Қажетті ыдыс-аяқтар: қамыр илеу үшін тостаған немесе табақ, азық-түлікті турайтын тақтайша, стақан, шойын таба, жайпақ тәрелке



жүктеу 6,62 Kb.
Дата25.12.2017
өлшемі6,62 Kb.
#6028
түріСабақ
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: оқушыларға картоптан пирожки тамағы туралы түсінік бере отырып, оның жасалу жолдарын түсіндіру, тәжірибе жүзінде көрсету;
  • Дамытушылық:пирожки туралы білімдерін, қызығушылығын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың картоптан жасалатын;
  • Тәрбиелілік: оқушыларды жинақылыққа, аспаздық өнерге, шығармашылыққа тәрбиелеу.
  • Қажетті ыдыс-аяқтар: қамыр илеу үшін тостаған немесе табақ, азық-түлікті турайтын тақтайша, стақан, шойын таба, жайпақ тәрелке.
  • Азық –түліктер: қамыр илеу үшін – 1 кг ұн, 1 стақан су, 4 ас қасық күнбағыс майы, 1 жұмыртқа.
  • Салма үшін - 1 кг картоп, 1 бас үлкен пияз, 50г сары май, тұз, ұнтақталған қара бұрыш.
  • Газ плиталарын қолданудың қауіпсіздік техникасы
  • 1.Жұмысты бастау алдында жұмыс орнын желдету керек.
  • 2.Газдың конфоркасын жандырғанда, алдымен жанып тұрған сіріңкені жақындатып, сосын кранды аш.
  • 3.Конфорканың жалыны бірқалыпты жанып, көк түсті болуы қажет. Егер жалынның түсі сары болса немесе конфоркадан айырылса, бұл жағдайда оны сөндірген жөн. Плитаны жөндеу қажет, бұл жұмысты үлкен адамдар орындайды.
  • 4.Түбі кең ыдысты плитаға орнатқанда, қырлары биік конфорка жүзігін қолдан. Сұйық қайнағанда жалынды ақырындатып қой.
  • 5.Плитада ұстағыштарды, сіріңкені және басқа тез жанатын материалдардан жасалынған заттарды қалдырма.
  • 6.Жанып тұрған плитаны қараусыз қалдырма.
  • 7.Электроқыздырғыш құралды отқа төзімді тіреуішке орнатып қой
  • 8.Жұмысты бастау алдында желіге қосылатын шнурдың жөнді екенін тексер.
  • 9.Электроқұралды желіге қосып және сөндіргенде қолдарың құрғақ болуы керек, вилка корпусынан ұста.
  • 10.Жұмысты аяқтағаннан соң электорқұралды сөндір.
  • Дайындау технологиясы. Салманы дайындау.
  • 1. Пиязды аршып, ұсақтап турап, сарымайда алтын түстес болғанша қуырады.
  • 2. Аршылған картопты дайын болғанша пісіреді.
  • 3. Суын төгіп, картопты езеді, қуырылған пиязды қосады, араластырады, тұздайды,бұрыштайды, бөлме температурасында салқындатады.
  • Қамырды дайындау үшін:
  • 1. Ұнды елейді, су(сүт), жұмыртқа, тұз, қант, майды ұнға қосып, бостау етіп қамыр илейді,жылы жерге қояды, демалдырады.
  • 2. Дайын қамырды, кішкентай күлшелерге бөліп, жұқалап жайдырады, ортасына салма салып бүгеді.
  • 3. Шойын табаға тоңмай немесе сұйық май құйып, дайын болған пирожкилерді қуырады.
  • Картоп салынған пирожкилер дайын.
  • Астарыңыз дәмді болсын!
  • Білемін
  • Білгім келеді
  • Үйрендім
  • Үйге тапсырма.
  • Өз беттерімен картоп салынған пирожки жасап әкелу.

жүктеу 6,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау