“Туған жер- алтын бесігім”

жүктеу 136,98 Kb.
бет3/9
Дата25.11.2017
өлшемі136,98 Kb.
#1478
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ауылшаруашылығының бір саласы егіншілік. Рас, Кеңес Одағы кезеңімен салыстырғанда дәнді дақылдар егістігінің көлемі 52,6 гектарға дейін кеміді. Бірақ, гектардың берекелігі біркелкі артты. Мәселен, өткен 2010 жылғы аса қуаңшылықтарға қарамастан жалпы аудан бойынша егіннен 9,3 мың тонна өнім алынды. Бұған қоса күнбағыстан 281, картоптан 1415, көкөністен 1436 тонна өнім түсті. Қолдағы барлық мал үшін 70,9 мың тонна шөп дайындалып, жоспарлы тапсырманың 120 пайыз орындалуы қамтамасыз етілді. Тамшылатып суару технологиясымен 4 гектарға картоп егілді. 2010 жылы «Луч» ЖШС директоры Д.Мусенов аумағы 400 шаршы метрлік жылыжай ашып, одан алынған өнім аудан тұрғындарына сатылды. Бұл жылдың күзінде 25,7 мың га сүдігер көтеріліп, алдағы егістік үшін 2,3 мың тонна ақ бидай, 0,7 мың тонна арпа тұқымы даярланды.

2011 жылдың 1 қаңтарына ауданның жалпы егістік көлемі 52,6 мың гектарды құрады. Соның ішінде дәнді-дақылдар 44 мың, майлы дақылдар 4341, картоп -140, көкөніс -140 және бақша 20 гектарға жетті. Көктемгі далалық жұмыстарға қатынасуға 107 шаруа қожалығы өтініш берді. Тасқала ауданында жалпы субъектілердің саны 344, соның ішінде 7 ЖШС, бір өндірістік кәсіпорын, 336-сы шаруа қожалығы.

Тасқала ауданының 1933 жылдың қазан айында құрылғаны белгілі Ал, Тасқала ауылының (бұрынғы Каменка селосы) тарихы бұдан да тереңде. Аудан орталығынан Оралға қарай сапар шеккенде айдау жолдың сол жақ жанында 1769 жыл деген сан жазылған бетоннан соғылған плита тұр. Ол Тасқала ауылының алғашқы кірпішінің қай жылы қаланғанын көрсетеді. Бұл цифр сол кездерде өлкемізде жұмыс сапарымен болған Санкт-Петербург географиялық қоғамының профессоры Петра Симон Паластың мемуарында көрсетілген.

Аудан аумағындағы тарихи ескерткіштер

2006 жылы аудан орталығының Абай атындағы алаңына Орал қаласының әкімшілігі сыйға тартқан қазақтың ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткіші қойылды.

2006 жылы аудан орталығының Абай атындағы алаңына Орал қаласының әкімшілігі сыйға тартқан қазақтың ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткіші қойылды.

Абай ескерткіші

Шипово темір жол стансасы (бекеті)

ХІХ-ғасырдың тоқсаныншы жылдары салынған темір жол бекеті, су айдау мұнарасы, күні бүгінге дейін жеткен үйлер және басқалары да тарихи құнды ескерткіштердің қатарына жатады.

Темір жол бекетінің кіре беріс жағында азамат соғысы кезінде Қызыл Армия сапында Тасқала жерінде болып, ақ казактарға күйрете соққы беруге белсене араласқан, Ұлы Отан соғысы кезінде даңқты қолбасшы болған, Кеңес Одағының төрт дүркін Батыры Г.К.Жуковтың ескерткіш мемориалдық тақтасы ілулі тұр.

“Азалы ана” ескерткіші

1979 жылы Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан тасқалалықтарға арналып «Азалы ана» ескерткіші орнатылды. Екі бөлімнен тұратын композиция –ана жау оғынан қаза тапқан солдат ұлын алдына алып отыр. Туындының авторы оралдық скульптор Харрис Шамшутдинов. Ескерткіштің салмағы үш тоннадай, биіктігі 2,5 метр.

2008 жылы «Азалы ана» ескерткішінің жанына 4 Кеңес Одағының Батыры, жерлестеріміз С.Жақсығұловтың, А.И.Скоробогатовтың, А.П.Чурилиннің, М.И.Шамовтың барельев-тұлғалары қойылды. Барельевтер Оралдың Арматура зауытында жасалды.

1980 жылы Тасқала ауылының оңтүстік-шығыс жағында биік қыраттың басында қазақ даласының символы –темірбетоннан құйылған дала бүркітінің тұлғасы қойылды. Жамбыл қаласында жасалған аталған ескерткіштің салмағы 1,5 тонна, биіктігі тұғырымен қоса есептегенде үш метр.

Бүркіт

1961 жылы жаңа Ленин атындағы тың совхозының құрылуына байланысты шаруашылық кеңсесінің жанына тұғырынан басқа екі метрлік, гипстен құйылған В.И.Лениннің ескерткіші орнатылды.

1961 жылы жаңа Ленин атындағы тың совхозының құрылуына байланысты шаруашылық кеңсесінің жанына тұғырынан басқа екі метрлік, гипстен құйылған В.И.Лениннің ескерткіші орнатылды.

1972 жылы аудандық партия, атқару комитеттерінің еңселі ғимараты салынып, пайдалануға берілгенде аталған ескерткіш осында көшірілді.

1991 жылы көсем тұлғасы мыстан жасалғанымен алмастырылды. Бүгінгі күні аталған ескерткіш аудандық қариялар үйінің ауласында тұр.

Ленин ескерткіші

Ауылдық округтардың барлығында да Ұлы Отан соғысында елі үшін қан төгіп, майдан даласында мерт болған жерлес-жауынгерлерге арналып ескерткіш –обелискаларорнатылды.

Ауылдық округтардың барлығында да Ұлы Отан соғысында елі үшін қан төгіп, майдан даласында мерт болған жерлес-жауынгерлерге арналып ескерткіш –обелискаларорнатылды.

2007 жылы аудандық мәдени-демалыс орталығының алдына екі бюст – Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы мен қазақтың, Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгірдің ұлы, Ресей армиясының қазақтан шыққан тұңғыш генерал-лейтенанты Ғұбайдолла Жәңгіровке орнатылды.

2009 жылдың 15 қыркүйегінде Тасқала ауылындағы С.Жақсығұлов атындағы орта мектептің ауласында Кеңес Одағының Батыры Садық Шәкелұлы Жақсығұловқа арналған оралдық скульптур Раффаель Шамшутдиновтың мрамор ұнтағынан жасаған бюсті орнатылды.

Тасқала топырағында әр жылдары болған белгілі адамдар

Белгілі орыс жазушысы, саяхатшы В.И.Даль 1833-1841 жылдары қырғыздар (қазақтар) мен сол кездерде Орынбор өлкесі казактарының (оған Орал казачествосыда кіреді) тұрмыс жағдайымен танысып, зертту үшін осы аймаққа шеккен сапары кезінде Каменка және Екінші Шежін станицаларында болды. Бұл факті П.И.Мельников-Печерскиидің «Орынбор өлкесіндегі сегіз жылдық өмір» атты еңбегінде келтірілген.

жүктеу 136,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау