Педиатриялық білім беруді дамыту
тұжырымдамасы
Өзектілігі:
Қазіргі таңда қоғам алдында балалар денсаулығын сақтау
және педиатриялық білім беру жүйесін дамыту өте өткір
мәселе болып тұр. Себебі дамып келе жатқан жаһандану мен
урбанизация уақытында, демографиялық және экологиялық
өзгерістерге байланысты болашақ ұрпақтың денсаулығын
қорғау кезек күттірмейтін мәселе
Мақсаты:
Жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті педиатр мамандарын
даярлау.
Міндеттері:
-
Педиатрия
бөлігіндегі
медициналық
білім
беруді
жетілдіру
тұжырымдамасын әзірлеу және қабылдау;
- Педиатр мамандарын даярлаудағы білім беру траекториясын әзірлеу
(«Жалпы медицина» факультетінің бірінші курсынан бастап студенттерді
кәсіптік бағдарлауға дайындау);
- Пәндер бойынша тігінен және көлденеңінен интеграция жүргізу;
- Педиатрия мамандығына студенттерді қабылдау үшін психометриялық
тесті даярлау және жүргізу;
-
Білім
алушының
партфолиосын
қалыптастыру
мақсатында
студенттермен кәсіби бейімдік жұмыс жүргізу.
- Практикалық денсаулық сақтау ұйымына керекті педиатр маманына
сәйкес, студенттің
оқу курсына қарамастан екі жақты білім беру
элементтері негізінде үш жақты келісім-шарт жасау (білім алушы,
университет, жұмыс беруші);
- Педиатрияны таңдауы үшін мотивациялық орта әзірлеу.
- Келешек педиатр мамандығын таңдаған 1-3 курс студенттерінің
өндірістік мейірбекелік іс практикасын балалар ауруханасында өткізу
жүйесін қалыптастыру.
- Педиатрлар мектебін ұйымдастыру.
ҚазҰМУ-де педиатриялық білімді дамыту
тұжырымдамасын жүзеге асыру
Бұл тұжырымдама жүзеге асқан жағдайда практикалық денсаулық сақтау
ұйымы жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті мамандармен толығады.
- 1-5 курс (бакалавр) студенттері арасында педиатрия мамандығы
бойынша кәсіби бағдарлық жұмысты жандандыру, пәндер бойынша
тігінен және көлденеңінен интеграция жүргізу
және педиатриялық
элективтерді курсына байланысты таңдау арқылы төменнен жоғарыға
қарай педиатрия траекториясын қалыптастыру.
- Кәсіби бағдарлық жұмыс және таңдау мүмкіндігі бойынша
білім
бағдарламаларын жетілдіру арқылы практикалық денсаулық сақтау
ұйымдарының сұранысына сай педиатрларды дайындау және мамандар
санын арттыру.
-
Резидентура деңгейінде педиатр мамандарының санын арттыру
мақсатында оқу бағдарламасын дайындау арқылы (оның ішінде жекелеген
педиатриялық мамандықтар бойынша да) элективтер және бос жұмыс
орындар жәрмеңкесі арқылы интерн-педиатрлар мен жалпы тәжірибелік
дәрігерлерді көптеп тарту.
- Педиатрия мамандығы бойынша магистратура және PhD докторантура
(3 жыл) деңгейінде білім бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру.
Жоба шешімі:
- Педиатриялық білім беруді дамыту тұжырымдамасын
қабылдау.
- Педиатриялық білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске
асыру бойынша жұмыс тобын құру.
- Педиатриялық білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске
асыру бойынша (жол картасы) іс-шаралар жоспарын
30.04.2016 жылға дейін әзірлеу.
Жауапты орындаушылар: ҚазҰМУ оқу әдістемелік және әлеуметтік
жұмыстары жөніндегі проректор Тулебаев К.А., ОӘІЖД директоры
Абирова М.А., Педиатрия оқу департаменті директоры Измайлова С.Х.,
Педиатрия
факультетінің
деканы
Жұмашев
У.Қ.,
педиатриялық
кафедралардың меңгерушілері.