41
құралдағы кемшілікті көрсетуге;
карталар, сызбалардың көшірмесін жасауға;
өзіңнен кішілерге, ауру және әлсіз адамдарға қамқорлық жасауға;
кино, кітап кейіпкерлерінің тағдырын, образын ойлауға;
жоспар бойынша іске асыруға (сурет, кесте, т.б);
өзіңнің музыкалық шығармаңды, пьесаңды орындауға;
бау-бақша зиянкестерімен күрес жүргізуге;
келешек баяндамаға ақпарат жинауға;
өз көршіңнің қияли әңгімесін тыңдауға;
тапсырылған құпияны сақтауға;
бейтаныс адамдар арасында ұзақ болуға.
Келешекте нені іске асыру ұнар еді?
спортта ерекше жетістікке жету;
басқаларды басқару;
белгілі математик немесе оқымысты болу;
жаңа машина немесе құрал құрастыруға қатысу;
зерттеуші болу;
адамдармен үнемі араласу;
белгілі әртіс болу;
ерекше көркем полотно жасап шығару;
музыкалық шығармашылықта ерекше табысқа жету;
танымал журналист немесе сөз шебері болу;
жануардың немесе өсімдік сұрпын ойлап табу;
басқаларды өз хоббиіңе тарту;
жаңа достар мен жаңа таныстар табу.
Жауаптар кестесі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
91
92
93
94
95
96
97
98
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Әр бағандағы ұпай санын шығарып, соңына жазу. Ең көп ұпай жиналған
бағанды белгілеу. Вертикаль бойынша жалпы ұпай саны адамның жеке
қабілеттерін көрсетеді және олардың 14 аумақ бойынша көрінісін байқатады.
1. Спорттық.
2. Ұйымдастырушылық.
42
3. Сараптау-математика.
4. Конструкторлық-техникалық.
5. Таныс жүйемен араласу.
6. Қарым-қатынас.
7. Көркемсурет.
8. Бейнелеу өнері.
9. Музыкалық.
10. Филологиялық.
11. Ауылшаруашылық.
12-14. Әлеуметтік-педагогикалық.
Егер 2-6-баған бойынша ұпайды көп жинасаң, басқарушылар, менеджерлер,
педагогтер, тәрбиешілерге тән коммуникативтік және ұйымдастырушылық
қабілеттерің жақсы дамыған.
Егер 3-5-баған бойынша ұпайды көп жинасаң, техникалық бейіндегі
мамандыққа керек қабілеттер жақсы дамыған.
11-бағандағы ұпай табиғатты қорғауға, ал 12-баған педагогикалық бейіндегі
мамандықтарға жақындығыңды көрсетеді.
8-10-бағандардағы жоғары ұпай кез келген аумақта шығармашылық
мүмкіндігіңді қолдануға болатын көркемсурет-бейнелеу бейініңнің жақсы
дамығанын көрсетеді.
2, 6, 12, 13, 14-бағандар әлеуметтік аумаққа бейінің барынан хабар береді.
Адамның бейіндері өмірлік жоспарымен ұштасып жатса, ол кәсібилікке
ауысады.
Сауалнамалар негізінде қалыптасқан топтарда оқушылардың оқу іс-әрекеті
мәселелерін, құндылықтар жүйесінде бағдарлану, танымдық, стандартты
өмірлік мәселелерді шешу қабілеттері мен нақты жағдайларды бағалау және
ақпарат көздерін таңдау критерийлерін қалыптастыру, оқушы мен мұғалімнің
«субъективті-объективті» қарым-қатынасын жүзеге асыру үшін оқушылардың
жобалау әрекетіндегі жетекшісімен бірлескен жоспары іске асырылуы [6].
43
3-қосымша
Сауалнама үлгілері
Төменде берілген сауалнамалар саралау негізінде жұмыс топтарын құруда
мұғалімге көмегін тигізеді.
Балаларға
қарым-қатынас,
араласу;
әлеуметтік
сала;
есептеулер;
жаратылыстану-математика; информатика; шығармашылық пен өзін таныту;
тәжірибелік дағдылар; экономика; қоршаған орта; мансап аумақтары бойынша
өз біліктіліктерін бағалау ұсынылады. Мысалы, қарым-қатынас, араласу аумағы
бойынша жүзеге асыра аламын:
таныс адамдармен әңгімелесе аламын;
таныс емес адамдармен де әңгімелесе аламын;
басқалардың пікірін тыңдай аламын;
қажетті ақпаратты қабылдаймын және таңдаймын;
ресми жағдайда еркін сөйлеймін және достарыммен араласамын;
бейресми жағдайда еркін сөйлей аламын;
өз пікірімді түсіндіре аламын;
түсініксіз жағдайда қайта сұрай аламын;
берілген нұсқауды орындай аламын, басқа тілде сөйлесе аламын
(көрсету);
әртүрлі стильдегі жазбаша жұмыстарды орындай аламын;
көптеген жазба жұмыстардан ақпарат ала аламын;
өз көзқарасымды келтіремін және оны негіздей аламын.
Әлеуметтік білімдер аумағы:
топтық жұмыстардың әртүрлі жағдайларында оқушы, қызметкер, топ
жетекшісі ретінде тиімді әрекет ете аламын;
басқаларға бірдеңені түсінуге және жасауға көмектесе аламын;
әртүрлі рөлдердің адам мінез-құлқына әсер ете алатынын түсінемін;
стереотиптерді танимын және нәтижесін түсінемін;
өз мінезімдегі ерекшелікті, басқалардың мінездерін бағалай аламын,
әлеуметтік, жұмысқа жарамсыздық мәселесіндегі әділетсіздікке сезімталдық
танытамын.
Есептеулер аумағы:
дұрыс көбейте, қоса, бөле аламын;
көлемдермен, сандармен, ақшамен есептеулер жүргізе аламын;
пайызды есептей аламын;
есепке талдау жасай аламын;
бірнеше амалды есеп шығару үшін дұрыс әдісті таңдап, орындай аламын;
өлшеуге арналған құралдарды қолдана аламын;
көлемді көзмөлшермен анықтай аламын;
ақпаратты жинап, кесте толтырып, дәйектер келтіре аламын;
диаграмма, кесте, графиктерден ақпарат шығара аламын;
сызба, кесте, диаграммалар арқылы түсіндіре аламын;
44
геометриялық пішімнің көлемі мен аумағын есептей аламын.
Жаратылыстану-техникалық бағыт:
гипотеза құрастыра аламын;
гипотеза дұрыстығын тексеретін ғылыми зерттеуді жоспарлап, жүргізе
аламын;
тәжірибедегі қандай аумақ ауыспалы және тұрақты екенін анықтай
аламын;
тәжірибе нәтижесін кесте, сызба, диаграммаға түсіре аламын;
дәйектерді жазудың оңтайлы тәсілін таңдай аламын;
тәжірибе қорытындысын, жалпы тұжырымын жасай аламын;
әртүрлі көздерде берілген ақпараттан жазбаша тұжырым жасай аламын;
тәжірибенің басты кезеңдерін дұрыс реттеп жазып, хабарлама жасай
аламын;
ғылыми терминологияны қолдана отырып, зерттеуді сипаттай аламын;
тәжірибенің барлық көлемі бойынша барынша тиянақталған баяндама
жасай аламын.
Информатика саласы:
ақпараттық технологияның (АТ) қоғамға әсерін түсінемін және оның
жетістіктері мен кемшілігін атай аламын;
АТ жүйесіне ене аламын, торапқа қосыла аламын;
қарапайым операцияларды жүзеге асыра аламын;
АТ жүйесінің неге істен шыққанын анықтап, қажетті әрекеттер жасай
аламын;
жұмыс жүйесіне бақылау жасап, көшіру, бағдарламаны
өшіру
жұмыстарын атқара аламын;
ақпарат жинақтаушыны қолдана аламын;
графикалық редакторды қолдана аламын;
компьютерге өз бағдарламамды енгізіп, оны басып шығара аламын;
компьтерді есептеулерге, жұмыс сапасын жақсартуға, баяндама жазуға,
карта сызуға қолдана аламын;
қарапайым компьютерлік бағдарламаларды жаза аламын.
Шығармашылық аумақ:
сурет, мүсіндер жасау үшін өнердің әр түрін қолдана аламын;
өз жұмысымда бейнелі образдар, өнер және дизайн тілдерін қолдана
аламын;
бөлшекті, сондай-ақ тұтас берілген, түрлі материалдан орындалған
бейнелі образдарды қабылдаймын;
өнер туындысына өз бағамды ұсынып, оны негіздей аламын;
спорттық жарыстарға жалғыз және топта қатысамын;
сауықтандыру шараларының
бірқатарына жоспар жасаймын және
қатысамын;
биде өзімді танытамын;
45
спорттық жарыстар, сайыстар, ойындар сапасына өз бағамды ұсынып,
оны негіздей аламын;
нотаны оқимын;
музыкалық аспапта ойнаймын;
концертке орындаушы ретінде қатысамын;
тыңдалған музыкаға көзқарасымды тұжырымдап бере аламын;
берілген жағдаятты қою үшін әртүрлі рөлдерде ойнай аламын;
актерлік өнер элементтерін қолдана отырып аудиториямен байланыс
орната аламын;
театр өнерін қабылдай аламын.
Тәжірибелік дағдылар:
белгілі бір жұмысты атқару үшін қажетті құралды таңдай аламын;
әртүрлі құралды жинақы және қауіпсіз қолдана аламын;
әртүрлі құралдар мен материалдар қолдана отырып, өнімді жобалап,
жасай аламын;
әртекті ақпарат алу үшін құралдарды қолдана аламын;
қарапайым тәжірибелер жүргізе аламын;
карта және атластарды пайдалана аламын;
ашық алаңқайда зерттеу жүргізе аламын;
сауалнама құра аламын;
өз білігімді өмірлік жағдаятта қолдана аламын;
біліктіліктің қайсысы жақсы қалыптасып, қандайын дамыту керектігін
анықтай аламын.
Мәселені шешу:
қандай мәселені өздігімнен шешіп, қайсысына көмек сұрау керектігін
анықтай аламын;
мәселені анықтап, шешу жолдарын ұсына аламын;
зерттеуді жоспарлап, ұйымдастыра аламын;
әртүрлі көздерден ақпарат іздеп, қолдана аламын;
дәйектер мен тұжырымдарды (көзқарастарды) айырамын;
іске қажеттіні жинап, сұрыптаймын;
ақпаратты әр түрде жазып аламын;
материалдарды тұсаукесерге дайындаймын;
өз зерттеуімнің нәтижесін ұғынықты, қолжетімді түрде ұсына аламын;
өз нәтижелеріме баға беріп, жақсартудың мүмкін жолдарын ұсынамын;
мәселені шешуді бағалау арқылы ең тиімдісін аламын;
есептеу білігін, мәселені шешу білігін күнделікті өмірде қолданамын.
Соңында оқушы жетістігін көрсететін қорытынды кесте беріледі. Әр бөлік
бойынша жасаған өз талдауларының сызбасын қосуға болады.
Бейіндер білігі ______________________________________________
Аты-жөні-
Мектебі-
+ - өзім істей аламын
46
*- көмек қажет етемін
араласу
әлеумет
тік
сала
есеп
жараты-
лыстану
инфор
матика
шығарма тәжірибе
мәселені
шешу
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
47
Қорытынды
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – қоғамдағы елеулі өзгерістер мен
адамдар арасындағы
қарым-қатынас
құралдарының
қарыштап
дамуына
байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздейтін заман талабы. Әлемдік
білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім
мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз
етуі тиіс.
Ресурстық орталықта сессия кезіндегі оқыту процесі оқу бағдарламаларына
сәйкес оқушылар алған білімдерін жүйелеу,
білім,
білік,
дағдыларын
тәжірибеде қолдану, оқытудың қиын жақтарын анықтау, олқылықтарды іс-
әрекет негізінде шешуді мақсат етеді. Сессия кезінде осы аймақтар анықталып,
тьютор
технологиялық
карталар
негізінде
сессияаралық
кезеңдерде
қиындықтарды жеңуге арналған тапсырмалар жүйесін даярлайды. Тьютор
оқушы әрекеттерін бағыттап және түзетіп отырады, соның негізінде әр
мұғалімнің жеке оқушымен жұмыс істеу уақыты артып, қабілетті оқушылардың
білім алудың жоғары деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік береді. Ресурстық
орталық мұғалімдері магниттік мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып,
тақырыптық-күтізбелік
жоспарлар,
қосымша
білімнің
әрдеңгейлі
бағдарламаларын, бағыттаушы және бейіндік ішкі пәндер бағдарламаларын
дайындайды. Ресурстық орталық мұғалімдері даярлаған жұмыс дәптерлері
әрдеңгейлі
мазмұнда жазылып,
өздігінен оқуды жүзеге асырады, оқу
материалын реттеуші рөлін атқарады. Магниттік мектептер осы құралдармен
қамтамасыз етіле отырып, онымен тьюторлар басқару арқылы оқу жылы
бойына жұмыс жасайды.
Оқытудың сессиялық түрі – оқушылар ресурстық орталық базасында
болған кезінде оқу-тәрбие процесін жандандыруды көздейді, сабақтар блоктік-
модульдік түрде, бірыңғай ұлттық тестке дайындық, білімді кәсібилікке
бағыттау, оқу материалын игеруді бағыттау, бақылау, тәжірибе жұмыстарын
орындау болып келеді. Оқушылардың әлеуметтік белсенділігі, рухани және
тұлғалық жетілуі, өмірде өз орын табуға құлшынысы қалыптасады.
Магниттік мектептің ерекшеліктеріне қарай ресурстық орталықтың білім
беру процесіндегі таным құралы ретінде даралай (сессияаралық) және топтық
(сессия кезіндегі) жұмыстар алынады.
Ресурстық орталықтар алғашқы кезеңде ауылдағы шағын жинақты мектеп
оқушыларының
білім сапасын арттыру, білім берудің қолжетімділігін
қамтамасыз ету міндеттерін шешуге мүмкіндік берді. Оның өзіндік ерекшелігі –
ШЖМ базасында оқу үдерісінен басқа тірек мектебінің базасында қосымша
сессия өткізілуінде. Бұл тағайындаушы сессия оқушылар білімінің алғашқы
диагностикасын
жасауға,
оқу
жылына
арналған
жекеше
оқытудың
технологиялық картасын әзірлеуге қол жеткізеді.
Оқу сессиясы оқушылардың игерген білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне
жаттықтыруға арналады.
48
Қорытынды сессия оқу пәнінің меңгерілуі деңгейін диагностикалауға,
түзету енгізуге және тексеруге бағытталады.
Сессияда бос уақыт ерекше орын алады. Онда іс-әрекеттер: дебат, ойын,
байқау түрінде ұйымдастырылып, әскери-спорттық, сауықтыру, көркемдік-
эстетикалық және зияткерлік сипатқа ие болды.
Бірінші кезеңде ресурстық орталықтардың барлық мектептері таңдамалы
курстардың кең ауқымын қамтитын бірыңғай оқу жоспарына сүйеніп,
оқушылардың қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес бейіналды дайындық пен
бейінді оқытуды қамтамасыз ету алға қойылған.
Мысалы, Ростовка ресурстық орталығындағы оқушылар туған өлке
тарихын зерттеу аумағында өз жерлестерінен – ауыл тұрғындарынан ауызша
сұрастыру арқылы өлкелік мұражайдың жаңа экспозициясын жасақтауға
қажетті хат-хабарлар мен мақалалар жинастырды. Осындай әрекеттер арқылы
оқушылардың бойында нағыз азаматтық пен елжандылықты қалыптастырады.
Сондай-ақ Осакаровка ауданының Осакаровка № 9 ресурстық орталығында
on-line арқылы оқушылардан материалды игергені туралы ақпаратты алу үшін
Чат модулі құрылған. Модуль мұғалім мен оқушы арасында басқару мен пікір
алысу мүмкіндіктерін қарастырады. Модуль арқылы оқушылар қызығушылық
танытқан курстар бойынша өзара бір-бірімен сөйлесе алады.
Қорыта айтқанда, ресурстық орталық пен магниттік мектептердің барлық
кадрлық,
материалдық-техникалық
және оқу-әдістемелік
мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, ауылдық жерде толыққанды бейінді оқытуды қамтамасыз
етуге жағдай жасау қажет. Ресурстық орталықта оқушылар келешекте кәсіби
мамандануына қажетті қазіргі ақпараттық технологияларды меңгереді, сонымен
бірге оқушылар өз отбасынан алшақтамай, қалыпты өмір сүру жағдайында
білім алып,
әр оқушы жеке дамуына, түрлі білімділік
қажеттілігін
қанағаттандыруға,
сапалы
біліммен
қамтамасыз
етілуіне,
сәтті
әлеуметтендірілуіне мүмкіндік алады.
49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010 ж.
2. Қазақстан Республикасында бейінді оқытуды дамыту тұжырымдамасы. –
Астана, 2010 ж.
3. Қонтаев С.С., т.б. Тірек мектебінің (ресурстық орталық) білім беру
қызметін жобалау. Оқу құралы. – Қарағанды: - 2-басылым, «Өрлеу» БАҰО АҚ
филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ қоғаммен байланыс және баспа
жұмысы бойынша бөлім, 2013. – 157 б.
4. Мұқатаев А.А. Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім
бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992–2005
жж.); Пед.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты. – Қарағанды, 2007. – 147 б.
5.
Планирование учебно-воспитательного процесса в опорной школе
(ресурсном центре) в межсессионный и сессионный периоды: Методические
рекомендации. / А.Т.Дуйсебек, С. С.Контаев, А.Б.Тукбай.
–
Астана:
Национальная академия образования им. Ы.Алтынсарина, 2012. – 48 с.
6. «Бірыңғай білім кеңістігінде шағын жинақты мектептер мен тірек
мектептерді (ресурстық орталықтарды) дамыту» республикалық тәжірибелік
оқу-семинар материалдары. / Оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік жолдары.
«Альянс» ресурстық орталығы іс-тәжірибесінен. – Қарағанды, 2013ж. – 116 бет.
7. 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау
әдістері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2013. – 48 бет.
50
Мазмұны
Алғысөз (ресурстық орталықтарда бейінді оқытудың өзектілігі
туралы). ............................................................................................................3
1 Ресурстық орталықтардағы бейінді оқытудың әдіс-тәсілдерін
жүйелеудің мақсат-міндеттері.......................................................................5
2 Ресурстық орталықтарда бейінді оқытуды ұйымдастырудың
әдістемесі.......................................................................................................11
Қосымшалар: сабақтардың үлгі жоспарлары....................................................28
1-қосымша: «Қазақ әдеби тілінің тарихы» таңдау курсы негізінде..............28
2-қосымша: Бейінді оқыту сауалнамасы. Бейіндер картасы........................39
3-қосымша: Сауалнама үлгілері..................................................................43
Қорытынды .....................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................49
51
Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытуды ұйымдастыру әдістемесі
Әдістемелік құрал
Басуға 30.05.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84
1/
16
. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 3,0.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК
010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» с.-і. о., 13-қабат.
Достарыңызбен бөлісу: |