өткен жөн, себебі, бұл әдіс
немқұрайдылықты емес, ата-анасының баласына деген
сүйіспеншілігін көрсетеді, әрі, балаға «күнәларынан
арылу» мүмкіндігін береді. Сондықтан, балалар жазала-
нуды тілейді және тіпті жазалау шараларын өз мақсатта-
рында пайдалануға тырысады.
Ата-аналардың көпшілігі баланың тілазарлығын доғару
үшін алдын алу шараларын емес, шұғыл жазалау шара-
ларын қолдану дұрысырақ деп санайды. Есте сақтаған
жөн, кез-келген жазалау әдісі неғұрлым сирек қолда-
нылса, соғұрлым тиімдірек әсер етеді. Жиі қолданылған
жағдайда балалар өтірікші, айлакер бола түседі, қорқы-
ныштары көбейеді, ашушаңдық пайда болады.
Жазалау шарасы жасалған теріс әрекетке сай болса
және сирек қолданылса, ақыл-өсиет айту, жөн сілтеу
әсеріне ие болады.
67
МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ
10
БАЛАНЫ МАХАББАТЫҢЫЗДАН АЙЫРУ АРҚЫЛЫ
ЖАЗАЛАУҒА БОЛМАЙДЫ!
ЖАЗАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жазалау кезінде
ойланыңыз: Неге? Не
үшін?
4. Бір теріс қылық
үшін тек бір рет
қана жазалауға
болады. Жазалау
шараларынан
құралған «қоспа»
балаларға қажет
емес.
6. «Жазаланды —
демек, кешірілді!»,
өмір атты кітаптың
бұл парағын
жабылды – енді еске
де алмаймыз.
2. Жазалау ешқашан
денсаулыққа зиян
тигізбеуі тиіс.
5. Кешігіп жазалауға
болмайды – жазалау
уақыты өтіп кетсе,
кешірім беріледі.
7. Кез-келген жазалау
шарасында қорлау
немесе кемсіту
болмауы тиіс,
жазалау әлсіз балаға
ересек адамның күш
көрсетуі ретінде
қабылданбауы тиіс.
3. Жазалау керек немесе керек емес екеніне
күмәніңіз болса – жазаламаңыз! Сіз тым мейрімді
және жұмсақ болып көрінсеңіз де, ешқашан «керек
болып қалады-ау» деген ниетпен жазалауға
болмайды.
8. Бала ата-анасының көңілін қалдырмай тұрмайды
– бұл қалыпты жағдай, сондықтан, оған тиісінше
қарау керек. Баланы өзгертуге тырыспаған жөн,
сонымен бірге, оның өмір бойы жазалану алдында
қорқыныш сезімі орнықпауына жол бермеу керек.
68
МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ
10
БАЛАҢЫЗ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
КҮЙЗЕЛІСКЕ ДУШАР
БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙ
ТАНЫП-БІЛУГЕ
БОЛАДЫ?
11
69
БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСКЕ ҰШЫРАҒАНЫН
КЕЛЕСІ БЕЛГІЛЕР НҰСҚАЙ АЛАДЫ
1. Эмоционалдық тұрақсыздық – болмашы себептен
жылау, ашушаңдық, өкпелегіштік, мазасыздық, өз әрекет-
теріне сенімсіздік, әрекеттерінің жүйесіздігі, қыңырлық,
қорқыныштар.
2. Вегетативтік тұрақсыз-
дық – терісінің, негізінен
бет терісінің тез қызаруы
немесе бозаруы, «та-
мағы қысылуы», «аузаны
ботқа толтырып алғандай
сөйлеу», қан қысымы-
ның ауытқуы (көбінесе
төмендеу жағына қарай),
шамадан тыс тершеңдік,
тұрақсыз тамыр соғы-
сы, атмосфералық
қысым ауытқуларында
хал-жағдайының нашар
лауы.
Б
алалардың мінез-құлқы да, хал-жағдайы да ересектерге
бала мінезінің дамуында және тұлғасының қалыпта-
суында іркіліс орын алғанынан жиі хабардар ете алады.
Ұл баланың немесе қыз баланың психологиялық денса-
улығындағы «апат белгілеріне» тән көріністер қандай
болады? Психологтың немесе психотерапевтің кеңесіне
жүгінуге не себеп бола алады?
70
БАЛАҢЫЗ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСКЕ ДУШАР
БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙ ТАНЫП-БІЛУГЕ БОЛАДЫ?
11
6. Кекештену, түнде және күндіз кіші дәреті тоқтамау
– энурез, үлкен дәреті тоқтамау – энкопрез, бұлшық
еттерінің еріксіз тартылуы (өздігінен, жиі және бір
қалыпта қайталанатын бет бұлшық еттерінің тартылуы),
жыпылықтау, мұрнын тарту, аузын ашу, ерні, ұрты діріл-
деу, дыбыс шығару және тыныс салу бұлшық еттерінің
жиырылуы – «кх-кх» сынды дыбы-
стар, шашалу, жөтелу, шиқылдау,
ауыр күрсіну, үзік-үзік, тұтығуды
еске салатындай сөйлеу. Мұндай
бұзылушылықтарды бала көбінесе
сезінбейді және байқамайды, әрі
аталғандар өте жиі жыл мез-
гіліне, шаршағандыққа,
жүйке күйзелісіне
байланысты болады.
3. Ұйқысының бұзылуы: ұйықтай алмау, оянып кететін
сергек ұйқы немесе тым терең ұйқы, таңертең оянғаннан
кейін хал-жағдайының нашар болуы.
4. Зат алмасуының бұзылуы, нейродермит, тәбетінің
нашарлығы, дене салмағының төмендеуі, ағзасының
иістерге, дәрі-дәрмектерге, шаңға және кейбір тағамдық
заттектерге жөтелу, қышыну түрінде күйзеле өткір әсер
беруі.
5. Жиі, әсіресе жүйке,
күйзеліс факторларының
әрекеттерімен нақты
байланыс байқалса суық
тиіп ауыру.
71
БАЛАҢЫЗ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСКЕ ДУШАР
БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙ ТАНЫП-БІЛУГЕ БОЛАДЫ?
11
ОСЫНДАЙ, КЕЙДЕ ОҢАЙ ЕМЕС ӨМІР КЕЗЕҢДЕРІНДЕ
БАЛА ТУҒАНДАРЫ МЕН ЖАҚЫНДАРЫ ТАРАПЫНАН ӨЗІ-
НЕ ЕЛГЕЗЕК ЖӘНЕ АСА НӘЗІК МЕЙІРІМ КӨРСЕТІЛУІН,
АЛ КЕЙДЕ МАМАНДАРДЫҢ АРАЛАСУЫН ҚАЖЕТ ЕТЕДІ.
Ата-аналардан кейде ұлын немесе қызын тәрбиелеудегі
кейбір қағидаларын қайта қарау, осындай қағидаларды
тиімдірек және баланың қабылдауы үшін «еленбейтіндей»
етіп өзгерту қажет болады; кейбір кезде балалар әлемімен
өзара эмоционалдық әрекеттестікті қайта құру қажет болуы
мүмкін; балаға бар сұлулығы пен кереғарлығын паш етіп
ашылып келе жатқан әлемге мейлінше аз қиналып бейімде-
луге мүмкіндік беру үшін өз балалық шағыңызды жарқыны-
рақ еске түсіру қажет болуы мүмкін.
7. Невротикалық реакция – психозақымдаушы фактор-
лардың әрекеттеріне – бастапқыда мектепке дейінгі
мекемеге барғанда шамадан тыс қозушылыққа немесе
тежелгіштікке, айырылысу кезінде жабырқауға, сырқат
немесе ағза кемістігінің болуына қинала уайымдауға
қарсы әрекет етінде қысқа мерзімге уайымдау.
8. Патологиялық әдеттер – тынбайтын онанизм (мастур-
бация), үнемі саусақ сору, тынбай тырнақ кеміру.
Көбінесе психологиялық ахуалдағы және эмоционалдық
өмірдегі жайсыздықтың барлық аталған белгілері
баланың өмірінде қиын-қыстау кезең орын алғанда
өрши түседі немесе көрініс береді, олардың қатарына
балабақшаға немесе мектепке бара бастау, бала үшін
маңызды ересектердің эмоционалдық салқындығы
немесе шамадан тыс қамқорлық көрсетуі, ауыр немесе
ұзақ уақыт бойы психозақымдаушы жағдайдың орын
алуын жатқызуға болады.
72
БАЛАҢЫЗ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСКЕ ДУШАР
БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙ ТАНЫП-БІЛУГЕ БОЛАДЫ?
11
Достарыңызбен бөлісу: |