Қаңылтыр банкіні дайындау
Құрастырылған банкінің элементтері – корпус, қақпақ, түбі.
Тұтас соғылған қалбыр жұқа металды преспен созу арқылы жасалады, жақсы жабылады, қосылған тігісі жоқ. Биіктігі аз.
Құрастырылған банкілер корпусқа қақпақ пен түбін айналдырып қосу арқылы жасалынады. Корпусты тік бұрышты таспаны (бланк) қосу арқылы жасайды. Оны қорғасынмен пісіріп бекітеді. Тігістің беріктігін (герметика) тығыздағыш паста арқылы күшейтеді.
Қақпақ пен түбін дайындау үшін табақ қаңылтырды бір қатарлы фигуралы қайшыларға береді. Олар қаңылтырды дөңгелектеп кеседі. Қаңылтыр банкі жақсы жабылған, берік болуы керек. Қақпақтың беріктігі рельефті кертіктерге байланысты.
Қаңылтырды үздіксіз – тасқынды желілерде САЛ – 1, САЛ – 2, (300 б/мин), САЛ – 7 (450 б/мин) жасайды.
Банкідегі сүрлемелер технологиясы.
Шығарылатын консерві түрлеріне байланысты олардың технологиялық сызбасы әр түрлі технологиялық операциялардан тұрады. Қолдануына байланысты операцияларды инспекциялық (шикізатты көру, таңдап алу), дайындық (етін сылу, сіңірлеу, ұсақтау, алдын ала қыздыру, тұздау т.б.) және негізгі (үлестеу, қалбырға салу, жабу, залалсыздандыру) деп бөледі. Әр түрлі консервілердің технологиялық өзгешелігі шикізатты ұсақтау дәрежесіне, рецептура айырмашылығына, пысытқылау, қуыру, ұнмен араластыру, тұздау, ыстау т.б. операциялардың болуына байланысты.
Технологиялық сызбалар
Негізгі операциялар сызбалардың көбінде кездеседі. Оларға – шикізатты дайындау, тазарту, етін сылу, сіңір-шеміршектерін тазалау, кесектерге кесу, ұсақтау, үлестеу-ыдысқа салу, ыдысты жабу, қыздыру, салқындату.
Таза кесек ет консервілерінің технологиялық сызбасы
Шикізатты қабылдау
Етті бөлшектеу, мүшелеу
Етті сылу, сіңірлеу
Кесектерге кесу
«Бұқтырылған» «Қуырылған»
сиыр еті (қой, шошқа) ет
«Гуляш»
Етті қыздырылған Тұз, май Қуыру Етті ингредиенттермен
ұнмен араластыру дәмдеуіштер қосу араластыру
Қыздырған ұн,
томат паста, тұз,
дәмдеуіштермен араластыру
Үлестеу
Жабу
Қыздыру
суыту, сорттау, сақтау
Ет-өсімдік консервілерінің (еті бар ботқа, картобы бар ет, еті бар солянка) технологиялық сызбасы үшін етті сүйекше бөлген соң ет кесетін машинада не ет тартқышта ірілеп кеседі, дайын етті өсімдік толтырғыштармен (ботқа, картоп, капуста) араластырады, тұз, дәмдеуіштер қосады. Дайын қоспаны ыдысқа салып, жабады, стерілдейді де салқындатады.
Субөнімдер консервілерін өндіру кезінде ұсақталған шикізатты алдын-ала қыздырусыз, немесе қуырып, пысытқылап, тұз бен дәмдеуіштермен араластырады, ыдысқа салып, қыздырады.
Паштет массаларын дайындау негізінде пысытқыланған шикізатты куттерде ұсақтап, май, сорпа, сүт немесе жұмыртқа, тұз және дәмдеуіштер қосады. Коллоид диірменінде қосымша ұсақталған соң паста тәрізді массаны ыдыстарға салады.
Достарыңызбен бөлісу: |