Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытуды ұйымдастыру әдістемесі



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет10/16
Дата25.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#16925
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

26

оқып-үйренуші

жүйелерге, 

электрондық

оқулықтарға, 

оқу-әдістемелік

материалдарға, қашықтан  оқыту  жүйесінің технологиясымен үйлесімді  болып

келетін,  алдағы  уақытта  оқыту тәсілдерінің ішінде  кең тараған  бесаспап әрі

өміршең түрлері бола алатындай сапасы жоғары оқулықтарға, бағдарламаларға

еркін кіруге болады.

Шағын  жинақты  мектептерді  біріктіретін

ресурстық

орталықтарда

электрондық оқыту («E-learning») жүйесі енгізілген. Атап айтсақ:



1. Қарағанды  облысы, Ақтоғай  ауданы, Шашубай  балабақша-мектеп

кенті, Осакаровка ауданындағы №9 Осакаровка МГ, Бұқаржырау ауданындағы

Ростовка ОМ, Қарағанды қаласындағы №5 ОМ.

2. Солтүстік Қазақстан  облысы, Есіл  ауданындағы  Николаевка  ОМ,

Уәлиханов ауданындағы №2 Кішкенекөл ОМ, М.Жұмабаев атындағы ауданның

Возвышенская  және  Бастомарская  ОМ,  Айыртау  ауданындағы  Антонов,

Константинов  ОМ-де  сессия  кезіндегі және  сессияаралық жұмыстар қашықтан

оқыту жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.



3. Павлодар облысы бойынша:

Мектептің экспериментке қатысушы мұғалімдері үшін:

1.  «10-сынып  оқушыларымен қашықтан оқыту  сессиясын  жобалау»

тақырыбында семинар өткізу.

2.  Ресурстық орталық  құрамына  кіретін  мектептердегі  10-11  сынып

оқушыларымен қашықта оқыту сессиясын өткізу жоспарланған.



4.  Ақтөбе,  Батыс Қазақстан  облыстарында шағын  жинақты  ауыл

мектебінің оқу  процесіне  оқушылардың білім  сапасын  арттыру үшін  жаңа

технологиялар және қашықтан оқыту әдістемелері енгізілген.

5. Ақмола  облысында 2010  жылдан  бастап  пилоттық жоба  «SCHOOLLI

NE»  енгізілген,  онда қашықтан оқыту,  электрондық кітапхана  жұмысы

қарастырылған. Осы электрондық оқыту жүйесіне көпбейіндік мектеп гимназия

«Тандау», №18 ОМ, Шортанды ауданының ресурстық орталығы №3 қазақ орта

мектебі қосылған.

6. Шығыс Қазақстан облысының білім  беру  басқармасы  «Шығыс»

өңірлік орталығының жоспары бойынша ағымдағы жылда:

- қашықтан білім беру кабинетін ашу;

- білім  беру  порталы  арқылы қашықтан  оқытуды  жүзеге  асыру,  жылына  2

рет қашықтан оқыту курстарын ұйымдастыру;

- Үржар және  Зайсан  аудандарының шағын  жинақты  мектептеріне

электрондық оқытуды енгізу;

- жаңа  модификация  бойынша қашықтан оқыту  (бірыңғай  ақпараттық

желіге қосылу) жоспарланған.

7. Қостанай облысының шағын  жинақты  мектептерінде ақпараттық

коммуникативтік  технологиялар қарқынды  дамуда.  Мысалы,  білім  беру

бөлімдері  мен  мектептер  арасындағы құжаттар  айналымы  электрондық пошта

арқылы 


жүргізіледі. 

Меңдіқара

ауданының

барлық


мектептерінде

«Администратор»  электрондық бағдарламасы  орнатылған,  ал  Алтынсарин

ауданында  «интернет-мектеп» жұмыс істейді. Әулиекөл  ауданының  Әулиекөл

МГ  базасында  электрондық кітапхана  іске қосылған,  онда  ауданның шағын




27

жинақты  мектеп  педагогтеріне интернетпен  шектеусіз қолданылу қамтамасыз

етілген.  Кітапхананың каталогінде 500-ден  астам  электрондық оқулық, оқу

құралдары, тұсаукерлер жинақталған.

Шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдері  білім  беру  процесіне  енгізуге  сандық

білім беру қорларын дайындауда, олар облыстық сайысқа қазақ және ағылшын

тілінен,  бастауыш  сыныпта  оқыту,  информатика,  математика  пәндерінен

электрондық  құралдар әзірлеп, ұсынған  (С.А. Ягодина. «Математика  пәніне

арналған  электрондық  құрал».  3-сынып; А.А. Абдуахитов. «Интерактивтік

тестер  жинағы»; Т.В. Ряполова. «Алгебра  пәні  бойынша интерактивтік  тестер

жинағы». 7-сынып; Ж.С. Қарабаева «Жыл мезгілдері». Электрондық құрал).

Қорыта айтқанда,  ресурстық орталық пен  магниттік  мектептердің барлық

кадрлық,

материалдық-техникалық

және  оқу-әдістемелік

мүмкіндіктерін

пайдалана  отырып,  ауылдық жерде толыққанды  базалық және  бейінді білім

беру қамтамасыз  етуге  жағдай  жасауға қадам  жасалып  отыр.  Оқушылар

келешекте  кәсіби  мамандануына қажетті қазіргі  ақпараттық технологияларды

меңгереді.  Сонымен  бірге  оқушылар өз  отбасынан  алшақтамай, қалыпты өмір

сүру  жағдайында  оқытылып, әр  оқушы  жеке  дамуына,  түрлі білімділік

қажеттілігін қанағаттандыруға,  сапалы  біліммен қамтамасыз  етілуіне,  сәтті

әлеуметтендірілуіне мүмкіндік алады.

Бейінді  оқыту оқушылардың  өздігінен  іздену,  таным әрекеттері үлесінің

айтарлықтай ұлғаюымен  де  ерекшеленеді,  яғни  оқыту  бағытын таңдағанда

саралаудың ішкі және сыртқы түрлері есепке алынады [7].

Сыртқы  саралау оқушылардың тұрақты  жұмыс  тобының оқу  мазмұны  мен

мақсатын,  түрі  мен әдісін  жүйелі  түрде  сараптап және оқушылардың басым

ортақ  қасиеттерін  (қызығушылығын,  шығармашылық және жұмыс істеу

қабілеттерін) ескере отырып құру арқылы жүзеге асырылады.

Ішкі  саралау  оқушылардың типологиялық  қабілеттеріне құрылып,  тұрақты

жұмыс тобы ішінен оқыту мақсаты мен әрекет нәтижесіне байланысты уақытша

іріктелген топтан тұрады.

Жаңа  мазмұндағы  білім  жүйесін  мектеп өміріне  енгізуде Қарағанды

облысының  қала,  аудандарында  РО  білім  беру  кеңістігі құрылып,  білім  беру

саласының  әлемдік үрдістері  мен  жасөспірімдік  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес

үлгіде,  мемлекеттік-қоғамдық

мүдделерге,  тұлғаның

мүдделеріне  сәйкес

келетін  мектептің  үлгісін  жасауда  айтарлықтай  тәжірибе  жинақталған.  Тірек

мектебі  (ресурстық орталық) айрықша  сала  ретінде  түсіндіруді  көздейтін,

жаңаша  тұрпатты  мектеп  моделін ұсынады. Ресурстық орталық оқу үрдісінің

нәтижелілігін  көтеру,  шағын жинақты мектеп  түлегінің  өмір  сұраныстары  мен

бәсекеге  даяр  болуы:  оқушының білім, білік,  дағдыларын теріп қана қоймай,

өздігінен білім  алуға құлшынысын  ояту,  сабақтастық  ұстанымдарын  сақтай

отырып,  кәсіби  бағытқа  бейімделген,  тілдік  функционалдық сауаттылығы,

саяси-құқықтық, 

жаратылыс 

заңдылықтары 

бойынша 


білім 

негіздері

қалыптасқан интеллектуалды іскер тұлға тәрбиелеуді парыз етіп ұстанады.



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау