“Туған жер- алтын бесігім”



жүктеу 136,98 Kb.
бет1/9
Дата25.11.2017
өлшемі136,98 Kb.
#1478
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

“Туған жер- алтын бесігім”

Батыс Қазақстан облысының солтүстік батысында орын тепкен, ресейдің Саратов облысының бірнеше ауданымен шектесетін Тасқала ауданының жер көлемі 8,1 мың шаршы шақырым. Тұрғынының саны -----. 2011 жылдың бірінші қаңтарындағы есеп бойынша ------- адам. Аудандағы 39 елді-мекен тоғыз ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы - Тасқала ауылы. Ауданның жер бедері негізінен жазық, оңтүстігі мен солтүстігі ойлы-қырлы, қыратты. Ең биік жері –теңіз деңгейінен 259 метр жоғары Ешкі тауы. Оңтүстікке қарай жер аумағы еңістей береді де Шежін жайылмасына ұласады. Жер қойнауынан кейінгі жылдар ішінде бірнеше газ кен орындары барланған. Сондай –ақ құрылысқа қажетті материалдар кені баршылық. Сол 1928 жылдың қазан айында Зеленов ауданының атауы Камен болып өзгертілді. Алпысыншы жылдардың бас кезіндегі кейбір өзгеріс, қайта құруларға қарамастан Тасқала ауданының негізінен қазіргі шекарасы шеңберінде өз алдына отау тігуі -1933 жыл. Тасқала ауылдық округі 52398 гектар жерді алып жатса, оның 17340 гектары шабындық, 3974 гектары жайылымдық. Округ құрамына аудан орталығымен қатар Кузнецова және Красненький елді-мекендері кіреді.

Аудан тарихы

Аудан орталығының тарихы туралы сөз қозғар болсақ қолда бар мәліметтерге қарағанда Тасқала ауылы (бұрынғы Каменка) 1869 жылдары Деркөл өзенінің жағасына салына бастаған. 1800 жылы мұнда 180-нің о жақ, бұ жағында адамдар тұрып өмір сүрген. Бірақ, ХІХ –ғасырдың аяғында аула саны 300-ге жуықтап, тұрғындар екі мыңнан асқан. 1893 жылы жақын маңындағы ондаған село қарайтын орталық станицаға айналды. Ал, осыдан екі жыл өткенде бірінші мектеп ашылды, 1894 жылдың 24 қазанында Саратов пен Орал қаласын жалғастыратын жолаушылар және жүк поездары жүре бастады.

Каменка ауылы 1917 жылы қазан төңкерісінің бел ортасында болды. 1918-1919 жылдардағы азамат соғысы кезінде мұнда ақ пен қызылын қоса есептегенде мыңнан астам адам оққа ұшты. Мұны селоның шет жағындағы бауырластар кәбірінен, қазба кезінде табылған адам денелерінен, патрондар мен артиллерия снарядтарынан байқауға болады. Болашақ аудан орталығын, оның бірсыпыра елді-мекендерін ақ гвардияшылардан азат етуге В.И.Чапаев жетекшілік жасаған атақты 25-ші дивизияның атсалысқанын, болашақ атсалысқанын, болашақ Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың осы жерде тұңғыш ұрысқа қатысқанын жоғарыда жаздық.

1918 жылдың қаңтарында Каменкада Кеңес өкіметі орнаса, 1919 жылдың 10 наурызында құрамы 7 адамнан тұратын болыстық атқару комитеті құрылып, оның алғашқы төрағалығына Н.Бакаушин сайланды. Тап жауларымен қырқыс, аштық, бай-кулактарды тәркілеу, колхоздастыру бәрі-бәрі бастан өтті. 1933 жылдың 9 қарашасында Каменка аудан орталығына айналды. Келесі жылы мұнда тұңғыш орта мектеп ашылды, 1936 жылы аудандық газеттің алғашқы нөмірі жарық көрді. Бұдан дәл бір жыл өткенде электростанца, радиоторабы, телефон байланысы орнатылды. Ал, 1938 жылы мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді, байпақ басу артелі, тігін цехы, май зауыты, құс фабрикасы ашылып, жұмыс жасай бастады. Бұлар аудан экономикасы мен мәдениетінің өркендеуіне өзіндік зор үлес қосты. Аудан орталығындағы осынау бейбіт өмірді Ұлы Отан соғысы бұзды.

Каменкалықтар соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Кеңес жауынгерлеріне барынша қолдау, көмек көрсетіп, Жеңісті жақындатуға күш салды. Оған мұражайға қойылған сан-сапат құжаттар куә. Мәселен, Красненький бастауыш мектебінің оқушылары масақ жинауға шығып, екі күнде 270 келі дән терсе, әйелдер, кәрілер, бала-шағалар ел қорғауға аттанған 1300 азаматтың орнында еңбектеніп, шаруаны ақсатпады. Өкінішке орай аудан орталығынан майданға алынған осыншама боздақтың әрбір бесіншісі Отан қорғау жолында жандарын пида етті. Тасқалалықтардың ерлігі, тылдағы жанкешкі еңбегі жөнінде жарық көрген «Боздақтар» және еңбек ардагері Г.Хисаметдиновтың «Книга гордости и печали Каменцев» деген кітаптардан оқуға болады.

Каменкалықтар соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Кеңес жауынгерлеріне барынша қолдау, көмек көрсетіп, Жеңісті жақындатуға күш салды. Оған мұражайға қойылған сан-сапат құжаттар куә. Мәселен, Красненький бастауыш мектебінің оқушылары масақ жинауға шығып, екі күнде 270 келі дән терсе, әйелдер, кәрілер, бала-шағалар ел қорғауға аттанған 1300 азаматтың орнында еңбектеніп, шаруаны ақсатпады. Өкінішке орай аудан орталығынан майданға алынған осыншама боздақтың әрбір бесіншісі Отан қорғау жолында жандарын пида етті. Тасқалалықтардың ерлігі, тылдағы жанкешкі еңбегі жөнінде жарық көрген «Боздақтар» және еңбек ардагері Г.Хисаметдиновтың «Книга гордости и печали Каменцев» деген кітаптардан оқуға болады.

Каменка қай жылы бастау алған. Қазіргі кезде Тасқала атауына ие болған аудан орталығына адамдар қай ғасырда қоныстана бастаған. Тарихи деректерге, соның ішінде көне заттардағы XIV-XV ғасырларда қойылған құлпытастардағы жазулар мен (Бірінші Шежін-Киров ауылдары арасындағы) Ешкі тауындағы қазба жұмыстары кезінде табылған XIII-XV ғасырларға жататын тұрмыстық бұйымдар мен күнкөріс заттарына және басқа да көне мүліктерге қарағанда аудан аумағына, қазіргі аудан орталығына адамдардың сол ғасырларда-ақ қоныс тепкенін көрсетеді. Дәлірек айтқанда біздің көшпенді ата-бабаларымыз қазіргі темір жол бекетінің солтүстік жағында екі-үш шақырым қашықтықта Деркөл өзенінің бір тармағы Ермишкокритон өзеншесінің жағалауына орналаса бастаған. Ол кезде сансыз бұлақ суынан нәр алғандықтан жылдың барлық маусымында дерлік кемерінен шыға шалқып жататын Деркөлдің жағасындағы шағын ауыл, қазіргі аудан орталығы кезінде Шығыс пен Батысты жалғастыратын төте жолдың бойында, керуеншілердің, жолшылардың демалысына, атшалдыруына қоныстануға таптырмайтын қолайлы жер болды. Соған орай елді мекен үлкейіп, отырықшы халықтың саны тез арада артты. Осының арқасында Каменка XVII-XVIII ғасырда маңызы жағынан Орал қаласынан кейінгі екінші орынға шықты. Бұл мәліметтер ғалым-энциклопедші, саяхатшы, Санк-Петербург географиялық қоғамының профессоры П.С.Палластың «Путешествие по разным правинциям Россиской империй» атты кітабында көрсетілген.

Үлкен Ешкітауы - Жаңа өзен мен Орал қалалары арасындағы Өзен-Ешкі қырқасы сілеміне енеді. Эрозиялық жолмен пайда болған. Абстракты биіктігі 259 метр. Шоқылары күмбез тәрізді, беткейлері тік. Етектері сай, жыралармен тілімделген. Ешкітауынан Жайықтың кіші бір саласы Деркөл өзені бастау алады. Облыстық маңыздағы ескерткіштер қатарына нгізілген, ең биік саналатын бұл таудың көлемі 175 гектар. «Ешкітауы» облыс көлеміндегі екінші биік тау. Мұнда 117 түрлі өсімдіктің өсетіні тіркелген, басында бұлақ ағып жатыр.


Ешкітау

жүктеу 136,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау