СӨЗ ТӨРКІНІ
59
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Ертіс суын кешпекші,
Содан халық сескенді», - деп Ертістен өтуге үлкен мән беріледі [6;
186]. Ұзындығы 4,5 мың километрге жуық, ені 100-120м өзенді кешіп
өте алмаған керуендер өзенді бойлап, оның басын (Моңғол Алтайын)
айналып өтуге тура келген [7;71].
ҚАЛБА – тау жотасы (1606 м). ШҚО. Қалба оронимінің
этимологиясы туралы мынадай үш түрлі пікір келтіруге болады:
1. Қалба – түркі.
қалбағай «жалпақ»; эвенк. калбин «кең», мәнжүр.
кальфан «жалпақ»; моңғ. халбағар «кең», «жалпақ», халбага «қасық»
сөздерімен ұялас келіп, «жалпақ тасты, аласа тау» мағынасын береді.
Таудың өзі де текшеленген, қатталған жалпақ тастардан тұрады.
2. Сонымен бірге, тұңғыс-мәнжүр.
колбо/холбо «жалғасу»,
«қосылу»; моңғ.
холбо «жалғастыру», «байлау»; түркі. қосу
(В.И.Цинциус //Алтайские этимологии,1984,92-93) сөзінен
Қолба >
Қалба «Өр Алтай мен Батыс (Кенді) Алтайды жалғастырушы, қосатын
тау жотасы» мағынасына да келеді.
3. Қалба «Allium ursinum, род дикого лука, черемша (Даль, 2,77;
Фасмер, 2, 165; Радлов 2,270)» мәнінде орыс тіліне енген түркизм
түрінде көрсетіледі [8;154]. Шығыс Түркі тілдерінде
қалба «жабайы
сарымсақ» сөзі қолданылады.
Қытай жазбаларында ғұндар мекендейтін солтүстіктегі, батыстағы
бірнеше тау
Цунлин «луковый хребет» деп аталатыны және ғұндарды
«жабайы тау сарымсағын жейтіндер» деп атағаны кездеседі [9; 204-
205]. Сол сарымсақты тау осы Қалба тауы болуы мүмкін.
Бір ғажабы бұл үш этимология да Қалба тау жотасының негізгі үш
түрлі ерекшелігін дәл басып көрсетіп тұр. Бірақ қайсысы атау болып
бізге жеткенін анықтау қиын, өйткені Қалба тауының жалпақ тасты
болып келетіні, оның Өр Алтай мен Батыс Алтайды жалғап жатқаны,
тауда жабайы сарымсақ пен рауағаштың қалың өсетіні де ақиқат-
шындық.
Топонимжасам тарихында осындай жұмбақ жағдайлар да кездесіп
тұрады.
МАҢҒЫСТАУ – түбек. Каспий теңізі. Маңғыстау топонимі туралы
бүгінге дейінгі айтылып келген пікірлер мыналар:
1. М.Қашқари сөздігінде
Маңқышлақ тұлғасында берілген, бірақ
мәні түсіндірілмеген [2;147]. Түркімен тіліндегі
қышлақ қазақша
қыстақ=қыстау болып өзгеретіні белгілі.
2. А.Вамбери: ман «мың» + қыстақ, яғни Мыңқыстақ деген мағына
шығарады [2;147].
3. Ғ.Мұсабаев: ман «қой» + қыстақ, яғни Қой қыстауы деген
сөздерден жасалған деді.
4. А.Әбдірахманов: маңғыш/маңғыс «жыртқыш жануар аты» + лақ
«көне жұрнақ» деп тұжырым жасады.
5. А.А.Семенов: минк «этноним» + кишлак, яғни Минктер қышлағы
деген пікір ұсынды.
СӨЗ ТӨРКІНІ
60
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
6. С.Атаниязов: маң «бекініс» + қышлақ «тұрақ», яғни Бекіністі
тұрақ деп қорытынды жасады.
7. Ә.Нұрмағамбетов: маңғыс «көкқасқа шегіртке» + тау, яғни
Шегірткетау болуы мүмкін деді.
8. Т.Жанұзақ: ман иран тілінде «тұрақ, аялдама жер» + қыстақ,
яғни Тұрғынқыстақ деуге келеді дейді [2;148].
Біздің ойымызша, атаудың екіші сыңары түсінікті: қышлақ>қыстақ>
қыстау. Ал бірінші сыңары
ман қазақтың маң «маңай» сөзі екені көзге
де, көңілге де ұрып тұр. Ендеше Маңғышлақ>Маңқыстау >Маңғыстау
атауының этимологиясы «теңіздің маңындағы қыстау» деген қарапайым
мағына береді. Ертедегі адамдар атау жасауға қарапайым сөздерді
қолданған, ал, біз, оны өзіміз күрделендіріп алып, дәл мағынасынан
қиыс кетіп жатамыз. Келесі атау да бұл сөзімізге дәлел бола алады.
МАРҚАКӨЛ - көл, ШҚО. Халық аузындағы бір аңыз көл орнындағы
бір аңғарға қап-қара марқа қозы түсіп кетіп, соны шығарып алғаннан
кейін, орнында аяқ астынан үлкен көл пайда болыпты-мыс деседі.
Сондай-ақ көл атының осылай аталуын жалайыр тайпасының марқа
руымен байланыстыру да бар (Е.Қойшыбаев, Т.Жанұзақ). Бұның
бәрі шындыққа жанаспайтын жорамалдар. Ғылыми этимология
бойынша Алтай тауында қар суынан жиналатын көптеген көлдердің
«үлкені, марқасы» деген мағына береді. Салыстырыңыз: марқа қозы.
Марқакөл - «үлкен көл» деген атау екені дау туғызбаса керек. Алматы
облысындағы Марқатау да осы жолмен жасалып тұрғаны анық.
МҰҒАЛЖАР - тау. Ақтөбе облысы. География ғылымы табиғи
нысанды сипаттап, зерттеп беру арқылы, сөз жоқ, тілші-ғалымдарға
тілдің аясынан тыс, бірақ аса қажетті мәліметтер береді. Мәселен,
тілші
Мұғалжар оронимінің мағынасын анықтау үшін, ол тауды барып
көруі керек, болмаса географиялық сипаттамасына сүйенуі керек.
Топонимика кешенді ғылым болғандықтан, тек тілдік тұрғыдан ғана
қарастырып, сыртынан тон пішу ғылыми әдіске жатпайды. Сонымен,
Мұғалжар тауының географиялық сипаты мынадай: «Мұғалжар Орал
тауының оңтүстігінде, Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып
табылады. Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмасы – оның
шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік болып келеді... Мұғалжар
оңтүстікте төбелері тегіс аласа қырқаларға және жеке дара тұрған
Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады. Сарыарқа сияқты Мұғалжар
да шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген ежелгі таулы өлке
(астын сызған – біз)» [10; 63].
Тілдік тұрғыдан келгенде, атаудың бірінші сыңары «
мұқ/моқ>моқал-
комалый (тұқыл, мұқыл)» [3; 238] туынды түбірі «мұқалған, мүжілген»,
«аласа» мағыналарын береді. Ал екінші сыңары кәдімгі
жар (жарқабақ)
сөзі
тау орографиялық терминін ауыстырып тұр, өйткені таудың шығыс
беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік (жарлы) болып келеді.
Сонымен,
Мұғалжар<Мұқалжар (Моқолжар) оронимі «аласа,
мұқыл, мұқыр жар(тау)» деген ұғым тудырады демекпіз. Атауға уәж
Достарыңызбен бөлісу: |