9
төртінші қадам – қызметті аяқтау. (өнімді өндіру мен сатуды аяқтау)
баланс құру және компанияны тарату) жылдық есеп беру.
Сондай-ақ тірек мектептің (ресурстық орталықтың) оқыту бейіндері
мынадай пәндік және кәсіптік бағытталған:
- гуманитарлық
(филологиялық,
тарихи,
әлеуметтік-педагогикалық,
шығармашылық, шығармашылық-эстетикалық);
- ғылыми-жаратылыстану
(географиялық,
биологиялық,
химиялық,
дәрігерлік);
- физикалық-математикалық;
- техникалық-технологиялық
(ауылшаруашылық,
компьютерлік
технологиялар, қызмет көрсетушілік, техникалық, сәндік-қолданбалы);
- әлеуметтік-экономикалық (экономикалық, әлеуметтік, құқықтық);
- дене тәрбиесі-сауықтыру (валеологиялық, дене тәрбиесі-спорттық);
- әскери (құқық қорғаушылық).
Тірек мектепте (ресурстық орталықта) бейінді оқытуды ұйымдастыру:
бейінді оқытуды қамтамасыз ететін және оқылуға міндетті пәндерді
мектеп анықтайды;
ауылшаруашылық өндірісіне деген белгілі бір қызығушылықтары жоқ
оқушылар үшін өтеу қызметін оқушылардың өз қызығушылықтары бойынша
таңдауына болатын элективті курстар атқара алады. Мәселен, ландшафтылық
дизайн, гүл өсіру, агротуризм, жерді игеру, азық-түліктерді сақтау мен өндіру,
аграрлық секторды сақтандыру, т.б. Мектептегі ландшафтылық дизайн немесе
гүл өсіру бейіні бойынша оқушының көркемдік-эстетикалық мәдениетін
қалыптастырады,
шығармашылық
қабілеттерін
дамытады,
еңбекке
тәрбиеленеді, эстетикалық биік талғамдарын арттырады, өнер мен шындықтың
әдемілігін сүйсіне қабылдауға тырысады, халқының мәдениетін одан әрі
дамытуға үлес қосады;
әрбір бейін құрылымында мақсатты түрде «жалпы білім берушілік»,
«талапкерлік», «кәсіби бағдар беру» бейіндерін айқындайды.
Түрлі жастық сыныптар технологиясы негізінде тірек мектептің (ресурстық
орталықтың) жоғары сыныптарындағы бейінді оқыту.
Модель түрлі мектеп типтері мен жағдайларға икемдеу мүмкіншілігін және
түрлі нұсқаларды қамтиді.
1. Ұйымдастыру аспектісі: жалпы білім алуды меңгеру оқу курстары
сыныптар арқылы жүреді (бір жастық сыныптар ұжымында). Бейіндік және
элективтік курстар 9, 10, 11-сынып оқушыларынан тұратын аралас уақытша
түрлі жастық ұжымдарда өтеді. Сабақ кестесі бойынша бейіндік және
элективтік сабақтар барлық сыныптар үшін бір уақытта қойылады және әр
оқушы өзі таңдаған түрлі жастық бейіндік топқа қатысады. Модельдер
оқушыларға төменгідей мүмкіндіктер туғызады: түрлі әлеуметтік рөлдер мен
әлеуметтік жағдайларда болып, тұрақты (жабық) және уақытша жүйелердің
кемшіліктерін өзара орнын толтырады. «Мен міндеттімін» және «маған керек»
дегендердің арасындағы тепе-теңдікті сақтайды.
10
2. Уақыттық аспект: күні бойы (күнделікті үйреншікті көппәнділік);
күндер бойы (жалпы білімдік және бейіндік күндер); апта бойы (жалпы білімдік
және бейіндік апталар).
3. Мазмұндық аспект: Білім беру курстарының мазмұны өзгеріссіз қалады.
Бейінді және элективті курстардың құрылымы басқаша болу керек, себебі
олар уақытша түрлі жастық ұжымдарда
өтеді. Білім беру мазмұнын
жоспарлауда ірі блоктарға ауысу және бағдарламаның бірнеше нұсқаларын
жасауға көшу мүмкін болады (І, ІІ, ІІІ бағдарламалар). А оқушы бейіндік және
элективтік курстарды 1-нұсқадан оқуына болады. Келесі оқу жылында бір
жылға жас Б оқушы және одан жасы үлкен А оқушы 2-нұсқа бойынша оқиды,
ал үшінші жылы А, Б, В оқушылар ІІІ бағдарламаны меңгереді. Бағдарлама кез
келген бірізділікте (І-ІІ-ІІІ, ІІ-ІІІ-І, ІІІ-І-ІІ) бейіндік және элективтік курстарды
тең дәрежеде меңгеруді қамтамасыз етуі қажет.
4. Дәрежелік аспект. Бейінді оқытуды түрліжастық және түрлідәрежелік
ұйымдастыру жағдайында оқулықтағы білімді меңгерудің түрлі сатыларын
әрдайым алмастырып отыру қажет.
Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқыту – жоғары
сыныптарда бейінді оқытуды, бейіндік және таңдау курстары кіретін, білім
алушылардың өз білім алу траекториясында жеке таңдауларын қамтамасыз
етуде жеткілікті қорлары жоқ тірек мектептері мен білім беру ұйымдарын
біріктіретін білім беру жүйесі.
Бейінді оқытатын тірек мектебі (ресурстық орталық) бейіналды дайындық
пен бейінді оқытуды және кәсіби оқу мекемелерімен әлеуметтік серіктестікті
іске асыру үшін, қажетті білім беру мүмкіндіктері бар қала маңында немесе
аудан орталығында орналасқан, білім алушыларды жеткізуге қолайлы білім
беру ұйымының базасында құрылады. Тірек мектебінің (ресурстық орталық)
білім беру процесі бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады. Бұл
ресурстық орталықтар мен бейінді курстардың оқу сабақтарынан, оқу
зертханаларындағы таңдау курстарынан, тірек мектептерінің шеберханалары
кіретін мектептердегі базалық оқу пәндерінің сабақтарынан тұрады.
Қосымша
білім беретін тірек мектебі (ресурстық
орталық)
–
оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктеріне
сәйкес барлық оқушының шығармашылық қабілеттерін қамтамасыз ету
мақсатында жалпы білім беретін шағын жинақты мектептер қатары мен тірек
ұйымдарды біріктіретін қосымша білім беру жүйесі. Қосымша білім беретін
тірек
мектебі
(ресурстық
орталық)
білім
алушылардың
жан-жақты
шығармашылық дамуына қажетті білім ресурстары бар қосымша білім беретін
тірек ұйымдары (өнер мектептері, музыка мектебі, спорт мектептері) базасында
құрылады.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) білім беру ұйымдарының оқушыларына
бейіналды дайындық пен бейінді оқытудың оқу бағдарламалары бойынша білім
беру қызметінің барлық типтері мен түрлерін ұсынуы; білім беру қызметінің
мәселелері бойынша өз базасында мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының
басшылары үшін практикаға бағытталған іс-шаралар жүргізуі мүмкін.