7
- жергілікті жердегі мамандықтар туралы ақпарат беру (кәсіптік мектеп,
колледж, ЖОО), яғни дайындық жүріп жатқан мамандықтар бойынша;
- оқушылардың алғашқы қалаған мамандықтары мен қызығушылықтары
бойынша психологиялық диагностика, сонымен
қатар тұлға типіне де
диагностика;
- «Мамандықтар әлемінде» атты іскерлік ойын ұйымдастыру;
- әртүрлі оқу пәндерін оқып үйренудегі оқушы үлгерімінің мониторингі;
- оқушылардың қалауы бойынша жеке кеңестер беру.
9-сынып оқушыларының 10-сыныпта бағдарлы оқуды саналы түрде
таңдауы үшін 9-сынып оқушыларының «үйренгім келеді», «қолымнан келеді»,
«қажет» деген сұрақтарға жауап алу мақсатында педагогикалық ұжым
тарапынан ауқымды жұмыс жүргізілуі қажет.
Осыған байланысты ресурстық орталық шеңберінде әрі қарай оқу бағдарын
таңдауды анықтау үшін 8-9-сыныптар оқушыларына сауалнама жүргізілуі
қажет. Аталған жұмыс жоғары сыныпта білім алушылардың бейіндік оқуын
ұйымдастыру үшін қажет. Сауалнаманың қорытындысы нәтижесінде білім
алушылардың қызығушылығы мен қабілеттеріне сәйкес келетін білім сұранысы
қалыптасады.
Сауалнама алудың
мақсаты
–
8-9-сыныптар
оқушыларының
кәсіби
қызығушылықтары мен қарым-қабілеттерін меңгеру және бейінді оқытуды
таңдауға дайындығын анықтау. Міндеттері:
- белгілі бір бағдарлы оқытуға бейімін анықтау;
- болашақ мамандығын таңдауға әсер ететін мотивтер мен факторларды
айқындау;
- оқушының бейінді оқытуды таңдау процесіне ата-аналарды тарту;
- алынған нәтижелер негізінде ұсыныстар әзірлеу.
Бейіналды даярлықта білім беру жетістіктерінің жиынтығын көрсететін
негізгі құжат портфолио болып табылады. Онда оқушылардың атқарған
жұмыстарының сапасын, бейіндік оқуға бағыттығын, оқу және шығармашылық
әрі қызығушылық белсенділігінің қарқыны жөнінде мәліметтер беріледі.
Бейіналды
даярлық
педагогикалық
ұжымның
психологиялық-
педагогикалық,
ақпараттық
және
ұйымдастырушылық қызметінің
жүйесі
ретінде ұсынылады. Онда оқушының болашақ кәсіптік қызметін жетістікпен
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, танымдық және кәсіптік қызығушылығын
дамыту, өмірлік, әлеуметтік құндылықтар туралы ұғымдарды меңгеру –
бейіналды даярлықтың міндеттері болып табылады. Бейіналды даярлықтың
құрылымы педагогикалық-психологиялық қызметтің бірқатар бағыттарын
(насихаттау, диагностика, кеңес беру, т.б.) қамтиды. РО 8-9-сыныптарында
осындай жұмыстар арқылы оқушылардың қарым-қабілеті, икемділігі, т.б.
қасиеттері
айқындалып, 10-сыныпқа келгенде
оқушылар
қалыптасқан
стереотиптерге қарамастан (ата-ана, таныстарының ықпалы сияқты), қазіргі
заман талаптарына сай (радиотехника, дизайн, стандарттау, т.б.) мамандықтар
таңдай бастады.
8
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында отандық және
әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, білім берудің уақыт талабына сай
мақсаттары мен міндеттерін орындау 12 жылдық мектеп жағдайында жүзеге
асырылатыны көрсетілген. 12 жылдық жалпы орта білім беруден күтілетін
нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзыреттілігі
төмендегідей анықталады.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі отбасылық, еңбек, экономикалық
және саяси-қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық
қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-
қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда (өзінің
мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және
қызметін, өзіндік қадір-қасиетін сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен
ісіне жауапты қарау) жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды
және ықпал етуді қарастырады. Бүгінгі күні еліміздің көптеген мектептері
экономикалық білімнің негіздерін үйрете отырып, нарықтық экономика
кезеңінде оқушыларға өте қажет экономикалық білім беру жұмысына баса
назар аударуда. Нарықтық экономиканың заңдарын, әдісін білетін халқы бар ел
ешқашан көштен қалмайтындығын тарих дәлелдеген. Олай болса, бүгінгі
мектеп қабырғасындағы оқушы ертеңгі өндірістің әр саласында жұмыс істейтін
қызметкер
екенін ескеріп, оларға экономикалық
білім беруді мектеп
қабырғасынан бастаған жөн. Сонда олар экономикалық реформалардан өздерін
қауіпсіз сезініп, білікті және рационалды түрде ойлау қабілеті күшейеді.
Мысалы,
Қарағанды облысы,
Ақтоғай
ауданы,
«Альянс»
ресурстық
орталығында ұйымдастырылған «Іскер» мектеп компаниясы қолданбалы
экономика бағдарламасының
практикалық
бөлімін жүргізуде. Мектеп
компаниясының жұмысына қатысу арқылы оқушылар бизнес әліппесімен
танысады. Олар бизнесті ұйымдастыру, басқару, өнім өндіру, сату, пайда табу,
оны бөлу, қаржы есептерін жасау, аудиторлық тексеру жүргізу сияқты
жұмыстарды өздері жүргізіп, оқу жылының аяғында қорытындысын жасайды.
Маркетингтік жұмыстармен айналысады. Мектеп компаниясы оқушылардың
экономикалық білімдерін шыңдайтын іскер лаборатория болып табылады.
Бейіналды және бейінді оқыту курстарын
толықтыратын мектеп
компаниясының кәсіпкерлік негізін оқытуға арналған бағдарлама 8-10-
сыныптар оқушыларын қамтиды. Компания қызметі 4 негізгі басқыштан
тұрады:
бірінші қадам - ұйымдастырушылық. Басқарушы команда таңдау (резюме
жазу арқылы), нарықты зерттейді, өнім түрін анықтайды (ақша ресурстарын
табу (акция сату);
екінші қадам – қызмет жоспарын жасау. Компания бюджетін жасау
(маркетингтік жұмыстарды ұйымдастыру (өндіріс жоспарын құру), жалпы
жиналыста Бизнес-жоспар бекіту;
үшінші қадам – операцияларды жүргізу. Өнімді өндіру мен сату (қаржы
құжаттарын жүргізу) жұмысқа талдау жасау.