6 тақырып. Туристің физикалық дайындығы(шынығу)
11,12 дәрістер. Шынығудың ролі. Физикалық дайындыққа қойылатын талаптар
Белсенді туристік саяхаттардың ерекшеліктері; биіктік, ауаның жоғары немесе төмен температуралары, жауын-шашын, жел, су және т.б., тұрмыс жайсыздықтары, кедергілерден өту, физикалық жүктемелер. Физикалық дайындық жетіспейтін болса, адамның қатты шаршауына, жараларға, ауру-сырқаттарға, тіпті өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Туристің физикалық қабілеті маршрут күрделілігіне сәйкес болуы қажет.
Туристің физикалық дайындығы дегеніміз физикалық қасиеттерінің дамуы, туризммен шұғылдану үшін қажетті қозғалыс дағдыларды жаттығу арқылы қалыптастыру мен бекіту. Жалпы(ОФП) және арнайы дайындық(СФП) болады.
ОФП мақсаты – туристің физикалық қасиеттерін жан-жақты дамыту.
СФП таңдап алған туризм түріне қажетті физикалық қасиеттер мен дағдыларды нақты дамытуға бағытталған. Туристің біліктілігінің өсуімен бірге СФП үлесі ОФП-дан асып түседі.
Адамның негізгі физикалық(қозғалыс) қасиеттері – күш, төзімділік(выносливость), тепе-теңдік(равновесие), ептілік(ловкость), жылдамдық, иілгіштік(икемділік, гибкость), еркін босаңсу(произвольное расслабление). Белсенді туристерге ең алдымен бірінші үшеуі қажет.
Күш – сыртқы кедергіні бұлшық ет жұмысы арқылы жеңу немесе оған қарсыласу қабілеті. Бұлшық ет жеңу(преодолевающий) режимінде, мысалы, аяқ бұлшық етінің өрлеген кездегі қысылуы; бағыну режимінде, мысалы, төмен түскендегі бұшық ет созылуы, статикалық режимінде, мысалы, рюкзак тасу, төмен сырғанау, жұмыс істейді.
Күш көрсеткіштері: абсолюттік күш(штанганы көтеру немесе осы адам үшін ең ауыр рюкзакты тасу); жылдамдық күш(скоростная сила) – ең қысқа уақытта көрсетілетін күш максимумы(мысалы, орнынан секіру), күш төзімділігі – ұзақ уақытта ең үлкен емес күш жұмсау қабілеті, мысалы, көп рет отырып тұру(приседания) жаттығуы.
Төзімділік – ұзақ уақыт немесе шаршап келе жатқанда өнімділігін төмендетпей жұмыс жасау қабілеті. Төзімділік адам ағзасының барлық органдары мен жүйелерінің күйіне байланысты, бірақ ең маңыздылары – жүрек-тамыр, тыныс және орталық жүйке жүйелері. Туристің әртүрлі жаттығуларды орындағанда күшін дұрыс жұмсау біліктілігі (яғни техника жағынан ұтымды) өте маңызды болады.
Тепе-теңдік – денесінің кеңістікте тұрақты орнын сақтау қабілеті.
Күш шынықтыру: сыртқы кедергіні жеңу(мысалы, ауыр рюкзакпен қардың құмның үстінде, өрлеп жүру немесе жүгіру, т.б.; дененің өз салмағын қолдану. Жаттығулар: ең ауыр емес жүкпен көп рет қайталатын жаттығулар, ең ауыр жүк(динамикалық және статикалық режимде), ең үлкен жылдамдықпен жаттығу. Арнайы күш шынықтыратын жаттығулар рюкзакпен орындалады: арқанға, гимнастикалық немесе жартастық қабырғаға өрлеу, ілме өткелден өту, жүру, жүгіру, тік қарлы немесе шөп беткейлерге өрлеу.
Төзімділікті шынықтыру мақсаттары: 1) аэробтық қабілетті жақсарту(жұмыстағы бұлшық еттерге оттегіні жеткізіп); жүрек-тамыр және тыныс жүйелерін жетілдіру; 2) анаэробтық қабілетті көтеру(жұмыстағы бұлшық еттерге оттегіні жеткізбей); 3) ауыр жұмыстан пайда болатын ішкі ортаның өзгеруіне физиологиялық және психологиялық төзімділікті шынықтыру.
Жалпы төзімділікті шынықтыру үшін әрқайсысының ұзақтығы 30 минуттан кем емес жаттығуларды бір қалыпты түрде орындау керек. Осындай жаттығуларды 3 сағаттан артық жасаудың керегі жоқ. Арнайы төзімділікті дамыту үшін жорық жағдайына жақын жағдайларда кедергілерден өту жаттығуларын орындау керек: салмағы 5-10кг рюкзакпен 100-300 метрге тік өрлеу, ойлы-қырлы жерде марш-жүгіріс жасау(15-25км). Міндетті түрде мынадай кедергілер: өрлеу мен төмен қарай жүгіру, өзендер мен жарлардан өту, жолы жоқ жерлер кездесу керек. Өте жақсы төзімділік болса жүгіріс жылдамдығы 4-5км/сағат, орташа болса – 3км/сағат болады.
Тепе-теңдікті шынықтыру: тіреу көлемін кішірейту, жорықта кездесетін арнайы қимылдары мен орналасулардың максималды жиынтығы бар тіреудің өзгеруі. Жаттығулар: 1) гимнастикалық скамейка қырының үстімен жүру:ілгері, қырымен, бұрылыспен; 2) жүкпен(рюкзак немесе адамды арқалап) кедергілерден өтіп жүру; 3) бөрене үстімен жүру: ілгері, қырымен, бұрылыспен; 4)ағашаяқпен(ходули) жүру. Ходули – балдақ сияқты қолтыққа қысып, аяққа жалғап жүретін екі таяқ, бір аяқта тұрып қолмен, денемен қимыл жасау, көзін жұмып жүру, еңкейген құм беткейіне төмен қарай секіру.
Деген мен, ең жақсы жаттығулар – табиғи нәрселерді қолданып сыртта, табиғаттажасау: бөрене үстімен жүру, үстіне мініп жылжу, үстімен жүгіру, томарлар(төмпешіктер, кочки), тастар үстімен жүру, тік және тар жер бедерге өрлеу мен түсу. Ойдағыдай ауыр жүктемелерден кейін жасаған өте пайдалы болады.
Физикалық дайындық қағидалары: жүйелілік, белсенділік, біртіндеушілік, кезекшілік, саналық, үнемілік, үзілмеу қайталау, циклдық спорттық және мамандық ерекшеліктерімен байланыс.
Туристер мен оларға қызмет көрсететін адамдардың дайындығы маршрут қиындығына сәйкес болу қажет; әсіресе жүк тасушылардың дайындығы. Атап айтсақ, жүк тасушылар дайындығы қатысушылардан әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Мысалы, 1 дәрежедегі жорық үшін жүк тасушылардың дайындығы жорықтың 3-4 дәрежесінің нормаларына сәйкес болуы тиіс.
Жорық алдындағы дайындық екі кезеңге бөлінеді: алдын ала және негізгі. Алдын ала дайындықтың мақсаты – ағзаны біртіндеп жоғары жүктемелерге үйрету, негізгі кезеңнің мақсаты – жорықтағы жүктемеге ағзаның толық даяр болуы. Жорық алдындағы дайындық жарты жылдан кем болмауы қажет, жорық алдындағы ай ішінде туристер жорықтың энергия шығынын тренировкада толығымен орындауы керек.
Ағзаның функционалды күйін жүректің еңбек қабілеті бойынша бағалайды. Жорық дәрежесіне сәйкес жүктеме болғаннан кейін пульс соғуы 7-10 минут ішінде қалпына келсе, дайындық қанағаттанарлық болып есептеледі.
Туристің физикалық қасиеттерін қалыптастыратын жаттығулар: 1) ұзын дистанцияға жүгіру; 2) ойлы-қырлы жерде марш-жүгіріс жасау; 3) бір күндік туристік жорықтар(15-20км); 4) спорттық ойындар; 5) туризм техникасы бойынша жарыстарға қатысу; 6) жер бедерінде командамен тренировка жасау.
Тренировкалар аптасына 3 рет, 1,5-2 сағаттан болады. Демалыс күндері бір күндік жорықтар жасау керек.
Күрделі жорыққа дайындық жасаған кезде тренировкалар аптасына 4-5 рет өткізіледі. Ең қиын жорықтарға дайындалған кезде аптасына 5 рет, 2-3 сағат тренировкалар жүргізіледі.
Ағзаны жорық жағдайларына шыдамды болу үшін шынықтыру керек: таза ауада жеңіл киім киіп өтетін тәңертеңгі гимнастика, суық сумен шынығу, жатар алдында аяқты суық сумен жуу, үнемі жеңіл киім киіп жүру.
Нормативтер Вуколовтың кітабінде 168 бетте бар. Шынығу нормалары – 178 бетте.
Гигиена, денсаулық сақтау.
7 тақырып. Туристік құрал-жабдықтар
13,14 дәрістер
Жеке, топтық құрал-жабдықтар. Таңдау, сақтау.
Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын киім, аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жатады.
Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенімділік, пайдалану мен жөндеуі оңай, гигиена, қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет.
Палаткалар.
Ұйқыға арналған қаптар(спальные мешки). «Нога».
Рюкзак.
Аяқ киім, киім.
Сақтандыру. Мұзшапқыштар. Айсбайль.Мұз ілгектері, мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер(«айс-фифи»).
«Беседка».Грудная обвязка.
Кошки.Зажим, жумар. Күрек. Ракетница. Каска.Карабин.
Ремнабор.
Вуколов: приложение 9, 171 бет – жеке құрал-жабдықтар тізімі.
Су туризмі. Бәтіңкенің орнына – кроссовки, тапочки, рәзеңкеленген матадан жасалған етік-шалбар. Сонымен қатар, міндетті түрде, құтқару жилеті, құтқарушы гидрокостюм. Соңғы жылдары қорғау-құтқару костюмы(ЗСК) және шлем(каска).
Шаңғышы. Саяхат үшін ені 10 см дейін шаңғы қолданылады. Ұзындығы – адамның бойына(см) оның салмағының жартысын(кг) қосу керек. Бәтіңкесі 2 размр үлкен болу керек. Бахилы, ұзындығы 40 см. Жылы киім көп.
Примустар, газ, стеклоткань.
Оммерциялық қиын емес треккинг(10 клиент, 20 қызметкер) болса, екі 8 литрлік, 3 бес литрлік кастрюля жетеді.
Осындай топтың сақтандыру құралдары: 40 метрлі екі арқан, 10м репшнур, 2 мұзшапқыш, 2 мұзға бұрайтын ілгек, 3-4 карабин, ракетница.
Фонарь, батарейкалар, 10-12 стеарин шырағы, ремнабор(приложение 11, 173 бет),безмен, сағат.
Ремнабор құрамы:
1. Сумка
2. Жеңіл пассатижи
3. Әртүрлі жұмсақ сым
4. Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент
5. Қайрақ, үш қырлы егеу
6. Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка
7. «БФ» желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі
8. Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер
9. Тігін материал салатын қорапша
10. Түйреуіштер, рәзіңке
Су туризміне арналған шағын кемелер: байдарка, катамаран, үрмелі қайықтар, сал.
Байдарка – жеңіл, жіңішке, ескек тұтқасы(уключина) жоқ қайық, толқыны үлкен емес өзендер мен көлдерде жүзуге арналған. Бір(каяк), екі, үш орынды байдаркалар болады. Ескекшілер алға қарап екі қалақты ескекпен қайықтың екі жағынан кезекпен жұмыс істейді. Байдаркалар тегіс немесе құрылатын байдарка болады. Құрылатын б. Қаңқалы, қаңқалы-үрмелі, үрмелі және қатты.
Қаңқалы байдарка(каркасная) 3 дәрежеге дейінгі су саяхаттарында жиі қолданылады, мысалы, 1-,2-,3 орынды «Таймень».
Ең қолайлы байдарка – Э.Космачевтің КНБ-81 қаңқалы-үрмелі байдаркасы. Б. ұзындығы 450см, ені 75см, биіктігі 30см, салмағы 12кг. Толық жүк көтеру қабілеті 500кг, пайдалы – 220кг.
Су слаломы үші каноэ қолданылады. Каноэ тегіс(ағаш діңі емесе фанера, пластмассадан жасалған), құрастырылған каноэ(Қаңқасын рәзеңкеленген матамен орайды) және үрмелі болады.
Катамаран(«бірге байланған бөренелер» деген тамил сөзінен) – үстінгі жағында қосылған екі параллелді корпустан тұратын кеме. Су туризмінде үрмелі катамарандар қолданылады. Әрбір корпусы – үрмелі гондола, бір-бірімен қатты қаңқамен байланған. Экипаж 2-4 адамнан тұрады, каноэ сияқты, ескекшілер бір қалақты ескектермен жұмыс істейді. Ең жиі кездесетін мөлшерлері: екі кісілік к. – ұзындығы 3,1-3,3м, ені 1,5-1,6м, қалтқының(поплавок) ең үлкен диаметрі 45-48см, көлемі 730-770л.
Сал(плот) – бір-бірімен қосылған бірнеше бөренеден, бөшкеден, үрмелі баллоннан, т.с.с. тұратын жүзетін платформа. Әдетте ағыс бағытымен жүзеді. Ағысқа қарсы немесе қиғаш жүзу керек болса, ескек емесе түбіне тірелетін ұзын таяқтар қолданылады. Сал құрамы: став(корпус) алдыңға және артқы подгребица мен 2 гребень – салды ағыста жылжыту үшін. Қазіргі кезде қаңқалы үрмелі салдар қолданылады. Сал мен катамаран түйдегі – честер. Оның құрамына алды мен артында ағысқа көлденең орналасқан 2-4 гондола бар. Честер өлшемдері: 4,5х2,2м, годоланың диаметрі 0,8, ұзыдығы 3,2м, кеме габариті 5х3,2м. Құрастыруы оңай, жарты күн ішінде дайын болады.
Ескек, лақтыру ілмегі. Лақтыру ілмегі(бросательный конец) жағалаудан сақтадыру жасауға арналған құрал. Ұзындығы 25-30м, диаметрі 6-8мм капрон репшнуры. Алыстан көрінетін бояумен боялған қапта жатады. Қаптың түбінде диаметрі 10-12см, қалыңдығы 5см пенопласт шайбасы бекітіледі.
Құрал-жабдықтарды дайындау жоспары:
1) тізім жасау;
2) тізім бойынша таңдау, алу, жорық жағдайына жақын жағдайда тексеру;
3) түзеу, жөндеу, жаңадан жасау немесе қосымша айла жасау.
Құрал-жабдықтардың күйі, пайдалану мерзімі күту мен сақтауға байланысты. Аяқ киімді маусымнан кейін мұқият жуып-тазалап, табиғи жылумен кептіру керек. Сақтауға арналған заттарды пайдалану керек(пропитка). Ұлтарағын бөлек сақтау керек, ал аяқ киім ішін қағазбен тығыздау қажет.
8 тақырып. Қауіпсіздік
15, 16 дәрістер. Жалпы ережелер. Саяхат кезіндегі қауіпсіздік.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, тренировка орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және мадициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу.
Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді:
1 топ: табиғи ерекшеліктері;
2 топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі;
3 топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;
4 топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен Т-Т дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік.
Қар көшкіні.
Сел.
Ауа райы.
Улы өсімдіктер мен жануарлар.
Т, Т қателер.
Денсаулық.
Белсенді туризммен айналысатын ұйымда бақылау-құтқару отряды болу қажет(КСО). КСО міндеттері:
1) осы ұйымның маршруттары өтетін аудандарды жете зерттеу және білу;
2) іздеу-құтқару жұмыстарын өткізуге арналған барлық жабдықтау мәңгі дайын болу керек;
3) негізгі және көмекші отряд мүшелерін үнемі даярлау;
4) алдын алу шаралары(кеңес, инструктаж, нұсқаулар, маршруттарды белгілеу, топтарды тексеру, т.б.);
5) іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу, зардап шеккендерге жәрдем беру;
6) қажетті ақпаратты мемлекеттік апаттық-құтқару қызметіне беру.
Контрольдық пункттер мн мерзімдер.
Алдын алу шаралары:
1) медициналық байқау;
2) туристердің біліктілігін бақылау;
3) әрбір турист қауіпсіздік нұсқауларын тыңдағанына қол қойғаннан кейін топты маршрутқа шығару.
Дәріің негізгі алты тобы болу керек:
1) ауруды сездірмейтін дәрілер, қоздырушы заттар(анальгин, амидопирин, кофеин, кардиоми, т.б.);
2) қан тоқтатушы және дезинфекциялаушы дәрілер(сутек асқын тотығы, йод, т.б.);
3) антибиотиктер(пенициллин, тетрациклин, эритромицин, т.б.);
4) сыртқы дәрілер(зеленка, синтомицин майы, марганцовка, нашатырь мен медициналық спирт, лейкопластырь);
5) орау материалы(бинт, марля, мақта, т.б.);
6)саймандар(термометр, қайшы, бұрау, шприцтер, т.б.).
Қар көшкіні болатын аудандарда радиолмаяктар болу керек.
Іздеу-құтқару жұмыстары дегеніміз маршруттағы төтенше жағдайларда туристерге, әртүрлі апат кезінде жергілікті халыққа жәрдем беру. Туристік ұйымдарда тәжірибелі адамдардан тұратынбақылау-құтқару жасағы(КСО) болу керек.Приложения№18,19(182-185 беттер).
Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері:
1. Маршрут қатысушылардың қабілетіне сәйкес болуы керек.
2. Алдын ала жолды, жер бедерін, қауіпті жерлерін, су көздерін, маркировканы, маршруттан кетіп қалу жолдарын біліп алу қажет.
3. График қозғалыс тәртібін әзірлеу.
4. Дайындықсыз, акклиматизациясыз жолға шықпау.
5. Алдын ала ауа райы болжамын біліп алу.
6. Өте қолайсыз табиғи жағдайларда жолға шықпау.
7. Қараңғы уақытта жолды өте жақсы білгенде және құтқару жұмыстары кезінде ғана шығу.
8. Құрал-жабдықтарды, азықты, туристер денсаулығын мұқият тексеру, сырқаттанғандарды маршрутқа жібермеу.
9. Беделді жетекшісіз жолға шықпау.
10. Таңертең ерте шығу.
13. Аяқты жара мен үсіп қалудан сақтау.
14. Киім, аяқ киім бүтін, кебу болу керек.
Қозғалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
1. Топпен жүру.
2. Тәртіп. Кетсе тек қана сұранып кетуі керек.
3. Беделді, білгір жетекші.
4. Аса жылдам жүруге болмайды.
5. Режим. Ағза терморегуляциясы.
6. Бір біріне көмек беру.
7. Батып кету немесе суық тию қаупі бар суда шомылмау.
8. Жолды қысқартам деп қауіпсіздікті бұзбау.
9. Тұман, қараңғы уақытта, нашар ауа райы кезінде жүрмеу. Жолдың үлкен жартысын таңертең өту.
10. Бос жатқан тастары бар беткеулер мен сайларда байқап жүру.
11. Ең қауіпсіз жолды таңдау.
12. Заттарды ұмытып қалмау, жоғалтпау.
13. Қар көшкіні қауіпі бар жерлерге бармау.
14. Спирт ішімдіктерін ішпеу.
15. Үсіп қалмауды бақылау.
16. Қатты жауын, бұршақ болса сая жерде тығылып, оның аяқталуын күту.
17. Көз бен ашық жерлерді күн радиациясынан қорғау.
18. Найзағайдан сақтану:
а) жотадан түсу;
б) темір-терсектерді жинап адамдардан алшақ(10м) қою;
в) бөлек тұрған ағаштың астында, су жағасында тұрмау;
г) жүгірмеу;
д) бір біріне жақындамау;
е) орман шетінде, ағын судың жанында тұрмау;
ж) металл сымдары бар жерде тұрмау;
з) мүмкіндікше изоляциялық материалда тұру;
и) жай адамға түссе міндетті түрде өлмейтінін білу қажет, дер кезінде жәрдем берілсе, аман сақтап қалуға болады;
19. Судан дұрыс тәртіппен өту;
20. Рюкзакты дұрыс толтыру, жолдасыңды жаралап алмау үшін үшкір заттар рюкзактан шығып тұрмау керек.
Таудағы бивак орналастыру ережелері:
1. Сайдың астында, шөгінді жартас астында, қар көшкіні болатын жерде, өзен арнасының жанында, қар карнизінің астында орналастыруға болмайды.
2. Желден, өрттен, суықтан қоғану шараларын жасау.
3. Палатканы мықты бекіту.
9 тақырып. Медициналық қамтамасыз ету
17, 18 дәрістер. Қойылатын талаптар. Алғашқы медициналық жәрдем.
Алдын алу. Медициналық байқау. Жорық алдында тіс емдеу қажет. Барлық сырқаттарды алдын ала толығымен емдеп қана жолға шығуға болады.
Гигиена сақтау.
Дене шынықтыру.
Өзін өзі бақылау.
Негізгі ауру-сырқаттар
Қажалу, сүйел
Аяқ киім судай жаңа болмауы керек. Носки, шұлғау дұрыс киілу керек және таза болуы қажет.
Қар соқырлық
Көздің күйіп кетуі. Көз жасы ағады, көрмей қалу, ашиды, көз қызарады. Калий перманганат, 2 пайыздық борная кислота немесе суық шаймен шаю керек. 3-5 күннен кейін жазылып кетеді.
Тау ауруы. Альпы – 2500 м-ден бастап, Кавказ – 3000 м, Тянь-Шань – 3500 м, Гималаи – 4500 м.
Достарыңызбен бөлісу: |