Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы


ЕМДЕЛУГЕ ҚҰЛЫҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЕРЕСЕКТЕРГЕ  ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет25/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40

69
3.3 ЕМДЕЛУГЕ ҚҰЛЫҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЕРЕСЕКТЕРГЕ  ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 
ЖҮЙЕСІНЕ  АУЫСУ 
Тренингтің осы бөлімінде балалар мен жастар неліктен кейде дәрілерін ішпейтіні 
қарастырылады және кешенді зерттеу әдістеріне сілтеме жасалады.
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:
1-стандарт: Емделуге құлықтылықты қамтамасыз ету үшін АИТВ жұқтырған бала-
ларға және олардың отбасыларына қолдау көрсету..
5-стандарт: АИТВ жұқтырған балалардың ересектерге және жасөспірімдерге қыз-
мет көрсету жүйесіне көшуі.
Оқыту мақсаттары:
• 
жастармен  және  отбасылармен  емделуге  құлықтылыққа  қатысты  жұмыс 
жасау әдістерін зерттеу;
• 
ересектерге қызметтер көрсету жүйесіне көшу тәжірибесін қарастыру және 
осы тұста жастарға қолдау көрсету әдісін жасап шығару.
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар:
• 
Емделуге  құлық  танытпау  жасөспірімдер  үшін  қиындық  тудыратынын  те-
реңірек түсіне бастайды;
• 
Емделуге құлық танытуға қатысты қиындықтарды жеңу әдістерін қарасты-
рады;
• 
Ата-аналармен/қамқоршылармен күрделі және шиеленісті әңгімелер жүргізу-
ге машықтанады;
• 
Жастарға ересектерге қызметтер көрсету жүйесіне көшу кезінде көмек көрсе-
ту жолдарын қарастырады;
• 
Көшу алгоритмін жасау арқылы өз өңірінде осы үдерісте қолдау көрсетудің 
жоспарлы әдістерін жасап шығарады.


70
i. Презентация:
 Дәрі қабылдау
Бірінші слайд: Жастар және емделуге құлықтылық
• 
Жасөспірімдер кез-келген денсаулық күйлерінде дәрі қабылдамайды. Бұл тек 
АИТВ-ға ғана қатысты емес.
• 
Жасөспірімдер  дәрі  қабылдамайтынын  күтуіміз  және  жұмысымызды  соған 
орай жоспарлауымыз қажет.
• 
АИТВ туралы хабардар болу  және түсіне білу, емделуге ниеттену және өз-өзіне 
қызмет көрсете білу маңызды мәнге ие, әрі балалармен және жастармен жұ-
мыс жасауда басты назарда болуы тиіс.
Екінші слайд: Тұтас көрініс
Жас тұлғаның өмірінде АРТ қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдауына 
себептер көп болуы мүмкін:
• 
Практикалық себептер – тым көп таблетка, тым үлкен таблетка;
• 
Эмоциялық себептер -  АИТВ-ға қатысты кінә сезімі, өз-өзіне бағытталған стиг-
ма, АИТВ-дан ата-анасынан айырылу;
• 
Тысқары себептер – мектептегі, достар арасындағы, үйдегі қиындықтар.
Үшінші слайд: Қолдау ұсыну
• 
Тілектестік білдіріңіз – жастар дәріні күнде ішуі керек,  бірақ  олар кейде осыдан 
жалығып-жабығуы, шаршауы мүмкін.
• 
Оларға ақыл үйретпеңіз.
• 
Дәрі ішудің ұнамды себептерін атаңыз – болашақта не істегісі келуі мүмкін, А=Ж.
ii. Пікірталас: 
Науқастардың емделуге ықылас танытуын тәжірибеде қалыптастыру
АИТВ туралы және АРТ дәрілерінің вирусқа әсері туралы толық ақпарат бола тұра, 
жасөспірімдер шаршауы және дәрі ішуді жалғастырғысы келмеуі мүмкін. Осы жаттығу 
топты емделуге құлық таныту туралы ұнамды идеяларды ілгері бастыру үшін практи-
калық жаттығуларды  пайдалану туралы ойларға оралтады.
• 
Топтан сұраңыз: жастардың түсінігін және емделуге құлықтылығын қамтама-
сыз ету үшін олар қазір қандай да бір ойындар немесе шаралар өткізе ме?
• 
Егер кейбірі «иә» деп жауап берсе, қалғандарына айтып беруін өтініңіз;
• 
13-ҚОСЫМША жаттығулардың кейбір мысалдарын келтіреді.
iii. Ой-талқы: 
Жасөспірімнің АРТ қабылдауға ықыласының төмендеуі және әрі қарай-
ғы диспансерлік бақылаудан қашқақтауы сатылары
Уақыт
Атауы
Өткізу түрі
10 мин
Емделуге құлықтылықты түсіну
Презентация
20 мин
Емделуге құлықтылықты тәжірибеде 
қалыптастыру
Пікірталас
20 мин
Жасөспірімнің өміріндегі АРТ қабылдауға 
құлықтылық төмендеуі және әрі қарайғы 
диспансерлік бақылаудан таса болуы мүмкін 
сатылар
Ой талқы
30 мин
Ата-аналармен/қамқоршылармен жұмыс жасау Рөлдік ойын
10 мин
Ересектерге қызмет көрсету жүйесіне ауысу
Презентация
10 мин
Психоәлеуметтік қолдау және ересектерге 
қызмет көрсету жүйесіне ауысу алгоритмі
Топтық жұмыс 


71
Бала/жасөспірім өмірінің белгілі бір сатыларында қолдауға аса мұқтаж болуы мүм-
кін, осы мақсатта жоспарды бірлесіп жасау қажет.
Қатысушылардан сұраңыз: «Бала өмірінің қай сәттерінде АРТ қабылдау үшін қо-
сымша қолдауға мұқтаж болуы мүмкін?»
Тренерге арналған ескертпелер: 
Негізгі тұстар:
• 
Емдеуді бастау;
• 
Дәрі ауыстырғанда – әсіресе, сұйық дәріден таблеткаға көшкенде;
• 
Өмірдегі ауқымды өзгерістер – ауыр қаза, ажырасу, мектеп ауыстыру, көшу;
• 
Жасөспірімдік жаста. Созылмалы сырқаттарға шалдыққан барлық жасөспірім-
дер дәл осындай жағдайға тап болады;
• 
Педиатрия қызметінен ересектерге қызмет көрсету жүйесіне көшкенде (ауы-
су).
Содан соң, топтан аталған уақыт аралықтарында ұсынуға болатын қолдау түрлерін 
қарастыруды өтініңіз.
Тренерге арналған ескертпелер:
• 
Қатысушылардың  есіне  мінез-құлықты  өзгерту  бойынша  алдыңғы  тренинг 
күндерін салыңыз. Жастардың өмірінің кейбір сәттерінде біз олардың қызмет-
терімізге қызығушылығын қыздырып отыру қажет шығар.
• 
Емдеуді бастауға балада және ата-анада/қамқоршыда АИТВ және дәрілердің 
жанама әсерлері туралы білім мен түсінік қалыптасуы үшін түрлі ойындар мен 
шаралар кіруі тиіс.
• 
Дәрі ауыстыру баланың білімін жетілдіруге бағытталуы тиіс, бала дәрі неге ауы-
стырылатынын және қандай жанама әсерлер болуы мүмкін екенін түсінуі ке-
рек.
• 
Өмірдегі елеулі өзгерістер психологиялық қолдауға, жақындары қаза болған 
жағдайда кеңес беруге, болашақты елестету бойынша жұмыстар атқаруға бай-
ланысты болады.
• 
Болашақ туралы ұнамды идеялар баста назарда болуы тиіс, А=Ж науқанына, 
сырқаттан айықтыру әдісін тапқанда олардың денсаулығы мықты болуы ке-
рек екеніне көңіл  аударту керек.
• 
Ересектерге қызмет көрсету жүйесіне көшкенде оларға жоспарлы қолдау ал-
горитмі қажет.
vi. Рөлдік ойын:
 
Ата-аналармен/қамқоршылармен жұмыс жасау
Көбінесе ата-ананың пікірін, егер сол пікірлер балаға көмектеспесе, өзгерту қиын. 
• 
Топты екіге бөліңіз.
• 
Бір топтан бір-бір орындықтан алып, сыртқа қараған шеңбер құрып отыруын 
өтініңіз.
• 
Екінші топтан бір-бір орындық алып, шеңбердегі адамдарға қарама-қарсы оты-
руын өтініңіз.
• 
Енді ішкі және сыртқы шеңбер бар.
• 
Ішкі  шеңбердегі  қатысушылар  -    ата-аналар/қамқоршылар.  Оларға  нақты 
көзқарас/наным-сенім көрсетілген карточка беріледі (наным-сенімдер тізімін 
14-ҚОСЫМШАДАН қараңыз).
• 
Сыртқы  шеңбердені  қатысушылар  -    кеңесшілер.  Олардың  ішкі  шеңбердегі 
адамдардың пікірін өзгертуге 4 минут уақыты бар.
• 
4 минуттан кейін сыртқы шеңбердегі адамдар келесі адамға ауысып отыруы 
тиіс.


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау