СӨЗ ТӨРКІНІ
61
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
болып тұрған екі белгі бар: бірі – оның мүжілген, ескі тау екені,
екіншісі – таудан гөрі жарға ұқсауы.
ОРАЛ – е.м.(қала). БҚО.
Орал оронимі туралы көптеген көзқарас-
тардың ішінен екеуін екшеп атауға болады: 1) Ғ.Қоңқашпаев пен
А.Әбдірахманов келтірген
Орал қаз. «белдік тәрізді орап, оралып
жатқан тау» мағынасы. Таудың оңтүстіктен солтүстікке қарай белбеу
(белдік) секілді созылып жатуы бұл пікірге негіз болған. 2) Белгілі
топономист-ғалым А.К.Матвеевтің «таудың әуел бастағы аты –
Арал,
оны башқұрттар өзгертіп, өз тіліне бейімдеп айтады» деген тұжырымы
[2;156]. Бұл тұжырымның Қазақстандағы Арал теңізіне қатысы жоқ,
Орал тауы басқа тау жүйелеріне жалғаспайтын, Шығыс Европа жазығы
мен Батыс Сібір жазығын бөліп жатқан, арал тәрізді жеке тау болған
соң, түркілер
Аралтау атап кетуі мүмкін (арал сөзі тек суға қатысты
айтылмайтыны мәлім. М.: Аралтоғай). Аралтауды башқұрттар
Оралтау/
Оралтав түрінде бұрмалап атайды, өйткені башқұрт тілінде а дыбысын
о түрінде айту құбылысы бар. Осы,
соңғы пікір, шындыққа жанасады.
СОЗАҚ – е.м. ОҚО, Созақ ауд. Созақ көне қалалар қатарына жа-
тады. Оның нақты этимологиясы ашылған жоқ. Көптеген ғалымдар «су
сақтары» дегенге икемдеп, этнотопоним ретінде таниды. Алайда бұл
жерде айта қаларлықтай үлкен су жоқ болғандықтан, ол пікір теріске
шығады.
Т.Жанұзақ оғыздардың парсыларға қойған аты болуы мүмкін
екенін келтіреді:
сұғақ > созақ [2;174].
Созақ топонимі туралы тағы екі түрлі болжам айтуға болады: 1)
В.В.Радловтың сөздігінде кездесетін «түрк. (шағат.)
сусак – «ағаш
шөміш, ожау» сөзінен жасалуы мүмкін.
Сусак > Созақ атауы «ойпаң
жерлерге» беріледі. Мысалы, ұйғ.
Чугучак > Шәуешек «ожау, шөміш»
ойконимі мәнді сөз болуы да мүмкін. 2)
Созақ < Соз-ақ «созылған,
шалғай орналасқан» мәнінде тұруы да ғажап емес, өйткені Созақ Сыр
бойындағы басқа көне қалалардан шеткері орналасқан.
СЫРДАРИЯ - өзен. ОҚО.
Сырдария өзенінің көне атауларының бірі
Інжу гидронимі екені тарихтан белгілі. С.Г.Кляшторныйдың айтуынша,
бұл өзен көне түркі жазба ескерткіштерінде
Йенчу үгүз «маржанды
(жемчужная) өзен» деп аталса, қытай жазбаларында
Чжень чжу-
хэ «река истинного жемчуга» деп аталған көрінеді. И.Маркварт осы
түрік, қытай тілдеріндегі мағынаны парсылар өзгертпей,
Яқсарт
«истинный жемчуг» түріне аударып алғанын дәлелдеп шыққан
[11;189]. Ал О.О.Сүлейменов славян тілдеріне енген түркі сөздерінің
қатарына
жемчуг сөзін де жатқызады. «Өйткені, - дейді ол, - қытай
тіліндегі
йенчу сөзінің нақты этимологиясы болмағандықтан, оның өзі
түркі тілінен қабылданған сөз болуы мүмкін»[12;9].
Біздің ойымызша, ертеде негізінен көшпелілер мекендеген Орта
Азия мен Қазақстан далаларында қала аз салынғандықтан және
көшпелілер қарым-қатынас жасайтын қалалардың дені
Яқсарт
(Сырдария) бойында моншақша тізіліп орналасқандықтан, ол өзенді