Сабақ беру əдістері



жүктеу 0,61 Mb.
бет1/3
Дата25.05.2018
өлшемі0,61 Mb.
#16934
түріСабақ
  1   2   3

ПОӘҚ 042-18-31.1.72/03-2014

Баспа №1 05.09.2013 ж.

беттің -сі





ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Білім сапасын басқару»

мамандық үшін 6М010300 - «Педагогика және психология»


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәріс

  3. Практикалық және зертханалық сабақтар

  4. Курстық жұмысы (жоба)

  5. Білімалушылардың өздік жұмыстары


1 ГЛОССАРИЙ

Білім – теория жүзінде пəнді түсіну.

Білу – үйренген тапсырмаларды практика жүзінде қолдану.

Білім алудың түрлері – оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынасын ұйымдастыру (күндізгі, сырттай, топтық, бірыңғай лекция, семинарлар, практикалық сабақтар, емтихан, сынақ, практика).

Оқып үйренудің əдісі – білім алу мақсатына жету тəсілі.

Әдістемелік амал – тəсіл элементі, əдіске жетудегі бөлек қадам.

Оқыту құралдары – оқу үрдісін сабаққа байланысты қолдау, кітаптар, компьютерлер, сонымен қатар, мұғалімнің сөз шеберлігі.

Сабақ беру əдістері – дəріс, əнгіме, көрініс, түсіндіру, сөйлесу, зерттеу қызметін ұйымдастыру, сонымен қатар, бақылау əдістері – сұрақнама, бақылау жұмысы, сынақ, емтихан, дипломдық жəне курстық жұмыстарды тексеру.

Білім беру əдісі – ақпартты қабылдау, оқулықтарды оқу, жаттығулар, тəжірибелік жұмыстар, ғылыми ізденіс жұмыстары жəне т.б.

Білім беру əдісін оқытатын қызмет – бұл əдіс арқылы білім алудың жетістігіне жетесің.

Білім беру əдісін дамытатын қызмет – бұл əдіс арқылы білім алушылардың жоғарғы қарқында дамуына қол жеткіземіз.

Білім беру əдісін тəрбиелейтін қызмет – бұл əдіс арқылы жоғарғы қарқындағы жетістіктерге жетіп жəне білім сапасын жоғарлатады.

Білім беру əдістерін тудырушы қызметтер – бұл əдістер танымдық, белсенділік, кəсіби шеберлікті қалыптастырады.

Білім беру əдісіндегі нақтықты зетушілік қызмет – бұл білімнің əр бір қадамын, білім процесінің қадмын қадағалайды.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау: білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.

Білім беру қызметі: тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттері шешілетін мақсатты, педагогикалық негізделген, білім беру субъектілерінің бірізді өзара ықпалдасу үдерісі.

Білім беру үдерісінің мониторингі: білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін жүйелі түрде бақылау, диагностикалау, талдау, жағдайын, нәтижелердің өзгеру динамикасы мен жүзеге асырылу шарттарын бағалау және болжау.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау: білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Білім беру саласы: ең аз мөлшердегі және оқу пәндерінің функционалды толық жиынын қамтитын және оқушылардың дене, интеллектуалдық, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, экономикалық, коммуникативтік және ақпараттық дамуын қамтамасыз ететін орта білім берудің базалық мазмұнының құрамдас бөлігі.

Білім мазмұны: тұлғаның жан-жақты дамуына және түйінді құзыреттіліктерінің қалыптасуына негіз болып табылатын әрбір білім беру деңгейі бойынша білім жүйесі (кешені).

Жалпы білім беретін мектеп: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын, сондай-ақ, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Заттық-кеңістіктік орта: білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін қолданылатын материалдық талаптардың (сыныпты безендіру, сыныптағы парталарды орналастыру реті, сабақ өткізуге арналған бөлмелердің орналасуы және т.б.), ақпараттық және коммуникациялық ресурстар мен техникалық құралдардың жиынтығы.

Кәсіптік бағдарлау: білім алушылардың білім алу мен кәсіби мүмкіндігіне, кәсіби мүддесіне, жеке қабілетіне және психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес олардың кәсіп пен оқу орнын еркін және саналы түрде таңдау салаларында құқықтарын іске асыруға ақпараттар мен кеңестерді ұсыну.

Құзырет: білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жаңғыртуға дайындық.

Құзыреттілік: оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.

Мемлекеттік аралық бақылау: оқыту сапасын білім беру ұйымына тәуелсіз бақылаудың бір түрі.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС): білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді реттейтін, білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығын айқындайтын, білім беру салалары бойынша білім, іскерлік, дағдылар және қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін білім беру нәтижелеріне, білім берудің базалық мазмұнының құрылымы мен құрамына, білім алушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлеміне, білім сапасы мен деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін және білім алушылардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін нормативтік құжат.

Оқу бағдарламасы: әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге жататын білім, іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.

Оқыту бағыты: белгілі бір білім беру салаларының пәндер топтарын кеңейте оқытуды қамтамасыз ететін бейіндік оқытудың ұйымдастырылу нысаны.

Оқу жоспары (ОЖ): орта білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.

Оқу пәнінің стандарты: білім берудің бастауыш, негізгі орта, жалпы орта деңгейлерінде нақты пәнді оқыту үдерісін реттейтін құжат. Оқу пәнінің стандарты: пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, жоспарланатын нәтижелерді, оқу пәнінің базалық мазмұнын, құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін, оқу пәні бойынша білім беру үдерісінің технологияларына қойылатын талаптарды, білім беру үдерісін материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, білім беру салалары бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесін айқындайды.

Оқытуды саралау: тұлғаның жеке ерекшеліктері ескерілетін кезде оқу қызметін ұйымдастыру тәсілі.

Өлшеуіштер: белгіленген бағалау өлшемдеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлерінің алдын ала берілген көрсеткіштер бойынша айқындайтын оқу тапсырмалары.

Орта білім: Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын игеру нәтижесінде азаматтардың алатын білімі.

Портфолио: білім алушының белгілі бір оқу кезеңіндегі оқу және әлеуметтік маңызы бар жеке жетістіктерін көрсететін тәсіл. Бұл тәсілдің көмегімен білім алушының бағытталған, жүйелі және үздіксіз бағалау мен өзін-өзі бағалау нысаны ретіндегі рефлексияға қабілеті белгіленеді және бағаланады.

Таңдау курстары: мазмұны білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары. Таңдау курстарының жиынтығы оқу жоспарының вариативті бөлігін құрайды.

Типтік оқу жоспары (ТОЖ): оқыту тілі мен бағытына сәйкес тиісті білім беру деңгейі оқу пәндерінің тізбесін және көлемін реттейтін нормативтік құжат.

Тұлғаны әлеуметтендіру: адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне енуін және осы қатынастарды өздігінен қайта жаңғыртуын жорамалдайтын әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісі. Әлеуметтендіру идеясын жүзеге асыру – тұтас педагогикалық үдерісте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай-ақ мектептің отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта болуын талап етеді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ): орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілген, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;

Экстернат: білім алушы сабаққа үнемі қатыспай, тиісті білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу пәндерін өздігінен оқитын оқыту нысандарының бірі.

2 ДӘРІСТЕР

1 дәріс. Білім беру саласындағы Нормативтік құжаттар



Әдістемелік нұсқаулық 2014-2015

2014-2015 оқу жылдарына қолданылатын кітаптар тізбесі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы

375 бұйрығы

Оқушылардың сауаттылығын дамытудағы әдістемелік құрал

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат.

Бастауыш білім беру деңгейінің оқу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары (1-4 сыныптар)  

Негізгі орта білім беру деңгейінің оқу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары (5-9 сыныптар)

Бастауыш білім беру (оқу бағдарламасы) 1-4 сынып

Негізгі орта білім беру (оқу бағдарламасы) 5-9 сынып 1 бөлік, 2 бөлік



Жалпы орта білім беру (оқу бағдарламасы) 10-11 сынып 1 бөлік, 2 бөлік

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 Бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 Бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 Бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 536 Қаулысы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31 Заңы
2 дәріс. Білім беру сапасының тиімді жолдары:

  1. Бағдарламаны басшылыққа алып сабақ, жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып, сол ұғымдарды меңгерту;

  2. Тарихқа деген қызығушылығын терендету. Ол үшін әр елдің тарихына байланысты сабақты өту кезінде сол елдің ерекшелігін көрсететін, есте кала-тындай тарихи, мәдени мұралары туралы айту;

  3. Шығармашылық күш-куатын дамытуға дағдыландыру (білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу, тарихи деректерді оқып үйрену);

  4. Пән аралық байланыс. Өнер, кино, көркем әдебиет, тарихи шығармалармен байланыстыра ету;

  5. Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялык бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу;

  6. Конференция сабак (әр елдер бойынша берілген хабарлама, баяндама, рефераттарды тындау, жұмыстарын қорғау);

  7. Сабақтың жүйесіне қарай жергілікті жер материалдарын пайдалану;

  8. Әр тараудан соң тест-интервью алу;

  9. Әр тоқсанның аяғында өтілген барлық материалдар бойынша зачет алу;

  10. Картаны көрсете білу сауаттылығын қалыптастыру. Бірін-бірі картадан оқыту, үйрету аркылы сол елдер туралы түсінігін, қызығушылығын калыптастыру;

  11. Көрнекті және техникалык құралдарды пайдалану;

  12. Мұғалімнің мәдениеті, ақыл-ой және адамгершілік бет бейнесі.

Білім берудің негізгі тиімді жолдырының мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның ел басқарушысы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны баршамызға мәлім. Сондай-ақ, Елбасы: «Біз жалпы білім беру сапасын жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн» дегенді шегелеп тұрып тапсырған еді. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетіне айналды. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет. Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз.
3. Дәріс. Білім беру стандарты

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) орта білім берудің базалық мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушының даярлық деңгейі мен сапасына қойылатын талаптарды белгілейді; білім беру салалары бойынша білім, іскерлік және дағдыларды, түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді нақтылайды; білім алушының табысты әлеуметтенуіне ықпал етеді.



Стандарт:

- білім беру ұйымдарының меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына;

- педагог кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеген кезде орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарына, білім беру ұйымдарына;

- білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеген кезінде ғылыми және оқу орындарына, білім беру саласындағы мамандарға;

- педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеген кезінде білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарына;

- білім алушыларды қабылдаған кезде білімін бақылау үшін техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына;

- жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған бақылау-өлшеуіш материалдарын әзірлеген кезінде мемлекеттік басқару органдарына;

- білім алушының оқу сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған кезінде білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға қолдану үшін арналған.

Стандарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдары білім беру қызметін лицензиялаған, білім беру ұйымдарын аттестаттаған, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындаған, осы құжаттардың орындалуын бақылаған кезде пайдаланылады.

Стандарт жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің келісілген білім беру мүддесі мен мүмкіндігін танытады және реттейді.

Стандартты қолдану:

- білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуді;

- әлемдік үрдістерді ескере және қазақстандық мектептің озық дәстүрлерін сақтай отырып еліміздің білім беру жүйесін дамытуды;

- мектептегі білім беру құрылымының жас кезеңдерімен сәйкестігін;

- барлық балаларға тең мүмкіндік қағидаларын іске асыруды;

- мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуындағы ауытқулардың түзетілуіне, әлеуметтік бейімделуіне, білім алуына жағдай жасай отырып, оларды жалпы оқу - тәрбие үдерісіне кірістіруді;

- білім сапасын қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім берудің жаңа нәтижесі есебінен арттыруды және білім алушының, педагогтың, білім беру ұйымдарының іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалау жүйесін жасауды;

- орта білім беру саласындағы білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің міндеттері мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді;

- балалардың психикалық саулығын және денсаулығын қорғауды, тұлғаның жан-жақты дамуына, оның ішінде білім алушының қосымша білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызуды қаматамасыз етуді;



- орта білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты ұтымды және тиімді пайдалануды көздейді.
4 дәріс. Білім сапасын басқарудың өзекті мәселелері

Білім беру сапасының тиімді жолдары және онда қарастырылған мәселелер бойынша сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру сапасы қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін «үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
5 дәріс. Білім беруді дамытудың 2011-2020жж арналған бағдарламасы

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы». Латын тіліндегі «компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты» деп көрсетеді. Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.
6 дәріс. Білім берудегі психологиялық қызмет

Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;

4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

6) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;

7) білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.

Психодиагностикалық бағыттар:

1) білім алушыларды психологиялық диагностикалау;

2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;

3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;

4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.

Консультациялық бағыттар:

1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;

2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;

3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;

4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.

Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:

1) білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;

2) білім алушылар бейімсіздігінің психологиялық алдын алу;

3) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық қолдау;

4) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал ету.

Түзету-дамытушылық бағыттар:

1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;

2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;

3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзету.

Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:

1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;

2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру;

3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.

Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.

Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру саласындағы уәкілетті орган, ал өңірлік деңгейде аудандық, қалалық, облыстық білім басқармалары (бөлімдерімен) үйлестіреді.

Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.

Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара әрекетеседі.

Педагог-психолог өз қызметінде:

1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;

2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдайды;

3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, медициналық психологияны, психодиагностика, психологиялық консультация беруді және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшеліктік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін білуі қажет;

4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолданады;

5) белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланыс әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін біледі;

6) барлық оқу кезеңінде білім алушының жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;

7) білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;

8) білім алушыларға, педагогтерге, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;

9) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын педагогтерге, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;

10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асырады;

11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;

12) тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың білім беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізуге жол бермейді;

13) білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

14) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;

15) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;

16) білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар арасында психологиялық мәдениетті қалыптастырады;

17) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консултациялық, ағартушылық-профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдайды;

18) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, педагогтердің жеке істерімен танысады;

19) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысады;

20) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдайды;

21) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныспен шығады;

22) пәндік кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің жұмысына қатысады;
7 дәріс. Білім сапасының мониторингі

Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары

1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:

1) білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

2) ұлттық жинақ – әкімшілік деректердің мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша іріктелген негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын ақпараттық статистикалық жария құжат;

3) ұлттық баяндама – мемлекеттік статистика мен әкімшілік деректердің мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша іріктелген индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын талдамалық жария құжат;

4) білім беру сапасы – білім беру жүйесін сипаттайтын және нақты қол жеткізуге болатын білім беру нәтижелерінің, білім беру жүйесінің жұмыс істеу шарттарының нормативтік талаптарға, әлеуметтік және тұлғалық межелерге сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер жиынтығы;

5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган).

3. Білім беру мониторингі білім беру саясатын әзірлеу мен іске асыруды ақпараттық қолдау, білім беруді басқару органдарын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы туралы өзекті, толық, дұрыс және үнемі жаңартылып отыратын ақпаратпен қамтамасыз ету, білім берудің дамуын талдау және болжау үшін қажетті ақпараттық база қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.



жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау