Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет39/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48

Тіл дамуына және оқуға дайындыққа әсер ететін бұ-
зылушылықтарды танып білуге көмектесетін бірқатар 
белгілерді бөліп көрсетуге болады (төрт жасар балаға 
арналған сауалнама):
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ
Келесі жағдайлар болып тұра ма:
сіз баланы көрші бөлмеден шақырғанда ол жауап 
қатпайды және сізді естімеген сияқты;
бала оның көзінше айтылғанды «жіберіп» алады; 
сөздердің жалғауларын көбінесе «жұтып қояды»;
сіз баламен сөйлескенде ол сіздің бет қимылыңыз-
ды мұқият бақылап отыра ма?
ТІЛ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІ 
Балаңыздың тілін түсіну қиын ба?
Балаңыздың сөйлегеніне басқа балалар күле ме?
Ол үш жасында сөйлей алды ма?
Төрт жасында сөйлемдермен сөйлей алды ма?
Балаңызға сөз таңдау қиын ба?
Ол сөйлеуге талпына ма?
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ
Балаңыз көзін сығырайта ма?
Ол кітаптарды және журналдарды бетіне жақын 
тақай ма?
Ол теледидардан қаншалықты алыс отырады?
ОҚУҒА ҚАБІЛЕТСІЗДІК
Белгілері:
Тіл құрылымының жетілмегендігі (төрт жасында екі 
жасар бала сияқты сөйлейді);
Бірден үш тапсырманы орындай алмайды;
Ақпаратты қинала есіне түсіреді және жүйелейді;
Оған шеңберді төрт бөлікке бөлу және қайтадан сол 
бөліктерден шеңбер құрау қиын;
Баланың қозғалыстарында 
және қозғалыстарын үй-
лестіруде қиындықтары бар 
– ол епсіз, оған велосипед тебу 
қиын.
157
БАЛАҢЫЗ НЕГЕ КІТАП
ОҚЫҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ
23


ЕГЕР СІЗ ОСЫ БЕЛГІЛЕРДІҢ 
БІРІН БАЙҚАСАҢЫЗ, МІН-
ДЕТТІ ТҮРДЕ МАМАНМЕН 
КЕҢЕСІҢІЗ.
БҰЗЫЛУШЫЛЫҚТАРДЫ УАҚЫТЫЛЫ ТҮЗЕТУ БАЛАҢЫЗ- 
ҒА УАҚЫТЫЛЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУГЕ, ҚЫЗЫҒЫП ОҚУҒА, ДЕ-
МЕК, ДАМУ МЕН ОҚУДА АРТТА ҚАЛУДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА 
МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.
Дәрігерге көрінбестен бұрын, балақайды бақылап 
көріңіз, кеңесшіге баяндап беру үшін тиісті сәттердегі 
баланың мінез-құлқының қысқаша сипаттамасын 
дайындауға тырысыңыз.
СЕЗІМДЕР САЛАСЫ
Жағымсыз жайттар көрсеткіштері:
ашық тұйықтық;
көңіл-күйінің кенеттен құбылуы;
жиі абыржу, ашулану;
солғындық, енжарлық;
сезімдерін айқын жеткізе алмау;
жылауықтық, жиі көңіл-күйінің нашар болуы.
158
БАЛАҢЫЗ НЕГЕ КІТАП
ОҚЫҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ
23


БАЛАЛАР 
ТӨБЕЛЕСКЕНДЕ
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
24
159


Ол күш қолдану - өзгелерге ықпал етудің жақсы құралы, 
ал жақсы болса – оны құрдастарымен қарым-қатына-
ста қолдануға болады деп ойлай бастайды. Сондай-ақ, 
бала ашу шақырғанда оған қалай ауыратынын көрсету 
үшін ұруға мүлдем болмайды. Бұл оны тек састырады: 
бір жағынан сіз төбелескен жаман дейсіз, ал өзіңіз оны 
ұрасыз. Үлкен қиындық туған ағайындылар мен апа-
лы-сіңілілер арасындағы қарым-қатынаста орын алады. 
Балалар өздері араласатын бөтен балаларға қарсы көрсе-
тетін физикалық күшті жалғыз інісіне немесе қарындасы-
на (сіңілісіне) көбірек көрсететіні байқалған. Бір баладан 
көп балалар саны бар отбасыларда балалар арасында 
дау-жанжал болмай тұрмайды. Мәселе оларды болдырма-
уда немесе тоқтатуда емес, дұрыс шешуде.
Мәселе – мүдделер қақтығысында (ата-ана махаббаты 
мен көңілі, тартымды ойыншық және т.б.). Мұндай жағдай-
да бір тараптың қалауын орындау екіншісінің мүдде-
леріне нұқсан келтіріп, аса күшті жағымсыз сезімдер 
тудырады: ашу-ыза, өкпе-реніш, қызғаныш, қаһар. Кейбір 
жағдайда іс ашық дауласумен бітсе, басқа жағдайларда 
жасырын ренішпен, ал тағы бірінде нағыз «шайқаспен» 
аяқталады.
ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ДЕНЕ ЖАЗАЛАУЫН 
ҚОЛДАНАТЫН АТА-АНАЛАР БАЛАҒА ҮЛГІ БОЛУЫ 
МҮМКІН, СЕБЕБІ, БАЛА ЕЛІКТЕУ АРҚЫЛЫ ҮЙРЕ-
НЕДІ.
ДАУ-ЖАНЖАЛ НЕДЕН ТУАДЫ?
Б
елгілі бір кезеңде балақайларға ашу шақыру тән: 
тістелеу, жанындағы адамды ұру. Мұндай мінез-құлық 
«тілдесу» түрі болып табылады, көбінесе қандай да 
бір көңіл-күйді, мысалы, «Мен ашулымын!», жеткізудің 
жалғыз тәсілі.
Есейген сайын балалар өз ашуын қадағалауды, әлеуметтік 
тұрғыдан лайықты пішінде көрсетуді үйренеді. Бұл ретте 
отбасындағы әдеп, адамгершiлік қағидаларына қаты-
сты ахуал, ата-анасының мінез-құлқы өте маңызды рөл 
атқарады.
160
БАЛАЛАР ТӨБЕЛЕСКЕНДЕ
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
24


МҰНДАЙ ЖАҒДАЙДА АТА-АНА НЕ ІСТЕЙ 
АЛАДЫ?
Төбелескіш баланы тоқтатудың өте мықты тәсілі – кейін 
түсіндіру. «Қазір сен мұны істемейсің, ал неге екенін мен 
саған кейін түсіндіремін». Біріншіден, 
жағдайды бақылау тізгіні өз қолыңы-
зда қалады, екіншіден, сіз балаға 
түсіндіріп әуре болмайсыз және 
сізбен керісуіне мүмкіндік бер-
мейсіз, үшіншіден, белгісіздік пен 
қызығушылық оны тоқтатады.
6
Кейде балалар бәрін өздері шешу үшін оларды 
жайына қалдыруға болады. Егер ересектер жағдайды 
бақылап отырса, олар кейбір дау-жанжалдарды өздері 
шешуге қауқарлы, бұл балақайларға пайдалы тәжірибе 
болады, бала өзін қорғауды үйренеді.
 Кейде балалардың көңілін басқа іспен, мысалы, су-
рет салумен, жабыстырумен аулау, сүйікті ойыншығын 
ұсыну, оларға кітап оқу пайдалы болады. Алайда, өкінішке 
орай, бұл көбінесе мүмкін емес: балалар көңілін басқа 
іске аударғысы келмейді, оларды жұбату немесе тыю 
мүмкін емес. Мұндай жағдайда ең дұрысы – ересектердің 
батыл әрекеттері.
Тікелей кедергі жасау. 5 жасқа дейінгі балалардың 
ашушаңдығын басуда ерекше мәнге ересектердің 
әрекеттері қысқа және нақты болуы ие. Балаларды 
мықтап ұстап, қатал көзбен қарап, «Төбелесуге бол-
майды» деп нық айту керек.
«Мен-хабарламасын» жіберуге болады, мысалы, 
«Үйде осындай айғай-шу шыққаны маған ұнамайды».
1
3
4
2
 Тынышталу кезеңі көбінесе теріс мінез-құлықты өзгерту-
дің ең тиімді әдісі болып табылады. Кішкентай балаларды 
көңілі басқа жаққа ауып кетпеуі үшін ең дұрысы орындықтарға 
отырғызып қою керек, ал үлкенірек балаларды 2-3 минутқа 
әртүрлі бөлмелерге жіберу керек (әр өмір жасы на 1 минут-
тан). Тек бұл әрекетті жазалауға айналдырмаңыз. Жай ғана 
түсіндіріңіз, сіз мұны балалар төбелескенін тоқтату үшін жасап 
отырсыз, балалар төбелесті өздері тоқтата алмайды, сондықтан, 
сіз көмектесу қажет деп шештіңіз. Қазір сіз балалар сабырға 
келгенше, бірнеше минутқа үзіліс жариялайсыз. Ұзқ түсіндіру 
немесе айыптау тиімсіз. Бала қызбалыққа салынғанда ол өзін-
өзі тыныштандыра алмайды, ал егер тыныштықта отыра тұрса, 
ашуланады да, «көрермен» болмағандықтан, ашуы су сепкендей 
басылады.  
5
161
БАЛАЛАР ТӨБЕЛЕСКЕНДЕ
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
24


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау