дағдыларын қалыптастыру. Бұл балалардың сөйлеу және ойлау қабілетін дамытып, берілген
тапсырманы саналы түрде орындауға үйретеді.
Балалар сандарды үйренумен қатар, олардың көлем өлшемі бірліктерімен танысады.
Осының нәтижесінде, математикалық ұғымдардың тәжірибедегі ерекшелігін түсінуге,
оқушыларға алған білімдерін, тәжірибелік есептерді шығару барысында пайдалануға
мумкіншілік жасайды. Қабылдау деңгейі басқалардан жоғары балаларды аудан, периметр
және кейбір геометриялық фигуралар мен денелердің көлемін әріппен белгілеуге үйрету.
Жай бөлшектерді еткен кезде, тәжірибе жұмыстарын жиі ұйымдастыру (көлемді,
сусымалы және сұйық заттармен, геометриялык фигура үлгілерімен) қажет. Есептегі жай
бөлшектер қарапайым түрде беріледі. Ондық бөлшектер жай бөлшектердің жеке, күрделі
жағдайында беріледі. Бөлшектің бұл екі түрін өзара салыстыру қажет (олардың
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын байқау). Ондық бөлшектерді қабылдау
оқушылардың бүтін сандарды, бірліктер жүйесін, жай бөлшектерді білу және жаза білу
қабілеттеріне тәуелді. 9 сыныптағы пайызды оқыту, оқушылардың ондық бөлшектер
туралы білімдеріне сүйенеді.
Оқушылар бірінші сыныптан бастап көптеген математикалық түсініктерді
қалыптастыру құралы болып табылатын арифметикалық есептермен танысады. Алғашқы
арифметикалық есептер шешімі ашық көрсетілген сюжетті және иллюстрациялық есептер.
Балалар берілген заттарды санау тәсілін пайдалана отырып, берілген сұраққа жауап береді.
Бұдан кейін шешімі көрсетілмеген сюжетті және иллюстрациялық есептер беріледі.
Окушылардың алдында есептің жауабын табу үшін, арифметикалық амалдарды таңдап алу
қажеттілігі туындайды. Осыдан кейін еөздік арифметикалық есептер енгізіледі. Мұғалім
окушыларды есептің құрылысымен (тәсілі, берілген саны, сұрағы) таныстырады.
Сөздік есептерді шығаруға сабақ уақытының жартысынан көбі бөлінеді. Есептерді
шығару барысында көптеген математикалық түсініктер мен қатынастар қалыптасып, балалар
алған білімін барлық жағдайларда колдана білуге үйренеді. Оқушылардың ойлау қабілетін
дамытуға мүмкіндік туып, ұқыптылыкқа, қиындықты жеңе білуге және бастаған ісін аяғына
дейін жеткізу қабілеті қалыптасады.
Мұғалім арифметикалық есептерді таңдағанда тек оқулық материалдарымен ғана
шектеліп қоймау керек. Кәсіби еңбек сабақтарында, тұрмыста, дүкенде және де басқа
жерлерде де туатын заттық-тәжірибелік жағдайларды пайдаланған тиімді. Дайын сөздік
есептерді шығарумен бірге, окушыларды есепті езгертуге және құрастыруға үйрету маңызды.
Жұмыстың бұл түрлері есептің құрама бөліктерін және оларды шығарудың жалпы тәсілдерін
меңгеруге көмектеседі.
Арнайы мектептегі толық оқу курсы бойынша есептің барлық түрлерін шығаруда
олардың жауаптары беріледі.
І-IV сыныптарда математика сабақтарында көрнекі геометрия бөліктері оқытылады.
Геометриялық материал әрбір математика сабақтарына енгізіледі. Мүмкіндігіне қарай, ол
арифметикамен байланыста берілуі қажет. Оқушылар геометриялық фигуралар мен
денелерді, олардың қасиеттерімен танысады және ол өлшеу және сызу құралдарын
пайдалануға үйренеді.
V-IX сыныптарда математикаға берілген жалпы сабақтардан аптасына бір сағат
геометриялық материалдарды оқытуға бөлінеді. Геометриялық білімдерді қайталау, бекіту
және математика сабақтарында графикалық икемділіктерді қалыптастыру көзделеді.
Дәріс мазмұны бойынша тапсырмалар мен сұрақтар
1. Арнайы мектеп бағдарламаларының құрылуына қойылатын талаптарды
ата.
2. Арнайы мектептерге аналған бағдарламаны құрудағы концентрлік
жүйелерді ата, олардың қажеттілігін анықта.
3. Арнайы
мектеп
бағдарламаларында
көрсетілген
оқушылардың
математикалық білім,
іскерлік, дағдыларын қойылатын талаптарды ата.