ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
№2 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы
Дәріс кешені
Пән: « Медициналық заңнама»
Мамандығы 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Курс-ІҮ
Шымкент-2014 ж.
Дәріс кешені кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді.
хаттама №. __ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі,
м.ғ.д., профессор м.а.: А.М.Жаксыбергенов.
Кредит № 1
1 .Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясы . Денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын реттейтін ҚР Кодексі және басқа да заңнамалық құжаттар.
2.Мақсаты : Студенттерді ҚР Конституциясымен (Ата заң) таныстыру. Басқа денсаулық сақтау ұжымдарының жұмыстарын реттейтін заңнамалық құжаттармен таныстыру.
3. Дәрістің тезисі:
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз күні қабылданды. Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі «Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы» Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады
Сонымен Қазақстан республикасының конститутциясы (Ата заңы) - 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.
Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.
1-бап
1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Біздің Конституциямыз - бұл біздің таңдауымыз. Оны құрметтеп, бағалау - бізге міндет. Конституция бойынша өмір сүру ол - демократияның ең жоғарғы сатысы, оны білу, үйрену, тағлым ету - бәрімізге парыз. Бүгінгі қол жеткенге тоқтамай, алға басуымыз керек, тек қана алға!
4.Иллюстрацияланған материалдар : презентация (13 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.
2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.
3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.
4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.
Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.
5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.
6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.
7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
ҚР Кодексінде мемлекеттік саясаттың Конституцияның қай бабында адамның денсаулығын қорғау құқытары берілген?
Конституция дегеніміз не?
ҚР Конституцияның қай бабында адамның денсаулығын қорғау құқықтары берілген?
2 .Тақырыбы: Қазақстан Республикасының тұрғындардың денсаулығын сақтаудағы құқықтық негіздері.
2.Мақсаты :Студенттерді ҚР азаматттарының денсаулығын қорғаудағы құқықтық негіздерімен таныстыру.
3.Дәрістің тезисі:
Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматарына кепілдендіреді: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін, бастапқы медико-санитарлық көмектің қолжетімділігін, мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде көрсетілетін ақылы медициналық көмекті ,санитарлық-эпидемиологиялық саулықты,медициналық көмекутің сапасын,мазмұнын,көлемін,медициналық және дәрігерлік көмек көрсетуде кәсіпкерлікпен айналысуға және фармацевтикалық өнімді өндіру мен таратуға. Денсаулық сақтау саласындағы жүргізілетін мемлекеттік саясатпен таныстыру, ол мына қағидалар негізінде жүргізіледі: қауіпсіз, тиімді, сапалы медициналық көмек алуға азаматтардың тең құқығын сақтау; мемлекеттің, жұмыс берушінің, азаматтардың өзінің және қоғамдық денсаулық сақтаудағы жауапкершілікті тең бөлісу, ана мен бала денсаулығын қорғау, тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін қамтамасыз ету,денсаулық сақтау жүйесінде профилактикалық бағыттың басымдығы, медициналық көмектің қол жетімді болуы, медициналық көмектің сапасын жоғарылату, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиық қолайлықты қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық көмек көрсетудегі жұмысының сатысын сақтау, жаңа оқыту технологиясын қолдана отырып медициналық, фармацевтикалық білім беруді қамтамасыз ету,отандық медициналық ғылымға мемлекеттік қолдау жасау жатады.
Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері
Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:
1) денсаулық сақтау құқығына;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне;
3) медициналық көмекке бірдей қол жет¬кізуіне;
4) медициналық көмектің сапасына;
5) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапа¬сына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне;
6) аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне;
7) жеке өмірге қол сұғылмауына, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуына;
8) ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқықтарының сақталуына;
9) санитариялық-эпидемиологиялық, эколо¬гиялық салауаттылыққа және радиациялық қауіпсіздікке кепілдік береді.
88-бап. Азаматтардың құқықтары
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырыл¬ған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;
3) медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға;
4) өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті сақтандыру жүйесінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық қызметтерге;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен айғақтар болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;
4.Иллюстрацияланған материалдар : презентация (10 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.
2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.
3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.
4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.
Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.
5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.
6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.
7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1. Азаматтардың құқықтары қандай құжатта көрсетіледі?
2. Денсаулық сақөтау саласындағы азаматтарға қандай мемлекеттік кепілдіктер бар?
3. Тақырыбы:Денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы,санитарлық –эпидемиологиялық жағдайды, дәрілермен қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының заңнамалары.
2.Мақсаты: Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық қағидаларымен және міндетерімен,денсаулық сақтаудағы құқықтарымен , қолайлы жағдайлармен таныстыру.
3.Дәрістің тезисі :
Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлықты қамтамасыз етудегі міндеттері мен қағидалары, азаматтардың денсаулығын қорғаудағы құқықтарымен міндеттерін қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз етудегі жағдайды қамтамасыз ету, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлықты профилактикалық бағытта қамтамасыз ету, тұрғындарға зиянды факторлардың әсерін алдын алу, санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды орындау, денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларды жеке, заңды тұлғалармен сақтауды қамтамасыз ету, тұрғындарға санитарлық-эпидемиологиялық қолайлықты сақтаудағы ҚР Заңдарын бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылуы, Заңдарды бұзған жағдайда азаматтардың денсаулығына нұқсан келтірген жағдайда айып ақы төлеу, аурулардың алдын алудағы, диагностикасы, емінде қолданылатын фармакологиялық препарататарды реттеу, табиғи тектес дәрілік өнімдерді, иммунобиологиялық препараттарды енгізу. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау және мекендеу ортасын қорғау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылауға бағытталады.
2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілері жеке және заңды тұлғалар, жайлар, ғимараттар, өнеркәсіп орындары, өнім, жабдық, көлік құралдары, су, ауа, тамақ өнімдері және қызметі, пайдаланылуы, тұтынылуы, қолданылуы мен іске қосылуы адамның денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін өзге де объектілер болып табылады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдер тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекске сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:
22 бап. Дәрілік заттарды, медициналық керекті заттардың, медициналық техниканың айналымының мемелекетік бақылау және реттеу туралы
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және оның орынбасарлары;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшылары мен мамандары;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелерінің басшылары – тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, олардың орынбасарлары және мамандар;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары мен мамандары болып табылады.
5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
6. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары лауазымына Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімі бар азаматтары тағайындалады.
4.Иллюстрациялы материалдар: презентация(11 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.
2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.
3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.
4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.
Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.
5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.
6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.
7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1. Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етудің сұрақтары қандай заңнамалық құжатта көрсетілген?
2. Дәрілік заттардың сараптамасы қалай жүргізіледі?
4. Тақырыбы: Мемлекеттік емес медициналық ұйымдардың жұмысы.
2.Мақсаты: Студенттерді мемлекеттік емес медициналық ұйымдардың жұмысымен таныстыру.
3.Дәрістің тезисі :
Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы
1. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ор¬ган¬дардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан тұрады.
3. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатынжекетұлғалардантұрады.
Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулар тізбесін уәкілеттіорганайқындайды.
32-бап.Денсаулықсақтаусубъектілері
1. Денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ же¬кеше медициналық практикамен және фарма¬цевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілері болып табылады.
2. Денсаулық сақтау жүйесінде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары:
1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;
2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары;
4) апаттар медицинасы ұйымдары;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары;
6) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар;
7) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
8) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
9) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
10) халықтың санитариялық-эпидемиоло¬гиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
12) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;
13) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
14) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласын¬дағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
15) ұлттық холдингтер жұмыс істейді.
3. Уәкілетті орган:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының номен¬кла¬турасын және олардың қызметі туралы ережелерді;
2) денсаулық сақтау қызметкерлерінің ме¬дициналық және фармацевтикалық мамандықтары мен лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын;
3) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгілік штаты мен штат нормативтерін;
4) денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл тәртібін әзірлейді және бекітеді.
4. Жеке тұлғалардың осы мамандық бойынша маман сертификаты, кемінде бес жыл жұмыс стажы және тиісті лицензиясы болған ретте жекеше медициналық практикамен айналысуға құқығы бар.
4.Иллюстрацияланған материалдар: презентация(13 слайд ұсынылады).
5.Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі = Кодекс Республики Казахстан о здровье народа и системе здравоохранения : законы и законодательные акты . - Астана : Б. ж., 2009. – 1 экз.
2. Медик В. А. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник . - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010.-30 экз.
3. Татарников М. А. Сборник должностных инструкций работников учреждений здравоохранения.- М.,2010.- 2 экз.
4. Бирлидис, Г. В. Правовое обеспечение профессиональной деятельности медицинских работников : учебник для студентов . - Ростов н/Д : Феникс, 2006. – 1 экз.
Жузжанов, О. Т. Стратегия и тактика законодательного обеспечения развития здравоохранения Республики Казахстан : монография . - Костанай : [б. и.], 2003. – 4 экз.
5. О здравоохранении в Республике Казахстан : основные законодательные акты. - Алматы : Юридическая лит., 2002. – 1 экз.
6. Об охране здровья граждан в Республике Казахстан : закон РК. - Алматы : Юрист, 2002. – 1 экз.
7. Шарманов, Т. Ш. Долгое восхождение к праву на здоровье : монография . - Алматы : Атамұра, 1998. – 2 экз.
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1. Мемлекеттік емес ұйымдарға қандай ұйымдар жатады?
2. Осы ұйымдардың жұмысын кім реттейді?
5. Тақырыбы:Медициналық ұйымдарды,жеке адамдарды аккредитациялау,сертификациялау,лицензиялау,аттестациялау тәртібі.
2.Мақсаты: Студенттерді аккредитациялау, сертификациялау және лицензиялаумен таныстыру. Медициналық ұйымдардың аттестациясымен таныстыру.
3.Дәрістің тезистері:
ҚР заңдарына сәйкес медициналық және фармацевтикалық ұйымдар лицензияланады. Денсаулық сақтау саласында аккредитациялауға дәрілік заттардың айналым жүйесінде,медициналық керекті заттардың , мед.техниканың айналымындағы денсаулық сақтаудың субьектілерін аккредитациялау көрсетілетін медициналық көмектің көлемінің сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі. Тәуелсіз сараптау бағасын беру үшін жеке түлғалар аккредитациядан өтеді. Аккредитация ерікті түрде өтеді , ол аккредитацияланатын түлғаның есебінен жүргізіледі. Денсаулық сақтау субьектілерінің аккредитациясы сыртқы кешенді бағалау негізінде өтеді. Жеке тұлғаларды аккредитациялау квалификацияның кешенді бағалау негізінде жүргізіледі.
13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау
Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады.
14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
1. Көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында денсаулық сақтау субъектілері және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады.
Жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық бағалау жүргізу үшін аккредиттелуге жатады.
2. Аккредиттеу ерікті сипатта болады және аккредиттелетін субъектінің қаражаты есебінен және тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
3. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган бекіткен аккредиттеудің белгіленген стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде жүргізіледі және ол мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде ескеріледі.
4. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу олардың біліктілігін кешенді бағалау негізінде жүргізіледі.
Тәуелсіз сарапшылар тарту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
5. Аккредиттеуді уәкілетті орган не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді.
6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және аккредиттелген субъектілер мен тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау
1. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау – денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың орынбасарларының (медициналық білімі бар), сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар) кәсіптік құзыретінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсімі.
2. Уәкілетті орган денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың орынбасарларының (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды жүргізеді.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды жүргізеді.
4. Уәкілетті орган мен денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары аттестаттаудың объективті және құзыретті түрде жүзеге асырылуы мақсатында аттестаттау комиссияларын құрады.
5. Аттестаттау кезіндегі бағалаудың негізгі критерийі аттестатталатын адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындау құзыреттілігі болып табылады.
6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
.
Достарыңызбен бөлісу: |