20
Сұхбат берушінің қоғамдағы қызмет саласы немесе нақты қызметі (өзінің
аты-жөнін айтқысы келмеген жағдайда оның жеке өмірінің құқығын сақтап, тек
оның қызмет саласын, жасын көрсету) _________________________
Респондентке өзің зерттеп жүрген тақырыпты немесе проблеманы айту.
Сұрақтарға берген жауабын жазып алу.
1) Бүгінгі күні осы мәселені маңызды деп есептейсің бе? ____________
2) Басқа адамдардың осы мәселені өзекті деп табатынына қосыласың ба?
___________________________________________________________________
3) Осы мәселенің қандай жетістіктері мен кемшіліктері бар?
4) Оны қалай жақсартуға болады? __________________________________
5) Бұл мәселені шешуде қандай өзгерістер әкелер едің? ___________
Немесе өзінің тақырыбына байланысты басқа да сұрақтар түзуге болады
(сұхбат алу мәдениетін сақтау қажет). ___________________________________
Сұхбат бойынша қорытынды жасау
Сұхбатқа неше респондент қатыса алды? _______________________
Респонденттердің орташа жасы _____________________________________
Респонденттердің негізгі бөлігі қандай әлеуметтік ортаны құрайды? ______
Сұхбаттағы сұрақтар қандай болды? ______________________________
Бірінші сұраққа неше адам, қалай жауап берді? (топтастырып талдау жасау)
_________________________________________________________
Қоғамдық пікір бойынша қорытынды жасау _________________________
Баспа беттерінен алынған ақпаратқа талдау жасау жоспары
Баспа бетінен ізделетін ақпаратқа сипаттама _________________________
Газет, журнал, оқулық, кітап аты: __________________________________
Газеттің шыққан күні, нөмірі ______________________________________
Мақаланың аты, авторы __________________________________________
Мақала қандай позиция ұстанады __________________________________
Негізгі ойлар мен тұжырымдамалар ________________________________
Мәселеге байланысты анықталған саясат ____________________________
Мәселенің жетістіктері мен кемшіліктері ____________________________
Мәселені шешу жолдары _________________________________________
Мәселеге байланысты қарама-қайшы ойлар (бар болса) _________________
Баспа беттерінен алынған ақпараттарға қорытынды жасау ______________
Көктемгі сессия кезеңіне негізделген әрекеттер жүзеге асырылған соң,
оқушылардың
негізгі
құзырлықтарының
қалыптасу
деңгейін
бағалау
критерийлері мен талаптары бойынша бақылау жұмыстарын жүргізген дұрыс.
Жобалау
әрекеті
аумағында
оқушылардың
негізгі
құзырлықтары
қалыптасуына байланысты жағдайлар жасалады. Ұсынылған талаптар жобамен
жұмыс жасау барысында қажет болатын әрекет тәсілдері негізінде жасалған
және оқушылардың негізгі құндылықтарының: ақпараттық, коммуникативтік
және проблемаларды шешу құзырлығының қалыптасуын дәлелдейді.
Ақпаратты жинау, мәселені шешу әрекеттері негізінде қалыптасатын
құзырлықтарды бағалау парағы қолданылады.
21
Оқушылардың
жобалау
әрекетін бағалауда негізгі
құзырлықтардың
қалыптасу деңгейіне қойылатын талаптар кесте түрінде көрсетілген бағалау
критерийлері оқушының алға басуын сапалы бағалауға мүмкіндік береді.
ІІ кезең
Ақпаратты алғашқы сұрыптау.
Мақсаты: жиналған ақпаратты, алынған нәтижені сараптау, нақтылау және
оны қайта қарау арқылы оқушының сараптамалық, модельдеу, зерттеушілік
мәдениетін дамытуға жағдай жасау.
Міндеттері:
оқушылардың
алға
қойылған
міндеттерді
шешу
біліктіліктерін
қалыптастыру;
алынған ақпарат нәтижелеріне сараптамалық талдау жасау машығын
игерту;
мәселені анықтау және оны шешу жолдарын жоспарлау дағдысын
жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
ақпаратты мазмұнына қарай топтастырады;
ақпаратты ұсыну түріне қарай іріктейді;
бар ақпараттың күтілетін нәтижедегі орнын анықтайды;
толықтыруды қажет ететін тұстарды белгілейді;
толықтыратын ақпаратты іздеудің жоспарын құрады:
а) көзін;
б) жолын іздейді.
«Ақпаратты
алғашқы
сұрыптау»
бөлімі
бойынша
атқарылатын
әрекеттер үлгісі:
1. Тақырыпты зерттеу кезінде қай кезеңге жататынына болжау жасау;
2. Әдебиеттер мен энциклопедиялар арқылы сол заманның бейнесін
зерттеу, қорытынды жасау.
3. Аңыздар мен тарихи мәліметтерді салыстырып, кесте, сұлба, карта және
т.б. нобайларын жасау.
4. Тарихи бейнелердің өткен дәуірдегі тұрмысын ескере отырып, осы
саладан алынған мысалдар келтіре отырып, дәлелдеу.
5. Сирек қолданылатын сөздер кездессе, оның мағынасын тауып, қазақ
тіліне қатысына талдау жасау.
Ақпаратты өңдеу әрекеті негізінде қалыптасатын құзырлықтарды бағалау
парағы дайындалады.
Осы тапсырмалар негізінде оқушы әрекетіне баға беруге арналған сауалдар
(кері байланыс):
1. Дәйектерді жазудың оңтайлы тәсілін таңдай алдың ба?
2. Жұмыстың басты кезеңдерін дұрыс реттеп жаздың ба?
3. Іске қажеттіні жинақтап, сұрыптадың ба?
4. Ақпаратты әр түрде жаза аласың ба?
5. Нәтижені ұғынықты түрде ұсындың ба?
6. Нәтижені бағалау арқылы ең тиімдісін таңдай алдың ба?
22
7. Материалды тұсаукесерге дайындадың ба?
8. Өз көзқарасыңды келтірдің бе және оны негіздедің бе?
Осылайша, жобаның барлық қадамдары бойынша оқушы әрекетіне баға
берілсе, келесі
қадам оқушының
дамуында жеткен табыстары мен
кемшіліктерін анықтайтын сапалық өзгерістерді бақылау парағын толтыру
арқылы жүзеге асырылады. Онда біз тұлғаның оқуды қажетсінуі мен
қызығушылығын дамытамыз және білім, білік, дағдылардың білім беру
шарттарына сәйкестігін белсенді түрде анықтай аламыз. Білік, дағдыларын
сараптай отырып, оқушы өздігінен оқудағы басымдықтар мен келешекте көңіл
аударатын жақтарын бөліп алады.
Өздігінен оқығанда қалыптасатын
біліктіліктер
дейін
соң
1. Қажетті ақпаратты қабылдай және
таңдай алуы.
2. Басқалардың пікірін тыңдауы.
3. Жазбаша нұсқауды оқи және орындай
алуы.
4.
Әртүрлі
стильдегі
жазбаша
жұмыстарды орындай алуы.
5. Өз көзқарасын келтіруі және оны
негіздеуі.
6. Көптеген жазба жұмыстан ақпарат
алуы.
7. Жұмысты атқару үшін қажетті құрал
мен технологияны таңдай білуі.
8. Өз жұмысында бейнелі образдарды,
кестелі тілді қолдануы.
9. Өнімді жобалай алуы.
10.
Салыстырулар мен сұрыптауды
жүзеге асыруы.
11. Мәселені анықтап, шешу жолдарын
ұсынуы.
12. Зерттеуді жоспарлап, ұйымдастыра
алуы.
13. Ақпаратты әр түрде жазуы.
14.
Әртүрлі
ақпараттан
белгілі
бағыттағыны бөлуі.
Көктемгі сессия (І және ІІ кезеңнің нәтижелерін қорыту).
Мақсаты: ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін
меңгерте отырып, өмірлік мәселелерге бағдарлануға, кәсіби құндылықтарды
түсінуге, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін бағалауға қабілеттілігін дамыту.