«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет43/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

МЕРЕЙТОЙ
102
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Ә
рбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі 
әдебиеттің  қадір-қасиеті,  мәні,  нәрі  қандай  болатынын  қысқа 
сөз  көлемінде  таратып  айтпай-ақ  қоямыз.  Ол  даусыз  айқын  ақиқат 
дәрежесіндегі  қымбат  шындық  болғандықтан  жалпы  жайға  тоқтау 
орнына  нақтылы  сөзге  келейік.  Ана  тілі  мен  ана  тілі  әдебиетін  әрбір 
жас  буынға  екі  алуан  жолмен  жақын  етіп  білдіру  бар.  Бұның  сара 
жолы – мектеп арқылы оқытып білдіру. Екіншісі, ұзақ болса да кейде 
өнімді,  қонымды  болатын,  әр  адамның  өздігінен  оқу-іздену  арқылы 
сол ана тіл әдебиетін баурай білуі бар.
Бірталай қызметкерлер, олардың үй іші кейде тіпті қазақ әдебиетін, 
ол  әдебиеттің  көрнекті  нұсқаларын,  орысша  аударылған  түрде  ғана 
оқиды.  Оны  да  дәстүрі  зор,  мәдениеті  мол  орыс  оқушысы  құптап, 
мақтағаннан  кейін  ғана  амалсыздан  оқығандай  оқитындары  да 
жоқ  емес.  Осындай  оқушының  да  бар  екені  даусыз.  Әрине  бұл  жәй 
ол  адамдар  үшін  сорлылық!  Біздің  білуімізше,  ондай  мамандар, 
қызметкерлер  және  олардың  кітап  оқуға  жарарлық  үй  іштері  орыс 
әдебиетін де жетістіріп оқып жүрген жандар болмауы керек. Бұндай 
адамдар мемлекеттік – бір сала істің, басы-қасында болса да, арнаулы 
мамандықты ұстап жүрсе де және тігінші тіккен костюм мен платье, 
пальто  әкеп  қондырған  сырт  мәдениеті,  көрініс  көркі  болса  да, 
шынында жоғарыда аталғандай, толық интеллигенттік сипатқа ие деу 
қиын. Кей уақыттарда оқытушылар арасында әдебиет тіл жайы емес, 
математика, физика сияқты сабақтарды оқытатын қазақ мұғалімдері 
арасында да, ана тіл әдебиетін онша біле қоймайтын жайсыз көріністер 
байқалатын тәрізді.
Қысқа мақала көлемінде осы жоғарыда аталғандай жайлы, жайсыз 
күйлерді еске ала келе айтарымыз: қазақ мектебіндегі бала келешекте 
қай  мамандыққа  барам  десе  де,  ең  алдымен  өзінің  ана  тілін,  ана  тіл 
әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығынан аттаған 
соң да мамандық білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да, асыл 
қасиетіндей сақтау керек. 
(Автордың Ана тілі әдебиетін сүйіңдер еңбегінен алынды)
Мұхтар ӘУЕЗОВ


ЖЫЛ ЖЕМІСІ
103
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қазақ елінің тәуелсіздікке ие болуы –
 
оның  саяси  мәртебесін,  экономикалық 
дербестігін  ғана  емес,  сонымен  қатар 
жаңа 
мемлекеттің 
мәдени-рухани 
келбетін  де  қалыптастыруда  осы 
үдерісте  қазақ  тілінің  орны  аса 
айрықша. 
Тілімізге 
мемлекеттік 
мәртебе  берілуі  оның  саяси-қоғамдық, 
әлеуметтік  өрісін  кеңейтіп,  оған  соны 
қызметтер  жүктеуде.  Қазақ  тілі  енді 
қоғамның  барлық  саласына  еніп,  басқару,  реттеу,  жұмылдыру, 
ақпарат,  ғылым  тағы  да  басқа  салалардың  негізгі  тіліне  айналу 
үдерісіне  енді.  Әлбетте,  бұл  қазақ  тілінің  барлық  стильдік 
тармақтарының  жетілуіне,  сөзжасам  мен  терминжасам  үдерісінің 
күшеюіне  алып  келеді.  Қазіргі  кезде  тіл  кеңістігінде  осындай  ішкі 
сапалы өзгерістер жүруде. Әрине, олар белгілі бір шаралар, мақсатты 
жұмыстар  арқылы  жүзеге  асады.  Елімізде  тіл  саясатын  жүргізудің 
уәкілетті  органы  –  Мәдениет  және  спорт  министрлігі  осы  бағытта 
көптеген жұмыстар жүргізуде. Министрліктің Тілдерді дамыту және 
қоғамдық-саяси  жұмыс  комитеті  және  оның  жанындағы  Ш. 
Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік  орталығы  үстіміздегі  жылы  мемлекеттік  тілдің  қолданыс 
аясын  кеңейту  және  еліміздегі  өзге  тілдерді  қолдау  мақсатында 
бірқатар  шаралар  өткізді.  Мұндай  шаралар  өзінің  ұйымдастырылу 
мазмұны жағынан ғылыми-әдістемелік, көпшілік, насихаттық сипатта 
болды. 
Еліміздегі  тіл  насихаты  және  осы  бағыттағы  өзге  де  жұмыстар, 
негізінен алғанда, мемлекеттік тілмен сабақтасатыны түсінікті. Қазақ 
тілінің басқа тілдерге қарағанда ерекше мәртебесі, мемлекетқұрушы 
ұлттың тілі болуы оған осындай айрықша басымдық береді. Тілдің ұлт 
тарихында алатын орны, оның ділі мен руханиятын қалыптастырудағы 
маңызы,  халықтың  танымын  түзудегі  және  оны  ұйыстырудағы  рөлі 
қашанда тағдырлы мәселе болған. Сондықтан ұлттың барша болмысын 
жасаудағы тілдің ерекше ықпалы қашан да жоғары бағаланған. Елбасы 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың:  «
Ғасырлар  бойы  қазақтың  ұлт 
Тіл мәртебесін көтеру – 
маңызды міндет


ЖЫЛ ЖЕМІСІ
104
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ретіндегі  мәдени  тұтастығына  ең  негізгі  ұйытқы  болған  –  оның 
ғажайып тілі» деген сөзі осы ойымызды айғақтайды. 
  Еліміздегі тіл саясаты ұлт пен мемлекет 
өміріндегі 
тілдің 
барлық 
маңызды 
қырларын  ескере  отырып  жүргізілуде. 
Еліміздегі  тіл  саясатының  басты  бағдар- 
лары Ата заң - Конституциямызда, Тілдер 
туралы  заңда  көрсетілсе,  оны  нәтижелі 
іске асыру жолдары Тілдерді дамыту мен 
қолданудың мемлекеттік бағдарламасын- 
да толық айқындалған. Осы бағдарламада 
айқындалған талаптарды орындаудағы Тілдерді дамыту және қоғамдық 
саяси жұмыс комитетінің және оған қарасты Ш. Шаяхметов атындағы 
тілдерді  дамытудың  республикалық  үйлестіру-әдістемелік  орта- 
лығының 2015 жылы атқарған жұмыстары әр алуан. 
2006 жылғы қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 
XII  құрылтайында  Елбасы  Н.Назарбаев  «Үштұғырлы  тіл»  туралы 
идеяны  жариялап,  2007  жылғы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан» 
атты халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени 
жобаны  кезең-кезеңмен  іске  асыруды  ұсынған  болатын.  Болашағы 
біртұтас ұлт институционалды реформасында да осы мәселе көтерілді. 
Үстіміздегі  жылдың  10  сәуірінде  ҚР  Премьер-Министрінің 
орынбасары,  ҚР  Мәдениет  және  спорт  министрлігінің  өкілдері,  ҚР 
Парламенті  Мәжілісінің  депутаттары,  БАҚ  өкілдері,  облыстардағы 
тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік тілді оқыту орталық- 
тарының, мемлекеттік мекемелердегі және ұлттық компаниялардағы 
Тілдерді  дамыту  бөлімдерінің  басшылары,  арнаулы  және  ЖОО, 
Тіл  саласындағы  қоғамдық  бірлестіктер,  үкіметтік  емес  ұйымдар 
өкілдерінің  қатысуымен  «Тіл-татулық  тірегі»  республикалық  кеңе- 
сі  өткен  болатын.  Республикалық  кеңес  мемлекеттік  тіл  саясатын 
насихаттау,  Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен 
қолданудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарла- 
масын жүзеге асыру, республикадағы Тілдерді оқыту орталықтарының 
жұмысын біріздендіруді мақсат етті. 
Аталған  кеңестің  қорытындысына  сәйкес  «Оқыту  әдістемесін 
біріздендіру,  Тіл  оқыту  орталықтары  оқытушыларының  біліктілігін 
арттыру, мамандардың беделін көтеру және еңбектеріне мемлекеттік 
қолдау көрсету, басқа да жұмыстар бойынша нормативтік-құқықтық 
базасын  реттеу,  терминологиялық  жұмыстарды  жандандыру 
бойынша  негізгі  үйлестіруші  орган  ретінде  Ш.Шаяхметов  атындағы 
тілдерді  дамытудың  республикалық  үйлестіру-әдістемелік  орталығы 
белгіленсін»,  -  деп  атап  көрсетіліп,  Орталыққа  бірқатар  маңызды 
міндеттер артылды.
Бүгінгі таңда Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комите- 
тінің  қолдауымен    орталықтың  ғылыми-әдістемелік  әлеуеті  көтеріліп 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау