Жүктерді арту-түсіру жерлері әдетте біркелкісіз жұмыс кестесімен сипатталады. Теміржолдар, автомобильдер, конвейерлер және тағы басқа көлік түрлерімен қызмет атқаратын жұмыскерлер, тәулік ішінде келетін вагондар санын нақтылы білсе де, қай уақытта келетінін кездейсоқ уақиға деп атауға болады. Өйткені тура осындай
уақыт деп жоспарлау қиын, жұмыс үрдісінде әр түрлі жағдайларға байланысты артып-түсіретін немесе қабылдап-жөнелтілетін вагондар кешігіп немесе ерте де келіп қалуы мүмкін. Жұмыстың кездейсоқ әлпісі кезінде, жүк кешенінің техникалық жабдықталуының есептеліну әдісін қарастырамыз. Ол техникалық жабдықталудың әр түрлі мүмкін болатын нұсқалар кезінде қосындылық келтірілген шығынның салыстырылуына негізделген [1,2]:
(1)
мұнда Са – арту-түсіру машиналары мен қондырғыларына, жүктерді артып-түсіретін эстакадаларына, жоғарылатылған жолдарға, жүк көтергіштерге, аржолдар мен арту-түсіру жолдарына күрделі салым коэффициентін ескергендегі амортизация мен жөндеуге жұмсалатын шығындар;
Св–с – жүк оталарын орындау кезіндегі вагон-сағатқа байланысты бос тұруға кететін шығындар;
Сз – жүктерді артып-түсіретін адамдардың
жалақысына кететін шығындар, бұл шығындар тетіктерді пайдалану мүмкіндігі жоқ кезде қарастырылады;
Сл–с – локомотив-сағатқа байланысты вагондарды жүк шебіне беру және одан жинақтауға байланысты шығындар;
Св – жүктік шептерге вагондарды беруде, түйіспе стансалық жолдарда бос тұрыс уақытына кеткен вагон-сағатқа байланысты шығындар;
Сов және
Соа – орналасуына қарай жүктік оталардың орындалуын күтуге байланысты вагон-сағатпен және автомобиль-сағатпен есептелінетін шығындар.
Жүк шебінің ең тиімді техникалық жабдықталуы келесідей:
- жүк шебін зерттегенде, оның техникалық жабдықталуы мен өңдеу қабілеттілігін есептеуге қажетті шартты мәліметтер алынады;
- жүктік шепке түскен көліктердің (вагон, автомобиль, көліктің арнайы түрлері т.б.) берілу жиілігінің статистикалық таратылу кестесі құрылады;
- берілісте вагондар санының өзгерулері, жүк оталарының орындалу ұзақтығы қарастырылады;
- берілген ақпараттың қорытындысының нәтижесінде жүк шебінің жұмыс кестесі (тәулік бойы немесе тәуліксіз), келетін көлік ағымының заңдылықтары, арту-түсіру уақытының өзгеру заңдылықтары және т.б. бекітіледі;
- арту-түсіру машиналары мен қондырғылардың санына, жоғарылатылған жолдың ұзындығына, жүкті артып-түсіретін эстакадаға, жүк шебіне берілетін вагондар санына, жүк шебінің жұмыс уақытына тәуелді келтірілген шығындарға байланысты теңдеу құрылып, жүк шебі бойынша айтылған өлшемдердің тиімді мәні анықталады.
Жүк кешенінің техникалық жабдықтауын есептеу үшін төмендегідей ақпараттар керек: вагон және тонна бойынша қоймалардың орташа тәуліктік есептік жүк айналымы; артып-түсіруде, алып-беруде вагондар оталары үшін әр түрлі сипаттамалары; әр түрлі вагондардың тазалануына және жүк шептеріне берілуіне кететін уақыты; тәулік ішіндегі жүк шебінің орташа жұмыс уақыты; арту-түсіру машиналары мен қондырғылардың және тиеп-түсіретін қондырғылардың өнімділіктері мен түрлері; кәсіпорынның цехындағы қоймалардың, рельстік қоймалармен біріктіретін өндірістік көліктің түрі мен жұмыс істеу кестесі; вагондар мен автомобильдердің немесе басқа да көліктердің статистикалық тиеудегі мөлшері; бос тұрудағы вагон-сағаттың, локомотив-сағаттың және автомобиль-сағаттың өзіндік құндары.
Тиеу-түсіру машиналарының саны қойманың жұмыс көлемімен анықталады, ол үшін қажетті өңделетін қабілеттілікті
қанағаттандыру қажет
(2)
мұнда Qч – қоймада жылына тонна-оталық жүктердің өңделу көлемі;
Kн – тасымалдардың мезгілдік ауытқуларын ескеретін, теңсіздік коэффициенті;
П – сағатына вагондарды тиеп-түсіру үшін пайдаланатын машиналар мен қондырғылардың сағаттық өнімділігі (кейбір жағдайларда, мысалы: қатып қалған жүктерді түсіру кезінде сағаттық өнімділік жазғы немесе қысқы мезгілдерге байланысты реттеледі);
Т – тәуліктегі минут саны (1440 мин);
х – жүк шебіне вагондарды
беру мен алудың саны;
tм – дайын жолдарға вагондардың берілуі мен алуының саны.
Вагондардың маршруттап берілуі кезінде
(3)
мұнда х1 – маршруттарды бөлектеп жүк шебінде бергендегі маршруттардың саны;
Достарыңызбен бөлісу: