ОНОМАСТИКА
92
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
жасалған эргонимдер (мұнай компаниялары:
ЖандосРоссия –
«ЖанРос»; Қазақстан Россия мұнай – «КазРосМұнай»; Фармация
Сервис –«ФармСервис», т.б.. 2) қосарлану арқылы жасалған
эргонимдер («
Эко-фам», «Ай-дан-инвест», «Аңсар-Сервис»,т.б.). 3)
сан және өзге де символдар қоса жазылғандар
(«Жайна -2», «Прага
-7», «Азия +», «Шейх-S» т.б.).
Қызылорда қаласындағы эргонимдерге сөзжасамдық тұрғыдан
талдау жасау барысында біз семантикалық тәсілдің өнімді екенін
көрдік. Оның ішінде ең өнімдісі эргоним сөздер, оның ішінде
онимдену
жолымен жасалғандары. Бұл тілдік материалды үнемдеуге қатысты,
өйткені метафора мен метанимия тұтынушынының көңілін аудартуға
септігін тигізеді, атау берушіге қысқа да нұсқа, образдық ат қоюға
көмектеседі. Саны жағынан келесі орынды эргоним сөз тіркестері
алады. Бұл тәсілді атау берушілер бойына барынша көп ақпарат
жинақтайтын көпқызметті эргонимдер жасауда жиі пайдаланады.
Жоғарыда айтын өткеніміздей, эргоним сөйлемдер зерттеу нысаны
болып отырған қала тілінде кездеспейді.
Қаладағы
әртүрлі
кәсіпорындарының
маңдайшаларында
мүлдем жіберуге болмайтын түрлі қателіктерін жиі көретін
болдық. Біз бұларды сондай-ақ жарнамалардан, афишалардан,
хабарландырулардан т.б. көреміз. Бұл не? Бұл сауатсыздық сөзді
дұрыс айта алмаудан ба, әлде дұрыс жаза алмаудан ба немесе әдейі
бөлектеніп көрініп, назар аудартудан ба? Біздің көзқарасымыз
бойынша, Қызылорда қаласы эргонимдерінде осы заманғы жазу өз
бейнесін тапқандай. Эргонимдерден біз көбінесе орфографиялық
нормалардың саналы түрде бұзылғандығын кездестіреміз. Мысалы,
бас әріптерді нормаға сәйкес қолданбау, ат қоюшы сөздің алдыңғы
бөлігін бөлектеп көрсетеді
(«АВТОбөлшектер»), кейде бас әріптер сөз
тіркесінің ортасында қолданылады
(«Ыдыстар Әлемі», «Сыр Әлемі»-
«Мир Красок»), (жалпы Ыдыстар, Кілемдер, Киімдер деп көптік
жалғаумен жазу да қазақ тілінің табиғатына жат), тіпті сөздің соңын да
бас әріптермен саналы түрде жазу кездеседі
(«МастерОК», «ТурАН»
«ӘлемТУР» «ШоқСУ»).
Тағы бір тілдік норманы бұзушылыққа сөзбен бірге әріптік емес
таңбаларды
пайдалану жатады
(«Азия+», «Прага- 7», «
Ѽптовик», ).
Кейбір эргонимдерден шетелдік әріптердің (латын алфавиті)
араласуын жиі көреміз
(«Sарқырама», «ШейхS» «Лаборотория-S»,
«Империя –s»).
Қазақтың біртуар азаматтарының есімдерін қала көшелеріне
беруге болғанымен, оларды сол көше бойындағы нысандарға беруге
болмайды. Мұндай келеңсіздіктерге тиім салынуы керек. Мысалы,
«Төле би» дүкені, «Baistrit» (Байтұрсынов көшесінгегі мейрамхана),
«Бейбарыс» сауда үйі, т.б.
Қаланың лингвистикалық ландшафтында шетелдік лексиканың
белең алғандығын айтпай кетуге болмайды. Мұндай шетелдік сөз-