Ш. Жанадилов, А. М. Абдухалықов, З. А. Бекназарова Амбулаториялық-емханалық медициналық көмек ОҚУ ҚҰралы шымкент, 2017



жүктеу 2,06 Mb.
бет1/2
Дата25.05.2018
өлшемі2,06 Mb.
#16913
  1   2


Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ

Ш.Жанадилов, А.М.Абдухалықов, З.А. Бекназарова
Амбулаториялық-емханалық МЕДИЦИНАЛЫҚ көмек
ОҚУ ҚҰРАЛЫ

ШЫМКЕНТ, 2017

УДК 614.2:65.01: 004.01

ББК

Пікір жазушылар:



А.М.Дәуреханов - м.ғ.д., профессор м.а., Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент медицина институтының «Жалпы клиникалық пәндер» кафедрасы;

М.Ә.Бөлешов - м.ғ.д., профессор, ОҚМФА «№1 Қоғамдық Денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі


Ш. Жанадилов, А.М. Абдухалыков, З.А. Бекназарова

Амбулаториялық-емханалық медициналық көмек

Оқу құралы. 100 б. 6,3 ш. б.т.


Қазіргі кезде халыққа медициналық көмек көрсетудің 80% жуығы алғашқы буын «Амбулаториялық-емханалық медициналық көмекке» түсіп тұр. Сондықтан «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Үкіметі қабылдаған 2016-2019 жылдарға арналған кезекті мемлекеттік бағдарлама «Денсаулықта» негізгі жүк алғашқы медициналық көмекке артылған. Осыған байланысты интерндерге «Амбулаториялық-емханалық медициналық көмекті» жоғары деңгейде түсіндіру үшін ЖДП пәніне қосымша осы оқу құралы ұсынылып отыр.

Материалды сапалы игеру үшін қазіргі кездегі педагогика әдістемелері және инновациялық ұсынымдар негізінде тесттік тапсырмалар құрастырылған.


© Ш.Жанәділов, А.М.Абдухалықов, З.А.Бекназарова

Мазмұны




Қысқартылған сөздер

4




Кіріспе

5

1

"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасындағы «Амбулаториялық-емханалық көмек» туралы қамтылған материалдар

7




Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

8




Бағдарламаның негiзгi бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткiзу жолдары және тиiстi шаралар

9




Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту

9




МСАК-ты жаңғырту және басым дамыту негізінде барлық
денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары
айналасына интеграциялау

14




Медициналық көмекті стандарттау және сапасын басқару

18




Ынтымақтастықты енгізу және қаржылық орнықтылығын арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру

18




Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың
тиімділігін арттыру

19




Инновациялар мен медицина ғылымын дамыту

20

2

«Амбулаториялық-емханалық медициналық көмек» көрсетудің негіздері

21

3

Медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі

39




Өз ар-ұяты алдында жауапкершілігі

39




Әкімшілік құқықтық жауапкершілік

42




Қылмыстық құқықтық жауапкершілік

47

4

Тест тапсырмалары

51




Әдебиеттер

101

Қысқартылған сөздер

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ДДҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ДӘДМ - Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР ДМ - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі

ЖПД - Жалпы практика дәрігері лауазымы

ЖДП - Жалпы дәрігерлік практика мамандығы

ТМККК- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

ХАЖ -10 - Халықаралық ауруларды жіктеу 10-шы қаралымы

АМСК – алғашқы медициналық-санитарлық көмек

ҚДҚ- қоғамдық денсаулық қызметі

ИЕА - инфекциялық емес аурулар

ҚАЖ - қылмыстық-атқару жүйесі

МӘСҚ-Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры

ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

КДК - консультациялық-диагностикалық көмек





Кіріспе

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы - «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының заңды жалғасы. Жаңа бағдарламада халықтың денсаулығын қорғауда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуда үш бағыт қамтылған. Осы үш бағытты жүзеге асыру үшін он қадам белгіленген.

Бағдарламаның негізгі мақсаты - 2020 жылға қарай еліміздің тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін өсіру.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қазақстанда эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оңтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі құрылады.
Медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесіндегі орталық буын медициналық санитарлық алғашқы көмек болады. Оның аясында медициналық көмектің көлемі мен тегін амбулаторлық емдеуге арналған дәрілік заттар тізімін кезең-кезеңімен көбейту жоспарланып отыр.

Бағдарлама аясында транспорттық медицина, оның ішінде санитарлық авиация, жедел медициналық көмек пен телемедицина, жылжымалы дәріханалық пункттердің жүйесі әрі қарай дамытылады.

Арнайы медициналық көмек барлық денсаулық сақтау саласының қызметтерімен біріктірілетін болады. Сонымен бірге негізгі әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар: миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша іс-шаралар жоспарын жасау мен жүзеге асыру қарастырылған. Әрбір бағыт бойынша қызметтің барлық түрлері: алдын алу, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, ең үздік әлемдік тәжірибені пайдалану арқылы жоғарғы білікті арнайы медициналық қызметті дамыту өз жалғасын табады.
Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Мемлекет азаматтардың 15 санатына (әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар) жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін салық органдарында тіркелген қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнаны өздері төлейді.

Материалды сапалы игеру үшін қазіргі кездегі педагогика әдістемелеріндегі инновациялық ұсынымдар негізінде тесттік тапсырмалар құрастырылды.

Тесттік тапсырмаларды құрастырғанда америкалық оқыту әдістемесінің психологы Бенджамин Блум ұсынған таным мен ойлаудың меңгеру деңгейіне байланысты үш деңгейге, алты топқа бөлінген әдіснаманы негізге алдық. Бұл әдіснама «Блум таксономиясы» деп аталады. «Блум таксономиясында» таным мен ойлаудың нәтижесіне байланысты келесі алты деңгейге бөледі: 1. Білу (еске түсіру); 2. Түсіну; 3. Қолдану; 4. Талдау; 5. Бағалау; 6.Құру.

Білу таным мен ойлаудың ең төмен деңгейі. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi. Бұл деңгей ешқандай өзгеріске ұшырамай нақты деректерден бастап, тұтас теорияға дейінгі меңгерілген материалдарды сол қалпында есте сақтау және жаңғырту дегенді білдіреді. Бұл деңгей фактілерді жаңғырту немесе есінде сақтау қабілеттілігі, оларды түсіну міндетті емес.

Түсіну таным мен ойлаудың орта деңгейі. Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолы мен фактілермен идеяларды түсінетіндігін көрсету Түсіну – алған ақпаратты маңызын меңгеру және өз бетінше түсіндіру қабілеттілігі.

Қолдану-таным мен ойлаудың орта деңгейі. Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Қолдану – таныс емес жаңа жағдайларда оқыған материалды пайдалану қабілеттілігі, мысалы, мәселені шешуге идеяны және тұжырымдаманы пайдалану.

Талдау-таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. Бұл деңгей материалдың құрылымың анық және түсінікті етіп салалар мен тармақтарға бөлу қабілетігін белгілейді.

Бағалау - таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Жаңа үлгідегі әр түрлі тәсілдер мен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұнмен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді. Бұл деңгейде белгілер негізінде маңыздылығын бағалау

Құру-таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей ғылыми жаңашылдығы бар тұтас материал алуда элементтерді құрамдастыра білу.

Жоғары білім алушылардың білім игеру сатысына байланысты олардың игерген материалдарын таным мен ойлаудың қажетті деңгейіне сәйкестігін бағалай білу қажет. Сондықтын медицина саласында білім алып жатқан интерндер үшін тесттік тапсырмалардың 50% қолдану, 30% талдау және 20% бағалау деңгейінде дайындалуы талап етіледі.



Тесттік тапсырмалар университет жаңадан ұсынған QWIS maker компьтерлік бағдарламасының талаптарына сәйкес бес жауаптың біреуі дұрыс, жеті жауаптың екеуі дұрыс, сегіз жауаптың үшеуі дұрыс болып Блум таксономиясында көрсетілген ойлау деңгейлері талаптарына сай жасақталды.
"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасындағы «Амбулаториялық-емханалық көмек» туралы қамтылған материалдар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1082 қаулысымен «"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» қол қойылды. Бұл бағдарламада атқарылатын қызметтер көлемінің басым көпшілігі халыққа медициналық көмек көрсетудің алғашқы сатысына МСАК-ке, яғни амбулаториялық-емханалық көмекке жүктеліп отыр.

Біз төменде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасындағы - емханалық көмекке» байланысты кейбір мәселелерді қарастырдық.

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі төрт жыл ішінде 1 969729 500 теңгені құрайды.

Қазақстанда медициналық көмек көрсету деңгейлері арасында кадрлық қамтамасыз етудегі теңгерімсіздік байқалады (МСАК және ауыл деңгейінде – тапшылық, стационар деңгейінде – артықшылық). Орташа алғанда, 1 МСАК дәрігері 2200-ге жуық тіркелген тұрғынға қызмет көрсетеді, ал ЭЫДҰ елдерінде оның жүктемесі айтарлықтай төмен – 1500 адамнан аз. МСАК деңгейінде орта медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі орын алып отыр (оңтайлы арақатынас 2-3 болғанымен, 1 учаскелік дәрігерге 1,1 мейіргер).
Жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті енгізілгеніне қарамастан, Қазақстанда ЖПД-ның орташа жалақысының экономикадағы орташа айлық жалақыға арақатынасы 1,0-ді құрайды. Аталмыш көрсеткіш Ұлыбританияда – 1,9; Түркияда – 2,0; Словенияда – 2,5; Мажарстанда – 1,4; Эстонияда – 1,7.

Алдымен бағдарламаның алдына қойған мақсаттары нақтыланған.

    1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

    Мақсат: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту.


      Осы мақсатқа қол жеткізу мына нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады: Өмір сүру ұзақтығының деңгейі 2014 жылы 71,62 жастан 2019 жылы 73 жасқа дейін артады.

Бағдарламалық мақсаттар     

1. Аурулар профилактикасы мен басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғам денсаулығын сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізу.


      2. Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту.
     1-бағдарламалық мақсат: Аурулар профилактикасы мен басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғамның саулығын сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізу.

Осы мақсатқа қол жеткізу мына нысаналы индикатормен өлшенетін болады: Халық денсаулығының индексі 2015 жылы 16%-дан 2019 жылы 20%-ға дейін артады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мына міндеттерді шешу көзделеді:
1-міндет: Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту
      Осы міндетке қол жеткізу мына тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады: Семіздіктің таралуы 100 000 тұрғынға шаққанда

2014 жылы 278,3 адамнан 2019 жылы 220,0 адамға дейін азаяды.



     2-міндет. Аурулар профилактикасы мен басқаруды жетілдіру.
      Осы мақсатқа қол жеткізу мына тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады


Р/с №

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2014 (факт)

2019

1

Аналар өлім-жітімі

100 000 тірі туылғанға шаққанда

11,7

11,2

2

Сәбилер өлім-жітімі

9,7

9,1

3

Халықтың жалпы өлім-жітімі

1000 тұрғынға шаққанда


7,57

6,28

4

Қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім (ҚЖСА)

207,7

241,5

5

Туберкулезден болатын өлім-жітім

4,9

4,0

6

Жаңа қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім

92,8

92,9




Мүгедектікке алғаш шығу

28,1

28,0

7

Қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 жыл өмір сүруі

%

50,2

51,4

8

Жаңа қатерлі ісіктерді ерте анықтау (1-2 сатысы)

%

55,8

59,8

9

МСАК жұмыс уақытында созылмалы аурулары бар науқастарға жедел жәрдем шақыртулардың үлесі

%

23,5

20,8

10

1 ЖПД-ға тіркелген тұрғындар саны

адам

2303

1577

11

ТМККК шеңберінде МСАК-ті қаржыландырудың үлесі

%

26

40,0

      2-бағдарламалық мақсат: Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту.

      Осы мақсатқа қол жеткізу мынадай нысаналы индикатормен өлшенетін болады: Халықтың медици налық көмек сапасына қанағаттануының деңгейі 2016 жылы 40%-дан 2019 жылы 46%-ға дейін өседі.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мына міндеттерді шешу көзделеді:
      1-міндет: Денсаулық сақтау жүйесін басқару және қаржыландыру тиімділігін арттыру.

2-міндет. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру.

Осы міндетке қол жеткізу мынадай тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

1. Жалпы дәрігерлер ішіндегі МСАК дәрігерлерінің үлесі 2014 ж. 19,5%, ал 2019 жылы 26%.

2. ТМККК шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жалпы көлеміндегі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің үлесі 55-тен 70, 3%-ға.

3.Амбулаториялық-емханалық ұйымдармен қамтамасыз етілу 4,5-нан 6,5% ға.

2. Бағдарламаның негiзгi бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткiзу жолдары және тиiстi шаралар

Осы Бағдарламаның негізгі бағыттары:

1) халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту;

2) МСАК-ты жаңғырту және басым дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін халықтың мұқтаждықтары айналасына интеграциялау;


      3) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
      4) Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру;
      5) ынтымақтастықты енгізу және жүйенің қаржылық тұрақтылығын арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру;

 6) денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру;

 7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік және қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

3. Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту

3.1. Қоғамдық денсаулық қызметін қалыптастыру
      Халық денсаулығын нығайту және қорғау тек тиісті стратегияларды дамытуды және түрлі тіршілік салаларындағы ресурстарды жұмылдыруды ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің, жұртшылықтың және халықтың осы бағыттағы қызметін интеграциялауды қамтамасыз ету үшін орнықты және тиімді негіз жасауды талап етеді. Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудың негізі қоғамдық денсаулық қызметін (бұдан әрі – ҚДҚ) қалыптастыру болмақ.
      ҚДҚ жұмысының негізгі бағыты қоғамның денсаулығын басқару, МСАК-тың мүдделі мемлекеттік органдармен (санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринариялық қызметтермен) ведомствоаралық өзара іс-қимылының негізінде сауаттандыру, консультациялар, саламатты өмір салтын насихаттау, қолдау арқылы халықтың денсаулығын, мінез-құлық стереотиптерін қолдау бағытында өзгерту болмақ.

      ҚДҚ негізгі функциялары:

1) халықтың хабардарлығын және оның қоршаған ортаның түрлі факторларының, дұрыс тамақтанбаудың және мінез-құлық қауіптерінің зиянды әсерінің профилактикасы және оны төмендету жөніндегі іс-шараларға тартылуын арттыру;
      2) инфекциялық және негізгі инфекциялық емес ауруларды, оның ішінде психикалық денсаулықтың ауытқуы мен жарақаттанушылықты эпидемиологиялық мониторингтеуді қамтамасыз ету;

3) ел халқының денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған сектораралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, үйлестіру және кеңейту;


      4) денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың және басқа да құқықтық нормалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

5) өңірлік және ұлттық деңгейде аурулардың дамуын ұзақ мерзімді модельдеу мен болжаудың халықаралық жүйелерін енгізу болады.


      ҚДҚ қызметі халыққа медициналық көмек көрсету жүйесімен, әсіресе МСАК-пен, мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және бағдарламаларымен тығыз интеграцияланатын болады.

Республикалық деңгейде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларына эпидемиологиялық мониторинг жүргізу функциялары, сондай-ақ мыналар:

1) қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты және сектораралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
      2) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер, соның ішінде саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар;
      3) қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын белгілеу және олардың серпінін болжау үшін халықтың денсаулық жағдайын мониторингтеу;

  4) қоғамдық денсаулық сақтау қызметтері мен бағдарламаларының тиімділігін, қолжетімділігі мен сапасын бағалау жүзеге асырылатын болады.


      Жергілікті деңгейдегі ҚДҚ шеңберінде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде скринингтерді әзірлеу, жоспарлау, іске асыру және мониторингтеу және МСАК-пен бірлесіп диспансерлеумен қамтамасыз етіледі.

  Жергілікті деңгейдегі ҚДҚ-ның негізгі мақсаттарының бірі тамақтануды ұтымды ету мен саламатты өмір салтын ынталандырудың, санитариялық және дене шынықтыруды дамытудың негізінде халықтың өз денсаулығы үшін ақпараттық жауапкершілігін арттыру болады. Бұл азаматтарды хабардар ету және олардың сауатын ашу, олардың жеке денсаулығын, қоғамдық денсаулықты нығайту, дұрыс тамақтануды насихаттау мәселелеріндегі мүмкіндіктерін кеңейту іс-шараларымен қамтамасыз етіледі.

  Ол үшін ҚДҚ-да дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын және заманауи әлеуметтік медиа-ресурстар мен желілерді белсенді қатыстыра отырып, мінез-құлық психологиясы және экономика саласындағы ғылыми негізделген әзірлемелердің негізінде әлеуметтік маркетингтің инновациялық технологиялары енгізілетін болады.

 ҚДҚ-ның басым міндеті әлеуметтік мәні бар негізгі инфекциялық емес аурулардың (бұдан әрі – ИЕА) профилактикасы және оларды мониторингтеуді жүргізу бойынша іс-шараларды жандандыру болмақ.


      Бұл ретте, ИЕА-мен күрес ИЕА профилактикасы және онымен күрес жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған жаһандық іс-қимыл жоспарына, ДДҰ негіздемелік конвенциясына және Еуропалық темекіге қарсы күрес стратегиясына, ДДҰ тағам өнімдері және тамақтану саласындағы 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес халықаралық сынамаланған технологиялардың негізінде жүргізіледі. Мектепте дұрыс тамақтандыруды қамтамасыз ету тұжырымдамасы әзірленеді, денсаулыққа пайдалы (май, тұз, қант мөлшері төмен жас және экологиялық) тамақ өнімдерін тұтынуды насихаттау күшейтілетін болады. Кәсіптік, экологиялық және әлеуметтік қатерлер. Оларды төмендету факторларын үздіксіз мониторингтеу және бақылау жүргізілетін болады.
      Еліміздегі балалар мен ересектерді иммундық профилактикалау жөніндегі бүкіл жұмысты ДДҰ ұсынымдарына сәйкес ұйымдастыру мен үйлестірудің негізінде инфекциялық аурулардың профилактикасы мәселелеріне айрықша назар аударылатын болады.

Бұл бағыт ҚДҚ-ның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылы кезінде мүмкін болады.


      Сонымен бірге, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі орта мерзімді кезеңде халықтың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған сектораралық өзара іс-қимылдың негізіне айналады. Осы мақсатта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық денсаулық сақтау саласында өкілеттіктер мен функциялардың аражігін ажырату бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және облыстардың, Алматы, Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының құрылымында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясатты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер құрылады, ол елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайтуға елеулі үлес қосады.

      3.2. Сектораралық өзара іс-қимылды дамыту

 Халықаралық стандарттарға сәйкес әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық институттардың сектораралық өзара іс-қимылы инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың туындауы қатері факторларын төмендетуді және мыналарға бағытталған кешенді шараларды көздеуге тиіс:

 1) халықтың сауаттылық деңгейін, оның ішінде саламатты өмір салтын ұстану және қалыптастыру мәселелеріндегі сауаттылық деңгейін арттыру;

 2) қатер факторларының (шылым шегу, ішімдікті шектен тыс пайдалану, төмен физикалық белсенділік) таралуын төмендететін жаңа мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыру;

 3) дұрыс теңгерілген тамақтану;

 4) дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылданатындар санының өсуі;

 5) жол-көлік оқиғаларын азайту;

 6) қауіпсіз еңбек және тұрмыс жағдайларын жасау;

 7) қауіпсіз тұрғын үй жағдайларын қамтамасыз ету;


      8) мүгедектердің денсаулық сақтау көрсетілетін қызметтеріне өзгелермен тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ету;

9) халықтың сырқаттану жағдайына әсері тұрғысынан мониторингтеу деректерін ескере отырып, ауаның, су мен топырақтың ластануын азайту, шу деңгейін төмендету.

Адам денсаулығын қорғау және нығайту адамның жас және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, аурулар мен олардың салдарының пайда болу қатерінің сыртқы және мінез-құлықтық факторларын төмендету бойынша сәби өмірінің алғашқы күндерінен басталатын және барлық жастағы кезеңдерінде жалғастырылатын профилактикалық іс-шараларға бағытталатын болады. Еңбек белсенділігін сақтауға, жұмысты өмір бойына қайта бөлуге және әлеуметтік қолдауға бағытталған дұрыс қартаюды қолдау бойынша шаралар қабылданады.
      Сектораралық өзара іс-қимылды дамыту шеңберінде басқарудың барлық деңгейлерінде, оның ішінде осы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламалармен, өңірлер мен салаларды дамытудың стратегиялық жоспарларымен интеграциялау арқылы халық денсаулығын сақтау мен нығайтудың келісілген саясатын жүргізу қамтамасыз етілетін болады.

   Міндеттерді шешу үшін жоспарлаудың, қаржыландырудың тиімді әдістері, халықпен, ұйымдасқан ұжымдармен, білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл тетіктері енгізіледі, денсаулық сақтау жөніндегі қызмет көрсеткіштері үшін министрліктердің жауапкершілік жүйесі, қоғамдық, алғашқы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау қызметтері жұмысының интеграциясы қалыптасады.


      Басқа да секторлармен және ведомстволармен бірлескен жұмыс шеңберінде халық денсаулығына ықпал ететін қатер факторларын басқарудың бірыңғай жүйесі құрылады және денсаулық сақтау жөніндегі қызмет көрсеткіштері үшін әр министрліктің жауапкершілік аймағы айқындалады.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып:


      1) жергілікті деңгейде халықтың денсаулығын сақтау және нығайту саласындағы өңірлік басымдықтар зерделенеді, айқындалады және тиісті бағдарламаларды іске асыру үшін барлық жағдайлар қамтамасыз етіледі;
      2) денсаулықты нығайту бағдармаларын іске асыру үшін халықпен, әсіресе, жастармен, ұйымдасқан ұжымдармен, білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл тетіктерін енгізуді көздейтін әлеуметтік жұмылдыру жөніндегі кешенді шаралар әзірленеді және іске асырылады;

3) мектептердің медициналық қызметкерлерінің штаттарын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру бойынша шаралар қабылданады.


      Сектораралық өзара іс-қимылдың басым міндеті ана мен баланы қорғау бойынша кешенді шараларды іске асыру, оның ішінде балалар жарақаттануын азайту, балалар мен жастардың менталдық және репродуктивті денсаулығын нығайту болады.

   Балалар мен жасөспірімдердің дене және психикалық денсаулығын қалыптастыруға, ата-аналар мен оқытушыларды балалар мен жасөспірімдердің психикасындағы ауытқу белгілерін, қатерлі суицидтік мінез-құлқын танып-білуге, әлеуметтік қызметкерлерді, психологтар мен ІІМ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі нұсқаушыларын тарта отырып, олармен одан әрі жұмыс жасау тактикасына үйретуге бағытталған іс-шаралар айқындалады және іске асырылады.


      Жол қозғалысының қауіпсіздігі, жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелерді сақтау деңгейін көтеру, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты тіркеу жүйелерін пайдалана отырып көтеру бойынша халықпен профилактикалық және ақпараттық жұмыстың жүйелілігін қамтамасыз ету арқылы ЖКО-ның алдын алу, жолдардағы авариялық-қауіпті учаскелерді жою жөніндегі іс-шаралар жалғастырылатын болады. Республика жолдарының авариялық-қауіпті жерлеріндегі трассалық медициналық-құтқару пункттері жүйесін одан әрі дамыту қамтамасыз етілетін болады.

 Сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде халықты толыққанды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерімен (халықтың ауыз суға, су бұру жүйелеріне тұрақты түрде қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, жылумен және энергиямен қамтамасыз ету) қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды іске асыру қамтамасыз етіледі.


      Қоршаған орта факторларының халық денсаулығына зиянды әсерін төмендетуге бағытталған іс-шараларды іске асыру, оның ішінде ауаның, топырақтың және табиғи су қоймаларының ластануымен күрес жалғасатын болады. Бұл ретте, кейіннен өңірлер бөлінісінде халық денсаулығын мониторингтей отырып, Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсерінің қауіптер картасы әзірленетін болады.

      ҚДСҚ МСАК ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен бірлесіп, қазіргі заманғы стандарттар мен озық технологиялар негізінде адамның жұмыс орнында денсаулығын сақтау, кәсіптік сырқаттармен күресу, кәсіптік патология кезінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі кешенді тәсілдерді әзірлейтін және енгізетін болады.

      Сектораралық өзара іс-қимылдың ең маңызды міндеттерінің бірі дене белсенділігін ынталандыру мен спортпен шұғылдануды насихаттауды, оның ішінде жұмыс берушілерді кеңінен тарту арқылы жұмыс істейтін тұрғындарды, мектептегі білім беру жүйесі арқылы – балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің базасында балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тартуды қоса алғанда, дұрыс тамақтану, саламатты және қауіпсіз өмір салты үшін жағдайлар және әділ мүмкіндіктер жасау болмақ.
      Жалған және генетикалық түрлендірілген өнімдерді қоса алғанда, өндірілетін және әкелінетін тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау және мониторинг жүргізіледі, ұсынымдар әзірленіп, енгізілетін болады.
      Ведомствоаралық жұмыс шеңберінде төтенше жағдайлардың, жарақаттанудың, жазатайым оқиғалар мен уланулардың, зорлық-зомбылық пен қылмыстың ауқымын азайтуға, оның ішінде инфрақұрылымды тиісінше жоспарлау, алкоголь өнімдерінің айналымын бақылауды және есірткі заттарының заңсыз айналымына белсенді түрде қарсы күресуді қоса алғанда, нормативтік реттеу және мемлекеттік бақылау көмегімен азайтуға бағытталған жүйелі шаралардың қабылдануы қамтамасыз етіледі.

      Жалпы білім беру мекемелерінде нашақорлық пен мінез-құлық ауруларының профилактикасы жөніндегі бағдарламаларды енгізу, оның ішінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларды балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейін бойынша қатер топтарын ерте анықтау технологияларына оқыту арқылы кеңейтілетін болады. Сондай-ақ ІІМ қызметкерлеріне (полицейлер, учаскелік инспекторлар) масаңдық (алкогольден, есірткіден, уыттану) дәрежесін айқындау дағдылары оқытылады.


      Туберкулезге шалдығу және одан болатын өлім-жітім деңгейін, соның ішінде пенитенциарлық жүйеде қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелерінде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жолымен төмендету жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар, бүкіл халықтың және пенитенциарлық жүйе контингентінің туберкулездің және АИТВ/ЖИТС таралу мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру жалғастырылады.

 Жасөспірімдер мен репродуктивті жастағы тұрғындар арасында АИТВ инфекциясының таралуын төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларға, 15-17 жастағы балалар арасында ЖЖБИ-ға шалдығудың профилактикасына ерекше назар аударылады.

  Сектораралық өзара іс-қимылды дамыту шеңберінде халықаралық бірлестіктермен және ұйымдармен (ДҰҰ, БҰҰ, ЮНИСЕФ, оның ішінде онда қазақстандық мамандарды қатыстыру және тәжірибе алмасу мақсатымен) тығыз ынтымақтастық орнату жалғасады.

  Сектораралық өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді мақсаты денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты кезең-кезеңімен, оның ішінде ортақ мақсаттардың, міндеттер мен нәтижелілік индикаторларының негізінде интеграциялау болып табылады.


      Бұл қоғамдық денсаулық сақтау, алғашқы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау қызметтерінің жұмысын кезең-кезеңімен интеграциялаудың негізінде әлеуметтік медицина үлгісін қалыптастыру үшін негіз болады.

4. МСАК-ты жаңғырту және басым дамыту негізінде барлық
денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары
айналасына интеграциялау

      МСАК оның көлденең (амбулаториялық-емханалық) және тік (психиатриялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық және т.б) бейінді қызметтермен өзара іс-қимылының өзгеруімен халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесіндегі орталық звеноға айналады.


      Тегін амбулаториялық емдеу үшін дәрілік заттар тізбесін кезең-кезеңімен ұлғайту мүмкіндігімен МСАК деңгейіндегі медициналық көмек кеңейтілетін болады.
      Жоспарлы мамандандырылған көмек МСАК-қа тіркелген тұрғындардың қажеттілігіне байланысты болады, оңалту және ұзақ күтім жасау қызметтері, оның ішінде жеке меншік секторды тарта отырып дамиды.
      Көлік медицинасын, оның ішінде санитариялық авиацияны, жедел медициналық жәрдемді, телемедицинаны одан әрі дамыту жүзеге асырылатын болады.
      Медициналық қызметтер тұтынуды тиімді басқару көрсетілген іс-шаралардың негізі болмақ.

      Дәлелдік медицинаға, ғылыми әзірлемелерге негізделген медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, клиникалық хаттамаларды жетілдіру және енгізу жалғасады.



4.1. МСАК-ты жаңғырту және басым дамыту

МСАК-ты одан әрі дамыту алғашқы буындағы әмбебап, интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған, қолжетімді және сапалы медициналық көмекті дамытуға бағытталған шараларды тереңдетуді көздейді.


      Алғашқы медициналық көмектің әмбебаптығы одан әрі қызмет көрсетудің отбасылық қағидатына өтудің есебінен қамтамасыз етіледі. Қызмет көрсетудің отбасылық қағидаты организмнің әрбір жастағы кезеңіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, профилактикаға баса назар аудара отырып, өмір бойы адамның денсаулығына бақылау жасауды көздейді.

Отбасылық қағидат әр отбасының қажеттілігіне қарай профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және сауықтыру іс-шараларын, паллиативтік көмек пен үйде күтім жасауды жүргізуді көздейді.

Отбасылық қызмет көрсету қағидаты МСАК дәрігерлерімен (жалпы практика дәрігері (ЖПД), учаскелік дәрігерлер (терапевттер, педиатрлар) және МСАК дәрігерлері тарапынан үйлестіру жасай отырып, арнаулы мамандардан жасақталған мультитәртіптік командалармен жүзеге асырылады. ЖПД-мен қамтылудың және олардың құзыреттерінің өсу шамасына қарай, олар кезең кезеңімен учаскелік дәрігерлерді алмастыратын болады.

Қолданыстағы емханалар/МСАК орталықтары базасында of exellens орталықтары (ең жақсы практика орталықтары) құрылады.

Отбасы денсаулығын қорғау бойынша шаралар кешені отбасын жоспарлау, аурудың профилактикасы, әйелдердің, ерлер мен балалардың созылмалы ауруларын емдеу және оңалту шараларын қамтитын болады.
      МСАК жұмысының басымдығы ана мен баланың денсаулығын нығайту болып қала береді. МСАК түрлі аурулар, оның ішінде перинаталды көмек кезінде медициналық көмекті аймақтандыру бағдарламаларының негізгі деңгейі болады. Андрологиялық қызметтің ұйымдастырылуын жетілдіру, ерлердің репродуктивті жүйесінің ауруларының профилактикасы мен заманауи емдеудің тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

      Медициналық көмек көрсетудің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында МСАК-тың басқа да денсаулық сақтау деңгейлерімен және қызметтерімен толық интеграциялануы қамтамасыз етіледі.

      Мәселен, МСАК мамандары диагностика мен бейінді мамандардың қызметтерін, стационарға жолдауды, оңалтуды, паллиативті көмекті және үйде күтім жасауды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде медициналық көмек көрсетуді үйлестіреді (бағдарлау). Олар медициналық көмектің барлық кезеңдерінде қызмет берудің толықтығы мен сапасын мониторингтейтін болады.
      Сондай-ақ паллиативтік көмек көрсету және оңалту орталықтары, күндізгі стационарлар, үйдегі стационарлар, паллиативтік көмек көрсету орталықтары, бөлімшелері жағдайларында ҮЕҰ-ге мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы отбасы қажеттілігін ескере отырып, үйде күту нысандары жетілдірілетін болады.
      Күндізгі стационар жағдайларында оңалту және қалпына келтіру емдерін одан әрі дамыту жалғастырылады.

Мамандандырылған қызметтер (оның ішінде психиатриялық, наркологиялық, тубуркулезге қарсы, онкологиялық және т. б.) жұмысының МСАК ұйымдарымен өзара тығыз байланысы жүзеге асырылады.


      Медициналық көмек көрсетудің тиісті стандарттарын жетілдіру, оның толықтығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Барлық деңгейлерде диагностикалау мен емдеу хаттамаларының және МСАК қызметкерлерінің орталық үйлестіру рөлі жағдайында мониторингтеу негізінде ауруларды интеграциялық басқару (АИБ) бағдарламалары енгізіледі. Бұл үшін барлық өңірлерде үш ауру (артериялық гипертония, қант диабеті, қанайналымның созылмалы жеткіліксіздігі) бойынша АИБ енгізілетін болады. Бұл ретте МСАК-ты түпкі нәтиже үшін қаржылық ынталандыру тетігінде индикаторлар жүйесі жетілдіріледі. Бұл назарды ауруларды ерте анықтау мен емдеуге аударуға, асқынулар жиілігі мен емдеуге жатқызу деңгейін төмендетуге, медициналық-әлеуметтік тиімді оңалтуды жүргізуге ынталандырады.

МСАК-тың әлеуметтік бағытталуы МСАК, әлеуметтік қорғау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерінің жұмысын интеграциялаудың, халық денсаулығын сақтау жөніндегі сектораралық өзара іс-қимыл шеңберіндегі іс-шараларға бастапқы буын мамандарын белсенді түрде тартудың есебінен қамтамасыз етілмек.

Тиісінше, МСАК психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, мейіргерлерді, фельдшерлерді, акушерлерді және көмекші персоналды тарту арқылы кешенді медициналық және әлеуметтік қызметтер ұсынуды қамтитын алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметі ретінде қарастырылады. Әлеуметтік қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, әлеуметтік және психологиялық қолдау мен мультибейінді патронаж қамтамасыз етіледі.
      МСАК, ҚДСҚ, әлеуметтік қызметкерлер, бейінді денсаулық сақтау қызметтері (туберкулезге қарсы, наркологиялық, психиатриялық) жұмысының бейәлеуметтік мінез-құлқы бар тұлғаларға қатысты, балалық шақта жазатайым оқиғаларды болдырмау, отбасындағы теріс факторлардың бала денсаулығына әсерін жою бойынша ІІМ учаскелік қызметтерінің және басқа да мүдделі органдардың (оның ішінде балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі) өкілдерімен сектораралық интеграциясы күшейетілетін болады.

Көрсетілетін қызметтердің барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарының желісі өңірлердегі демографиялық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларды ескере отырып дамитын болады. Ұйымдардың халық тұратын жерлерге барынша жақындатылған, кіші және шағын нысандарына басымдық берілетін болады.

      Осы мақсатта:

1) ЖПД учаскелерін кезең-кезеңімен ірілендіру;

2) топтық және жеке отбасылық практикалар құруды қолдау;

3) МСАК-ты медициналық бұйымдармен, сондай-ақ арнайы автокөлікпен жарақтандыруды жетілдіру*;

4) мобильді (көліктік) медицинаны, пациенттерді қашықтықтан бақылауды одан әрі жетілдіру*;

5) МСАК көрсету жүйесінде жеке сектордың, шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік қолдау;

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (МЖӘ), МСАК желісін дамыту, қызмет бейіні тұрақты түрде сақталған жағдайда мемлекеттік объектілерді кейін жекешелендіру мүмкіндігімен сенімгерлік басқаруға беру жүзеге асырылады.
      МСАК сапасын арттыру мақсатында МСАК ұйымы мен дәрігерін толыққанды еркін таңдауды қамтамасыз ету және ынталандыру, оның ішінде халықтың МСАК ұйымдарына тіркелуінің жеңілдігі мен айқындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту, кезек күтуді және персонал жүктемесінің шамадан тыс болуын төмендету мақсатында, операциялық менеджментті жақсарту, өңірлік және жергілікті call-орталықтарын құру, дәрігердің қабылдауына Интернет арқылы жазылуды енгізу, кезектерді басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу негізінде МСАК ұйымдарын басқару жетілдірілетін болады.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі МСАК басымдығын, тиімділігін және тартымдылығын қамтамасыз ету үшін МСАК-тың кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі жұмыстар, лауазымдық нұсқаулықтарды және біліктілік талаптарын оңтайландыру жүргізілетін болады.

ЖПД-ны жоғары білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары бойынша даярлау заманауи білімі бар, практикалық, коммуникативтік дағдыларға ие және командада жұмыс істей алатын кең бейіндегі мамандар қалыптастырудың негізін қалайды. Бұл ретте ЖПД-ны бала жастағы аурулардың профилактикасы, диагностикалау және емдеу бойынша теориялық және практикалық оқыту күшейтіледі.


      МСАК-ты дамыту шеңберінде пациенттерді бақылау, созылмалы ауруларды басқару, сондай-ақ пациенттерге үйде қызмет көрсету жөніндегі кейбір функциялар кезең-кезеңімен арнайы дайындалған жалпы практика мейіргерлеріне берілетін болады.

Орта медициналық қызметкерлерді (бұдан әрі – ОМҚ) оқыту МСАК басымдығы, оның көпфункциялығы мен әмбебаптығы ескеріле отырып жүргізілетін болады, ол денсаулық сақтаудың басқа секторларына қарағанда, ОМҚ-да жоғары дербестікті талап етеді. ОМҚ оқыту стандарттары да әзірленген кәсіби стандарттарға сәйкестендіріледі.

МСАК-тың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның толықтығы мен тартымдылығын арттыру үшін мамандар тартудың уәждемелік тетіктері жетілдіріледі, амбулаториялық деңгейде мемлекет қамтамасыз ететін дәрілік заттардың тізбесі кезең-кезеңімен кеңейтіледі. Халық денсаулығына ең ауыр әсер ететін ауруларды ерте анықтау жөніндегі түйінді скринингтік бағдарламаларды одан әрі дамыту, сондай-ақ олардың тиімділігіне үнемі мониторинг жүргізу және бағалау қамтамасыз етіледі.

4.2. Жедел және шұғыл медициналық көмекті (ЖШМК) дамыту

4.3. Барлық денсаулық сақтау қызметтерінің интеграциясымен мамандандырылған медициналық көмекті (ММК) дамыту
5. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету

 5.1. Медициналық көмекті стандарттау және сапасын басқару

Медициналық ұйымдардағы барлық өндірістік процестерді стандарттаудың негізінде сапаны басқару жүйесі медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін тиімді көтеру үшін негіз болады.

5.2. Ұлттық дәрі-дәрмек саясатын іске асыру

Медициналық көмектің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту мақсатында Ұлттық дәрі-дәрмек саясаты (бұдан әрі – ҰДС) іске асырылады.


          Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қолжетімділігін қамтамасыз ету
      Дәрілік заттардың қолжетімділігі кейіннен Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО елдерінің аумағында пайдалануға рұқсат ету үшін дәрілік заттарды кешенді іріктеу жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.

6. Ынтымақтастықты енгізу және қаржылық орнықтылығын арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру

6.1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу

      Денсаулық сақтау жүйесінің орнықтылығы елеулі дәрежеде денсаулық сақтауға бағытталатын қаражаттың барабар деңгейін, оларды әділ бөлуді және ұтымды пайдалануды болжайтын тиімді қаржыландыру жүйесімен байланысты.


      Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында бөлінетін үш деңгейлі медициналық көмек беру жүйесін құруды көздейді. Бұл ретте:
      1) бірінші деңгей базалық пакетті немесе республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ТМККК ұсынады;

2) екінші деңгей Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі және мемлекеттің жарналары, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің аударымдары және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қаржыландырылатын медициналық көмектің қосымша пакетін немесе тізбесін қамтитын болады;

3) үшінші деңгей сақтандыру компаниялары мен жарналарды төлеушілер арасындағы ерікті шарттық негізде айқындалатын, азаматтардың немесе жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің пайдасына төлейтін ерікті аударымдары есебінен қаржыландырылатын қызметтердің жеке пакетін немесе тізбесін көздейді.
           Тұтастай алғанда, МӘМС енгізу шығыстардың мынадай бағыттарына:
қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамытуға;

МСАК деңгейінде – ЖПД санын ұлғайтуға және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді кеңейтуге;

      медициналық қызметкерлердің жалақысын бағдарламалық ұлғайтуға;

      оңалту, паллиативті көмек пен мейіргерлік күтім жөніндегі қызметтерді кеңейтуге;


      үздіксіз медициналық білім беруге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға;
      негізгі қаражатты жаңартуға жұмсалатын шығындарды тарифке енгізуге басымдық беру негізінде ҚР денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды ЭЫДҰ стандарттарына дейін жеткізумен сүйемелденетін болады.
      МӘМС жүйесін дамыту шеңберінде Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) құрылатын болады, ол жүйеге қатысушылардан түсетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары мен жарналарын шоғырландырады және медициналық қызмет көрсету үшін бірыңғай төлеуші ретінде танылады.

      ТМККК және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге рұқсат етуді реттеу тетіктері жетілдіріледі. Медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілер меншік нысанына қарамастан МӘМС жүйесіне қатысу мүмкіндігіне ие болады. Шарт жасасу үшін медициналық қызмет берушілерді іріктеу көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы мен тиімділігі өлшем шарттары ескеріле отырып жүзеге асырылады.



7. Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың
тиімділігін арттыру

7.1. Адами ресурстарды стратегиялық басқару

Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының қажеттіліктерін айқындау, есепке алу және жоспарлау жүйесі жетілдіріледі, денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарының тиімділігі мен қолжетімділігі жақсартылады, білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалау жүйесі дамытылады.

Мыналар:

1) қажетті адами ресурстардың болуы (қолжетімділігі);

2) қызметкерлердің тиісті құзыреті;

3) адами ресурстардың халықтың сұрауларына ықыластылығы;

4) адами ресурстардың өнімділігі АРБ-ның негізгі қағидаттары ретінде айқындалуға тиіс.

      Осы қағидаттарға сәйкес АРБ-ның ұлттық, өңірлік және корпоративтік саясаттары мен бағдарламалары әзірленіп, енгізіледі. Олар басқарудың мынадай кезеңдеріне негізделеді:

1. Адами ресурстарға қажеттілікті жоспарлау.

2. Қызметкерлерді жалдау.

3. Еңбек өнімділігін арттыру.

4. Көші-қон, қайта бейіндеу.

5. Денсаулықты нығайту, қауіпсіздік және зейнетке шығу.

6. Мониторинг және болжау.



8. Инновациялар мен медицина ғылымын дамыту

Халық денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі қойылған стратегиялық мақсаттардың негізінде осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2020 жылға дейінгі кезеңге медицина ғылымын дамытудың басым бағыттары айқындалатын болады.


      Отандық медицина ғылымын дамытудың бірінші кезекті міндеті – әлемдік озық стандарттар мен тұжырымдамалар трансфертінің негізінде оның әдіснамалық тәсілдерін жаңғырту болмақ. Осы мақсатпен отандық ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобалардың халықаралық бағдарламалармен және жобалармен интеграциясына баса назар аударылатын болады, отандық жобалардың халықаралық көп орталықты зерттеулер бағдарламаларына тартылуы ынталандырылады.
9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және қазіргі заманғы
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық
сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету

9.1. Денсаулық сақтау ұйымдарының желісін жетілдіру

Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалау халықтың қолжетімді, толыққанды, сапалы медициналық көрсетілетін қызметтерге мұқтаждығына икемді жауап беретін инфрақұрылымды қалыптастыруға негізделетін болады.


      Тік және көлденең интеграция мен медицина ұйымдарының бірігуі жолымен мемлекеттік денсаулық сақтау инфрақұрылымын оңтайландыру жүргізіледі.
      Көлденең интеграция қызметтердің сабақтастығын, толықтығын және сапасын арттыруға мүмкіндік береді (мәселен, аудандық аурухана мен емхананың бірігуі, бір бейінді клиникалардың көп бейінділермен бірігуі). Тік интеграция басқаруға икемділікті және тиімділікті көтеруге мүмкіндік береді (мәселен, облыстық және аудандық туберкулезге қарсы диспансерлердің бірігуі).
      ЖОО мен ғылыми орталықтарды қоса алғанда, облыстық және республикалық ұйымдар деңгейінде «Назарбаев Университеті» ДБҰ тәжірибесі бойынша кезең-кезеңімен дербес денсаулық сақтау ұйымдарына (ДДСҰ) трансформациялау мүмкіндігі қаралады.

Университеттік клиникаларды дамыту үшін стратегиялық әріптестер: шетелдік жетекші университеттер мен медицина орталықтары, оның ішінде сенімгерлікпен басқару негізінде тартылатын болады.



«Амбулаториялық-емханалық көмек» көрсетудің негіздері

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында ҚР Денсаулық министрлігі бірнеше бұйрықпен «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережесін» бекітті.

Бұл Ережеде Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының анықтамалары, атқаратын қызмет көлемдері және т.б. толығымен көрсетілді.

Жалпы ережелер

1. Осы Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі — Ереже) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі — МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі — КДК) қоса алғандағы амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейді.
2. Амбулаториялық-емханалық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі — ТМККК) шеңберінде және ақылы негізде медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттік лицензиясы бар мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
3. Амбулаториялық-емханалық көмек (бұдан әрі — АЕК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» есепке алу есеп беру құжаттамаларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 907 бұйрығына (бұдан әрі — № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес жүргізеді.

4. АЕҰ негізгі мақсаты халық денсаулығын сақтау және нығайту, оның амбулаториялық-емханалық көмекке мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылады.


5.АЕҰ негізгі міндеттері:

1) медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету;

2) халыққа дәрігерге дейінгі, білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;

3) тұрғындардың сырқаттанушылығын, мүгедектігін және қайтыс болуын төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;

4) созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

5) қызметті жетілдіру және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың жаңа технологияларын енгізу;

6) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастықты және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.

6. МСАК мыналарды:

1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді;

2) отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, сондай-ақ отбасыны жоспарлауды;


3) ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;

4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды;


5) ауруларды ерте айқындауға жүргізілетін скринингілік зерттеулерді;
6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы хабардарлығының деңгейін арттыруды;

7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундауды;

8) тұрғындарды гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді қамтиды.
7. КДК өзіне тәулік бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерін қосады.
8. МСАК көрсететін ұйымдардың қызметі «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысымен бекітілген Азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын есепке ала отырып, тіркеу орны бойынша азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.
9. Бір әкімшілік аумақтық бірлік шегіндегі МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына аумақтық қызмет көрсету аймағын МСАК қызметтерінің ең жоғарғы деңгейінің қамтамасыз етілуін есепке ала отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және Астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындайды.

10. Аумақтық қызмет көрсету аймағы шегінде учаскелер бойынша тіркелген тұрғындарды бөлуді МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітеді.


11. Азаматтарды медициналық ұйымды таңдау құқығымен қамтамасыз ету мақсатында тіркелген азаматтардың санын есепке алу арқылы ТМККК шеңберінде медициналық көмек алу үшін осы ұйымға аумақтық қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұратын, оқитын немесе жұмыс істейтін азаматтарды МСАК ұйымдарына тіркеуге болады.

12. МСАК мамандары (жалпы практика дәрігері, учаскелік дәрігер-терапевт/педиатр, учаскелік мейіргер/жалпы практика мейіргері, фельдшер, акушер) МСАК-ты:

1) медициналық пунктте;

2) фельдшер-акушерлік пунктте;

3) дәрігерлік амбулаторияда (отбасы денсаулығы орталығында);

4) емханада көрсетеді.

13. КДК-ны бейінді мамандар:

1) консультациялық-диагностикалық орталықта /емханада;

2) емхананың консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесінде, сондай-ақ стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетеді.
14. КДК халықтың оны көрсетілуіне мұқтаждығына сәйкес, сырқаттанушылық пен өлімді, тұрғындардың жыныстық-жастық құрамын, оның тығыздығын, сондай-ақ халық денсаулығын сипаттайтын өзге көрсеткіштерді ескере отырып ұйымдастырылады.
15. КДК ТМККК шеңберінде:

1) МСАК көрсететін медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен;


2) шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайларда МСАК көрсететін медицина қызметкерлерінің жолдамасыз өздігінен жүгінгенде;

3) бейінді мамандардың диагнозды тағайындау, ушығуы болған кезде және пациентті бір аяқталған жағдай шеңберінде пациентті емдеудің одан әрі тәсілін айқындау мақсатында берген жолдамалары бойынша жоспарлы тәртіппен көрсетіледі.


Бейінді маманның бір аяқталған жағдай шеңберінде қайтадан қабылдауы МСАК маманының жолдамасынсыз жүзеге асырылады.

Бір аяқталған жағдай шегінде КДП үштен аспайтын бейінді маман консультация беруі мүмкін.

16. Халықтың әлеуетті осал санаттарын ТМККК шеңберінде қымбат тұратын диагностикалық зерттеулерге жіберу консультациялық-диагностикалық көмектің және жалпы дәрігерлік практика/учаскелік қызмет бөлімшесінің меңгерушісімен келісілген АЕҚ мамандарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
17. ТМККК шеңберінде медициналық көмекті қамтамасыз ететін АЕК жұмысының режимі демалыс және мерекелік күндері МСАК және КДК кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы барлық мамандар және құрылымдық бөлімшелер үшін жылжымалы кесте бойынша сағат 08.00.-ден сағат 20.00.-ге дейін белгіленеді.

18. МСАК дәрігерінің (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт-дәрігер/педиатр) АЕҰ-дағы қабылдау ұзақтығы күніне 5 сағаттан кем болмауы тиіс.


19. Амбулаториялық-емханалық күндізгі стационар мен үй жағдайларында да көрсетіледі.
20. Дәрігердің немесе орта медицина қызметкерінің үйге шақыртуға қызмет көрсетуін учаскелік қызмет (жалпы дәрігерлік) бөлімшесінің меңгерушісі, ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) үйлестіреді.
Шақыртуды қабылдау МСАК ұйымы жұмысының аяқталуына 2 сағат қалғанда (18.00-ге дейін) аяқталады.

Мынадай айғақтар үйге шақыртуға қызмет көрсету үшін табылады:


1) пациентке өз бетімен МСАК ұйымдарына баруға мүмкіндік бермейтін жіті ауырсыну жағдайы;

дене қызуының 38 С градустан жоғарылауы;

жай-күйінің айқын бұзылуы бар артериялық қысымның жоғарылауы;
бірнеше рет қайталанып іштің өтуі;

омыртқаның және жүруді тежейтін аяқ буындарының қатты ауырсынулары;


бастың айналуы, қатты жүрек айнуы, құсу;

2) пациенттің өз бетінше емханаға баруына мүмкіндік бермейтін созылмалы ауырсыну жағдайлары (онкологиялық аурулардың ауыр болуы, (І — II топтың) мүгедектері, қол, аяқтың тілінуі);

3) айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;

4) тасымалдауға болмайтын пациент;

5) МСАК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел медициналық жәрдем станциясынан берілген шақыртуларға қызмет көрсету.

21. МСАК ұйымының медицина қызметкерінің пациенттің үйіне, оның ішінде аула аралау (пәтер аралау) арқылы белсенді баруы:

1) жіті аурулар, созылмалы аурулардың ушығуы кезінде оның жағдайын, ауру ағымын бақылау және қажетті зерттеп-қарауларды және (немесе) емдеуді уақытылы тағайындау (түзету) мақсатында;

инфекциялық ауру індетінің пайда болу қаупі орын алғанда немесе инфекциялық аурумен сырқат науқастар анықталған жағдайда тұрғындардың жеке тобының, олармен байланыс жасаған немесе инфекциялық аурумен сырқаттану күдігі бар тұлғалардың патронажы.

22. Амбулаториялық — емханалық көмек медициналық ұйымнан айтарлықтай алыс жерде орналасқан және (немесе) климаттық-географиялық жағдайлар есебімен нашар көліктік қолжетімділігі бар елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін бару орны бойынша ұтқыр медициналық бригадалар жылжымалы медициналық кешендерде, консультациялық-диагностикалық пойыздарда көрсетіледі.

2. АЕҰ негізгі функциялары:

1) «Медициналық көмектің нысандары мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 796 бұйрығына (бұдан әрі — № 796 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5955 болып тіркелген) сәйкес МСАК (дәрігерге дейін, білікті) көрсету;
2) № 796 бұйрыққа сәйкес КДК (мамандандырылған, жоғары мамандандырылған) көрсету;
3) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (бұдан әрі — № 786 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) сәйкес тіркелген тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
4) Ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыс жүргізу;

5) Инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 630 бұйрығына(бұдан әрі — № 630 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5917 болып тіркелген), сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 907 бұйрығына сәйкес тіркелген халыққа психологиялық және арнаулы әлеуметтік қызметтерді, оның ішінде электрондық форматта көрсету болып табылады.

Параграф 1. Емхана

24. Емхана — оның қызмет көрсететін ауданында тұратын тұрғындарға амбулаториялық-емханалық қызмет көрсететін көпбейінді медициналық ұйым.
25. Емхана басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен тағайындалады.

26. Емхананы құруды, қайта ұйымдастыруды, қызметін тоқтатуды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

27. Емхана денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына арналған клиникалық база болуы мүмкін.

28. МСАК көрсететін емхана қызметкерлерінің функциялық міндеттері осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

29. Емхана жағдайындағы амбулаториялық-емханалық көмек:
1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақат, улану және басқа шұғыл жағдайларда кезінде дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;

2) шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсетуді;


3) созылмалы ауру нысандары бар адамдарды динамикалық бақылауды;
4) ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді тексеріп-қарауды;
5) пациенттерді «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде Емдеуге жатқызу бюросы арқылы стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 492 бұйрығына (бұдан әрі — № 492 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380 болып тіркелген) сәйкес емдеуге жатқызуға жіберуді;
6) функцияларының бұзылулары бар, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген науқастарды ерте, жалғастырушы және кеш медициналық оңалтуды;
7) денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен профилактикалық тексеріп-қараулардың барлық нысандарын (скринингілік, жұмысқа тұратын кездегі алдын ала, мерзімді, нысаналы және т.б.);
8) осы Ережеге № 2-қосымшаға сәйкес ТМККК медициналық қызметтерінің көлемін көрсетуді;

9) тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді;

10) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді;

11) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарына еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалту белгілері бар адамдарды жіберуді;


12) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді, статистикалық деректерді талдауды;
13) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, стендтер мен көрнекі материалдарды рәсімдей, сондай-ақ ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша аудио-бейнематериалдарды тұрақты түрде холлдарда және күту орындарында прокатқа бере отырып ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді;

14) шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету әдістеріне тұрғындарды оқыту жолымен халықты азаматтар денсаулығын қорғау процесіне тартуды;

15) мектептерді, клубтарды, қолдау топтарын, қоғамдық кеңестерді ұйымдастыру, еріктілерді және көшбасшыларды ұйымдастыруды;

16) халықты гигиеналық оқытуды;

17) отбасы мен ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, оның ішінде отбасыны жоспарлауды;

18) қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізуді;

19) иммундық профилактиканы ұйымдастыру мен жүргізуді;
20) «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (бұдан әрі — № 685 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды;
21) тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді;
22) онкологиялық сақтық, туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін ауруларды айқындау, тиісті медициналық ұйымдарға айқындалған науқастар туралы ақпаратты уақытылы беру бойынша емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізуді;
23) емдеудің қолдау фазасында туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізуді;

24) медициналық оңалтуға және санаториялық-курорттық емдеуге іріктеуді;


25) дәрігерлердің және орта медицина персоналының біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды;

26) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттен тыс қаражаттарды тарту бойынша қызметті жүзеге асыруды;

27) персоналдың және емхананың құрылымдық бөлімшелері қызметінің есебін жүргізуді, емхана жұмысын сипаттайтын статистикалық деректерді талдауды қамтиды.
30. Емхана өзіне:

1) Отбасылық денсаулық орталығын (жалпы дәрігерлік практика бөлімшесін/учаскелік қызметі);

2) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесін;

3) консультациялық — диагностикалық көмек бөлімшесін;

4) қосымша бөлімшелері (үй-жайларды) қосады.

Параграф 2. Дәрігерлік амбулатория (отбасы денсаулығы орталығы)

31. Дәрігерлік амбулатория (Отбасы денсаулығы орталығы) (бұдан әрі — ОДО) дербес заңды тұлға немесе МСАК көрсететін (дәрігерге дейінгі, білікті) емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

32. МСАК көрсететін ОДО қызметкерінің функционалдық міндеттері осы Ережеге № 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

33. Отбасы денсаулығы орталығы халыққа амбулаториялық жағдайларда, үйде, күндізгі стационарда, үйдегі стационарда (дәрігерге дейінгі, білікті):
1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар кезінде немесе басқа шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуді;

2) үйде шұғыл медициналық көмек көрсетуді;

3) ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді зерттеп-қарауды;

4) пациенттерді емдеуді;

5) пациенттерді № 492 бұйрыққа сәйкес емдеуге жатқызуға жіберуді;

6) функцияларының бұзылулары бар, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген науқастарды жалғастырушы және кеш медициналық оңалтуды;


7) диспансерлеу мен профилактикалық тексеріп-қарауды;

8) осы Ережеге № 2-қосымшаға сәйкес ТМККК медициналық қызметтерінің көлемін көрсетуді;

9) тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді;
10) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді;

11) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарына еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалту белгілері бар адамдарды жіберуді;

12) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есеп және есептілікті, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді;

13) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, стендтер мен көрнекі материалдарды рәсімдей, сондай-ақ ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша аудио-бейнематериалдарды тұрақты түрде холлдарда және күту орындарында прокатқа бере отырып ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді;

14) шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету әдістеріне тұрғындарды оқыту жолымен халықты азаматтар денсаулығын қорғау үдерісіне тартуды, мектептерді, клубтарды, қолдау топтарын, қоғамдық кеңестерді ұйымдастыра, еріктілерді және озаттарды дайындай отырып өзін-өзі қорғау мінез-құлықтар дағдыларына баулуды;

15) халықты гигиеналық, оның ішінде отбасы мен аналықты, әкелікті және балалық шақты қорғау мәселелері бойынша оқытуды;


16) қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізуді;

17) иммундық профилактикалауды ұйымдастыру мен жүргізуді;


18) № 630 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды;

19) тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді;

20) онкологиялық сақтық, туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін ауруларды анықтау, тиісті медициналық ұйымдарға анықталған науқастар жөніндегі ақпаратты уақытылы беру бойынша емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізуді;
21) емдеудің қолдау фазасында туберкулезбен сырқат науқастарға химиотерапия жүргізуді қосатын МСАК көрсетеді;

34. Отбасы денсаулығы орталығының құрамында:

1) бөлімше меңгерушісінің кабинеті;

2) жалпы практика, участкелік қызмет (терапевт/педиатр дәрігері) дәрігерлерінің қабылдау бөлмесі, мектепке дейінгі балалар мекемелерімен және оқу орындарымен жұмыс жөніндегі педиатр дәрігерінің кабинеті;

3) акушер-гинеколог дәрігердің кабинеті;

4) күндізгі стационар;

5) қосымша бөлімшелер: медициналық статистика, талдау және ақпараттандыру бөлмелері, зарарсыздандыру кабинеті;

6) тіркеу орны;

7) дәрігерге дейінгі кабинет (сүзгі);

8) емшара кабинеті;

9) егу кабинеті;

10) зертхана;

11) физиотерапиялық емдеу кабинеттері;

12) химизатор кабинеті;

13) қақырық жинау кабинеті бар;

14) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің құрамында:


бөлімше меңгерушісінің кабинеті;

дәрігерге дейінгі кабинет;

акушерлік қабылдау (қарау) кабинеті;

әлеуметтік қызметкер/психолог кабинеті;

салауатты өмір салты кабинеттері/диабет, демікпе, артериялық гипертензия, босануға дайындау, жас ана және т.б. бейіндегі мектептер;

жастар денсаулығы орталығының кабинеттері бар.

35. Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі МСАК шеңберінде профилактикалық қызметтер, сондай-ақ әлеуметтік және психологиялық қызметтер Отбасылық денсаулық орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

36. Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің мамандары МСАК шеңберінде халыққа амбулаториялық жағдайда, үйде:


1) №685 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды;

2) салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен сабақтастықты ұйымдастыруды;


қызмет көрсетілетін аумақтық учаскелер бөлігінде скринингілік тексеріп-қарауға жататын тіркелген халық арасынан адамдар тізімін әзірлеуді;
4) тіркелген халық арасынан нысаналы топ адамдарын қажетті көлемді белгілеу арқылы профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зерттеулерден өту қажеттігі жөнінде (тұрғылықты жері бойынша және жұмыс орны бойынша) мекенжайлық хабардар етуді. Профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зерттеулерге шақыртуы бар мекенжайлық хабарлама тұрғылықты жеріне, сондай-ақ жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс берушіге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметкерлердің профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зерттеулерден өту қажеттігі туралы хабардар ете отырып жұмыс орны бойынша жеткізіледі;
5) зерттеулер көлеміне сәйкес, оның ішінде бейінді мамандармен профилактикалық тексеріп-қарауға және скринингілік тексеруден өткізілуге жататын тұлғаларды тексеріп-қарау уақытын және графигін айқындауды;
6) жүргізілген профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зерттеулер нәтижелері бойынша аурулардың қауіп факторлары бар халықтың нысаналы топтарын қалыптастыруды және мониторингілеуді;

7) МСАК деңгейінде салауатты өмір салтын қалыптастыру алгоритміне сәйкес аурулардың қауіп факторлары бар адамдар және науқастарды профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне оқытуды;

8) бейіндері бойынша денсаулық мектептерінің, жастар денсаулығы орталығының, қарттар клубының қызметін ұйымдастыруды;

9) аурулардың созылмалы нысандары бар адамдардың патронажын тұрақты негізде өткізуді;

10) № 630 бұйрыққа және уәкілетті орган бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес тіркелген халыққа психологиялық көмек пен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді;
11) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді, сондай-ақ статистикалық деректерді талдауды қосатын әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді.

§ 3. Фельдшерлік-акушерлік бөлімше медициналық бөлімше.

37. Фельдшерлік-акушерлік бөлімше, медициналық бөлімше № 796 бұйрыққа сәйкес дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін қалалық және аудандық емханалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
38. МСАК көрсететін фельдшерлік-акушерлік бөлімше, медициналық бөлімше қызметкерлерінің функционалдық міндеттері осы бұйрыққа № 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

39. Фельдшерлік-акушерлік бөлімше, медициналық бөлімше мамандары халыққа амбулаториялық жағдайларда, үйде: мыналардан тұратын МСАК (дәрігерге дейінгі) көмекті көрсетеді:

1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар кезінде немесе басқа шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуді;

2) шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсетуді;


3) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді;

4) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есеп және есептілікті, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді, статистикалық деректерді талдауды;


5) осы Ережеге № 2-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтердің ең аз көлемін көрсетуді;
6) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, стендтер мен көрнекі материалдарды ресімдей, сондай-ақ ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша аудио-бейнематериалдарды тұрақты түрде холлдарда және күту орындарында прокатқа бере отырып ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді;

7) шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету әдістеріне тұрғындарды оқыту жолымен халықты азаматтар денсаулығын қорғау үдерісіне тартуды, мектептерді, клубтарды, қолдау топтарын, қоғамдық кеңестерді ұйымдастыра, еріктілерді және озаттарды дайындай отырып өзін-өзі қорғау мінез-құлықтар дағдыларына баулуды;

8) халықты гигиеналық, оның ішінде отбасы мен ана, әке болу мен балалық шақты қорғау мәселелері бойынша оқытуды;

9) қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізуді;

10) иммундық профилактиканы ұйымдастыру және жүргізуді;

11) дәрігер тағайындауларын орындау, оның ішінде туберкулезбен сырқат науқастарға химиотерапия жүргізуді;

12) білікті медициналық көмекке бағыттауға және алуға іріктеу мен жіберуді;

13) тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді;

14) № 685 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етуді;

15) қызмет көрсетілетін аумақтық учаскелер бөлігінде скринингілік тексеріп-қарауға жататын тіркелген халық арасынан адамдар тізімін әзірлеуді;

16) тіркелген халық арасынан нысаналы топ адамдарын қажетті көлемді белгілеу арқылы профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зерттеулерден өту қажеттігі жөнінде мекенжайлық хабардар етуді;

17) зерттеулер көлеміне сәйкес, оның ішінде бейінді мамандармен профилактикалық тексеріп-қарауға және скринингілік тексеруден өткізілуге жататын тұлғаларды тексеріп-қарау уақытын және кестесін айқындауды;


18) жүргізілген профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зертетулер нәтижелері бойынша аурулардың қауіп факторлары бар халықтың нысаналы топтарын қалыптастыруды және мониторингілеуді;

19) аурулардың қауіп факторлары бар адамдарды және науқастарды профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне үйретуді;

20) аурулардың созылмалы нысандары бар адамдардың патронажын тұрақты негізде өткізуді қосатын МСАК (дәрігерге дейінгі) көрсетеді:
40. Фельдшерлік-акушерлік пункттің, медициналық пункттің құрамында:
1) орта медицина персоналына;

2) акушердің қабылдауына;

3) туберкулез кезінде химиотерапия жүргізуге;

4) қақырық жинауға;

5) емшаралар, манипуляциялар және екпелер арналған үй-жайлар бар.

§4. Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі

41. Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі емханалардағы, сондай-ақ стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдардағы құрылымдық бөлімше болып табылады және № 796 бұйрыққа сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

42. Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесінің бейінді мамандары амбулаториялық жағдайда халыққа күндізгі стационарда, үйдегі стационарда:


1) мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;

2) зертханалық диагностикалық зерттеулер жүргізуді;

3) уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен аурулардың жасырын нысандарын және қауіп факторларын ерте айқындауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, скринингілік зерттеулер жүргізуді;

4) аурудың созылмалы түрлері бар адамдарды динамикалық бақылауды;

5) емдеуге жатқызуға жіберілген пациенттерге емдеуге жатқызу үшін негізделген айғақтарды ұсына отырып консультация беруді;

6) функциялары бұзылған, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген науқастарды ерте, жалғастырулы және кеш медициналық оңалтуды;

7) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді, науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығын негіздеуді және еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалтқан тұлғаларға сараптама жүргізуді;
8) №907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті жүргізуді, оның ішінде электрондық форматта, сондай-ақ статистикалық деректерді талдауды;

9) Салауатты өмір салтын қалыптастыруды, бейіндері бойынша денсаулық мектептерін ұйымдастыру мен жүргізуді қосатын мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

43. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін консультациялық-диагностикалық көмек көрсету бөлімшесінің құрамында:
1) бөлімше меңгерушісінің кабинеті;

2) бейінді мамандардың консультациялық қабылдау кабинеттері;

3) сәулелік диагностика кабинеттері (рентгенологиялық диагностика, флюрография, ультрадыбыстық диагностика);

4) функциялық диагностикалау кабинеттері;

5) эндоскопиялық зерттеу жүргізу кабинеттері;

6) хирургиялық бейін төсектері бар амбулаториялық хирургия орталығы (күндізгі стационар) бар.

§5. Консультациялық — диагностикалық орталық/ емхана

44. Консультациялық — диагностикалық орталық/ емхана КДК (мамандандырылған, жоғары мамандандырылған) көмек көрсетеді.


45. Консультациялық — диагностикалық орталық/ емхана мамандары амбулаториялық жағдайда халыққа күндізгі стационарда:

1) мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;


2) ауруды диагностикалау, емдеу және алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып пациенттерді зерттеп-қарауды және емдеуді;

3) аурудың дамуын және күшеюін болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды іске асыруды;

4) зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізуді;

5) емдеуге жатқызу үшін негізделген айғақтарды ұсыну арқылы емдеуге жатқызуға бағытталатын пациенттерді консультациялау;

6) функциялары бұзылған, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген науқастарды ерте, жалғастырулы және кеш медициналық оңалтуды;
7) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді, науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығын негіздеуді және еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалтқан тұлғаларға сараптама жүргізуді;
8) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті. оның ішінде электрондық форматта жүргізуді, сондай-ақ статистикалық деректерді талдауды қосатын мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
46. Консультациялық — диагностикалық орталық/ емхана құрамында:

1) бейінді мамандардың консультациялық қабылдау кабинеттері;

2) сәулелік диагностика кабинеттері (рентгенологиялық диагностика, флюрография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина);

3) функциялық диагностикалау кабинеттері;

4) эндоскопиялық зерттеу жүргізу кабинеттері;

5) зертхана;

6) орталық зарарсыздандыру бөлімшесі;

7) хирургиялық бейінді төсектері бар амбулаториялық хирургия орталығы (күндізгі стационар);

8) тіркеу орны;

9) қосымша бөлімшелері (үй-жайлар) бар.

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі жөніндегі ережеге 1-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін


қызметкерлердің функционалдық міндеттері

1. Медициналық бөлімше мен фельдшерлік-акушерлік бөлімшенің, дәрігерлік амбулаторияның (отбасы денсаулығы орталығының) орта медицина қызметкерінің (мейіргердің, фельдшердің) функционалдық міндеттері:

1) өз құзыретінің шегінде науқастарды амбулаториялық картаға жаза отырып өз бетінше қабылдауды және тексеріп-қарауды;

2) үйден келіп түскен шақыртуларға, оның ішінде МСАК ұйымының жұмыс істеген уақытында жедел медициналық жәрдем стансасынан берілген кезек күттірмейтін жәрдем шақыртуларына қызмет көрсетуді;


3) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар және басқа кезек күттірмейтін жағдайларда дәрігерге дейінгі және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді;

4) өз құзыреті шегінде аурудың созылмалы нысандары бар науқастарды динамикалық бақылауға қатысуды;

5) науқастарды, оның ішінде диспансерлік науқастарды жалпы практика дәрігерінің / учаскелік дәрігердің консультациясына жіберуді;

6) аурудың созылмалы нысандары бар науқастарды үйдегі белсенді потранажын;


7) пациенттерді стационардан шыққан кейінгі белсенді патронажын;
8) жаңа туған нәрестелерді және 1 жасқа дейінгі дені сау балаларды үйдегі патронажын;
9) босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі потранажды;

10) әлеуметтік-психологиялық консультация жүргізуді;

11) созылмалы аурулары бар адамдарға телефон арқылы консультация беру;

12) халыққа салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық білім беру жұмыстарын жүргізуді;

13) оқығаны туралы сертификаты болған кезде балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу бағдарламасын іске асыруды;

14) санитариялық-ағартушылық жұмысты;

15) декреттелген контингенттерге және тіркелген аумақтағы қауіп топтарының адамдарын флюорографиялық тексеріп-қарауларды жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды;

16) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді;

17) ЖПД / учаскелік дәрігердің тексеріп-қарауына, оның ішінде жылжымалы медициналық кешендерде, консультациялық — диагностикалық пойыздарда медициналық тексеріп-қарауға іріктеуді және жіберуді;
18) халықтың нысаналы тобын профилактикалық (скринингілік) зерттеулерге қалыптастыру, шақыртуды және жіберуді;

19) халықты, оның ішінде жүргізілген профилактикалық (скринингілік) тексеріп-қараулардың нәтижелері бойынша аурудың қауіп факторлары бар халықтың нысаналы тобын ауруды профилактикалау мәселелеріне оқыту;

20) балаларды тісті және ауыз қуысының шырышты қабығын күтіп-қарау бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйретуді;

21) тіркелген халық тіркелімін қалыптастыруға қатысуды;


22) дәрігердің тағайындамасын, оның ішінде туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тікелей бақылауды орындауды;
23) дәрігердің тағайындамасы бойынша емді жалғастыру үшін аурудың созылмалы нысандары бар науқастарға ТМККК шеңберінде тегін дәрілік заттарға рецептер жазып беруді;

24) пациенттерді шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайларда дәрігерлік көмек көрсету үшін жақын жердегі стационарларға жеткізуді қамтамасыз етуді;

25) ауылдық елді мекеннің фельдшерінің дәрігер болмаған кезде Уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу қағидасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беруін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беруін;

26) екпелерді жоспарлауды, рұқсат беруді және вакцинадан кейінгі патронажды (иммундық профилактика бойынша сертификаты болған кезде);

27) Ұлттық екпе күнтізбесінің шеңберінде және эпидемиологиялық айғақтар бойынша иммундық профилактиканы ұйымдастыруды және өткізуді;

28) тіркелген халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді;


29) статистикалық есептілікті және есеп беруді, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді;

30) статистикалық деректерді талдауды;

31) вена ішілік, бұлшық етке, тері астына инъекциялар жасауды;

32) АҚ айқындауды;

33) көз іші қысымын, оның ішінде контактісіз көз танометрлерін пайдалана отырып айқындауды;

34) құлақтың шалғыштығы мен көздің жітілігін профилактикалық мақсатта өлшеуді;


35) иммобилдеуді (дәкелік қатып қалатын таңуларды, шиналарды салу);

36) зертханалық, оның ішінде экспресс-әдістерді пайдалана отырып жүргізуді;


37) туберкулезді айқындау үшін қақырық жинауды;

38) зертханалық зерттеулерге биологиялық материалды жинауды;

39) микробиологиялық зерттеулерге материалдарды жинауды;

40) АИТВ инфекциясына және Вассерман рекциясына (RW) қан жинауды;

41) тазартушы және сифонды клизмаларды;

42) сүңгілеуді және асқазанды жууды қамтиды.

3. Жалпы практика дәрігерінің (учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) функциялық міндеттеріне:

1) ересектерді және балаларды қабылдау және тексеріп-қарау;

2) дәрігерлік көмек көрсету үшін айғақтар болған кезде үйде қызмет көрсету;

3) МСАК ұйымының жұмыс істеген уақытында жедел медициналық жәрдем стансасынан берілген кезек күттірмейтін жәрдем шақыртуларына қызмет көрсету;


4) жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа кезек күттірмейтін жай-күйлер кезінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету;
5) аурудың анағұрлым көп таралған нысандарын (кардиология, ревамтология, пульманология, эндокринология, гастрэнетерология, неврология, нефрология, оториноларингология, офтальмология, дерматовенерология) диагностикалау және емдеу;) жас ерекшеліктеріне сәйкес профилактикалық екпелердің кестесін әзірлеу;

7) екпелер алдында балаларды тексеріп-қарау;

8) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен халықтың нысаналы тобына профилактикалық тексеріп-қараулар (скринингілік зерттеулер) өткізуді ұйымдастыру;
9) аурудың созылмалы нысандары бар науқастарды динамикалық бақылауды жүзеге асыру;

10) пациенттерді, оның ішінде диспансерлік пациенттерді айғақтары бойынша бейінді мамандардың консультациясына жіберуді жүзеге асыру;

11) пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу;
12) стационарды алмастыратын көмекті, оның ішінде үйде көрсету;

13) уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын беру;

14) бейінді денсаулық мектептерін ұйымдастыру;

15) тиісті құжаттаманы рәсімдеу мен медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау;


16) дәрілік заттарды тағайындау, дәрілік препараттардың дозасын және ішу ұзақтығын есептеу;

17) барлық алғашқы тағайындалған дәрілік заттарға, оның ішінде аурудың созылмалы нысандары бар науқастарға ТМККК шеңберінде берілетін тегін дәрілік заттарға рецептерді жазып беру;

18) науқастың орта медицина персоналының дәрігерлік тағайындауларды уақтылы және сапалы орындауын бақылау;

19) тіркелген халықты тексеріп-қарау мен емдеу сабақтастығын қамтамасыз ету;

20) үйдегі өлім туралы куәлікті белгіленген тәртіппен беру;

21) халыққа салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық білім беру жұмыстарын жүргізуді;

22) созылмалы аурулары бар адамдарға телефон арқылы консультация беру;

23) статистикалық есептілікті және есеп беруді жүргізу;

24) статистикалық деректерді талдау;

25) ЭКГ жүргізу және нәтижелерін түсіндіру;

26) пикфлоуметрия жүргізу және нәтижелерін түсіндіру;

27) спирометрияны түсіндіру;

28) барлық зертханалық және диагностикалық зерттеулерді түсіндіру;

29) жараларды алғашқы хирургиялық тазарту;

30) жұмсақ таңышты салу;

31) сүйектердің, аяқ-қолдың, омыртқаның сынығы кезінде көліктік иммобилизация;


32) бетінде ораналасқан бөгде денелерді алып тастау;

33) инъекциялардың барлық түрлері;

34) құлақтың шалғыштығын және көздің жітілігін айқындау кіреді.

35) осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген бейіндер бойынша медициналық көмек көрсету кезінде қиын емес хирургиялық манипуляцияларды, аспаптық және функционалдық зерттеулерді жүргізу.

МСАК деңгейінде медициналық қызметтердің ең төменгі көлемі
Осы Амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдарының халыққа медициналық қызмет көрсету көлемінің нормативтері МСАК деңгейіндегі медициналық қызметтердің ең төменгі көлемінің тізбесін қамтиды:
1) жалпы практика дәрігерінің, учаскелік дәрігер-терапевт/педиатр/акушер-гинекологтың МСАК және үйде қабылдауы;

2) учаскелік қызмет/жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің орта медицина қызметкерлерінің МСАК және үйде дәрігерге дейінгі көмек көрсету;,

3) денсаулықты қорғау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұтымды және саламатты тамақтану мәселелері бойынша консультация беру;

4) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарау (скринингтік зерттеулер);

5) әлеуметтік қызметкердің МСАК ұйымдарында қабылдауы және әлеуметтік патронаж;

6) психологтың қабылдауы: жеке және топтық консультация беру;

7) отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру;

8) профилактикалық кабинеттерде, сауықтыру мектептерінде оқыту;

9) созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес науқастарды және олардың отбасыларының мүшелерін өз-өзін бақылауға, өзіне және бір-біріне көмек көрсетуге үйрету;

10) созылмалы аурулар бар адамдарға телефон бойынша консультация беру;

11) жүкті әйелдерді, балаларды, оның ішінде нәрестелерді патронаждау;

12) ауруларды және оның асқынуларын стандартқа сәйкес аурулардың созылмалы нысандары бар науқастарды динамикалық бақылау арқылы бірінші және қайталама профилактикалу;

13) персоналмен және халықпен семинар-тренингтерді өткізуді ұйымдастыру;
14) тістерді және ауыз қуысының шырышты қабығына күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқыту;

15) балаларға мектепке дейінгі білім беру балалар ұйымдары балаларының, орташа жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының, жүктілік бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру;

16) жүкті және босанған әйелдерді емдеу мен патронаж;
17) зертханалық-аспаптық, оның ішінде экспресс-диагностика әдісімен зерттеулерді жүргізу:

клиникалық зерттеулер (лейкоформуламен қанның жалпы талдауы, гемоглобин, эритроциттер, түсті көрсеткіш, лейкоциттер, ЭТЖ, тромбоциттер, қанның ұю уақыты, маляриялық плазмодийге қан, несептің жалпы талдауы, Нечипоренко бойынша несеп, несептегі өт пигменттері, несептегі ақуыз, несептегі қант);


биохимиялық, оның ішінде экспресс-әдіс пайдаланылатын зерттеулер (АЛАТ, АСАТ, жалпы билирубин, глюкоза, несепнәр, холестерин, триглициридтер, креатинин);

қанды маляриялық плазмодийге талдау;

нәжісті жұмыртқаларға/ ішекқұртына, копроскопия, жұмыртқаларға/ішекқұртына қарынды;

тазалық дәрежесіне және бактериологиялық зерттеуге гинекологиялық сүртінді;

қынап сүртіндісіне микроскопия;

КБ бактерископиялық қақырық;

иммунохимиялық зерттеу (экспресс-әдіспен гемокульт-тест);

микрореакция;

электрокардиография;

құлақтың шалғыштығын, көру жітілігін, көз ішінің қысымын айқындау;

15 жастан бастап флюорография.

Ем-шаралар және манипуляциялар:

1) вена ішілік, бұлшық ет, тері асты инъекциялары;

2) дәрілік заттарды венаішілік тамшылатып енгізу;

3) қанды АИТВ инфекциясына және Вассерман реакциясына (RW) жинау;

4) туберкулезді (КБ) айқындау үшін қақырықты жинау;

5) микробиологиялық зерттеулерге материалды жинау;

6) аталған деңгейде орындалмайтын клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық және басқа зерттеулерге биологиялық материал жинау;

7) стационарды алмастыратын көмек көрсету, оның ішінде үйде; 18 жасқа дейінгі балаларды физиотерапиялық емдеу;

8) дәрі-дәрмекпен емдеуді тағайындау;

9) қынап санациясы;

10) тазалық дәрежесіне және онкоцитологияға сүртінді алу;

11) жатырішілік спираль енгізу және алып тастау.


жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау