Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет35/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48

Мезі қылатын неврозға неврозалды күйі алып келеді, 
оның өзіне тән ерекшеліктері бар: асқан менменшілдік 
– тек өзіне, өз қауіпсіздігіне, өз игілігіне, өз мәселелері-
не алаңдау, барлық басқа адамдардың мүдделерін және 
мәселелерін елемеу; асқан үрейшілдік және секемшіл-
дік: тағы да өзіне және өз денсаулығына, өз игілігіне 
қатысты. Өте көп жағдайда фобия – әлденеден неме-
се әлдекімнен қорқу - байқалады. Бұл қорқыныштың 
барлығы саналы: қауіп көзі және қауіптен қорғану, бала 
үйдің кіреберісіне кіргенде жеделсатыға жалғыз өзі 
мінбейді, ең дұрысы – тіпті жанында анасы болса да, 
баспалдақпен шығады, себебі, жеделсаты тоқтап қалса, 
тіпті анасы да көмектесе алмайды.
Мұндай бала адамдар көп жиналған жерлерден 
қашқақтайды, елсіз жерлерді, иттерді және т.б. алыстан 
айналып өтеді. Қысқасы, фобия – саналы түрде өлімнен, 
жазатайым жағдайдан қорқу, әрі ол осы неврозалды 
күйіне барынша тән. Мезі қылатын неврозға апаратын 
неврозалды күйіндегі балалар өз денсаулығына қауіп 
төндіруінен күдіктенетін ас-судан бас тартады, өз денса-
улығына үлкен үреймен қарайды, дәрігер қабылдауында 
анасымен қабаттасып, өз шағымдарын өздері айтады, 
себебі, анасы әлдебір маңызды жайттарды ұмытып кетуі 
мүмкін, мән бермеуі мүмкін. Бұл балалар өз тамыр соғы-
сын өздері санайды, өз дене қызуын өздері өлшейді.  
Ол жеңілісін мойындап, тізе бүкті, ал барлығы оның тізе бү-
гуінің заңдылығын мойындайды. Ол тізе бүксе де, ар-намысын 
сақтап қалды, сондықтан, өзіне айтатыны: «Денсаулығым мықты 
болса, менен күшті ешкім болмас еді!». Міне, бұл – невроз, дәл 
осы жағдайда – неврастения.
2. МЕЗІ ҚЫЛАТЫН НЕВРОЗ 
141
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫ
22


Үрейден және қорқыныштан қорғана отырып, мезі 
қылатын неврозғна шалдыққан балалар невротик емес, 
жай ғана үрейленген адамдар ағашты үш рет қағатыны 
немесе сол иығынан үш рет түкіретіні сияқты әрекет-
терді жасайды.
Бірақ, невротикке бұл да аз. Осы невроз түріндегі невро-
тикалық үрдіс – ең жоғары қауіпсіздік деңгейіне жету. 
«Ештеңе болып қалмауы үшін» мезі қылатын неврозға 
шалдыққан балалар қолдарын біртүрлі сермейді, аяғын 
тыпырлатып жүреді, бірнеше қадам аттаған соң, «айнал» 
әмірін орындап жатқандай кері айналады, содан соң 
ғана әрі қарай жүреді. Олар минут сайын отырады не-
месе жол үстіндегі қара дақтарды айналып өтеді немесе 
баспалдақпен шыққанда тек екі басқыштан аттап қана 
шығады. Кейде мұндай балалар арнайы рәсім ретінде 
тек ирек-ирек қадамдармен жүреді. Дені сау адамдар 
13 санынан қашқақтайтындай, осындай балалар өздері 
қабылдамайтын нөмірлі қоғамдық көлікке отырмайды; 
барлық немесе жекелеген заттарға, мысалы, анасының 
киіміне немесе есік жақтауына өзін қауіпсіздендіру үшін 
қолының ұшын тигізіп көреді.
Мезі қылатын неврозға шалдыққан балалар белгілі бір 
тәртіппен отырады және тұрады, киінеді және шешінеді, 
киімдерін жинағанда шалбарын міндетті түрде үстіне 
немесе астына қояды. 
Осындай баланың қауіпсіздігі, аман-саулығы оның ата-а-
насының аман-саулығымен тығыз байланысты. Ол өз-өзі-
не сене алмай, азап шегеді, сондықтан, тек ата-анасына 
ғана үміт артады. Өзінің немесе ата-анасының сырқат-
тануы немесе кез-келген басқа қауіп, аман-саулығына 
және қауіпсіздігіне төнген кез-келген қатер – мұндай
         бала үшін аса ауыр психикалық зақым.
Қобалжу доғарылады. Енді барлығы тек қауіпсіздік 
пайдасына шешіледі. Оны құтқаруға «аса берік пси-
хологиялық қорғаныс» келеді. Өмір сүру алдындағы 
қорқыныштан, өлім құшу алдындағы қорқыныштан бала 
өзіндік рәсімдермен қорғанады. Ал бұл - нағыз мезі 
қылатын невроз күйі. 
142
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫ
22


Рәсімдер, мезі қылатын әрекеттер оларды тыныштан-
дырады. Осылайша олар өлімнен, қайғы-қасіреттен, 
сәтсіздіктен қорқуға негізделген қорқыныштарынан 
қорғанады. Бірақ, осының арасында ар-намысын қалай 
қорғайды? Ал психологиялық қорғаныс: «Мен қорқақ 
емеспін, мен – сақпын!» дейді. Ал сақ болса, демек, есті, 
нәтижесінде ар-намыс сақталады. Психологиялық қорға-
ныс бұл жағдайда да невроз - мезі қылатын неврозын 
күйін тудырды.
Мезі қылатын невроз күйінің жиі кездесетін көрінісі бо-
лып трихотилломания – қайта-қайта шашын, қасын және 
кірпіктерін жұлғыштау - табылады. Бала мұны өзінен өзі, 
не үшін жасап жатқанын түсінбей істейді. Ол ауыртқан-
ды сезбейді, керісінше, кезекті бір тал шашты немесе 
кірпікті тауып, жұлып алғаннан іштей әлдебір қанағатта-
ну сезіміне бөленеді. 
Мұндай бала өзі аңғармай, өзін кінәлі сезінгеннен неме-
се өзіне, өз қателіктеріне, сәтсіздіктеріне, жеңілістеріне 
төзбес ызадан өзін шашынан, қасынан және кірпіктері-
нен айырады. Өз ата-анасы немесе асырап алған ата-а-
насы жақсы көрмейтін (қабылдамау!), трихотилломани-
яға шалдыққан балалар мұндай қабылдамауға өздері 
кінәлідей, өздерін түкке тұрғысыз деп сезінеді. 
Өзін ұсқынсыз етіп, бала өзі түсінбейтін қанағаттану 
сезіміне бөленеді, осылайша өз ар-намысын қорғайды: 
«Мен жаманмын, мен кінәлімін, бірақ, мен өзімді өзім 
жазалаймын!».
143
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫ
22


Ол – тұнып тұрған қарама-қайшылық: біресе адам 
төзбес өзімшіл, біресе мейірбан; біресе тым талапшыл, 
біресе көнгіш; біресе тәкаппар, біресе өзін-өзі қорлайды. 
Бастысы, оның шынайы өмірдегі қауқарсыздығын сезін-
геннен неврозалды кезеңінде нұқсан келген ар-намыс 
сезімі бар. Оны қинайтын да сол мәселе. Оның бойында 
тәкаппарлық, тым жоғары талаптар және өмір сүруден 
қорқу, өз күшіне сенбеу арпалысып жатады. Ол кереғар, 
оның ішкі жан-дүниесінде «қаламаймын», бірақ «керек», 
«қалаймын», бірақ «болмайды», «ұят болады» арасында 
үздіксіз күрес жүріп жатады.
Есірік невроз кезіндегі неврозалды күйі асқан менмен-
шілдікпен, талапшылдықпен, әрдайым және кез-келген 
жағдайда, не болса да, басқаларды кінәлауға бей-
імділікпен сипатталады. Бала әжесін ұрып, қолы ауырып 
қалғаны үшін әжесіне ашу-ызамен кінә тағады. Есірік 
неврозға алып келетін неврозалды күйінде балалар 
«әлеуметтік инфантилизммен» ерекшеленеді: олар ерте 
балалық шақта, бәріне рұқсат етілетін кезеңде қалып 
қойған сияқты болады, мұндай жағдайда балаға ешқан-
дай талап қойылмайды. «Керек» және «болмайды», «ұят 
болады» ұғымдарына мән бермеу де қалыпты жағдайға 
айналады. Осындай неврозалды күйіне шалдыққан 
балалар өз бетінше ештеңе істей алмайды және қызмет-
шілерінсіз өзі шешіне алмайтын патшаны еске салады.  
Мұндай балалар, әдетте, «бүгінгі өзіне» теріс баға береді. 
Бірақ, соған қарамастан, талаптары тым жоғары. Ол 
былай тұрсын, өзін-өзі дәріптеушілігі тәкаппарлықпен 
теңеседі. Олар «аузы дүрдиген бақа» сияқты. Нәтиже-
сінде, оның бойында өзі туралы оң және теріс пікір 
қақтығысы, «қалаймын» және «керек, болмайды, ұят 
болады» арасындағы кереғарлық орын алады. Кейде ол 
өзінің менменшілдігін сезінеді, асыра сілтеп жібергенін, 
өзінікі жөн болмағанын түсінеді.
3. ЕСІРІК НЕВРОЗ
144
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫ
22


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау