Жоба «Күншуақ» клубы Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс



жүктеу 392,5 Kb.
Дата01.01.2020
өлшемі392,5 Kb.
#25726

«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»КММ

5 балалар кітапхана-филиалы









Жоба «Күншуақ» клубы Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс



Балқаш, 2015 жыл


Жобаның құжаты Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс.

Атауы- Мүмкіншілігі шектеулі балаларға арнап ашылған “Күншуақ” клубы.

Жүзеге асыру мерзімі- 2015-2016 жж.

Жобаны басқарушы және авторы – №5 балалар кітапхана-филиалының

меңгерушісі Сарсекеева А. Н.

авторы- Хамиева Н. Ғ- №5 балалар

кітапханасының кітапханашысы



Мекен жайы- Балқаш қаласы, Қоңырат мөлтек ауданы ,Зайцев көшесі,15 2- қабат.

Тел. 871036-64-733



detfil5@list.ru

Жобаны әзірлеу негіздемесі:

  • Бұл жоба Мүгедек балаларды кітапханаға деген қызығушылығын оята отырып, оларды әлеуметтік- мәдени сауығу үшін жағдай жасауға негізделген. Олардың өзін толыққанды азамат ретінде сезінуі үшін, өмірге деген сенімін арттыра отырып, оларды сау балалардан оқшауламай, солармен бірге жұмыс істеп қоғам өміріне белсене араластыру.

Жобаның мақсаты:

  • мүмкіншілігі шектеулі балаларға қамқорлық жасау, оларды өздерін осы қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру,түрлі іс-шаралар ұйымдастыра отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, психологиялық тәрбиелеу.

Міндеті:

  • Мүмкіншілігі шектеулі балаларды қазіргі заманғы ортаға бейімдеу;

  • Рухани байлығын дамыту;

  • Әрбір баланың әлеуметтік маңыздылығын қалыптастыру;

Жобаны іске асырғандағы күтілетін нәтеже:

  • Мүмкіншілігі шектеулі балалардың түрлі мәдени іс-шараларға қатысы отырып, өмірге деген қызығушылығының артуы.

  • Қаламызда кітапхананың маңыздылығын қалыптастыру.

  • Кітапхананың оқырмандар санын арттыру


1.Кіріспе

Қазіргі кезде оқырманның өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығын мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханашылардың алатын орны ерекше. Әрбір оқырманға дұрыс бағыт-бағдар беру, сұранысын қанағаттандыру-кітапханашының міндеті. Кітапханадағы оқырманды зерттеу, балалардың психологиясы жөніндегі деректерге негізделеді. Оқу мен тәрбиені біріктіру, әр жастағы балалардың тобын жіктеп оқыту, олардың мүмкіншіліктеріне қарай бейімдеп оқыту. Осыған байланысты біздің Балқаш қаласы Қоңырат мөлтек ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалында мүмкіншілігі шектеулі балаларға арнап «Күншуақ» клубы ашылды. Біздің кітапхананың ең маңызды фактілерінің бірі мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс. Бұл жағдайда кітапхана жаңа өмірге жол ашып қана қоймай, қызықты кітаптармен музыкалық кештер ұйымдастырып, балалардың көңіл күйін сергітуге көмектеседі.

Бұл жоба біздің кітапханада 2011 жылдан бастау алып, қазіргі кезге дейін қызмет етіп келеді. Алғашқыда 10 балаға арнап ашылған бұл жобамыз жыл сайын микроаудан тұрғындармыздың санының көбеюіне байланысты 15 балаға жетті.

2. Жобаның қысқаша мазмұны

Мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін бұл жобаның маңызы өте зор. Бұл үшін өзге сау балаларда оқшауланбай солармен бірге жұмыс істеп қоғам өміріне белсене араласуы тиіс. Мысалы оларға кітапханада койылым көрсету арқылы ,яғни олардың назары жанындағы адамда емес сол болып жатқан көрсетілімде болуы тиіс. Сонымен қатар Мүмкіншілігі шектеулі балаларды неше түрлі выставкалар жасау арқылы қызығушылығын артыруға болады.

Сол себепті біздің кітапханамызда мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік- мәдени сауықтыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағыттылған іс-шаралар өткізіп тұру қарастырылған.Оны мынанадай әдістермен жүзеге асыруға болады.

Библиотерапия- психотерапияның бір бөлігі бола тұра, өзінің ерекшелігімен әсер етеді және әлемдік көркем әдебиетке келіп тіреледі. Библиотерапиялық оқу кәдімгі оқудан өзінің бағдарламасымен ерекшеленеді. Ол адамның жан-дүниесіне әсер етеді. Коррекциялық оқу арқылы адамның сезімі, ойы, мақсаты, кітап арқылы қабылданып ой-өрістегі жетістігін образдарды толықтыра отырып, жаңа бағытқа бағыттайды.

Ертегі терапиясы- бұл адамның ішкі жан дүниесіне үлкен әсер беретін оның психологиялық дамуына септігін тигізетін көп көңіл бөлетін таптырмас құрал. Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады.

Музыка терапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс , біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.

Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.



Бейнелеу терапиясы - бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың, қолының ұсақ моторикасын дамыта отырып, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. Жабыстыру ісімен шұғылдану(аппликация). Жұмсақ балшықпен(пластелин) жұмыс. Жабыстыру ісі бұл баланың ақыл –ойын жетілдіреді. Мысалы, балалардың алдына кез келген заттың (самолет, күн) суретін беріп, соған қарап отырып,пластелинмен сол заттың формасын жасап шығаруға үйрету.

Ойын терапиясы- Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.

Мақсатты топтың сипаттамасы – мүмкіншілігі шектеулі балалар

Жоба екі бағытта жүзеге асырылатын болады : мүмкіншілігі шектеулі балалардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған жеке және топтық сабақтар жүргізу, сарапшыларды тарта отырып мүгедек балалардың ата-аналарына кеңес беру;

Демалыс шараларын ұйымдастыру- мүмкіншілігі шектеулі балалар арасында аптаның сәрсенбі күндері сурет байқауларын өткізу, мастер-класс ұйымдастыру, театрландарылған көріністер көрсету, қозғалмалы ойын-сайыс түрлерін ұйымдастыру. Жұртшылық үшін кітапханалық ресурстар ,қызметтер мен оқиғалар туралы ақпаратты Балқаш орталықтандырылған кітапхананың веб- сайтынан мен мәдениет басқармасының мұрағаттар сайтында пайдалануға болады.

3.Жобаның мақсаты мен міндеті

Мүмкіншілігі шектеулі балалардың өзгеде балалардан оқшаулану жеңу. Үйде отырған жүруге мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған ақпаратарға қол жеткізуді қамтамасыз ету, оларға үйде кітапты ауыстырып оқыту жұмысын ұйымдастыру, Библиотерапияны қолдану арқылы “өзі оқу қызметін” насихаттау; кітапханада еңбек терапиясын пайдалана отырып, мүмкіншілігі шектеулі балалардың жұмысына арналған бұрыш ұйымдастырып, ақыл-есі кем баланың сенсорлы – перцептивті сферасының дамуына жағдай жасау. Жаңа ақпаратты технологияларды қолдануды уйрету.



4.Жобаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

  • Жоба мерзімі -2015 -2016 жылды қамтиды .

  • Жобаны ақпарат құралдары арқылы жарнамалау.

  • Кітапхананың веб- сайтына жарнамалау

  • Қаладағы “кеншілер мәдениет сарайымен” ынтымақтастықта болу.

  • Түрлі мекемелер мен ұйымдардың өкілдерімен қоғамдық қатынастарды дамыту.

  • Баспа жарнамалық элементтерге ( визиткалар, бетбелгілер , үнпарақтар, брошюралар ) жариялау;

  • Мәдени-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру.


5.Жобадан күтілетін нәтижелер

  • Бұл жоба жақсы көрсеткіштерге қол жеткізеді деген сенімдеміз.

  • Кітапханаға келуші мүмкіншілігі шектеулі балалардың саны артады деп ойлаймыз.

  • Бірнеше терапиялық әдістер арқылы мүмкіншілігі шектеулі балалар жақсы нәтежелерге қол жеткізеді деп сенеміз.

  • Осы жоба арқылы балалардың өмірге деген құлшылығы артып қоғамның бір мүшесі екендігін сезінеді деген үміттеміз.


6. Жобаға арналған іс-шаралар жоспары 2016 жыл



жұмыстың мазмұны

түрі

Өтетін орны

күні

жауаптылар

1.

„Ғажайыптар әлеміне саяхат“

Мүгедектер күніне арналған ертеңгілік

Кітапхананың оқу залы

9 қазан

Сарсекеева А.Н.,

Хамиева Н. Ғ.



2.

„Суретін тауып, құрастыр“

(интернет) ғаламтор арқылы ойын ойнау

кітапхана

5 қараша

Сарсекеева А.Н.

Хамиева Н. Ғ.



3.

Менің сүйікті жануарларым“

трафаретпен.

жұмыс


кітапхана

10 желтоқсан

Сарсекеева А.Н.,

Хамиева Н. Ғ.



4.

„Үйшікей» ертегі кейіпкерлері бізде қонақта.

Театрландарылған көрініс

кітапхана

21 қаңтар

Сарсекеева А.Н.,

Хамиева Н. Ғ.



5.

“Бірге оқимыз, бірге ойнаймыз”

ойын-сайыс

кітапхана

11 ақпан

Сарсекеева А.Н.,

Хамиева Н. Ғ.



6.

Көктем гүлдері“.

квилинг(қағазды ширатып ) жасау

кітапхана

7 наурыз

Сарсекеева А.Н.,

Хамиева Н. Ғ.



7.

„Құстар- біздің досымыз“

жармамен(крупа) жұмыс.

кітапхана

13 сәуір

Сарсекеева А.Н.,

Хамиева Н. Ғ.



8.

«Барлық әлем біз үшін».

Асфальтқа сурес салу байқауы

балалар алаңы

1 маусым

Сарсекеева А.Н.,

Хамиева Н. Ғ.



9.

„Құмдағы ғажайып“

құммен сурет салу

кітапхана

22 шілде

Сарсекеева А.Н.,

Хамиева Н. Ғ.




7. Мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы серіктестер

1. Кітапханада қызмет көрсететін барлық қызметкелер.

2. Әлеуметтік қызметкер.

8. Жоба бойынша қаржылық қолдау




шығыстардың элементтері

Шығыстың түрлері

сұралатын сома

қаржыландыру көзі




Мүмкіншілігі шектеулі баларға арналған “Күншуақ”клубының жұмысы іске асыруға арналған шығын

Кеңейтуге арналған сыйлықтар

Кеңсе тауарлары

Фломастер- 15 дана -250тг.

Қарандаш- 15 дана- 15тг

Түрлі-түсті карандаш 15 дана- 200тг

Езілген бояулар-10 дана-170тг.

Пластелин 15дана- 200

Жылтыр қағаз

Түрлі-түсті қағаз- 5 дана

ксероксқа арналған қағаз-2 қорап

Балаларға арналған Пазл -10 дана -500

Гуашь 10 - 450

Фотоальбом балалардың фотосын салуға арналған


10000

3750


225

3000


1700

3000


1500

450


700

5000


4500

2000


Басқа кіріс көздері

Басқа кіріс көздері






Көзбен

шолу жарнамасы



Жарнама дайындау үшін 1дана, 2метр

Баннерлар-

Ватман қағазы-


2000

2000


Кітапхана бюджеті

Кітапхана бюджеті






Қажетті құрал- жабдықтар

Компьютер-1шт

фотоаппарат



120000

35000


192825

Басқа кіріс көздері немесе кітапхана бюджеті


9. Жобаның тұрақтылығы

Барлық балалар бір күннің астындағы балалар сондықтан олар ауру, сау деп бөлінбей тең дәрежеде оқып, ойнап өмір сүруі қажет. Мүмкіншілігі шектеулі балаларға арнап ашылған, бұл жоба алдағы уақытта тиісті қаржылай көмек көрсетіліп жатса, алдымыздағы жылдарда да, өз жұмысын тұрақты түрде жалғастыра беретін болады.




жүктеу 392,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау