ПОӘК 042-05-14-5-05.5/01-2012
|
«___» ________ № 2 басылым
|
беттің -шісі
|
«Кәсіби бағытталған шет тілі» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2010
Мазмұны
1 Глоссарий...........................................................................................................3
2 Практикалық сабақтар...................................................................................4-48
3 Студенттердің өздік жұмысы...........................................................................48
4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................48-49
1 ГЛОССАРИЙ
Ие болу – овладеть
Сәулетші – архитектор
Бас басқарма – главное управление
Құрылысшы – строитель
Кеңсе – офис, кантора
Құрам – состав
Тілші – корреспондент
Бірнеше саты - несколько этапов
Бөлу - делить
Бесжылдық - пятилетка
Егеменді ел - Независимая страна
Жол құрылысы - структура дорог
Мәртебесі - авторитет
ХХ ғасырдың бас кезі - В начале ХХ века
Қазақ сахарасы - Казахская степь
Жолдың ұзындығы - протяженность дороги
Тарихи оқиға - историческое событие
Болашақ - будущее
Сеніммен қарау - с уверенностью
Кәміл сену - твердо верить
Шақырым - киллометр
Халық өмірі - жизнь народа
Жөндеу шеберханасы - мастерская
Су қоймасы - водохранилище
Мұнара - башня
Тұрғын үй - жилые дома
Мемлекеттік бюджет - государственный бюджет
Қаржы жұмсау - использовать средства
Халықтың игілігіне - на благо народа
Әулет - семья
Қаржы - средства
Қазандық - котельный
Жөндеу шеберханасы - мастерская
Су қоймасы - водохранилище
Мұнара - башня
Тұрғын үй - жилые дома
Мемлекеттік бюджет - государственный бюджет
Қаржы жұмсау - использовать средства
Халықтың игілігіне - на благо народа
Әулет - семья
Қаржы - средства
2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
1,2,3-Сабақ. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Дауысты дыбыстардың емлесі. Дауыссыз дыбыстардың емлесі.
Мәтін: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ана тілі – асыл қазынаң. Тіл туралы заң.
Дауысты дыбыстар (Гласные звуки): а, э, о, ө, е, ү, ү, ы, і, и, (у)
Сөйлегенде ауаның дауыс шымылдығынан кедергісіз, еркін шығуынан пайда болған дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Қазақ тіліне тән дауыстылар
(Специфические гласные казахского языка): ә, ө, ү, ү, і.
І.
|
Тілдің қатысына қарай
(по положению языка)
|
Жуан (твердые)
|
а, о, ү, ы, у
|
Жіңішке (мягкие)
|
ә, ө, ү, і, е, и
|
ІІ.
|
Еріннің қатысына қарай
(по участию губ)
|
Еріндік (губные)
|
о, ө, ү, ү, у
|
Езулік (негубные)
|
а, ә, ы, і, е, и
|
III.
|
Жақтың қатысына қарай
(по степени раскрытия рта)
|
Ашық (широкие)
|
а, э, о, е, е
|
Қысаң (узкие)
|
ү, ү, ы, і, и, у
|
Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки): б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, н, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, Һ, (у)
Сөйлегенде ауа кедергіленіп шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Қазақ тіліне тән дауыссыздар
(Специфические для казахского языка согласные): қ, ғ, ң, һ.
I. Дауыстың (саддырдың) қатысына қарай
(По участию шума и голоса)
1. Қатан (глухие)
|
п, ф, к, к, т, с, ш, щ, х, ц, ч
|
2. Ұяң (звонкие)
|
б, В, Г, Ғ, Д, Ж, 3
|
|
3. Үнді
(сонорные)
|
1. Мұрын жолды
(носовые)
|
м, н, ң
|
2. Ауыз жолды
(плавные)
|
л, р, й, у
|
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпактан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (статус) алды. Енді ол толық мағынасында Республикада білім-ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түркімен, әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас, якут, т.б. халық тілдері жатады.
Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары - ноғай.
Қазақ тілі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан т.б. ТМД елдерінде, сондай-ақ Монғолия, Қытай, Ауғаныстан, Иран, Түркия т.б. шетел елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазір қазақ тілі - Қазақстанның мемлекеттік тілі.
Ана тілі — асыл қазынаң
Тіл қай ұлтта, қай елде болсын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашағындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.
Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Тіпті, туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар.
Мұндайларды кездестіргенде, Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік»,- деп ашына айтқаны ойға келеді.
"Егер, ертең туған тіліміз жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын!"- деп жазды Дағыстанның әйгілі ақыны Расул Ғамзатов.
Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген жастар ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін беріп асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау, көңіл тұңығын лайлау.
Құрметгі ақынымыз Қадір Мырзалиевтің:
"Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!" деген тұжырымы - жастармен қатар үлкендерге де қойылатын талап.
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына ы, і дыбыстарының тиістісін қойыңыздар:
ер...к, 6...л, хал...қ, к...ш..., ұлтт...қ, т...л, к...р, қ...з...қ.
2-тапсырма: Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жа-саңыздар:
Үлгі: тіл - т -дауыссыз, қатаң дыбыс; і - дауысты, жіңішке; л - дауыссыз, үнді
Тіл, ана, халық, құрмет, көрік
3-тапсырма: Сөздердің жуан дауыстыларын бір сызықпен жіңішке дауыстыларын екі сызықпен сызып көрсетіңіздер:
Кітап, білім, өлең, құдық, шаһар, аң.
4-тапсырма: Берілген сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, түрлеріне ажыратыңыз:
Үлгі: нарық - н - үнді, р - үнді, қ - қатаң
Нарық, есеп, салық, қаржы, кеден, несие, ақша, тексеру,
табыс.
5-тапсырма: Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстарды қойыңыздар:
Ма...ына, ә...гіме, ...аржы, нары..., ...а...арман, көле...ке, жел-то...саң, таби...ат, ...алым.
Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыздар.
Мәтінге жоспар құруға тырысыңыздар.
Дүние жүзі, мекендеуші, жергілікті, сөйлеу, қолданылады
сөздерінің синонимін табыңыздар.
4,5,6-Сабақ. 2. Үндестік заңы. Ықпал түрлері. Буын түрлері.
Мәтін: Қазақстан – менің отаным. Қазақстан Республикасының рәміздері.
Буын үндестігі
(Сингармонизм или гармония гласных)
Қазақ тіліндегі тума сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып келуі буын үндестігі деп аталады. Буын үндестігі зандылығы кірме сөздерде сақтала бермейді (кі-тап, мұ-ға-лім).
Ерін үндестігі
(Губная гармония)
1. Алдыңғы буында еріндік о, ұ дауыстылары болса, келесі буындағы қысаң ы еріндік ұ дыбысына айналады.
=
1.1. о+рын = о+рұн
құ+лын = құ+лұн
1.2. той+ды = той+дұ
тұр+ды = тұр+дұ
2. Алдыңғы буында еріндік ө, ү дауыстылары болса, келесі буын-
дағы қысаң і еріндік ү дауыстысына айналады.
ө, ү + і = o, ү + ү
2.1. ө+мір = ө+мүр
ү+міт = ү+мүт
2.2. өш+ті = өш+тү
күл+ді = күл+дү
3. Алдыңғы буында еріндік ө, ү дауыстылары болса, келесі буындағы қысаң е еріндік ө дауыстысына айналады.
e, ү + е = ө, ү + ө
ө+лең = ө+лөң
кү+рек = кү+рөк
көр+се = көр+сө
күл+се = күл+сө
Достарыңызбен бөлісу: |