Ж
Ж
Жеке бас гигиенасы
Тәрбие сағатының мақсаты Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығы өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру
Жаңа сөздер
Гигиена – Hygiene – Гигиена
Шаш құрылымы – composition - композиция
(қалыпты, аралас, құрғақ, майлы) тері – (normal, combination, dry, oily) skin – (нормальная, комбинация, сухая, жирная кожа)
Бактерия – bacteria - бактерии
(жұқа, қалың ) шаш – ( think. Thick ) hair -(тонкие, толстые волосы )
Жеке бас гигиенасы дегеніміз – ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары. Бұл – тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау, ыңғайлы аяқ-киім кию, үй ішінде тазалық сақтау.
Күнделікті тері гигиенасы үшін қолданыатын шаралар: теріні тазалықта ұстау үшін денені, басты сабындап жуу жүйелі дағды- ға айналуы қажет. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір алатын бет, қол, мойын қосымша күтімді қажет етеді.
Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу
үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.
Шаш күтімі Сабынның орнына айран немесе жұмыртқаның сарысын пайдалануға болады. Айранды бастың терісі мен шашқа жақсылап жағып, басты орамалмен байлап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жуу керек. 1-2 жұмыртқа сарысын ағынан айырып, ішінде аздаған мөлшерде суы бар ыдысқа құйып араластырып, шашты сонымен жуып, сонан соң ыстық сумен шаяды. Шашты жуып болған соң оны жұмсақ сүлгімен сүрте отырып, кептірген дұрыс. Басты орамалмен байламайды. Құрғақ шашты жуар алдында бірнеше сағат бұрын кез-келген өсімдік майымен майлайды.
Ауыз қуысы (лат. cavum oris) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатгы және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды. Ауыз қуысы ағзаларына аталған мүшелерден басқа қабырғалық (интрамуральды) майда сілекей бездері (ерін, тіл, таңдай, ұрт сілекей бездері) және ауыз қуысы қабырғасынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) сілекей бездері (қүлақ түбі, төменгі жақ және тіласты жүп сілекей бездері) жатады. Ауыз қуысы екі бөліктен: ауыз қуысының кіре берісінен және негізгі ауыз қуысынан тұрады. Ауыз куысында ас (азық) механикалық өңдеуден өтеді: ол шайналады, ұсақталады, сілекеймен араласып жібиді, жүтуға дайындалады. Сілекей құрамындағы ферментгердің әсерінен ас (азық) құрамындағы крахмал қорытыла бастайды (глюкозаға ыдырайды)
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек. Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін. Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды. Аяқ - киім ыңғайлы, берік, сәнді әрі гигиена талаптарына және киілу шарттарына сай келіп, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет. Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл – қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет. Жаңа аяқ - киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек. Аяқ - киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы шарт. Башпайдың аяқ - киім тұмсығына сәл жетпей тұрғаны жөн. Мектеп оқушылары мен төменгі сынып оқушыларының аяқ - киім өкшесінің биіктігі - 1 - 2 см Жоғары сынып оқушылары - 2 - 3 см аяқ - киім кигені жөн. Сол сияқты кроссовкаларды үнемі киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяк дерттерін туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады. Аяқ - киімді кремдеуден бұрын оны шаң мен кірден тазалап алу керек. Жылтырап тұруы үшін крем жаққаннан кейін әуелі щеткамен, содан соң түгі бар жұмсақ матамен ысқылау қажет
Тапсырма
1. Оқушылар А2/A3 форматта жеке бас гигиенасының ережелерін құрады, графикалық элементтерді пайдаланып тұжырымдамалық карталарға суреттерін салып және талқылай отырып, өз ойларын сыныппен бөлісіп қорғайды.
2.Тапсырма: 22ііғәң
2. Оқушылар жеке бас гигиенасы ережелерінің суреттерін сала отырып, таңдаған құралдарымен салыстырады, өз- өзін күту және қолдану, оны тұжырымдамалық картада қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |