Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытуды ұйымдастыру әдістемесі



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата25.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#16925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

11

Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) оқушыларының оқу  бейінін  таңдауы –

бейінді  оқыту құрылымының негізі,  сондықтан  оқушыларға үнемі  ізденісте

болып өз  жолын  табуына,  жеке  оқу  маршрутын  анықтауына  көмек  көрсетілуі

басты назарда болуы тиіс.

2

Ресурстық

орталықтарда

бейінді  оқытуды

ұйымдастырудың

әдістемесі

Білім берудің жоғары сатысындағы оқушылардың бейінді оқыту мазмұнын

анықтауға  оқушылардың  қызығушылығы,  жеткен  жетістіктері  мен  таңдаған

мамандықтары  көрсеткіш  ретінде

қабылданады,  оқушылардың  өздеріне

қатысты аталған  көрсеткіштерден  бөлек  ата-аналардың  үміті, қоғамдағы

әлеуметтік өзгерістер,  аумақ ерекшеліктері  де  белгілі  дәрежеде әсер  ете

алатыны белгілі.

Ресурстық орталық оқу үрдісінің нәтижелілігін  көтеру,  шағын  жинақты

мектеп түлегінің өмір сұраныстары мен бәсекеге даяр болуы: оқушының білім,

білік,  дағдыларын теріп қана қоймай, өздігінен  білім  алуға құлшынысын  ояту,

сабақтастық  ұстанымдарын  сақтай  отырып,  кәсіби  бағытқа  бейімделген,  тілдік

функционалдық сауаттылығы,  саяси-құқықтық,  жаратылыс  заңдылықтары

бойынша  білім  негіздері қалыптасқан  интеллектуалды  іскер  тұлға  тәрбиелеу

парыз.

Бейіндік  білім  беруді  енгізу  мақсаттарының бірі  ретінде  тілек  білдірген



барлық оқушыларға өзінің жеке  икемділіктері  мен қажеттіліктеріне  сәйкес

сапалы  білім  алудың  қолайлылығын  және  таңдаған  бағытқа  сәйкес  пәндерін

базалық кеңейтілген  және  тереңдетілген деңгейлерде  оқытылуын қамтамасыз

ету, әрі қарай  оқу  бағытын  таңдау үшін  жағдайлар  жасау қажет  болса,

ресурстық

орталықта  бір  сыныпта  екі  бағытты

қатар

ұйымдастыру



құрамындағы  магниттік  мектептерде  бала  санының шектеулігіне  байланысты

проблема  туындатты. Оқушылар  есейген  сайын  олардың мүддесі  мен  кәсіби

ниеті  сәйкес  келе  бастайды. Белгілі  бір  пәнге қызығушылық танытқан және

қабілеттілік  көрсеткен  оқушы өзіне  мамандықты  нық таңдай  алады. Тәжірибе

көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығушылық танытпаған оқушылар кәсіпті

таңдауда қиналып, оны жиі өзгертеді.

Бейінді  оқытуды ұйымдастыру үшін  алдымен бейінді  оқытуды  іске  асыру

моделін құру қажеттігі  туындайтыны  белгілі.  Сонымен, бейінді  оқытуды  іске

асырудың моделі қандай құрылымдық бөліктерден  тұрады?  Бұл  мәселе

бойынша  көптеген  жылдар  бойы  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген  Е.А.Бөкетов

атындағы Қарағанды  мемлекеттік  университетінің доценті  А.А.Мұқатаев [4]

төмендегідей модель ұсынған (1-сурет):




12

1-сурет – Бейінді оқытуды іске асыру моделі

Осыған  байланысты, қазіргі таңда  білім  бағыты  бойынша  дайындалып

жатқан мамандар үшін, жоғарыда аталған модельді негізге ала отырып, бейінді

оқытуды ұйымдастыру  жолдарын  түсіндірсе,  сонымен қатар бейінді  оқытуға

бағытталған  бағдарламалар  мен  басқа  да құжаттарды  оқу  процесі  кезінде

үйретсе,  келешекте  олардың бейінді  оқыту жөнінде  толыққанды  білімі

болатыны белгілі.

Ресурстық

орталықта 

оқу

сессияларының



мазмұны 

оқушының


шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін арттыру, бейінді

оқытуға көшу  шараларын  жүзеге  асыратын  бағытта құрылады.  Сессиядағы

бағдарлы  оқыту  барлық  10-сынып  оқушыларының  қызығушылықтары

ескеріле отырып, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытып қана қоймай, ауқымы

кең білімдік кеңістік құруға негізделеді.

Осы  орайда Қарағанды облысы,  Ақтоғай  ауданы,  Шашубай  мектебі

«Альянс» ресурстық орталығының іс-тәжірибесін ұсынамыз.



13

Тірек  мектебінде  (ресурстық орталықта) екі  бағыттағы  оқу  пәндері

бойынша 10-11-сынып  оқушыларына  арналған бейінді  оқыту бағдарламасы

берілген. Пәндерді  ресурстық орталық мектептерінің материалдық базасы

және  оқытушы  кадрлардың

мүмкіндіктерін  ескере  отырып,

қолдануға

икемдеп, модульдерге бөлуге болады [5].

1-модульде  оқушыларға  міндетті  білімді  оқыту қамтамасыз  етіліп,  екі

бағытқа ортақ тақырыптар қамтылады.

2-модуль

1-модульде

қамтылмаған 

инвариантты

білім 

мазмұнын


қарастырады,  сессиядағы  сабақ мазмұны 2 модуль  негізінде  анықталады.

Мысалы: 1-тоқсандағы 10-сыныпқа арналған математика  курсы. 1-тоқсанда  9

оқу аптасы бар, демек, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы математика пәніне

3х9=27  (сағ) бөлінеді. Ал  жаратылыстану-математика  бағытында  4х9=36 сағ

(алгебра – 18  сағ, геометрия – 18  сағ) оқуы  тиіс,  оның  27 сағатын  жалпы

мектепте  оқитын  болса, қалған  9  сағатын  ресурстық орталыққа  сессияға

келгенде оқиды.

3,  4-модульдер мазмұны  мектеп  мұғалімдері күшімен  дайындалады.  3-

модульдегі қолданбалы  курстар Бейінді  оқытудың  құрамына  кіріп,  негізгі

бейіндік  пәндерді  оқыту  және  маманданудың ішкі  бейімін қолдау қызметін

атқарады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың бір түрін ұйымдастыра

отырып,


бейіндік  пәндер

бойынша  білім,  білік,  дағдыны  кеңейту,

оқушылардың 

қолданбалы 

дайындығын

қалыптастыру 

мүмкіндіктерін

туғызады.

4-модуль  таңдау  курстары  базистік  оқу  жоспарының оқушы  компоненті

есебінен  жүзеге  асырылады, Бейінді  оқытуға енгізілмей,  оқушының жеке

тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Сабақ кестесі  3  бөлімнен  тұрады1-бөлімде 2 модуль  мазмұнына

байланысты тестілер, әр бағыттың ерекшелігіне байланысты тереңдетіп оқыту,

дамыту  бағытындағы  тақырыптар қарастырылады.  Мысалы, жаратылыстану-

математика бағыты бойынша математика, химия, биология, география, физика

пәндері, қоғамдық-гуманитарлық бағыт  бойынша қазақ тілі,  орыс  тілі,  шет

тілі, қоғамдық білім  негіздері, өнер  пәндері  оқытылады.  Модульдік,  сын

тұрғысынан  ойлау,  ақпараттық

технология,  саралап-деңгейлеп  оқыту

технологиясы  бойынша  пәндік  сабақтар  мен  зертханалық, сарамандық,

тәжірибелік жұмыстар атқарылады.

Сабақ кестесінің 2-бөлімінде мектеп ұсынған элективті курстардың ішінен

оқушылардың  өз қалауымен,  таңдауы  бойынша  игеретін өзіндік  жобалық

зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған оқу жоспарының вариативтік

бөлігі қамтылады. Мысалы, сессияалды жұмыстарында жүзеге асқан әрекетке

байланысты  оқушыларға  екі  бағытта  таңдау  курстары ұсынылады. Мысалы,

«Жоғары 

математика 

бастамалары», 

«Қиын 


есептер», 

«Агрохимия»,

«Агрофизика»,  «Өлкетану»,  «Компьютерлік  графика»,  «Күләштану»,  «Қазақ

әдеби тілінің тарихы», «Шешендік өнер», «Іскер орыс тілі», «Іскер қазақ тілі»,

«Іскер  ағылшын  тілі»,  «Развитие  речи»,  «Әлем әдебиеті»,  «Тіл  мәдениеті»,



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау