“Туған жер- алтын бесігім”



жүктеу 136,98 Kb.
бет5/9
Дата25.11.2017
өлшемі136,98 Kb.
#1478
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардағы сан-сапат қиыншылықтар жаңа мың жылдықтың бастапқы кезеңінен бастап шешімін тауып, ел экономикасы дамып, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсара түсті. Әсіресе, 2007-2010 жылдар аралығында алға басу ерекше қарқын алып, барлық сала бойынша да айтарлықтай табыстарға қол жетті. Біздің аудан жағдайына тоқталар болсақ ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласының жәйін жоғарыда айтып өттік. Ал, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, жұмыспен қамту, ауылдың жағдайын жақсарту, тұрғын үйлер салу, қамту, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, оларды жөндеуден өткізу, елді-мекендерді көгалдандыру, тазалық сақтау, тағы басқа шараларды іске асыруда біраз мәселелер шешімін тапты. Аудан орталығының оңтүстік жағында 35 үйден тұратын «Самал», «Көктем», солтүстігінде жаңадан 17 үй бой көтерген «Сәулет» шағын аудандары пайда болды. Бұлардан басқа жекелеген адамдар өз күштерімен және қаражаттарымен осы мерзімде 58 тұрғын үй салып алды, 18 жалдамалы пәтерлер бой түзеп, соғыс және еңбек ардагерлеріне, жас мамандарға, басқа да жұмысшы - қызметкерлерге берілді.

Ауылдық округ аумағында 40-тан астам мекемелер мен ұйымдар, 6 мектеп (Оның төртеуі орта), үш медицина мекемесі орналасқан округ аумағы арқылы мемлекет аралық Алматы-Мәскеу темір жолы, Орал-Саратов автотрассасы өтеді. Аудан орталығы Орал қаласынан 75 шақырым жерде орналасқан.

Білім беру, мәдени қамту, денсаулық сақтау мекемелеріне тоқталатын болсақ ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ауданда 3 орта мектеппен лицей-гимназия, саз мектебі мен кәсіптік –техникалық білім беру колледжі, аудандық мәдени –демалыс орталығы, бір кинотеатр, 3 кітапхана, 3 балабақша, аудандық аурухана, дәрігерлік амбулатория, мешіт, прокуратура, сот, әділет бөлімі, ішкі салық комитеті, халыққа қызмет көрсету орталығы, жастар ресурстық орталығы, әкімшілік, темір жол бекеті, казпочта, казактелеком, полиция, өрт сөндіру бөлімі және 1936 жылдан бастап аудандық “Екпін” газеті шығып келеді.

Білім беру, мәдени қамту, денсаулық сақтау мекемелеріне тоқталатын болсақ ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ауданда 3 орта мектеппен лицей-гимназия, саз мектебі мен кәсіптік –техникалық білім беру колледжі, аудандық мәдени –демалыс орталығы, бір кинотеатр, 3 кітапхана, 3 балабақша, аудандық аурухана, дәрігерлік амбулатория, мешіт, прокуратура, сот, әділет бөлімі, ішкі салық комитеті, халыққа қызмет көрсету орталығы, жастар ресурстық орталығы, әкімшілік, темір жол бекеті, казпочта, казактелеком, полиция, өрт сөндіру бөлімі және 1936 жылдан бастап аудандық “Екпін” газеті шығып келеді.

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі


Шынын айтқан жөн, 1989 жылға дейін аудан орталығында қазақ тілінде дәріс беретін мектепті айтпағанда, қазақ сыныптары да болған емес. Сол кездегі аупарткомның бірінші хатшысы Табылғали Сапаровтың, оқу бөлімінің меңгерушісі Ғали Орынғалиевтың қазақтың зиялы қауым өкілдерінің батыл араласуымен, белсенді үгіт-насихат жұмысының арқасында осы жылы Каменка орта мектебінде тұңғыш рет қазақ сыныбы ашылып, оған 17 оқушы қабылданды. Сыныптың бірінші ұстаздығына Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, жоғары санатты ұстаз Гүлмаржан Әлиқызы Сепетова тағайындалды. Жыл асқан сайын балалар саны көбейіп, 1999 жылы олардың қатары 316-ға жетті.

Жаңа ғасыр қарсаңында, яғни 1999 жылдың 7 сәуірінде облыс әкімі Қ.Жақыповтың Тасқала ауылында қазақ мектебін ашу туралы арнайы шешімі шықты. Сол кездегі аудан әкімі Рахман Карин кезінде жаңа жобамен салынып мектеп болған, кейін әртүрлі мекемелердің кеңсесіне айналып, күтімсіз қалған ғимаратты күрделі жөндеуден өткіздіріп, екі айдың ішінде білім ошағына айналдырды. Сөйтіп, осы жылы аудан өмірінде есте қаларлық оқиға –тұңғыш қазақ мектебі ашылды. Оған ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың есімі берілді. Директорлыққа танымал ұстаз Бақтығұл Тасмағамбетов жіберілді. Камен орта мектебінен өз алдына енші алып шыққанда 362 оқушыға 28 ұстаз дәріс берсе, 2010-2011 оқу жылында шәкірттер саны 442 –ге жетіп, оларды 58 ұстаз оқытуда. Яғни, Сәтбаев атындағы орта мектеп аудандағы ең үлкен білім ордасына айналды. Педагогикалық ұжым Ақжарқын Нагиеваның, Жанар Жұмалиеваның, Тамара Кенжешеваның, Бақыт Маштақованың, Қайрат Нагиевтің, Үміт Валиеваның, Маягүл Сариеваның, Мәлік Қадырберлиевтің, Ғалия Қайырғалиеваның есімдерін мақтан тұтады. Он екі жыл ішінде аталған мектепке Б.Тасмағамбетовтен кейін Жібек Кәрімқызы Тастілеуова мен Жанболат Қаленұлы Айтжанов басшылық жасады.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі


Алғашқыда К.Маркс атын иемденген бұл білім ұясының да өзіндік тарихы бар. Аталған мектептің негізі қазіргі Ақтау ауылында қаланғанын осы аймақта өмір сүрген көнекөз қариялар түгел біледі, 1963 жылы аудан орталығына қоныс аударып, тұңғыш директорлығына Сапаш Рзалиев тағайындалып, ол 1967 жылға дейін басшылық жасайды. Мектептің содан кейінгі директорлары Л.Ф.Земышева (1967-1988 жылдары), Ю.А.Войкина (1986-1996), А.Сараева (1996-2002), Г.Жақсығұлова (2002-2004), К.Шапикова (2004-2005) және 2005 жылдан Г.Хайрамбаева. Білім ордасының өркендеп, жас ұрпақ тәрбиесінде зор жетістіктерге жетуіне КСРО білім беру, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі, Құрмет белгісі орденінің, Еңбек даңқы медалінің иегері Лидия Федоровна Земышева зор үлес қосты. 2003 жылы мектептің 35 жылдығы аталып өтті. Бұл мерзім ішінде білім ұясы 1295 түлегін ұшырса, мектепті бұлардың 14-і алтын, 7-і күміс медалмен тәмамдаған, 19 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа ие болған. Педагогикалық ұжымда 65 ұстаз еңбек етсе, оның 41-і жоғары, 24-і орта арнаулы білімділер. Ұстаздардың 4-і жоғары, 18-і бірінші, 21-і екінші санатты. Қазіргі кезде мектепте 559 оқушы білім алса, бұлардың 255-і ана тілімізде оқиды.

Әр кезеңде жас ұрпақ тәрбиесіне Мәдина Мұсағалиева, Баян Ізмағамбетова, А.Ихсанова, Б.Махимова, С.Ерғалиева, В.В.Фролов, А.Сүйінғалиева, С.Үсенова, С.Жанғалиева, Л.Аюпова және басқалары зор үлестерін қосты. 2000 жылы мектеп жанынан интернат ашылды.

С.Жақсығұлов атындағы орта мектебі


Каменкада алғашқы діни мектептің 1895 жылы ашылғаны белгілі. 1935 жылы ол орта мектепке айналдырылды. 40 оқушыға арналып салынған білім шаңырағына алғашқы апталардың өзінде-ақ 60 бала келді, оқуға тілек білдірушілер бұдан да көп болатын. Бірінші жылы мектепті 70 шәкірт тәмамдаса, алғашқы түлектері 13 адамды 1939 жылы ұшырды. Білім ұясының тұңғыш ұстаздары Г.С.Кушумов, В.С.Голощанова, Рябинин, К.К.Нильматер еді. Кәмелеттік аттестат алған бес қыз бен сегіз ұл жүрек қалауымен түрлі оқу орындарына түскенімен неміс-фашистерінің елімізге тұтқиылдан шабуылы олардың көпшілігінің армандарын үзді. Бозбалалармен қатар Лида Повытчикова сияқты қыздар да қолдарына қару алып Отанын қорғауға аттанды.

Жаңа үлгідегі мектеп 1961 жылы салынып, пайдалануға берілсе, келесі 1962 жылы 58 қыздар мен жігіттер орта білім алып шықты. Білім ұясы үшін 2000-шы жылы есте қалар оқиға болды, Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Садық Шакелұлы Жақсығұловтың есімі берілді. Мектепке әр жылдары мыналар басшылық жасады: К.В.Лебедев (1935-1939), К.И.Генштеттер (1940-1945), Малиновский (1945-1950), К.Н.Макеев (1950-1951), В.С.Черноярева (1951-1956), Н.И.Костин (1956-1962), Т.П.Фоменко (1962-1963), Р.И.Искалиев (1963-1964), А.Е.Костина (1964-1968), С.И.Таршилов (1968-1974), З.Усағалиева (1974-1975), К.Х.Айманов (1976-1979), З.Семғалиев (1979-1980), К.Өміртаев (1980-1987), Н.В.Вологин (1987-1991), М.Төрегелдиев (1991-1995), М.Нәбиева (1995-2000), С.Нығметова (2000-2002), Ү.Сараева (2002 жылдан).

Жерлестері, педагогикалық ұжым мектеп тарихында өшпестей із қалдырған, әр жылдары еңбек еткен мына ұстаздарды әркез мақтан тұтады. Олар Л.Д.Мищенко, Л.В.Таршилова, Н.Ф.Чувелева, Н.М.Скорикова, Ш.Нұржанова, С.Искалиева, Х.Ирменова, Р.Хұсайнова, Р.Искалиева, Ж.Буланова, К.Кутиева, С.Рзалиева, Л.П.Силакова, С.Әжібаева, М.Меңдібаева, М.Қазиева, А.Тоқтаров, Н.Т.Хамзина.

жүктеу 136,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау