63
Доплер датчигінен шыққан ультрадыбыс сәулесі мүмкіндігінше қан ағыны
бағытымен сәйкес келуі тиіс. Осы кезде ғана доплер сигналының шамасы
максимал болады. Егер ультрадыбыс сәулесі қан ағыны бағытына
перпендикуляр болса, доплер сигналы нольдік мәнге ие болып, сондықтан қан
ағыны жылдамдығын өлшеу мүмкін болмай қалады. Доплерографияның 2
негізгі әдісі бар: үздіксіз (CW) және импульсті (PW).
Үздіксіз доплерографияда ультрадыбыс негізгі сәуленің барлық ұзындығы
бойында шағылады. Сондықтан бүкіл түтік бойындағы қан ағынының
интегралдық жылдамдығын өлшеуге болады, өлшеу шегі 10 м/сек. Үздіксіз
доплерография жіңішке тамырлардағы қан ағыны жылдамдығын өлшеуде
қолданылады. Жүректің белгілі бір бөлігіндегі қан ағыны жылдамдығын
анықтауда
импульсті
доплерография
қолданылады.
Импульсті
доплерографияда қан ағыны жылдамдығын өлшеу шегі 7,5 м/сек.
Радионуклидтерді медицинда қолдану. Радионуклидтер деп жартылай
ыдырау периоды өте аз, радиоактивті заттарды атайды. Табиғатта мұндай
химиялық элементтер кездеспейді, оларды жасанды түрде алады. Қазіргі
уақытта радионуклидтер диагностикалық және терапиялық мақсаттарда кең
түрде қолданылуда.
Радионуклидті диагностикалық мақсатта қолданудың негізі ретінде,
олардың адам ағзаның кей мүшелерінде талғампаздық түрде жиналуын атауға
болады. Мысалы, радиоактивті иод негізінен қалқан безінде, ал кальции болса
сүйекте жиналады. Радиоактивті элементердің изотопын адам ағзасына ендіріп,
олардың адам ағзасында жиналған аймағынан шығарған сәулесі арқылы адам
мүшесінің немесе аймақтың диагностикалық күйін анықтауға болады, мұны
таңбаланған атомдар әдісі деп атайды [106].
Радионуклидтерді терапиялық мақсатта қолданудың негізі ретінде,
олардан шығатын иондаушы сәулелердің ісік жасушаларын бұзуын атауға
болады.
1 Гамма терапия деп, терең қабатта жатқан ісіктерді жоғары энергиялы
сәулесі арқылы жоюды атайды. сәулесінінің көзі ретінде
60
Со кобальт
қолданылады.
2 Альфа терапия деп α сәулесі арқылы емдеуді атайды. Бұл сәуленің
иондаушылық қасиетінің өте жоғары, сондықтан ол сәл ғана ауа қабытының
өзінде толығымен жұтылады. Осы себепті α сәулені адам ағзасына немесе оның
белгілі бір мүшесіне тікелей әсер ететіндей жағдайда қолданады. Мысалы,
теріге тікелей әсер ету үшін радон ваннасын қабылдайды, ас қазанға әсер ету
үшін радонды суды ішеді, тыныс алу мүшелеріне әсера ету үшін ингаляция
қабылдайды.
Нанотехнология мен наномедицина. Соңғы жылдары нанотехнология
ұғымын барлық салада кездестіруге болады. Глерк тілінен аударғанда «нано»
сөзі – ергежейлі деген мағынаны берсе, оны заттың миллионнан бір бөлігі, яғни
10
-9
бөлшегін білдіреді. Нанотехнология дегеніміз – теориялық түсініктің
жиынын, зерттеу әдісі, талдау мен синтездеу, жекелей атом мен молекуланы
басқарып, белгілі өнімдерді өндіру, қолдану әдістері мен іргелі және
қолданбалы ғылым мен техниканың арасындағы пәнаралық сала болып
64
табылады. Нанотехнологияның медицинада қолдануына шолу төмендегідей
болды:
1 Наноботтар – болашақтың наномашина ұрпағы, олар қоршаған ортаны
сезініп, оның өзгерістеріне бейімделе алатын, күрделі есептеу жүргізіп, қозғала
алатын, молекулалық жиынтық жасайтын, жөндеу істерінде жасай алатын
машиналар. Бұл құрылғы медицинада қолданылу шегі үлкен сұранысқа ие.
2 Нанокомпьютерлер көмегімен наноботтарды басқаруға болады.
нанокомпьютерлерді құру мен кванттық есептеулерге қадам басу медицинаның
жаңа арнасын аша түседі.
3 Жасушаны регенерациялау. Ағза жасушасының бұзылуы, сол жасушаның
өте аз мөлшерде болғандығынан қайта түзілуі өте қиын. Бірақ нанотехнология
көмегімен бұл мәселе өз шешімін тапты. Наноботтар мен басқа да құрылғылар
жеке сатыда жасушаны регенерациялау үшін молекула мен атомдарды
басқаруға қолданылады.
4 Қартаю. Наноқұрылғылар адам ағзасындағы қартаю процесін туғызатын
себептерді жоюға қолданылады. Мысалы, лазерлі технология адам келбетіндегі
әжімдерді, сызықтардығ пайда болуын азайтса, нанотехнология көмегімен,
аталған себептерді түбегейлі жоюға мүмкіндік бар.
5 Қауіпті ісікті емдеу. Бүгінгі күні нанотехнологияны қауіпті ісікті емдеу
үшін қолданудың алғашқы қадамдары жасалуда. Аталған процесс
наноқұрылғылардың арнайы функциясын ісікке тікелей жеткізу арқылы жүзеге
асырылады. Оған қоса, ісік жасушасын жою жұмысы жүреді де, жанындағы сау
жасуша мен қоршаған ортаға еш залалы болмайды.
6 Жүрек-тамыр жүйесінің ауруын емдеу. Наноботтар жүрекке байланысты
бірнеше функцияларды орындай алады. Жүректің зақымдалған тіндерін
регенерациялау –бұл бір ғана мүмкіндігі, оған қоса, наноқондырғыны
атеросклерозды бляшкалардан артерийді тазарту жолдары мен басқа да
мәселелерді шешу үшін қолданылады.
7 Қондырғын импланттау. Қазіргі күнге дейін қолданылып жүрген, яғни
имплантты қондырғыны ағзаға орналастырай-ақ, нанобот көмегімен дене
ішінде қажетті құрылымды өсіріп жетілдіруге болады.
8 Виртуалды шынайылық. Наноботтарды инъекциалау арқылы дәрігерлер
адам ағзасын тез зерттеуге мүмкіндік алып отыр. Виртуалды шынайылықты
құру операцияларды қиындықсыз орындауына болады.
9 Дәріні жеткізу. Дәріні жеткізуді автоматтандыру жүйесі ағза жұйесі
арасындаағы келісімді арттыруға ықпал етеді. Оған қоса, дәрі қажет жерге
тікелей жеткізіледі. Адам қателігінсіз, қажетті уақытта белгілі бір емдік дәріні
босату үшін нанотехнология көмегімен жедел жеткізу жүйесін бағдарлауға
болады.
10 Генді терапия. Нанотехнология наноботтардың ағзаға енуіне мүмкіндік
бере отырып, геномд өзгертуіне болады, геномды түзетуіне және нәтижесінде
түрлі гендік ауралардың алдын алуға болады.
11 Нанопинцеттер. Бұл қондырғылар наноқұрылымның жұмысы үшін
қажет. Олар адам денесінде наноқондырғыларды жылжыту үшін қолданылады.
Нанопинцеттер нанотүтік арқылы құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |