Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ. к



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет20/37
Дата26.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18099
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37

 
58 
9-тапсырма.  Эссе  қалай  жазылады?  Эссе  жазу  кезеңдерінің  дұрыс  ретін 
көрсетіңіз. 
Жаныңыздағы 
студенттің 
жауабымен 
салыстырып, 
дұрыс/бұрысын түсіндіріңіз.  
 
1.Мысал (факт)  
2. Аргумент   
3. Байланыстырушы сөйлемдер 
4. Түсіндіру 
 
10-тапсырма.  Эссе  мен  шығарманың  айырмашылығы  неде?  Екеуара 
талқылап, ойларыңызды ортаға салыңыздар (2 минут).  
 
Мына кестені толтырыңыз 
Шығарма  
Эссе  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Есте сақтаңыз! 
Сұрақты түсініп, оған беретін жауабыңызды жоспарлау – эссенің бірінші 
сатысы. 
Екінші стратегия - көптеген басқа да эсселердің құрылымымен танысу. 
 
11-тапсырма.  Мына  қасиеттерді  кімнен  кездестіре  аламыз:
Эссеист 
(Э)
/
Шығарма жазушы (Ш)

Болған оқиғаларды өз атынан баяндайды 
Ойлау деңгейі жоғары  
Ақиқаттан алшақ кетпейді 
Батыл болжамдар айтады 
Өткір ұсыныстар келтіреді 
Нақты шығарма арқылы өз пікірін білдіреді 
Өз ойын әдеби тіл қалыбында жеткізеді 
Аз сөзбен көп мағынаны қамтиды 
 
12-тапсырма. Берілген ойды жалғастырыңыз. 
Мемлекетіміздің үлкен бір қозғаушы күші  – білім саласы екендігі баршаға 
мәлім.  Осы  білім  саласының  атқарар  жауапкершілігі  де  қазіргі  таңда  өте 
зор.  Әсіресе  соңғы  жылдары  мемлекетіміз  осы  білімнің  әлемдік  деңгейде 
болуын айрықша талап етіп, қатты назар салып отыр.  Еліміздің дамуы мен 
өркендеуіне,  алдыңғы  қатарлы  өркениетті  елдер  қатарына  жетуіне  үлкен 
бір дем береміз десек, ...........  
 


 
59 
Осы  саладан  білетініңізді  жинақтап,  ой  түйіңіз  де,  жоспарын 
құрыңыз. 
 
13-тапсырма.  Өз жинаған біліміңізбен түсіндірме эссе жазыңыз.  
Жоғарыдағы  мәтінге  сүйене  отырып,  отандық  білім  беру  жүйесі  туралы 
эссе  (немесе  эссе  жанрындағы  шығарма)  жазыңыз.  Эссенің  тақырыптары 
былай болуы мүмкін:  
« ................... туралы»  
«Менің  ................. деген көзқарасым» 
 «................ туралы ойлар»  
«Мен қалай ................... »  
«Менің сүйікті ................. »  
«.................. қазіргі заманға сай ма?» 
«............... менің өмірімдегі орны», т.с.с. 
 
12-тақырып. Өнегелі ғұмыр. Тарихи тұлғалар. Қазақ халқының тұңғыш 
ғалымы- Шоқан Уәлиханов.  
 
Қазақ халқының тұңғыш ғалымы- Шоқан Уәлиханов. 
 
Тірек сөздермен жұмыс 
     Ағартушы,ғұлама ғалым, шығыстанушы, мұра,құнды еңбектер,қажырлы 
саяхатшы,  көрнекті,үлгі  –өнеге,  озық,  жарқын  өмірі,  зиялы  қауым, 
сарқылмас  көзі,  тумысынан  сезімтал,  даналық,  тұрмыс-салтты  бейнелеу, 
озық дәстүрлер, ата-бабаларының мекені, жарқырай береді. 
 
Ойтүрткі 
 1. Оның өмірі қандай болған? ( жұлдыздай аққан, қысқа болған) 
 2   Шоқан Уәлиханов Қазақстанның қай жерінде туған?  
 3.      Шоқан  қандай  адам  болған?  (Шоқан  өте  жарқын  оқымысты,  білімді 
адам болған) 
 4.      Ақсүйектер  деп  кімдерді  атаған?  (  Ақсүйектер  деп  сұлтандарды 
атаған және олар Шыңғысханның ұрпағы болып саналған.) 
 5.      Шоқан Ресейге  нені  түсіндірді?  (даланың  не екенін, оның халқы  кім 
екенін бірінші болып түсіндірді) 
 6.      Шоқан  Уәлиханов  не  деп  айтқан?  («Алдыменен  өз  халқымызды, 
сосын  Сібірді,  сосын  Ресейді,содан  кейін  барлық  адамзат  баласын 
сүйемін»- деген. 
 
      Тыңдаймыз.Сөйлейміз
 
Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп,    адамдар өліп жатады. 
Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол - одан із қалады, іс қалады, 
 сөз қалады. 


 
60 
 Цветы увядают, звёзды гаснут, люди умирают. 
 
 Только у человека есть одна особенность- после него остаётся след ,дело, 
слово. 
 
1-тапсырма -эпиграфты түсініп, аудару. 
2-тапсырма -сұрақтарға жауап беру. 
1)      Қандай адамдардан із , іс, сөз қалады? 
2)      Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер? 
3)      Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе? 
 
    
 Оқылым 
Қазақ халқының тұңғыш ғалымы- Шоқан Уәлиханов. 
 
         Шоқан  Уәлиханов  –  ұлы  ағартушы  –  демократ,  қазақтың  ғұлама 
ғалымы, 
шығыстанушы, 
тарихшы, 
этнограф,  фольклорист  Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  қазақ  мәдениеті 
мен  әдебиетінің  тарихында  ерекше  орын  алады.  Аса  дарынды  қазақ 
халқының  ғалымы  және  ағартушының  өмірі  мен  қызметі  ерекше  таң 
қалдырады.  Өзінің  қысқа  өмірінің  ішінде  ғылым  саласында  орасан  зор 
табыстары  сол  кездегі  өзінің  орыс  достары  мен  жолдастарын,  орыс 
ғалымдарын 
таң 
қалдырды 
Шоқан  алғашқы  білімді  ауыл  мектебінен  алды,  онда  арабша  жазуға  және 
оқи  білуге  үйренді.  Аз  өмірінде  Уәлиханов  Орталық  Азия  халықтарының 
тарихына, географиясына, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына 
арналған  көптеген  құнды  еңбектер  қалдырған.  Уәлихановтан  қалған 
мұраның  бір  бөлігін  бейнелеу  өнері  саласындағы  еңбектері  құрайды.  Ол 
негізінен  портрет,  пейзаж  және  халықтың  тұрмыс-салтын  бейнелеу 
жанрымен 
айналысқан. 
Одан 
150-ге 
тарта 
сурет 
қалған. 
Оның  Қашқарияға  саяхаты  қажырлы  саяхатшы  және  көрнекті  ғалым 
ретінде  оның  атын  шығарды.Сол  елдің  саяси  құрылысы,  табиғаты, 
халқының  кәсібі,  әдет-ғұрпы  жайында  қыруар  ғылыми  материалдар 
жинады. 
Шоқан  қазақтар  арасында  орыс  білімін,  оның  ғылымы  мен  өнерін 
таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда «нағыз шынайы 
білімдер»  ұясы  болатындай  мектеп  түрлерін  ұйымдастыруды  талап 
етті. Қоғамдық  құбылыстарды  ол  ағартушылық  тұрғыдан  түсіндірді.  Өз 
халқын 
Еуропа 
мәдениетінен 
үйренуге 
прогреске 
шақырды. 
Шоқан  арнайы  педагогикалық  еңбектер  жазбаса  да,  оның  қоғамдық  және 
ғылыми  еңбектері  ағартушылық  сипатта  болды.  Ол  білімі  мен  мәдениеті 
озық елдерден үлгі -өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын, мәдениетінен 
үйренуге 
шақырды. 
Шоқан  балалық  шағын  әуелі  Құсмұрында,  содан  кейін  ата-бабаларының 
мекені болған Сырымбетте өткізді. Бала Шоқанның рухани жағынан өсуіне 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау