38
8 ұпай: топтағы жұмысты дамыту нұсқасын топтың өзі дербес жасағанда
беріледі.
V Нәтижені бағалау :
а) нәтиженің көпшілік сұранысын қанағаттандыруын қадағалау;
ә) нәтиже қауіпсіздігін есте ұстау;
б) нәтиженің эстетикалық талғамға сай болуын қадағалау;
в) нәтижеде негізгі өзектің ашықтығы;
г) әрбір қатысушы әрекетінің көрініс табуы.
1 ұпай: коммуникация пікір алысу барысында пайда болған идеялардың
немесе топтың басқа мүшелерінің идеяларына өзінің қатынасын ортаға салуын
шамалайды.
2 ұпай: оқушылар топта өздігінен жұмыс жасайды, ал мұғалім пікір
алысуды өзі жүргізбейді, оқушылардың барлық назары мен күш-қуаты пікір
алысу пәртібінің сақталуына жұмылдырылады. Сондықтан олар ортақ талдауға
ұсынатын идеяларды алдын ала дайындауға болады.
3-4
ұпай: топтың
басқа мүшелерінің
идеяларына
өз позициясын
қалыптастыру үшін оқушы бір-біріне нақтылау және түсіну мақсатындағы
сұрақтар қояды.
5-6 ұпай: барлық қатысушылар топта айтқан идеяларын түсіну, талқылау
барысындағы тұйықтан шығу рефлексия процестерімен қамтамасыз етіледі,
оқушылар позициядағы сәйкестік пен алшақтық аумақтарын анықтайды,
критерийлерді келіседі, ұсыныстарға салыстырмалы баға бере алады.
Оқушылардың жобалау әрекетінің жұмыс парақтары портфолиосы бағалау
объектісі болып табылады. Жобалау әдісі шеңберінде өнім алу– жобаның
жүзеге асқанының жалғыз куәсі, ендеше, оқушылар әрекеті бағаланады.
39
2-қосымша
Бейінді оқыту сауалнамасы. Бейіндер картасы
(дайындаған Е.Е. Смирнова)
Мақсаты: жеке бейіндердің бағытын және олардың кәсіби әрекеттегі
көрініс күштерін анықтау.
Мұқият оқып, дұрыс жауап беріңдер. Кестедегі жауаптың жанына «+»
белгісін қою.
Балалық шағыңда өте ұнағаны:
ұзақ уақыт қозғалмалы ойындар ойнау;
ойында бастаушы болу, бағындыру;
ойын мазмұны мен ережесін ойлап табу;
ішіндегісін көру үшін ойыншықтарды сындыру;
дойбы, шахмат ойнау;
бейтаныспен сөйлесу, сұрақ қою;
сұрағанда ән айту, тақпақ оқу;
сурет салу немесе басқаны бақылау;
өлең тыңдау немесе айту;
әртүрлі фантастикалық әңгімелер айту;
жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер өмірін бақылау;
қамқорлықпен айналысу;
жаңа достар табу;
достарыңның көңілін көтеру, топтың жаны болу.
Қазір ұнайтыны:
спорт секциясында денешынықтырумен айналысу;
ұйымдастырушы міндетін алу;
оқушыларға есеп шығаруға, түсіндіруге көмектесу;
материалдарды өңдеу (ағаш, металл, т.б);
сызба, кесте, есептеулердегі қателерді табу;
адамдарға проблемасын түсінуге көмектесу;
өнер адамдары туралы оқу немесе көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысу;
көркемсурет немесе көркем студиоға қатысу;
бір музыкалық аспапта ойнау;
еркін тақырыпқа шығарма жазу;
жануарларды бағып-қағу;
қызықты адамдармен араласу;
таныс емес адамдар арасында болу;
басқаның проблемасын шешу.
Ерекше қанағаттанасың:
спорт жарыстарына қатысудан;
міндеттерді бөліп беру, адамдарды орналастыра алу, құралдар, машина
жөндеуден;
жүк көтеру, транспорт құралын басқарудан;
40
сызба, кесте, есептеулерді орындай алудан;
адамдар арасындағы келіспеушілікті шешуден;
айналаңдағыларға оқиғаны тартымды айта алудан;
өзіңнің көркем-шығармашылық жұмысыңнан;
жаңа музыкалық аспап немесе шығармамен танысудан;
бақылағаныңды дәл сипаттай алудан;
қыс, көктем, күздің ауысуын бақылаудан;
бейтаныс адамға өз әрекетің арқылы көмек көрсетуден;
басқалардың сенімен араласқысы келуінен;
басқалармен араласудан.
Саған ұнайды:
спорт жарыстарын немесе серуенді ұйымдастыру;
ұжымдық қызықты шара ұйымдастыру;
математика немесе физика олимпиадаларына қатысу;
машина, құрал құрастыруды жүзеге асыру;
сызба, кесте, есептеулерді талдау;
кішілермен жұмыс істеу, жолдастарыңа көмектесу;
сахнада өнер көрсету;
қабырға газетін шығару немесе көрмені безендіру;
музыкалық қойылым қою;
ғылыми-көпшілік баяндама дайындау;
биологиялық зерттеулер жүргізу;
жағымсыз жайтта жол табу;
қария көршіге шын жүректен көмектесу.
Үнемі ұнайды:
спорт жарыстарында немесе серуенде барлық күшін жұмсау;
өзіңнің тікелей қатысуыңды керек ететін ұжымдық шараға қатысу;
математикалық шарадаларды шешу;
кесте бойынша құрастыру;
клавишты машинада жұмыс істеу (ЭВМ);
адамдар арасындағы келіспеушілікті шешу, басқаның жетістігіне қуану;
көркемөнерпаздар үйірмесінде, концертте жүргізуші болу;
бояумен, қарындашпен сурет салу;
музыкалық аспапта ойнау;
өлең, әңгіме, күнделік жазу;
жануарларды, өсімдіктерді аялап күту;
өз уақытыңды басқаның мәселесін шешуге жұмсау;
басқаның көмегінсіз жеке жұмыс жасау;
басқаларға қамқорлық таныту.
Төмендеглерге ұзақ уақыт бойы шыдайсың ба?
спорт жарыстарында, қара күш жұмысына;
есептеуде кеткен қатені іздеуге;