7. Практикалық іскерлік, дағдыларды қалыптастырумен қатар нақты құбылыстарға
бақылау жасау арқылы практикалық операцияларды орындауға үйрету мәселелері де
қарастырылған.
8. VIII түрдегі коррекциялық мектеп оқушыларының құрамының әр түрлілігін және
математикалық білімді игерудің түрлі жолдарын есепке ала отырып, бағдарлама мазмұны
балалардың категориясына сәйкес оқу талаптарын дифференсациялауды талап етеді.
Бағдарлама көп жылға еңбектің жемісі көрсеткендей білім, іскерлік, дағдының
оптимальды көлемін анықтайды. Практикада көрсеткендей әрбір класта математикалық
білімді игеруде артта қалып отыратын балалардың болатынын көрсетеді. Олардың жаңа
материалды бір түсіндіргеннен кейін түсінбейтінін, олардың қайталап түсіндіруді
қажетсінетінін көрсетеді. Мұндай балалар үшін бағдарламада әрбір бөлімдерде
қысқартулар енгізілген. Сонымен мұғалім жеке жұмысты қажет ететін оқушылар үшін
талаптарды өзгереді. Бас миының қабығының локальдық бұзылуы анықталған балалар
үшін (арнайы мектептің барлық пәндерін игергенімен математика сабақтарынан үлгере
алмайтын оқушылар) қосымша сабақтар жүргізгеннің өзінде де ол балаларды мектеп
әкімшілігінің келісімімен мұғалімнің құрған жоспарына сай жеке сабақтар
ұйымдастырылу жағы да қарастырылған. Мұндай жағдайда жеке бағдарлама нақты
баланың математикалық білімінің деңгейі, үлгерімін есепке ала отырып құрылады.
9. Бағдарлама математиканы оқытудың негізгі міндеттерін шешуде мұғалімдерден
коррекциялық-дамытушылық міндеттерді шешуді жүктейді. Математиканы оқыту
бағдарламасының түсінік хатында баланың танымдық қабілеті мен жалпы дамуының
жағдайларын қарастыру керек екендігі айтылған.
VIII түрдегі коррекциялық мектептегі 0-1 кластарға түрлі даму деңгейімен, оқуға
деген дайындықтың түрлі деңгейімен қабылданатын болғандықтан бағдарлама дайындық
кезеңін (пропедевтикалық кезең) қарастырады. Дайындық кезеңінің міндеті-оқушылардың
заттардың пішіні, формасы, уақыт туралы түсініктерінің көлемі, кеңістікті бағдарлай
алуы, математикалық ұғымдары туралы мүмкіндіктерін зерттейді. Пропедевтикалық
кезеңде оқушылардың сан, сапа, көлем, кеңістік туралы ұғымдары қалыптасады.
Пропедевтикалық кезеңнің ұзақтығы оқушылардың құрамымен, олардың мектеп пәндерін
игеруге деген қабілеттіліктерімен, математикалық елестетулерінің деңгейлерімен
анықталады. Дайындық класында бір жылға немесе бірінші класта екі аптадан 1,5 айға
дейін созылуы мүмкін. Пропедевтикалық кезеңнен кейін математикалық бөлімдердің
мазмұны анықталады. Бұл бөлімдер:
А) нумерация, б) толық сандармен берілген арифметикалық амалдар, в) өлшем
бірліктері, г) бөлшек, д) геометриялық фигуралардың элементтері; Барлық кластарда да
математикалық есептерді шығару мазмұны қарастырылады.
Нумерацияны оқыту кезінде оқушылар натурал сандар қатары және олардың
қаситеттері, нөль, ондық жүйенің заңдылықтары туралы ұғыммен танысады.
Бағдарламада арифметикалық төрт амалмен есептеу миллион көлеміндегі сандармен
жұмыс жасауда қалыптасып, амалдар арасындағы ауыстырымдылық заңдылықтар
қарастырылады.
Өлшем бірліктерімен танысуда (ұзындық, масса, көлем, аудан уақыт) туралы
түсініктер қалыптасады. Бөлшектермен танысқанда қарапайым бөлшектер, ондық
бөлшектер, бөлшектерді салыстыру, бөлшектер арқылы арифметикалық амалдарды
орныдаумен танысады.
Коррекциялық мектептегі математиканы оқытудың бағдарламасы мыналарды
қарастырады:
1. геометриялық фигуралар (сызық, бұрыш, дөңгелек, көпбұрыш, геометриялық
денелер-параллелепипед, куб, цилиндр, конус, пирамида, шар) және олардың қасиеттері;
2. квадрат және куб өлшем бірліктері, кубтың параллелепипедтің, кубтың ауданын,
көлемін табу;
Математиканы оқыту бағдарламасында нумерацияны концентрлік оқыту және
арифметикалық амалдарды толық сандармен оқыту қарастырылған. Материалдың
концентрлік түсіндірілуінде сандармен, олардың қаситеттерімен танысады.
Әрбір концентрді жеке-жеке қарастырсақ, бірінші концентр алғашқы ондықтағы
сандармен, осы сандардың жазылуымен таныстыру, он көлеміндегі сандарды қосу, азайту,
баға өлшем бірліктері-теңге, тиын, олардың қасиеттерімен 0-1 кластарда танысады.
Екінші концентрдің міндеті 20 көлеміндегі сандар нумерациясы, осы сандарды
пайдалану арқылы арифметикалық амалды орындау, 11-20 арасындағы сандардың оқылуы
мен жазылуы, екінші ондықтағы санның жазылуы, көбейту және бөлу амалдарымен
танысу, өлшем бірліктерінің атауымен танысу, теңгемен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Екінші концентрдің материалдары 2-3 кластарда оқытылады.
Үшінші концентрде 100 көлеміндегі сандар нумерациясы, екі таңбалы сандарды
қосу мен азайту, ауызша және жазбаша есептеуге үйрену жүзеге асырылады. Таблицалық
көбейту мен бөлу аяқталып, таблицадан тыс көбейту мен бөлу игеріледі. Үшінші
концентрдің материалдары 3-4 кластарда игеріледі.
Төртінші концентрде мың көлеміндегі сандар нумерациясы, разрядтық
бірліктермен жұмыс жасаумен танысады. Салмақ, көлем өлшем бірліктерімен жұмыс
жасау әрі қарай жалғасады. Теориямен қатар оқушылардың практикалық жұмыс жасау
дағдылары қалыптасады.
Бесінші концентр 1 000 000 көлеміндегі көп таңбалы сандармен танысу,
арифметикалық амалдармен жұмыс жүргізіледі. Бағдарламада 1 000 000 көлеміндегі
сандармен танысу мынадай сандар қатарына бөлшектеніп игеріледі: 6 класта 10 000, 7
класта 100 000-ға дейінгі сандар, 8 класта 1 000 000-ға дейінгі сандармен таныстырылады.
Көп таңбалы сандармен жұмыс жасау арнаулы мектеп оқушыларының қабылдау
ерекшеліктеріне қарай бірте-бірте игертіледі.
VIII түрдегі коррекциялық мектеп оқушылары математиканы оқыту кезінде
төмендегі біліммен қарулануы тиіс:
А) 1 000 000 көлеміндегі сандар санау, оқу, жазу, сандардың құрамын білу, кластар,
разрядтар, ондық құрамын білуі керек;
Б) бөлшекті алу, оқу, жазу, бөлшектерді алу;
В) арифметикалық амалдардың көмегімен 100 көлеміндегі сандарды санау (тура,
кері), көбейту мен бөлу кестесін жатқа білу;
Г) үш амалмен берілген қарапайым және күрделі есептерді шығару;
Д) өлшем бірліктер арқылы арифметикалық амалдарды орындау, циркуль, рулетка,
масштаб сызғышы, гірмен, транспортирмен жұмыс жасау;
Е)геометриялық фигураларды ажырату, атай білу, негізгі геометриялық
фигураларды ажырата білуі керек.
Математика - Арнайы мектептердегі жалпы білім берудегі негізгі пәндердің бірі.
Математиканың жүйелі курсы 1-сыныптан 9-сыныпқа дейін оқытылады. Дайындық
сыныбында балаларды математикалық материалдарды түсінуге және қабылдауға
дайындайтын, мектепке дейінгі балалар дамуындағы бос аралықтарды толықтыратын
"Математика әліппесі" енгізіледі.
Математика Арнайы мектептің негізгі мақсатын (балаларды әлеуметтік бейімдеу және
еңбекпен оңалту) орындауға көмектеседі. Осы мақсатқа байланысты, бағдарламада арнайы
мектеп оқушыларының ақыл-ой деңгейіне сәйкес материалдар мен кұнделікті өмірдегі және
кәсіби еңбектегі қажетті түсініктер енгізілген. Математика пәнін оқуда арнайы мектеп
окушылары қабылдау мүмкіншіліктерінің шектеуліктеріне байланысты алған ақпараттарын
пайдаланып, сақтауда және өңдеуде көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Бұл балалардың
таным қызметтерінің бұзылуына байланысты. Бағдарламаның маңызды мақсаттарының бірі
математика сабақтарында окушыларға тәжірибеден алған мысалдарын кеңінен пайдаланып
пәнді, затты іс жүзінде оқыту сабақтарымен байланыстыра отырып, нақты өмірлік
материалдарға сүйеніп, математика ұғымдарьш меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |