58
Алтыншы слайд: АИТВ жұқтырған жастар тап болатын мәселелер
• Балалық шақта жыныстық жолмен таралатын жұқпа жұқтыру;
• Қоғам тарапынан стигма және олар өздерін қалай қабылдайды;
• Оқшаулану;
• Басқалардан өзгешелену;
• Психикалық денсаулық мәселелері.
Жетінші слайд:
Әңгімелесу кезінде қарастырылуы қажет тұстар
• Тәнге – түрлі дене мүшелерінің атауы, егер қаламасаңыз, оларға ешкім қол тигізбеуі
тиіс;
• Жыныстық жетілу – қашан болады, неге болады, нені күту керек;
• АИТВ тарату – таралу жолдары, А=Ж және, егер дәрі қабылдасаңыз, бұл нені біл-
діреді;
• Басқа адамдармен АИТВ-мәртебеңіз туралы сөйлесу – қалай сөйлесу керек, қашан
сөйлесу керек, адам теріс қабылдаса, не істеу керек;
• Қарым-қатынас және махаббат;
• Контрацепция;
• Келісім – сіз ешқашан қаламаған істі жасамауыңыз керек.
ii. Топтық жұмыс:
Түрлі жас кезеңдеріндегі әңгімелесу түрлері
• Қатысушыларды 4 топқа бөліңіз;
• Әр топқа түрлі жас санататрын беріңіз: 5-7, 8-10, 11-13, 14+.
Екі баған салуды өтініңіз:
Тапсырманы орындауға олардың 20 минуты бар, содан соң, олар нәтижелерін топқа
ұсынады, кейін нәтижелер туралы баяндауға және талқылауға 50 минут беріледі.
Тренерге арналған ескертпелер:
iii. Пікірталас:
Осы жұмысты жасау үшін қандай кедергілер және мәселелер бар
Топта қызметкерлер тап болуы мүмкін кедергілерді (ата-аналардың қар-
Осы жаста балаларға қандай ақпарат беруіңіз
керек:
Осы әңгімеде көмектесе алатын
интерактивтік шара туралы бір идея.
қарапайым тілмен. Шара аясында
қолыңыздан келетін бірқатар
тақырыптарды қамтуға тырысыңыз.
• Қарым-қатынас
• Махаббат
• Жыныстық жетілу
• Тән
• Келісім
• АИТВ таралу жолдары/А=Ж
• Контрацепция
• Ықтимал жыныстық қатынасқа қатысушы
тараптар, олардың АИТВ-мәртебесі туралы
сөйлесуі.
59
Жас
санаттары
Қарастыру қажет тұстар
5-7
•
Дене мүшелері
•
Балалар қайдан пайда болады
8-10
•
Жыныстық жетілу және ағзадағы өзгерістер
•
Балалар қалай туылады
11-13
•
Жыныстық қатынас деген не?
•
АИТВ-ны жыныстық жолмен тарату, А=Ж
•
Келісім
14+
•
Өз қауіпсіздігін және өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
•
А=Ж, мүшеқаптар, контрацепция
•
Келісім – жыныстық қатынасты серіктеспен талқылау
•
АИТВ-мәртебеңіз туралы басқаларға айтып беру
•
Келісім
сылығы, басқа әріптестердің қолдамауы) және жеке кедергілерді (ұялу, қорқы-
ныш, дұрыс емес деп ойлауға итермелейтін мораль, мәдениет, дін) талқылаңы-
здар.
Тренерге арналған ескертпелер:
Қатысушылар қорқыныштарын және қауіптерін еркін жеткізе алатынын
сезінуі маңызды. Олардың біреуі ыңғайсыз болар еді деп мойындаса, шыншыл-
дығымен құттықтаңыз. Содан кейін сұраңыз: осы жұмыс барысында ыңғайсыз-
дықты азайту үшін олар не ойлап таба алады?
• Сексуалдық денсаулық клиникаларындағы әріптестерден үйрену үшін солар-
мен бірге уақыт өткізіңіз.
• Көптеген шаралар, кітаптар, көрнекі материалдар бар.
• Қайда әңгімелесуге болатынын ойланыңыз.
• Жұмыста әріптестермен немесе отбасында өз балаларыңызбен машықта-
ныңыз.
iv. Жаттығу:
Жасөспірімдерге арналған сексуалдық және ұрпақ жалғастыру
денсаулығы саласында қызметтер картасын жасау
Қатысушылардан бір мекемеден немесе бір қаладан/өңірден келген әріпте-
стеріне қосылуды өтініңіз.
• Жастардың сексуалдық денсаулығын қорғау және жүктіліктен қорғайтын
құралдар алу үшін бара алатын орындардың картасын жасаңыз.
• Содан кейін ойланыңыздар: жастар олармен қалай байланыс орната алады
(маманға жіберудің қарапайым тәртібін белгілеңіз, олар не істеп жатқанын қа-
раңыз, оқу мақсатында алмасу жүргізіңіз: АИТВ жөніндегі педиатрлар коман-
дасы олардан үйренсін, ал олар педиатрия саласындағы АИТВ туралы үйрен-
сін).
• Әр топтан бірлескен жұмыс туралы үздік үш идея бойынша кері байланыс бе-
руді өтініңіз.
Тренерге арналған ескертпелер
Балалармен және жастармен жыныстық жетілу, ағзадағы өзгерістер және қа
60
3. ДЕНЬ ТРЕТИЙ
рым-қатынастар туралы әңгімелер жүргізіліп, осы ретте басты назар басқа маман-
дарға жіберуге аударылмауы тиіс.
Топтар басқа қызметтерге жіберу туралы айта бастағанда, олардан жас тұлғаға
мекеменің қай жерде екенін айтып беріп қана қоймай, бүкіл механизмді айтып беру-
ді өтініңіз. Механизм келесілерді қамтуы тиіс: егер мүмкін болса, жас тұлғамен бірге
бару немесе, кем дегенде, тиісті тұлғамен кездесу белгілеуде көмек көрсету. ЖИТС-ор-
талық тиісті қызметтермен әлдеқашан байланыс орнатуы тиіс, ал практик маманның
тиісті тұлғаға қоңырау шалып, жас тұлғаны қабылдауды тағайындау қажет екенін ту-
ралы түсіндіру мүмкіндігі болуы тиіс.
Әр ЖИТС-орталық өз науқастарын мамандарға жіберудің (сексуалдық және ұрпақ
жалғастыру денсаулығын қамтамасыз ету қажет болса) нақты жоспарын жасау үшін
жергілікті медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жұмыс жасауы тиіс.
Мүмкіндік болса, жасөспірімдер мүддесі үшін сексуалдық денсаулық саласын-
дағы мамандардың және аутрич еріктілердің қызметтеріне жүгіну және оларды МДТ
жұмысына қатыстыру керек.
Кез-келген МДТ қатысушысы-дәрігер, психолог, мейірбике, әлеуметтік қызметкер
- тиісті мекемеге жолдауды және бағыт нұсқауды қамтамасыз етеді. жолдау меха-
низмі келесілерді қамтуы тиіс:
1) Жасөспірімді қабылдау туралы келісімге келу үшін байланыс орнатылатын ұйым
(мекеме).
2) Қызметтің көрсетілгенін және нәтижесін тексеретін МТД мүшесі (кері байланыс).
3) Жолдау/қайта жолдау тек клиент келісімімен ғана, жасөспірімді қабылдау және/
немесе клиентті тіисіті мекемеге дейін шығарып салу туралы келісім болса ғана
жүзеге асырылады. Клиент өзі жолданатын тарапқа оның АИТВ-мәртебесі хабар-
лануы мүмкін екенін түсінуі және соған дайын болуы тиіс.
4) Жас тұлға кездесуге келгенде сұрайтын тиісті тұлғаның мекемеде болуы.
5) Егер мүмкін болса, МДК мүшесі жас тұлғамен (егер қаласа) бірге бара алады.
Баланы денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік, әрі жеке меншік (егер ЖИТС-ор-
талық олармен қызметтер көрсету туралы келіссе) мекемелеріне жіберуге болады.
Мамандар жас тұлға тап болатын мәселені және оны қайда жіберуге болатынын ай-
қын түсінуі тиіс. Қатысушылар флипчартқа жастар бара алатын нақты ұйымдарды,
мамандарды және қызметтерді жазып шығуы тиіс. Осы тізімге гинеколог, уролог,
сексопатолог ғана емес, туберкулез маманы, пульмонолог, ревматолог, жастар ҮЕҰ
және басқалары кіруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |