Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы



Дата07.02.2020
өлшемі77 Kb.
#28498

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы


"Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 12 желтоқсан N 416-418 (25815); "Казахстанская правда" от 12.12.2009 г., № 293 (26037)

МАЗМҰНЫ


      РҚАО-ның ескертпесi!
      ҚР Заңының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 26-баптан қараңыз.

      Осы Заң мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөнiндегi қызметiнiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) жәбiрленушi - өзiне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғаруға негiз бар жеке адам;
      2) отбасы-тұрмыстық қатынастар - неке-отбасылық қатынастағы адамдар, жеке тұрғын үй, пәтер немесе өзге де тұрғын үй-жай шегiнде бiрге тұратын адамдар арасындағы, сондай-ақ бұрынғы ерлi-зайыптылар арасындағы қатынастар шеңберi;
      3) тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бiр адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтiретiн немесе келтiру қаупi бар құқыққа қарсы қасақана әрекетi (iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi);
      4) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектiлерi жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық шаралар кешенi;
      5) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектiлерi -  тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.

       2-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық


             зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының


             принциптерi

      Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы:


      1) заңдылық
      2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерi сақталуына кепiлдiк беру;
      3) адамның және азаматтың дене зардабын және (немесе) психикалық зардап шегуiне жол бермеу;
      4) отбасын қолдау және сақтау;
      5) құпиялылық
      6) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген әрбiр адаммен және азаматпен жеке жұмыс жүргiзу;
      7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;
      8) кешендiлiк және жүйелiлiк принциптерiне негiзделедi.

       4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлерi

      1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық,сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрiнде болуы мүмкiн.
      2. Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшiн қолданып, дененi ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтiру.
      3. Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмiрге немесе денсаулыққа қауiп төндiретiн, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетiн әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу (ерiксiз көндiру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсiту.
      4. Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиiспеушiлiгiне немесе жыныстық еркiндiгiне қауiп төндiретiн құқыққа қарсы қасақана iс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы iс-әрекеттер.
      5. Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйiнен, тамағынан, киiмiнен, мүлкiнен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн.

       5-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер

      1. Заңда белгiленген тәртiппен өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адам деп танылған жәбiрленушiге арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетiледi.
      2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн және ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтердi қамтиды.
      3. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген және кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс көрсетiлетiн қосымша көлемiн көрсету аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары шешiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. V0
      4. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттары, оларды көрсету тәртiбi, өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасында айқындалады.

2-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ
ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТIЛЕРI

       6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттарды бекiтедi;
      3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектiлерiнiң өзара iс-қимыл жасауын және олардың қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
      4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

       7-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың


             құзыретi

      1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:


      1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы өңiрлiк бағдарламалық құжаттарды бекiтедi және олардың орындалуы жөнiндегi есептердi қарайды;
      2) жергiлiктi бюджеттердiң тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына арналған шығыс бөлiгiн бекiтедi және оның орындалуын бақылайды;
      3) азаматтардың және ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседi.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы өңiрлiк бағдарламалық құжаттарды әзiрлейдi және iске асырады;
      2) жергiлiктi деңгейде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектiлерiнiң өзара iс-қимыл жасауын қамтамасыз етедi;
      3) көмек көрсету жөнiндегi ұйымдарды құрады және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      4) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтайды және оларды есепке алуды жүргiзедi;
      5) жәбiрленушiлерге арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудi Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен ұйымдастырады.

       8-бап. Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық


             саясат жөнiндегi комиссиялар

      Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссиялар:


      1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелерi бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасайды;
      2) жергiлiктi атқарушы органдарға тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi;
      3) көмек көрсету жөнiндегi ұйымдармен бiрлесiп тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және жәбiрленушiлердi оңалту жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және өткiзедi.

       9-бап. Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың


             құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың
             құзыретi

      Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар:


      1) кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелерi бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасайды;
      2) кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
      3) жергiлiктi атқарушы органдарға кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi;
      4) көмек көрсету жөнiндегi ұйымдармен бiрлесiп тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды оңалту жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және өткiзедi.

       10-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi

      Iшкi iстер органдары:
      1) өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзiрлейдi және iске асырады;
      2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      4) балаларын тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын немесе тиiсiнше орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы iс-әрекеттер жасайтын ата-аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды анықтайды;
      5) профилактикалық есепке алуды жүргiзедi және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
      6) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактiлерi немесе олардың жасалу қаупi туралы өтiнiштер мен хабарламаларды сол жерге барып қарайды және олардың жолын кесу жөнiндегi шараларды қолданады;
      7) жәбiрленушiлердi көмек көрсету жөнiндегi ұйымдарға немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жiбередi;
      8) профилактикалық әңгiмелесу жүргiзедi;
      9) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды iшкi iстер органдарына жеткiзедi;
      10) қорғау нұсқамасын шығарады;
      11) прокурор алдында қорғау нұсқамасының қолданылу мерзiмiн ұзартуға санкция беру туралы өтiнiш жасайды;
      12) әкiмшiлiк ұстауды жүргiзедi;
      13) сот алдында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу туралы өтiнiш жасайды;
      14) қылмыстық iзге түсудi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жүргiзудi жүзеге асырады;
      15) қылмыстық iс жүргiзудiң мәжбүрлеу шараларын қолданады;
      16) жәбiрленушi қауiпсiздiгiнiң қылмыстық-құқықтық шараларын қолданады;
      17) iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелерi бойынша арнайы оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
      18) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы криминологиялық болжамды жүзеге асырады.

       11-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның


              құзыретi

      Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган:


      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын әзiрлейдi және халықты әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдардың келiсiмiмен бекiтедi;
      2) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көрсетiлуiне мұқтаждарының мониторингiн жүргiзудi және оларға талдау жасауды қамтамасыз етедi;
      3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады;
      4) бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiнiң заңға мойынсынушылық мiнез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi және бiлiм беру ұйымдары жұмысының практикасына енгiзедi.

       12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi


              органның құзыретi

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:


      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын әзiрлейдi және халықты әлеуметтiк қорғау және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органдардың келiсiмiмен бекiтедi;
      2) жәбiрленушiлерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының практикасына енгiзедi;
      3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады.

       13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыретi

      Денсаулық сақтау ұйымдары:
      1) жәбiрленушiлер мен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға наркологиялық, психологиялық, психиатриялық емдеу-профилактикалық көмегiн көрсетедi және оларға медициналық оңалтуды жүргiзедi;
      2) жәбiрленушiлердiң жәрдем сұрауы және оларға медициналық көмек көрсету фактiлерi туралы iшкi iстер органдарына хабарлайды;
      3) алкоголизмнiң, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды iске асырады.

       14-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi


              органның құзыретi

      Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:


      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын әзiрлейдi және денсаулық сақтау және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органдардың келiсiмiмен бекiтедi;
      2) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудiң белсендi нысандарын қолдану жөнiндегi шараларды әзiрлейдi.

       15-бап. Көмек көрсету жөнiндегi ұйымдар

      1. Көмек көрсету жөнiндегi ұйымдар:
      1) жәбiрленушiлердi қабылдауды жүзеге асырады;
      2) жәбiрленушiлерге қажеттi психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастырады, қажет болған жағдайда, медициналық көмек көрсету және одан әрi оңалту үшiн оларды денсаулық сақтау ұйымдарына жiбередi;
      3) мүмкiндiктерге қарай жәбiрленушiлерге уақытша тұратын жер ұсынады;
      4) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен психологиялық түзету бағдарламаларын жүргiзедi;
      5) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактiлерi туралы немесе олардың жасалу қаупi туралы iшкi iстер органдарына хабарлайды;
      6) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелерi бойынша құқықтық түсiндiру жұмысын жүзеге асырады;
      7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
      2. Көмек көрсету жөнiндегi ұйымдарды жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады.
      3. Көмек көрсету жөнiндегi ұйымдардың қызметiн қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

       3-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ


               ШАРАЛАРЫ

       16-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы


              шараларын қолдану кезiнде туындайтын
              қатынастарды реттеу

      Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезiнде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

       17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы
              шаралары

      1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мiнез-құлқына жүйелi түрде мақсатты ықпал ету үшiн, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбiрленушiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.


      2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары:
      1) профилактикалық әңгiмелесу;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшiн тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды iшкi iстер органдарына жеткiзу;
      3) қорғау нұсқамасы;
      4) әкiмшiлiк ұстау;
      5) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
      6) құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу;
      7) әкiмшiлiк жаза қолдану;
      8) ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшiн жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз мiндеттерiн орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронаттық тәрбиешiнiң тәрбиесiне беру туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзу;
      9) iс жүргiзудiң мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбiрленушiлердiң қауiпсiздiк шаралары;
      10) сот үкiмi бойынша қолданылатын шаралар болып табылады.
      3. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары өзiне қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшелiктерi, ол жасаған құқық бұзушылықтардың қоғамға қауiптiлiгiнiң сипаты мен дәрежесi ескерiле отырып айқындалады.
      4. Мүдделi адамдар жеке профилактика шараларын қолдану туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.

       18-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы


              шараларын қолдану үшiн негiздер

      1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшiн мынадай мән-жайлардың бiрi:


      1) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi немесе хабарламаларының келiп түсуi;
      2) iшкi iстер органы қызметкерiнiң тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету фактiсiн тiкелей анықтауы;
      3) мемлекеттiк органдардан және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан келiп түскен материалдар негiз болып табылады.
      2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалғаны туралы немесе оның жасалу қаупi туралы өтiнiштер мен хабарламаларды мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қарайды.

       19-бап. Профилактикалық әңгiмелесу

      1. Профилактикалық әңгiмелесудiң негiзгi мiндеттерi тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептерi мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтiк және құқықтық салдарларын түсiндiру және заңға мойынсынушылық мiнез-құқықтың қажеттiгiне сендiру болып табылады.
      2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектiсi тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адаммен немесе өзiне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшiн негiздер бар адаммен профилактикалық әңгiмелесудi жүргiзедi.
      3. Профилактикалық әңгiмелесу тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектiлерiнiң қызметтiк үй-жайларында, сондай-ақ тұрғылықты жерi, оқу, жұмыс орны бойынша не тiкелей тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерде өткiзiледi және ол бiр сағаттан аспауға тиiс.
      4. Профилактикалық әңгiмелесу жүргiзiлетiн адамға құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату қажеттiгi туралы ескертiледi.
      5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгiмелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзiледi.

       20-бап. Қорғау нұсқамасы

      1. Жәбiрленушiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 622-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен әкiмшiлiк ұстауды жүргiзу не Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 132-бабында көзделген тәртiппен ұстау үшiн негiздер болмаған кезде iшкi iстер органының бастығы не оның орынбасары қорғау нұсқамасын шығарады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупiн төндiретiн адамға орындау үшiн қолхатпен берiледi. Қол қоюдан бас тартылған жағдайда бұл жайында қорғау нұсқамасына жазылады.
      Жәбiрленушiге оның құқықтары, сондай-ақ өзiне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсiндiрiле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күнi оның көшiрмесi қолхатпен берiлуге тиiс.
      Қорғау нұсқамасының көшiрмесi өзiне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамға ол берiлген кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жiберiледi.
      2. Қорғау нұсқамасы ол шығарылған кезде он алты жасқа толған, есi дұрыс адамға қатысты шығарылады.
      3. Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбiрленушiнiң еркiне қарамастан оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға тыйым салынады.
      4. Қорғау нұсқамасында: оның шығарылған уақыты мен орны, кiмнiң шығарғаны және кiмге қатысты шығарылғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалған орны, уақыты және мән-жайлары немесе жасалу қаупi, жәбiрленушiмен қатынастарда белгiленген шектеулер, құқыққа қарсы iс-әрекеттер жалғастырылған және қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайлардағы құқықтық салдарлары көрсетiледi.
      5. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзiмi ол өзiне қатысты шығарылған адамға берiлген кезден бастап он тәулiктi құрайды.
      6. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi болған жағдайда қорғау нұсқамасының қолданылу мерзiмi iшкi iстер органы бастығының не оның орынбасарының өтiнiшi бойынша прокурордың санкциясымен отыз тәулiкке дейiн ұзартылуы мүмкiн.
      7. Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      8. Өзiне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды iшкi iстер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады.

       21-бап. Әкiмшiлiк ұстау

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мақсатында және жәбiрленушiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қорғау нұсқамасын шығару жеткiлiксiз деп ұйғаруға негiздер болған жағдайда iшкi iстер органдарының лауазымды адамы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, iс-әрекет және жүрiп-тұру бостандығынан уақытша айыруды көздейтiн әкiмшiлiк ұстауды жүргiзедi.
      2. Әкiмшiлiк ұстаудың тәртiбi, мерзiмдерi, әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адамдардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалады.

       22-бап. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар


              белгiлеу

      1. Жәбiрленушiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.


      2. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады және ол әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылған кезде оның орнына да қолданылады.
      3. Мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiленген адамға:
      1) жәбiрленушiнi iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге тәсiлдермен байланыс жасауға;
      2) атыс қаруын және басқа да қару түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға тыйым салынуы мүмкiн.
      4. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде оған профилактикалық әңгiмелесу үшiн айына бiр реттен төрт ретке дейiн iшкi iстер органдарына келу мiндетi жүктелуi мүмкiн.
      5. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу тәртiбi, оның қолданылу мерзiмдерi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалады.
      6. Iшкi iстер органдары мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiленген адамды профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады.

       23-бап. Қылмыстық процесте iс жүргiзудiң мәжбүрлеу


              шаралары және қауiпсiздiк шаралары

      1. Қылмыс құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және жәбiрленушiнiң, куәнiң және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыратын және қылмыстық процестi жүргiзетiн органдар iс жүргiзудiң мәжбүрлеу шараларын және қауiпсiздiктiң iс жүргiзу шараларын қолданады.


      2. Iс жүргiзудiң мәжбүрлеу шараларын және қауiпсiздiктiң iс жүргiзу шараларын қолдануға негiздер, оларды қолдану тәртiбi, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде айқындалады.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       24-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық


              зорлық-зомбылық профилактикасы туралы
              заңнамасының қолданылуын қадағалау

      Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасының дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуына жоғары қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.

       25-бап. Жәбiрленушiлерге көмек көрсетудi жүзеге асыру
              кезiнде құпиялылықты сақтау

      Жәбiрленушiлердiң жеке және отбасылық өмiрi туралы мәлiметтер құпия ақпарат болып табылады және жария етуге жатпайды.


      Өзiнiң қызмет бабына байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактiсi мәлiм болған адамның құпия ақпаратты жария етуi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

       26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                             Н. Назарбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау