Оқулық: Т. Н. Ермекова, Н.Ә. Дүсіпова, Г. Б. Тоқтыбаева Түсінік хат



жүктеу 106 Kb.
бет1/5
Дата26.01.2022
өлшемі106 Kb.
#34940
түріОқулық
  1   2   3   4   5
10А қазақ тілі 2019-2020


Қазақ тілі 10 сынып

Сағат саны – 1 Сабақ саны – 34 сағат

Оқулық: Т.Н.Ермекова, Н.Ә.Дүсіпова, Г.Б.Тоқтыбаева

Түсінік хат

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, «2019-2020 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатқа, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып құрылды.

Тіл де, əдебиет те – ғасырлар бойы жасалған, ұлттың дүниетанымы мен ғылыми-философиялық ойлау жүйесін танытатын құндылықтар.

Дəл бүгінгі таңда жаһандану дəуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйтқысы қазақ тілін пəн ретінде оқытудың басшылыққа алынған тенденциялары, оларды жүзеге асыру жолдары мен қағидалары мыналар: 1) Қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау. 2) Тілді оқытуды белгілі бір пəндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау. Тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу мəдениетін, ойлау мəдениетін жəне кісілік мəдениетті қатар дамытуға, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру. 3) Тілді оқытуда жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға басымдық беру. 4) Қазақ тілін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыру. Тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту. Қазақ тілі – мектепте оқытылатын барлық пəндердің, ғылымның кілті.

Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдықкоммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген:

1) тыңдалым және айтылым;

2) оқылым;

3) жазылым;

4) әдеби тіл нормаларын сақтау

«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады; 2) білім алушылардың қазақ тілін күнделікті өмірде өзі еркімен қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады; 3) қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі; 4) тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдықкоммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады; 5) «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.



жүктеу 106 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау