Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет28/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48

Өзіңіздің тәрбиелеу мәнеріңізді сарапқа са-
лыңыз, тәрбиеңіз «тым қамқоршыл» немесе «беті-
нен қақпайтын» емес пе, немесе, керісінше, тым қатал, 
«өктемшіл» емес пе. Ұялшақ балалар үшін ең қолай-
лысы – «демократиялық» тәрбиелеу мәнері. Отбасын-
дағы барлық мүшелер балаға қатысты бірдей мәнерді, 
бірыңғай ережелерді және талаптарды ұстануы маңы-
зды. Отбасында қорғаныш, қолдау, махаббат үстемдік 
орнатуы тиіс.  
Барынша баланың дербестігін құптау және дамыту 
қажет (ойланып көріңіз, сіз балаңыздың қолынан 
келетін қандай істерді оның орнына жасап жүрсіз). 
Балаға орынды тәуекелге баруға және жеңілісті көте-
руге мүмкіндік беріңіз – сонда ғана ол өз қателіктеріне 
сәйкесінше қарайтын болады.
Балаға дұрыс баға беруді үйреніңіз. Оған жара-
тылысынан берілген қасиеттері (әдемілік, ақыл-
дылық) үшін мақтаудың қажеті жоқ. Нақты жетістіктері-
не мақтау айтыңыз, мақтай отырып, оның керемет жеке 
қасиеттерін емес, ісінің нәтижесін атап өтуге тыры-
сыңыз. «Жарайсың, қандай ақылдысың!» деудің орнына 
«Жарайсың, сондай қиын есепті өзің шығардың!» немесе 
«Мен сені мақтан тұтамын, сен досыңа көмектестің!» 
деңіз. Есіңізде болсын, сенімділік қиын мәселелердің 
сәтті шешімін табудың арқасында қалыптасады. Қара-
пайым істерден бастап, біртіндеп күрделілігін арттырып 
отыруға болады.
2
3
4
112
ҰЯЛШАҚ БАЛАЛАР
17


Осындай баланың назарын өзге адамдарға, олар-
дың сезімдеріне, ойларына аудару, оның жүрегінде 
өзгелердің басына түскен қайғыға ортақтасу, аяушылық 
сезімін ояту маңызды.
Баланың жасына сай кітаптар, ертегілер оқып 
беріңіз және міндетті түрде кейіпкерлерді, олардың 
өзара тіл табысуын, өзара әрекеттесуін талқылаңыздар. 
Балаңызға кейіпкердің орнында болса, не сезінетінін 
және не істейтінін сұраңыз.
Қонаққа барыңыздар, достарыңызға барыңыздар, 
балаңызға өзіңіздің достық ықыласыңызды және ақ 
жарқындылығыңызды көрсетіңіз. Балаңызға қоғамда 
қабылданған сәлемдесу, қоштасу, танысу рәсімдерін 
үйретіңіз. Алдын-ала бала рөлін ойнап көруге болады 
(«Сен не айтар едің...», «Қалай жауап берер едің...»).
Көңілді, бірақ, жарысуға бағытталмаған, қи-
мыл-қозғалысты талап ететін және рөлдік ойындар-
ды жиі ойнаңыздар. Бет қимылын және ым-ишаратты, 
ептілікті дамытатын ойындарды қолданыңыз. «Қандай 
сезім екенін тап», «Жануарды келтір», «Құлағы естімей-
тін адаммен ым-ишаратпен сөйлес».
Осындай ойындарға басқа да
ересектерді қатыстырыңыз.
5
7
6
8
113
ҰЯЛШАҚ БАЛАЛАР
17


Егер мамандар баланың бойынан элективті му-
тизм белгілерін анықтаса, бала басқа адамдармен 
сөйлеспейтінін айта берудің қажеті жоқ, оны қолқалау-
дың да, көндірудің де қажеті шамалы, осылай істесеңіз, 
тек оның бірбеткейлігін өршітесіз және жағымсыз 
мінез-құлқына тым көп көңіл бөлесіз. Есте сақтаңыз, 
мұндай ауытқушылықпен шектес ұялшақтық себеп емес, 
салдар болып табылады және одан тек себептерін жою 
арқылы ғана құтылуға болады.
Бала кенеттен «үндемей қалса» немесе қандай да 
бір жағдайларда үнемі ренжіп қалса, көңіл аудар-
маңыз және оны өз көзінше де, өзге адамдардың көзін-
ше де «ұялшақ», «жасқаншақ», «өз-өзіне сенімсіз» деп 
атамаңыз. Мұндай мінез-құлқына мән бермеңіз және 
ересектермен өзара әрекеттесуге талпынысын құптаңыз.
Баланың психикалық дамуына тек осы (оны ұялшақ деп 
санайтын) мәселенің өзі ғана емес, оның кейінгі салдары 
зарарлы әсер береді. Солардың бірі – сол «ұялшақтық» 
таңбасы, соның кесірінен балалар өздерін ұялшақ санай 
бастап, жағдайды өзгертуге талпынудан мүлдем бас 
тартады.
9
10
ӘРИНЕ, ҰЯЛШАҚ БАЛАНЫ ЕЛ АУЗЫНАН ТҮСПЕЙТІН 
ШЕШЕНГЕ АЙНАЛДЫРУ ҚОЛДАН КЕЛМЕС, БІРАҚ, 
ОНДАЙ МАҚСАТ ҚОЮДЫҢ ДА ҚАЖЕТІ ЖОҚ – БАЛА 
АЙНАЛАСЫНДАҒЫЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА 
ӨЗІН ЖАЙЛЫ СЕЗІНЕТІН БОЛСА, СОНЫҢ ӨЗІ АЙТАР-
ЛЫҚТАЙ ТАБЫС.
114
ҰЯЛШАҚ БАЛАЛАР
17


БАЛАҢЫЗДЫҢ 
ҚАЗЫНАСЫ
18
115


Кішкентай бойының арқасында бала сөздің тура мағынасында 
және психологиялық тұрғыдан ересектерге қарағанда жерге 
жақынырақ. Ол жерде жатқанның бәріне үлкен қызығушылық 
танытуға және зейін салуға бейім. Балалар айтарлықтай жиі 
қолындағысын жерге түсіріп алады, өздері де көп құлайды. Осы 
жанды тәжірибе жер бетінде тұрғанның және жатқанның бәрі-
не сүйеніш болатыны, демеу болатыны және барлық денелер 
бәрібір жерге келіп түсетіні – жерден әрі қарай құлайтын жер 
жоқ екені туралы «ұлы идеяны» ұғынады.
Ересектер балаға жермен жанасу олардың денсаулығына зиян 
деп үйретеді. Сондықтан, жерге қатыстының барлығы бала үшін 
кереғар сезімдерге толы: жер әрдайым сүйеніш болады – бірақ 
оған құлағанда бір жерді ауыртып алуға болады; ол қызықты 
олжа табудың тұрақты көзі – бірақ олардың көбіне тыйым 
салынған немесе ересектерге ұнамайды (сондықтан да, тартым-
дырақ бола түседі); жерді жалаң қолмен тиісуге немесе жерде 
жатқан жеуге жарамды затты көтеруге рұқсат етілмейді – бірақ, 
ересектердің өзі баланы жерден шығатын немесе жерге өсетін 
саңырауқұлақтар және жидектер іздеуге 
шабыттандырады, балаларға арнап 
құмсалғыш салады, онда күні бойы 
ойнауға рұқсат береді.
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ – 
ДАМУДЫҢ «ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
Ж
аңа туылған сәби толығымен айналасындағы ересек-
терге тәуелді, олардың көмегімен нәресте өзін қоршаған 
әлемді зерттей бастайды. Сондықтан, баланы анасынан 
және әкесінен ерте айыру оның психо-эмоционалдық 
дамуына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ ата-анасымен 
бірге болу және ойнау бала үшін жеткіліксіз болып қала-
тын сәт те туады.
2-3 жастан кейін баланың құрдастарымен көбірек ара-
ласуға мұқтаждығы күн санап арта түседі және ата-а-
насынан аздап алыстай бастайды, дербес «мен» деген 
тұлғасы қалыптасады, әрі бала «мен өзім» деп жиі айта 
бастайды және айналасындағыларға өзінің «үлкен» 
болғанын дәлелдеуге тырысады. Осы күрделі кезеңде 
ересектер өз мінез-құлқы арқылы баланы қалжыңсыз 
қабылдайтынын, яғни, дербестігін мойындайтынын, оның 
мүдделерін құрметтейтінін көрсетуі өте маңызды. Бала 
немен және қалай ойнаса да,оған күлуге болмайды. Сол 
ұсақ-түйек заттар (әртүрлі тастар, әйнектер, кәмпит қағаз-
дары және т.б.) кішкентай балаларды қатты қызықтырады 
және олар үшін өте маңызды болуы мүмкін. Осындай «қа-
зына» балалар үшін қандай маңызға ие екенін анықтап 
көрейік.
116
БАЛАҢЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ
18


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау