Тұлғаны зерттеуге бағытталған әдістемелер


«Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» әдістемесі (САН)



жүктеу 0,59 Mb.
бет2/3
Дата14.12.2017
өлшемі0,59 Mb.
#4314
1   2   3

«Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» әдістемесі (САН)
Бұл әдістеме алғаш 1973 жылы И. М. Сеченов атындағы Мәскеулік медицина институтында В. А. Доскин, Н. А. Лаврентьев, В. Б. Шарай және М. П. Мирошников ғалымдарымен өңделіп, ұсынылған. Ғалымдар үш негізгі психоэмоционалды қалып, яғни өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй әдістемесін өңдеуде қарама-қарсылық бағамен сипаттады. Алайда алынған мәліметтер, яғни өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй жалпылама мінездеме болып табылады.

Бұл әдәстеменің конструкторлы валидтілігі: дене температура, динамика, хронорефлексометрия көрсеткішін көрсетті және 300 студенттерді таңдап жүргізіліп, стандартизацияланған. Индивидуалды ерекшеліктерін көрсетуде, психофизиологиялық қызметте биологиялық ритмі мен психоэмоционалды реакциясын бағалауда кең қолданылады.

Әдістеме мақсаты: өзін сезінуі, белсенділігін, көңіл-күйін оперативті бағалау.

Әдістеменің мәні зерттелінушіге көпдеңгейлі шкала бойынша өз жағдайын белгілеу және бұл шкала 3210123 индексінен тұрады. Бұл индекстер 30 жұп сөздер мен қарама-қарсы 30 сөздерінің ортасында орналасқан. Белсенділік, жылдамдылық, қозғалу қызметі; күш қуат, денсаулық өзін сезінуі; ал көңіл-күй эмоцианалды қалыпты сипаттайды.



Әдістеме нұсқауы зерттелінуші қазіргі жағдайдағы қалпын кесте бойынша 30 белгілі арқылы бейнелейді. Тек қазіргі жағдайдағы қалыпқа сәйкес келетін, қарама-қарсы 30 жұптан тұратын белгілерден таңдап белгілейді. Деңгейіне байланысты көрінетін сандарды таңбалау керек.

Өзін сезінуі, белсенділігі, көңіл-күйі


1

Өзін-өзі сезінуі жақсы

3 2 1 0 1 2 3

Өзін-өзі сезінуі нашар

2

Өзімді күшті сезінемін

3 2 1 0 1 2 3

Өзімді әлсіз сезінемін

3

Селқос

3 2 1 0 1 2 3

Белсенді

4

Аз қозғалғыштық

3 2 1 0 1 2 3

Қозғалғыштық

5

Көңілді

3 2 1 0 1 2 3

Көңілсіз

6

Көңіл-күйі жақсы

3 2 1 0 1 2 3

Көңіл-күйі төмен

7

Жұмысқа қабілетті

3 2 1 0 1 2 3

Жұмысқа қабілетсіз

8

Қуатты

3 2 1 0 1 2 3

Әлсіреу

9

Баяу

3 2 1 0 1 2 3

Жылдам

10

Салбыраңқы

3 2 1 0 1 2 3

Қайратты

11

Бақытты

3 2 1 0 1 2 3

Бақытсыз

12

Өмірге риза

3 2 1 0 1 2 3

Өмірге түңілу

13

Кернеу

3 2 1 0 1 2 3

Серігу

14

Дені сау

3 2 1 0 1 2 3

Аурушаң

15

Қызықпуашылық

3 2 1 0 1 2 3

Қызығушылық

16

Немқұрайлық

3 2 1 0 1 2 3

Абыржу

17

Қуаныш

3 2 1 0 1 2 3

Мұңды

18

Мәз-мейрам

3 2 1 0 1 2 3

Уайым

19

Демалу

3 2 1 0 1 2 3

Шаршаған

20

Жаңа

3 2 1 0 1 2 3

Ескі

21

Ұйқылы

3 2 1 0 1 2 3

Қозулы

22

Демалуға ықыласы

3 2 1 0 1 2 3

Жұмысқа ықыласы

23

Байсалды

3 2 1 0 1 2 3

Күйгелек

24

Оптимист

3 2 1 0 1 2 3

Пессимист

25

Төзімділік

3 2 1 0 1 2 3

Қажу

26

Тың

3 2 1 0 1 2 3

Босаң

27

Ойлауы төмен

3 2 1 0 1 2 3

Ойлау жоғары

28

Алаңғасар

3 2 1 0 1 2 3

Зейінділік

29

Үміті мол

3 2 1 0 1 2 3

Көңілі қалу

30

Көңілі толы

3 2 1 0 1 2 3

Көңілі толмау

Мәліметтерді өңдеуде, негативті жауаптарды есептегенде 1 балдан, позитивті жауаптарды есептегенде 7 балдан бағалайды. Алайда, шкала полюстары үнемі өзгеріп отырады, бірақ жағымды жақтары әрқашан жоғары балл, ал жағымсыз жақтары төмен балл жинайды. Алған балдар үш категориядағы кілтпен сәйкесінше топтастырылады да, әрбіреуі бөлек-бөлек есептелінеді.

Өзін сезінуі: 1, 2, 7, 8, 13, 14, 19, 20, 25, 26

Белсенділік: 3, 4, 9, 10, 15, 16, 21, 22, 27, 28

Көңіл-күй: 5, 6, 11, 12, 17, 18, 23, 24, 29, 30

Алынған нәтиже әрбір категория бойынша 10-ға бөлінеді. Орта балл 4-ке тең. 4-тен жоғары баға зерттеушілердің сәтті жағдайына, ал 4-тен төмен болғанда керісінше сипатталынады. Орта баға 5,0-5,5 балл диапазонында болады.



«Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына

баға беру» әдістемесі

Нұсқау: Сұраққа жауап бергенде он жақтағы сандардан өзіңіздің қалыпты жағдайыңызға сай келетін цифрларды дөңгелектен сызып қойыңыз.

Сұрақнама

1. Мен болашағымның жарқындығына сенуге бейіммін 1,2,3,4.



2. Кейінгі кезде көп нәрсе менің ашуыма тие береді. 1,2,3,4.

3. Аз ғана жұмыстың өзі мені шаршатады. 1,2,3,4.

4. Мен кезекті проблемалардың шешімін тез табамын. 1,2,3,4.

5. Кейде бір түсініп болмас мазасыздықтан өзіме орын таппай кетемін

1,2,3,4

6. Егер мен өлсем, менің өлімім айналамдағыларға тек жеңілдік әкеледі. 1,2,3,4

7. Мен жақындарыма қажет екеніме сенімдімін. 1,2,3,4.

8. Менің зеректігім мүлт кетпейді. 1,2,3,4.

9. Маған өткен қуаныштың өзі ұнайды. 1,2,3,4.

10. Кейде тез жылай саламын.1,2,3,4.

11. .Ішім ауырады. 1.2,3,4

12. Менің тағдырым өзімді толық қанағаттандырады. 1,2,3,4.

ІЗ.Тәбетім тайып көрген емес. 1,2,3,4

13.Жабығатын кездерім жиі болады. 1,2,3,4.

15.Тек қана таңертең (кешке) көңіл-күйім дұрыс болады. 1,2,3,4.

Іб.Мемде ұйқысыздық жиі болады. 1,2,3,4.

17.Соңғы уақытта жүдеп барамын. 1,2,3,4.

18.Өзім жақсы білетін дүние тез үйлесімін табады. 1,2,3,4.

19.Маған әдемі бейтаныс қыздардың (жігіттердің) суретін қарастыру

ұнайды. 1,2,3,4. 2

20.Кейде жүрегім себепсіз қағысын жиілетеді. 1,2,3.4.

Қорытынды

80-71 ұпай - жабығу деңгейі өте жоғары;

70-61 ұпай - жабығу бар;

46- ұпайдан жоғары болса - жабығу белгілері бар, қатты мазасыздық

бар.


31-45 ұпай - орташа мазасыздану.

20-30 ұпай - жабығу белгілері мүлде жоқ, аздаған ғана мазалану бар.



Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістімесі
Бұл тест сол сәттегі мазасыздық деңгейі (реактивті мазасыздық көңіл күй ретінде) мен тұлғалық мазасыздықты (тұрақты сипат ретінде) бағалаудың сенімді ақпараттық тәсілі болып саналады. Тұлғалық мазасыздық көптеген жағдайларда қауіп ретінде қабылдап, себепсіз мазасызданады. Реактивті мазасыздық қысылу, тынышсыздану, күйгелектеумен сипатталады. Реактивті мазасыздықтың жоғарғы деңгейі зейін мен сезімнің үйлесімін бұзады. Мазасыздықтың өте жоғары деңгейі невротикалық жанжалдың туындауына, эмоциалық немесе невротикалық, психосоматикалық аурулардың қозуына соқтырады.

Дегенмен, мазасыздық барлық уақытта жағымсыз сипатта болмайды. Мазасыздықтың белгілі бір деңгейі белсенді адамның табиғи, өзіне тән мінез ерекшелігі де. Сонымен қатар «пайдалы мазасыздықтың» оптималды жеке деңгейі де болады.

Мақсаты: сол кездегі (реактивті мазасыздық) мазасыздық деңгейін зерттеу және (тұлға мазасыздығы) мазасыздықтың деңгейін анықтау. Тест 16 жастан жоғарыларға пайдаланылады.

Зерттеу тәртібі: эксперимент жүргізуші әдістеме мәтінін оқиды және алдын ала толтырылған парақты сыналушыға береді. Тест 2 мәжеден тұрады: әрқайсысында реактивті және жеке мазасыздықты жеке-жеке бағалаған 20 құптама болады.

Сыналушылар сұрақтың бірінші бөліміндегі (№№1-20) нұсқадағы 4 жауаптың біреуін таңдайды:


  1. жоқ;

  2. болмауы мүмкін;

  3. болуы мүмкін;

  4. иә.

Құптама номірінің қарсысына таңдаған жауап нөмірін жазады.

Екінші бөлім (№№ 21-40) нұсқасындағы жауаптар басқаша:



  1. ешқашан,

  2. кей кезде;

  3. жиі;

  4. әрқашан.

Нұсқау: сіздерге мынадай (1-20) құптамалар берілген. Әрқайсысын мұқият оқып, қалған жауаптарыңызды көрсетіңіздер. Құптама нөмірінің қарсысына таңдаған жауаптың нөмірін жазыңыз:

  1. жоқ;

  2. болмауы мүмкін;

  3. болуы мүмкін;

  4. иә.

Келесі 20 құптама (№№21-40) жауаптары басқаша:

  1. ешқашан,

  2. кей кезде;

  3. жиі;

  4. әрқашан.

Сіз таңдаған жауабыңыздық нөмірін көрсетіңіз.


ҚҰПТАМА

Жауап түрлері

Жоқ

Болмауы мүмкін

Болуы мүмкін

Иә

1 Мен салмақтымын













2. Маған ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ













3. Мен қысылып отырмын













4. мен өкінемін













5. Мен өзімді еркін сезінемін













6. Мен қапалымын













7. Мені кездесер сәтсәздәк қобалжытады













8. Мен демалғандай сезінемін













9. Мен мазасызбын













10. Мен ішкі қанағаттануды сезінемін













11. Мен өзіме сенімдімін













12, Мен ашуланып отырмын













13. Мен өзімді қоярға жер таппаймын













14. Мен күйгелекпін













15. Мен ыңғайсыздықты қысылуды сезінбеймін













16. Мен ризамын













17. Мен уайымшылмын













18. Қатты толқығандықтан өзімді ыңғайсыз сезініп отырмын













19. Мен қуаныштымын













20. Мен жақсы сезімдемін












ІІ бөлім сауалнама мәтіні




ҚҰПТАМА

Жауап түрлері

Ешқашан

Кейкезде

Жиі

әрқашан

21. Мен қанағаттанамын













22. Мен тез шаршаймын













23. Мен жылап қалуым мүмкін













24. Менде басқалар сияқты бақытты болғым келеді













25. Мен кейде тез шешім қабылдамағандығымнан жеңіліп қаламын













26. Әдетте мен өзімді сергек сезінемін













27. Мен салмақтымын, салқын қандымын, жинақымын.













28. Алдағы қиындықтар әдетте мені қатты мазасыздандырады













29. мен ұсақ түйекті қатты уайымдаймын













30. Мен бақыттымын













31. Мен бәрін жүрегіме жақын алып қаламын













32. маған өзіме деген сенімділік жетіспейді.













33. Әдетте өзімді қауіпсіз сезінемін













34. Мен қиын жағдайлардан қашқақтаймын













35. Менде сарыуайымшылдық басым













36. Мен ризамын













37. Кез келген нәрсе мені алаңдатып мазалайды













38. Өзімнің сәтсіздігімді көпке дейін уайымдап ұмыта алмаймын













39. Мен байсалды адаммын













40. Мен өз істерімді ойласам қатты қобалжимын












Алынған деректерді өңдеу және қорытындылау. Құптама тұсына жазылған ұпай қосындысы есептеліп №3,4,6,7,9,12,13,14,17,18, яғни ∑1, содан кейін қалған сандар қосындысы №1,2,5,8,10,11,15,16,19,20, есептеліп ∑2, кейіннен мазасыздық деңгейінің көрсеткіші есептеледі.

РМ=∑1- ∑2+35

Осылайша тұлғаның мазасыздық деңгейіде есептелінеді, онда:

ТМ=∑1- ∑2+35

Онда ∑1 - ұпай қосындысы – ұпай жауаптары №22,23,24,25,28,29,31,32,34,35,37,38,40;

2 - қалған ұпай қоысндысы №21,26,27,30,33,36,39.

Егер алынған ұпай 30-дан төмен болса, бұл мазасыздықтың төмен деңгейін көрсетеді, 30,45 орташа мазасыздық деңгейі, 46 және одан жоғары, жоғары мазасыздық деңгейін көрсетеді.



жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау