Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы



жүктеу 0,74 Mb.
бет2/5
Дата20.02.2018
өлшемі0,74 Mb.
#10223
1   2   3   4   5
Жартастар. Ережелер:

  1. Алдын ала әбден қарап алып, тіреулерді байқап, жолды жоспарлау керек.

  2. Дем алу мен одан арғы жолды табу үшін аялдауорындарын табу. Олар қаүіпсіз және де ыңғайлы болу керек. Қиын және қаүпті жерлерді жылдам өту қажет.

  3. Тіреулерді алдын ала байқау керек: басып, шайқап немесе ұрып.

  4. Тексерілген мықты тіреулерді көп рет пайдалану

  5. Үнемі үш тіреу болу керек, келесіге тек бір мүшені жылжыту.

  6. Көбінесе аяқпен жүру, қолды тірек ретінде қолдану. Аяқ тірегі мықты болмаса, қолға түсетін жүктеме өседі. Кейде, қиын жерлерде, негізгі жүктеме қолға түседі.

  7. Бұлшық еттердің әртүрлі топтарына түсетін жүктемелерді ауыстырып тұру қажет

  8. Қолайсыз немесе мықты емес тіреулер болса, оларға қосымша дене мен мүшелердің жартасқа қажалуын, үйкелісін қолдану.

  9. Бір қалыпты, жұлқынбай қозғалу керек.



Мұз. Ережелер:

  1. Қажетті құралдар: мұзшапқыш, кошкалар, мұз ілгектері(крючья) болу керек.

  2. Басты жүк сирақ пен табан-өкшелерге түседі. Егер олар шынықпаған болса, мұз маршрутына бармаған жөн

  3. Вибраммен маршрутқа шықса да, кошкалар бірге болу қажет.

  4. Алдымен мұздықты қарап, жолы мен жүру әдісін жоспарлау қажет.

  5. Кошкалардың тістері үшкір болу керек, сондықтан оларды жолдың алдында қайрау қажет.

  6. Кошка тістерінің барлығын мұзға бірден, қайталамай кіргізу керек, себебі – соққыны қайталаса, мұз үгіле бастайды. Үлкен қадам жасамау(екінші аяқты қағып кетпеу үшін)

  7. Үнемі екі тіреуден кем болмау керек, үш есепке жүру қажет: мұзшапқыш – аяқ – аяқ..Жүрген кезде әрқашан мұзшапқышпен беткейге тіреліп жүру керек.

  8. Кошкалармен жүрген кезде мүмкіндікше беткейдегі тегіссіздіктерді – жарықтарды, қуыстарды, дөңестерді қолдану қажет: аяқ пен сирақты аздап жеңілдетеді.

  9. Әл біткенше жүруге болмайды, алда келе жатқан адамды, әсіресе баспалдақ жасап жүрсе, ауыстырып тұру керек.

  10. Қозғалыс бағытын жер бедеріне, тіректер мықтылығына орай және күш сақтау мақсатыментаңдау; өрге 45-60 диагональ арқылы көтерілу, түскенде – су ағуы бағытымен тура түсу.

  11. Кошка кисең секірмеуге тырыс.

  12. Мұз беткеймен жүрудің негізгі әдісі – кошкалармен жүру, сондықтан баспалдақ жасауды өте сирек қолдануға тырысу керек.

  13. Баспалдақ жасағанда ең маңызды нәрсе – шапқыш соққысы күшінің дәл болуы. Соққы күші қол күші емес, мұзшапқышқа берілген инерцияға байланысты.



Жайпақ мұз беткейі(20-25дейін). Кошкасыз. Тайғанақ болса кошкаларды кию.

Тік емес өр(25-30). Кошкамен тура міну. «Шырша» әдісі.

Орташа өр(30-40 ). Қиғаштап, зигзагпен міну.

Бұрылу.



Тік өр(40-60). Тура, кошканың алдыңғы төрт тістерінде.Тізені бүгу, бақай төмен, мұзшапқыш тұмсығынан тартылуға болмайды – аяқпен көтерілу керек.

Тік өр(50-60). Кәдімгі(тістері бірдей) кошкалар, қысқа кесінділерде беткейге арқасымен бұрылып. Тізе бүгілген, қадамдары шағын, мұзшапқыш ұшымен арт жағына тірелу.

Мұз қабырғасына өрлеу(80дейін). 12 тісті кошкалар, 2 алдыңғы тісі қалған 10 тісімен тік бұрыш құрады. 2 алдыңғы тіспенен ғана өрлеу. Мұзшапқыштың басы оң қолда, сол қолда – мұз ілгектері, оларды кезекпен мұзға қағады.

Мұз камині.

Тік бұрыш мұз қабырғасы(90). Сатымен, мұзбұрғыш(штопорлық) емесе якорлық ілгектер көмегімен өрлеу.

Үшкір мұз қырқасы. Аяқ қырқаның екі жағында, аяқ ұшы төмен қарайды.



Траверс(60 шейін). Қырынан,жақын аяқ ұшы беткейге қаратып алға, екіншісі – төменге, шапқыш дайын.

Тік өрдің(60шейін) траверсі. Аяқта тік тұрып, арқаң беткейге қарайды, аяқтың екі ұшы да төмен. Шапқыш ұшын артыңа қадап, аяқты бірінен соң бірін үш есепке жылжыту.

55дейін мұз беткейімен түсу: арқасы беткей жақта,түрегеп тұрып. Аяқ ұшы төмен қарайды, шапқыш ұшын артында мұзға қадайды.

Өте тік(65) өрден түсу. Тістері бірдей емес кошкаларда бетімен беткейге қарап түсу.

Баспалдақтар жасап жүру.



Мұзшапқышты екі қолымен ағашынан ұстайды, беткейге жақын қолы оның ұшына жақын болады. Бүлдіргесі(темляк) дұрыс келіп түрса шапқыш салмағы тұтқасын ұстап тұрған қолға мемес, бүлдіргеге келіп түседі де саусақтарға жеңілдеу болады.

Баспалдақ жасау. Баспалдақ ені мен ұзындығы топтағы ең үлкен аяқ киімге сәйкес болу қажет. Баспалдақ арасы топтағы ең аласа бойлы спортсменнің қадамынан аспау керек. 50 деін: 45-50қиғаш-жоғарылаумен болады. Беткей сол жақта болса, сол аяқ оң аяқтан жоғары және оның алдында болады. Әрбір цикл екі баспалдақ шабу мен солармен өтуден тұрады. Алдында төменгісін жасайды да одан кейін үстінгісін, ал содан соң төменгісін мұз сынықтарынан тазартады.

Бұрылыс. Бұрышында екі баспалдақ – төменгі бұрылыстық баспалдақ – екі аяқ сиятын орын және үстінгісін - әдеттегідей.

Траверс үшін еекі қатар шахмат ретімен жасалады. Баспалдақтың үстінгі қатары(сол аяқ үшін) төменгі қатардан 10-15 см биік жасайды.

Түскен кезде бір қолмен баспалдақ жасайды, ал басқа қолмен одан бұрын жасалған баспалдақты ұстап тұрады.

Құлап бара жатса, 1 – екі қолынан шапқышты жібермей, бетін төмен қаратып аударылу; 2 – кошкамен жерге тіреліп қалмау үшін аяқ ұшын көтеру; 3 – шынтақ тұсында бүгілген қолмен шапқыш тұмсығын мұзға шаншып, дененің бар салмағымен оны басу.


жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау