1979 жылы «Аврора» балалардың сауықтыру лагері ашылса, соңынан оған «Шұғыла» атауы берілді. Лагерге жазғы каникул кезінде тек тасқалалықтар ғана емес, көршілес аудандардан, облыс орталығы мектептерінен оқушылар келіп, тынығып, денсаулықтарын қалпына келтіреді. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті Қазақстан Республикасының «Дамуы шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік педагогикалық түзетуді қолдану туралы» Заңын және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 5 мамырдағы №172 қаулысы негізінде аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті 2006 жылдың қыркүйегінен жұмыс жасауда. Қазіргі кезде мұнда 155 бала түзету көмегін алады. Оқыту балалардың жеке ерекшеліктерін, қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жеке түзетіп-дамыту бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұл іс 10 маманның күшімен жүзеге асырылуда. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ерекшелігі – жинақылық, көпжақтылық, отбасының коррекциялық үрдіске қатысуы, өзгермелі оқыту әдісі. Кабинет меңгерушісі Денсаулық сақтау саласы 1971 жылы аудандық ауруханаға басшылық жасауға республикаға еңбек сіңірген дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі Бақтығали Ахметов жіберілді. Ал, ауданның денсаулық сақтау саласына 1976 жылдан Талғат Қалыбеков басшылық жасайды. Осы кезеңде, яғни 1978 жылы жеті бөлімшеден тұратын 150 орындық жаңа үлгімен салынған аурухана пайдалануға берілсе, жетпісінші жылдардың аяғында тіс-протездік кабинет, 1982 жылдан ауданның барлық шаруашылықтарында клиникалық лабораториялар және физиокабинеттермен жабдықталған дәрігерлік амбулаториялар, 1983 жылы өкпе аурулары емханасы ашылды. Бұлардың барлығы да дәрігерлер, арнаулы автокөліктермен қамтылды. 1991 жылы бір кезекте 320 адамды қабылдай алатын аудандық поликлиника іске қосылды. Қазіргі кезде ауданда қарауына 60 орындық аудандық аурухана, бір сменде 320 сырқатты қабылдай алатын поликлиника, 40 орындық күндізгі стационар, бес дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП, 19 МП-ті біріктіретін «Тасқала аудандық орталықтандырылған аурухана» МКҚК қызмет көрсетеді. Бұларда 21 дәрігер, 137 арнаулы орта білімді медициналық қызметкерлер жұмыс атқарады. 2009 жылы аудандық аурухана, 2010 жылы поликлиника күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Тасқала ауданының тұрғындары ұзақ жылдардан бері аудандық ауруханада еңбек еткен, жұмыс атқарып келе жатқан ақ халатты абзал жандар Марат Жұмағалиевтің, Хамидолла Қажығалиевтің, Тамара Рахымғалиеваның, Бәтима Бекентаеваның, Сағынғали Ермұханбетовтің, Нұрболат және Қалампыр Еметияровтардың, Гүлсайран Кенжешеваның, Мақсот Илжановтың, Балжан Шатенованың, Ораз Қощановтың, Айболат Айтжановтың және басқаларының есімдерін әркез қадыр тұтады. Аудандық әділет басқармасы Кеңес дәуірінің кемелденген шағында қалыптасқан аудандық АХАЖ (азаматтық хал актілерін жазу) бөлімі негізінде ҚР Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсанындағы №1255 Жарлығына сәйкес аудандық әділет бөлімі болып құрылды, 2005 жылы аудандық әділет басқармасы болып аталды. Басқармада 3 адам жұмыс жасайды. Негізгі қызметі –азаматтық хал актілерін тіркеу, жазу. Сондай-ақ, басқармада сенімхаттарды, құжат көшірмелерін куәландыру, өсиеттерді шандыру жұмыстары жүргізіледі. Аудандық әділет басқармасын Динара Махашева басқарады. Аудандық әскери комиссариат КСРО Халықтық Қорғаныс комиссариатының 1938 жылғы №0104 және Қазақ КСР әскери комиссарының осы жылғы 28 қыркүйектегі №45 бұйрықтарының негізінде Камен аудандық әскери комиссариаты 1939 жылдың 17 қаңтарында құрылды. Оның алғашқы комиссары аға политрук Сергей Арсеньевич Лыжин. Бұдан әрі комиссариатты майор С.Г.Павлов (1942 жыл), майор Г.К.Глушан (1942-1943), майор В.Г.Кучеревский (1943-1944), аға лейтенант А.А.Дьяков (1944), майор С.Н.Изитов (1944-1945), А.Н.Жученков (1945), капитан Ю.С.Гридин (1946-1947), майор Раев (1947-1948), майор Е.П.Бачков (1948-1949), аға политрук П.К.Егоров (1949-1955), майор С.С.Черных (1955-1956), подполковник В.М.Кравченко (1969-1974), майор А.Г.Фахрутдинов (1974-1980), майор В.Г.Чекалин (1980-1987), подполковник В.В.Дмитриенко (1987-1994), подполковник Ю.П.Ефтеев (1994-2001), 2001 жылдан майор А.Жұбанышқалиев басқарып келеді. 2004 жылғы 26 наурыздан әскери комиссариаттың атауы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім болып өзгертілді. Бөлімнің қызметі азаматтарды әскери қызметке дайындау және шақыру, сарбаздар мен әскерилерді, офицерлерді тіркеу, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен жұмыс. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің тарихы 1943 жылдан басталатын сыңайлы. Мекемеге сол кезде мемлекеттік қамту бойынша аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары Н.В.Колдашев басшылық жасаса, сол жылдың күзінде А.Жевакин жіберілген. Халықты әлеуметтік қорғау бөлімі жеке құрылғанға дейін аудандық атқару комитетінің бөлімі құрамында болды. Бөлім меңгерушісі қызметін бұдан әрі С.А.Лыжина (1944-1948 жылдар), С.Жақсығұлов (1948-1952), Х.Буланова (1952-1954), С.А.Лыжина (1954-1955), С.Игіліков (1956-1959), аудан таратылған 1963 жылға дейін А.Мәмбетов, К.Сепетов атқарды. Аудан қайта ашылған 1967 жылы әлеуметтік қамту бөлімінің меңгерушілігіне Өтеген Маштақов тағайындалды. Штат 12 бірлік еді. Бұдан әрі бөлімге Юсуп Казиев, А.Маштақова, Н.И.Бакай, С.Қобланова, Г.Ищанова, Г.Жұбандықова , Қ.Нұрмұхановтар жетекшілік жасаса, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін Батима Кентогаева басқарып келеді. Мекеме 2002 жылдан аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі болып көптеген құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Соңғысына жұмыссыздарды тіркеу, тұрақты немесе қоғамдық жұмысқа орналастыру, кәсіби даярлау және қайта даярлау, тұрмысы төмен отбасыларына мемлекеттік атаулы көмек көрсету, кәриялар мен мүгедектерді қамқорлау міндеттелген. 2005 жылдың қаңтарынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып қайта құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |