Аннотация Арнайы мектепте геометриялық материалды оқыту (уақыт, кезең).
Арнайы мектепте геометриялық материалды оқытудың міндеті және жұмыс мазмұны.
Арнайы мектепте геометриялық көрнекіліктердің элементтерін оқытудың негізгі
талаптары мен жалпы әдістемелері.
Арнайы мектептің кіші сыныбында геометриялық фигураларды оқыту
әдістемесінің мазмұны.
Арнайы мектептің жоғарғы сыныбында геометриялық фигураларды оқыту
әдісітемесінің мазмұны. Көрнекі дидактикалық жабдықтар.
Арнайы мектепте геометриялық материалды оқытудың қиындықтары мен
ерекшеліктері.
Кілт сөздер: геометриялық фигуралар, геометриялық түсініктер, геометрия
элементтері.
Жоспар:
1. Арнайы мектеп оқушыларына геометриялық материалдарды игерту.
2. Геометриялық материалдарды оқытудағы қағидалар.
3. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қалыптастыралатын геометриялық
түсініктер
4. Оқушыларға түсіндірілетін геометрия элементтері.
1.Жалпы білімнің негізі бастауыш мектепте қаланатыны белгілі. Оның үстіне адам
танымының ерекшеліктерін зерттеген ғалымдардың ғылыми жұмыстарының нәтижесінде
қарағанда бастауыш мектеп жасындағы балалар дүнинені тұтас қабылдайды. Оларда әр
нәрсені әр түрлі көзқараспен қарау мысалы, бала ыдыста тұрған бір топ гүлдің тек қана
санына, әр біреуінің тұрған орнына, ретіне, өлшеміне ғана көңіл аударып қоймайды.
Балаға оның түсі, иісі т.б жақтары қызығырақ болады.
Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойынан алады.
Оқыту
процесінде
балаларды
ең
қарапайым
шар, құрылыс
материалдарын,
мозайкалармен т.б. танстырады. Балалармен ойнай бастаған педагог геометриялық
фигуралардың дұрыс атын атайды.
Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы
түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты
ажырата білуді үйретеді. Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа алғаш рет келуі болады,
сондықтан сабақты фигуралармен таныстырудан бастау керек. Кішкентайлар тобымен
жұмыс істеген тәрбиеші шарды атап, оны атап көрсетеді, әр түрлі қимылдар жасап
қолдан-қолға домалатады. Екі алақанымен дөңгелетеді, үстел үстінде дөңгелетеді, қимыл
барысында тәрбиеші сөйлеп айтады: шар домалап жатыр. Мен шарды қолдан-қолға
домалаттым. Балалар қолдарына шар алып дәл осы әрекетті қайталайды, кейін кімнің
шары қандай түсте екенін анықтайды. Қорыта келе, қолда қызыл шар ол домалап жатыр.
Балаусада көк шар домалап жатыр. Мұхаметжанда жасыл шар ол да домалап жатыр
барлық шарлар домалап жатыр.
Кейін балаларды кубпен таныстырады. Оларда заттың көлемін зерттеу тәжірибесі
болғандықтан әр түрлі өлшемдегі кубтар ұсынылады. Алдымен тәрбиеші кубты көрсетіп
атайды. Кейін екі түсі өзгеше куб көрсетеді және бұл не? Оның түсі қандай? Қай куб көп
немесе аз деген сұраулар қояды. Оқушылар кубты әбден ұстап, зерттеп болғаннан кейін
оның тұрақты екенін анықтайды. Олар үлкен кубтың үстіне кішісін қойып, бірдеңелерді
құра бастайды.
Кейін бұл фигураларды салыстыру, топтастыру жаттығуын жүргізді. Оқушыларға
үлгі бойынша бірнеше шар немесе куб алуды ұсынады.
Шар немесе кубты көрсет (3-4 фигураның арасынан). Дәл сол түстегі немесе
көлемі де сондай шарты тауып көрсет.