52
6-тапсырма. Мына пайымдаулармен келісесіз бе/ келіспейсіз бе?
Дәлелдер келтіріңіз.
Қазақтың байлығы техниканың тілін білетін мамандардың аздығынан
игерілмей жатыр.
Әлемдегі дамыған елдердің даму тетігіне
көз салсақ, олар техника мен
инновацияға баса назар аударады. Біз ше?
Отандық техниктен шетелдік маман артық. Неге?
7-тапсырма. Роботты техника мен мехатрониканың болашақтағы
мүмкіндіктері туралы не айта аласыз? Бұл технологиялардың әр сала
бойынша мүмкіндіктері мен жетістіктерін көрсетіңіз.
Кестені толтырыңыз:
А
В
Экология
Медицина
Экономика
Ауыл шаруашылығы
Білім беру
Өнеркәсіп
11-тақырып.
Қазақстандағы білім беру жүйесі.
Оқылым
Өз бетінше оқу.
Көз жүгіртіп шығу.
Төменде білім беру жүйесі жайында мәтіндер берілген. Мәтіндерді оқымас
бұрын:
54
аспирантураның құрылымдық жағының шетелдік жоғары білім жүйесінен
айырмашылықтары бар.
6.Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары білім беру жүйесі қарқынды
дамып
келеді.
Болон
процесі
мен
халықаралық
Лиссабон
ынтымақтастығына қосылуға қол жеткіздік. Бұл ел өміріндегі елеулі оқиға
деуге тұрады. Соның нәтижесінде жоғары білім берудің еуропалық үлгісіне
енетін боламыз. Қазақстандық жоғары мектептің әлемдік білім кеңістігімен
бұлай үйлесуі ұлттық экономика үшін маман даярлауға кең жол ашып қана
қоймайды, кадр сапасын арттыруға да ерекше септігін тигізеді. Сол секілді
білім беру кеңістігіндегі ұстанымымызды нығайтуға да мүмкіндік береді.
Еуропалық білім беру кеңістігіне ену арқылы әлемдік білім беру үдерісіне
жақындауға да қадам жасалады.
1-тапсырма.
1- абзацтағы ойды анықтаңыз.
Мәтінде берілген анықтаманы тауып, астын сызыңыз
1-інші және 6-абзацтар мәтіннің қандай бөліктері болады? Себептерін
түсіндіріңіз.
Түсіндіру мақсатында қолданылған сөйлемдердің астын сызыңыз
Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.
Мәтін 2.
Қазір әлемдік білім беру кеңістігі жеке-дара қалуды қаламайды.
Сондықтан да болар, әлемдегі 46 мемлекет Болон процесіне бірігіп отыр.
жоғары білім беру жүйесі әр елдің өз ерекшелігіне байланысты жолға
қойылған. Әлемдегі жоғары білім беру ісінде кредиттік технология бойын-
ша оқыту кең қанат жайған.
Англияның жоғары білім беру жүйесіне, негізінен, университеттер
енеді. Инженер кадрлары университет құрамына енетін колледждерде,
техникалық факультеттерде және дербес институттар мен колледждерде
даярланады. Бразилия университеттерінде оқу мерзімі 5 жыл, дипломдық
жоба қорғалмайды, сондықтан жоғары оқу орнын бітіргендер тәжірибелік
сынақтан өткен соң ғана маман болады. Жапонияда жоғары білім беру ісі
университеттер мен салалық институттар негізінде жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орнын жақсы бітіргендерге бакалавр атағы беріледі, бұл атаққа
ие болғандар 2 жыл қосымша оқудан соң, ғылым
магистрі атағын алады
.
Австралияда жоғары сапалы мемлекеттік білім бағдарламалары,
сондай-ақ белгілі бір кезең мерзімінде оқу ақысының деңгейінің
тұрақтылығы заңмен қатаң белгіленген. Австралияда 38 мемлекеттік және
2 жеке меншік университет бар. Австралияда алған білім сапасы бүкіл
әлемде танылады. Жыл сайын бұл елге білім алуға 340 мың шетелдік
студенттер келеді. Оқу жылы 2 семестрден тұрады және наурыздан