«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет6/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
14
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
мәртебесінің  төмен  болуынан  (кей  жағдайда  оны  бала  тәрбиесінен, 
тілдік тәрбиеден басын аулақ салуынан) туындайды.
Әлемдік  тілдердің  көлеңкесінде  қалдырмас  үшін,  шет  ел  тілдерін 
оқыту тілі – қазақ тілі болуы шарт.
Бұлай  дейтін  себебім  сол  –  2008  жылы  12  жылдыққа 
көшу эксперименті 6 класты қамтиды. Бұл қанша бала? Қазақ тілінен 
ада,  таза  ағылшынша  оқытылатын  бала  аз  болмайды,  мұның  үсті- 
не  қазір  19  мың  азаматымыз  шет  елде  оқитынын,  бұдан  былай  жыл 
сайын шет елдің жоғары оқу орындарына 3 мың азаматымызды оқу- 
ға  жіберу  жоспарланған.  4551  баланы  шетел  асырап  алды.  Бұдан 
басқа да қазақ баласының қазақ тілінен қақас қалатын жағдайлары 
баршылық.
Қазіргі  кезде  күллі  қазақ  баласы  арасындағы  қазақша  оқитын 
қазақ  баласының  үлес  салмағы  қанша?  Білім  беру  бағдарламасы 
бойынша, «мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі оқушылардың 
контингенті  ұлғайып  келеді.  Егер  2000  жылы  оқушылардың  52,1  % 
-ы мемлекеттік тілде оқыған болса, ал бүгінгі таңда 54,8 %-ы оқиды». 
Демек,  бұл  мәлімет  рас  болса,  дәл  қазір  қазақ  баласының  45,2  %-ы 
ана  тілінде  оқымайды  деген  сөз.  Бұған  иланбасқа  амал  жоқ  (біраз 
бұрын күллі қазақ баласы арасында қазақ тілінде оқымайтындар 38 
%-ды  құрайтынын  жазған  болатынбыз).  Міне,  осы  жәйттер  жалғаса 
берсе  Жолдауда  аталған  қазақтың  ана  тілін  оқуына,  қазақ  тілінің 
мемлекеттік  тіл  ретінде  Қазақстан  халқының  басын  біріктіруші 
фактор бола ма, бұған лингвистикалық, педагогтік мекемелер ерекше 
назар аударуы тиіс болса керек.
Ендеше,  министрліктің  «қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  оқыту, 
дамыту стратегиясын» жасауы шарт.
Тілді  оқыту  стратегиясы  мазмұны  тек  лингвистикаға  негізделмеуі 
тиіс,  жас  ұрпақты  заманға  лайықты,  ұлттық  қасиетімізді  сақтай 
отырып  тәрбиелеуге,  бәсекеге  қабілеттілікке  баулу  және  азаматтық 
болмысын  сомдауға  негізделуі  керек.  Бұл  іске  психолингвист, 
социолингвист кеңінен тартылуы тиіс.
Егер  министрлік  тапсырма  берсе,  біздің  институт  ғалымдары 
шағын  уақытша  жұмыс  тобын  құрып,  сол  стратегия  негізін  жасауға 
атсалысар еді.
Елбасы  атап  айтты:  «Бәрі  де  мектептен  басталады.  Сондықтан 
біз  2008  жылдан  бастап  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беруге 
көшіп,  педагогтардың  кәсіптік  деңгейін,  оқулықтар  мен  білім  беру 
бағдарламаларының сапасын арттыруға тиіспіз».
Елбасының  күш-жігері,  Жолдауда  көрсетілгендей,  «білім  беруді, 
кәсіптік  даярлық  пен  әлеуметтік  саланы  XXI  ғасырдың  деңгейіне 
көтеруге»  бағытталған.  Жолдауда  «XXI  ғасырда  білімін  дамыта 
алмаған  елдің  тығырыққа  тірелері  анық.  Біз  болашақтың  жоғары 
технологиялық  және  ғылыми  қамтымды  өндірістері  үшін  кадрлар 
қорын  жасақтауға  тиіспіз.  Осы  заманғы  білім  беру  жүйесінсіз  әрі 


ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
15
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
алысты  барлап,  кең  ауқымда,  жаңаша  ойлай  білетін  осы  заманғы 
басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.
Барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға 
бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» деп атап көрсетілді.
Әлбетте,  білімін  дамыта  алмаған  ел  болуымыз  керек,  бірақ  әңгіме 
білімді  қай  тілде  дамытуда.  Білімді  өз  мемлекеттік  тілімізде  дамыту 
бір  басқа,  өзге  елдің  мемлекеттік  тілінде  дамыту  –  мүлдем  басқа. 
Кадрлар мен басқарушылардың (менеджерлердің) шетел тілін білгені 
жақсы, бірақ мемлекеттік тілді жұмыс бабында (мысалы, қабылдауда, 
өндірісте, іс жүргізуде) қолдана алатындай болуы шарт.
Жолдауға  іле-шала  Білім  беру  мониторингі  жарияланды.  Өзімнің 
байқағандарым  жөнінде  жуырда  Шымкентте  іссапармен  болғанда 
педагогика  ғылымының  докторы  Амангелді  Жапбаров,  сондай-ақ 
Сандыбай,  Амангелді,  қарағандылық  Мархабат,  Жандос  сынды 
доценттермен, Айсұлу, Жанат сынды ұстаздармен пікір алыстым. Сол 
пікір  алысуда  оқулыққа,  қазақ  тілін  оқытуға  байланысты  мынадай 
жәйттер атап айтылды. Олар:
1.  Көптеген  оқулықтар  тілінің  тартымсыздығы,  әсіресе  этно- 
педагогикалық тұрғыдан баяндау тілінің нәрсіз болып келе беретіні;
1) Оқулық мазмұны мен тілінің этнопедагогика ғылымына сай келе 
бермеуі;
2) Оқулық тілінің сөздерді жиілік сөздік ұстанымына құрылмауы; 
Мұндай  жағдайда  сирек  кездесетін  сөз  қолданылады  да,  ұғым 
игерілмейді, сөз түсініксіз болып қала береді.
3)  Күні  бүгінге  дейін  I-XI  сынып  оқушыларының  сөздік  қоры 
мөлшерінің белгісіздігі. Әр кластың сөздік қоры нақтылануы қажет.
2.  Мектеп  оқушысына  арналған,  оқушының  деңгейіне  лайықты 
көптеген пән бойынша терминологиялық сөздіктің бола бермейтіндігі.
Айта кеткеннің артықтығы болмас, осы мәселелер Қазақ мемлекет- 
тік  қыздар  педагогика  институтының  Тіл  теориясы  мен  оқыту 
әдістемесі  және  Қазақстан  тілдері  кафедрасының  зерттеу  нысаны 
болып отыр.
Айталық,  лексикаға  оқыту  деген  –  қазақ  тіліне  оқыту  үдерісінің 
құрамдас бөлігі. Бұл қазақ тілін, әдебиет және басқа пәндерді оқыту 
сабақтарының  барлық  деңгейінде  жүзеге  асады.  Лексикаға  оқыту, 
яғни  оқушы,  оны  анықтау,  активтендіру,  оқушылардың  негізгі 
лексикологиялық  ұғымдарды  меңгеру,  сөздіктерді  пайдалана  білу 
дағдысының қалыптасуы үстінде жүзеге асады.
Әріптестердің  тағы  бір  айтқаны  сол  –  аудандық,  облыстық, 
қалалық білім беру бөлімдері штатында инспектор деген бар, олардың 
әдістемемен  шаруасы  жоқ  екен.  Инспекторлардың  көбі  әдістеме 
маманы  болғандықтан,  әдістемелік  нұсқаулықтар  (Ы.Алтынсарин 
академиясында  дайындалған,  басқа  оқу  орнында  дайындалғандар) 
мектепке жетпейді екен. Әдістемелік көмек үшін қаржы бөлінбеген. 
Озат тәжірибе насихатталмайды, пайдаланылмайды.


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау