«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту»



жүктеу 216,66 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі216,66 Kb.
#5671

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ ___ қаулысымен

бекітілген


«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту».

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – уәкілетті орган).

4. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы:

1) уәкілетті орган;

2) заңды тұлғалар – «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – портал) арқылы.

5. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды тартатын жұмыс берушілер және жұмысқа өз бетінше орналасатын қызметкерлер (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар) көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру үшін өтініш білдірген кезде (бұдан әрі – рұқсат):

рұқсат беру туралы шешім қабылдау – өтінішті тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;

рұқсат беру – Қазақстан Республикасынан шетелдік жұмыс күшін шығаруға кепілдік беретін құжаттарды уәкілетті органға тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

2) рұқсатты ұзартуға өтініш білдірген кезде – өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

Құжаттарды толық көлемде ұсынбаған және (немесе) белгіленген нысанда толтырмаған жағдайда уәкілетті орган олар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсат беруден, мерзімін ұзартудан бас тартады және ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды жұмыс берушіге қайтарады.

3) басқа шетелдік қызметкерге бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу үшін өтініш білдірген кезде – өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

4) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту үшін өтініш білдірген кезде – өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға 20 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

Көрсетілетін қызметті алушыға өтініш білдірген күні қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 20 минуттан аспайды;

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

8. Уәкілетті органда немесе порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шетелдік қызметкерді жұмысқа орналастыруға рұқсат беру, қайта ресімдеу және мерзімін ұзарту немесе осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тарту не осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру – көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға өзі барған кезде жүзеге асырылады.

Портал арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті органда:

демалыс (сенбі, жексенбі) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

2) порталда – тәулік бойы.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға немесе портал арқылы мына құжаттарды ұсынады:

1) рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мына құжаттармен бірге:

өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдар үшiн берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалуы туралы (еркін түрде) ақпаратты;

тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, төлқұжаттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, мамандығының, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметті;

тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:

Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармасын (егер құжат мемлекеттік және орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелерін);

оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiнде жазылған қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы қоса берiлген қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпаратты (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс стажы жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттарды;

шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды расталған көшірмесін (егер шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпастан жүзеге асыратын болса, өз қызметкерлерін келісім-шарт бойынша жұмысты орындау, қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

жұмысты орындау, қызмет көрсету үшін жасалған келісім-шарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды расталған көшірмесін (егер шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өз қызметкерлерін келісім-шарт бойынша жұмысты орындау, қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

5-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты;

Төлқұжатта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерін немесе мамандықтарын, тегін, атын, әкесінің атын, ауыстыру мерзімін көрсете отырып, корпоративтік ауыстыру (егер шетелдік қызметкер корпоративтік ауыстыру аясында тартылса) туралы шетелдік заңды тұлға берген хаттың және (немесе) келісімнің (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған аудармасы.

Көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат арасындағы келісімшарттың көшірмелері) қоса береді;

2) рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мына құжаттармен бірге:

өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдар үшiн берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалуы туралы (еркін түрде) ақпаратты;

5-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты;

рұқсаттың мерзімін ұзартуға негіздемені (еркін түрде);

рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса береді;

3) жұмысқа орналастыруға рұқсатты алу немесе мерзімін ұзарту үшін осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мына құжаттармен бірге:

тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, төлқұжаттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, мамандығының, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметті;

шетелдік қызметкердің біліктілігін растайтын құжаттар:

Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармасын (егер құжат мемлекеттік және орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелерін);


оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiнде жазылған қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы қоса берiлген қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпаратты (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс стажы жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттарды;

Көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат арасындағы келісімшарттың көшірмелері) қоса береді.

12. Көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар пакетін растайтын құжат:

1) уәкілетті органға өтініш білдірген кезде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;



  1. портал арқылы өтініш білдірген кезде – электрондық өтінішті қабылдау туралы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберілетін хабарлама.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады:

  1. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзартуды алу үшін өтініш білдірген кезде, мына жағдайларда:

бөлiнген квота мөлшерiнен асқан;

жұмыс беруші мына қатынастарды сақтамағанда:

2012 жылғы бірінші қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бірінші және екінші санатқа жатқызылған қызметкерлердің тізімдік санының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс;

2012 жылғы бірінші қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санатқа жатқызылған қызметкерлердің тізімдік санының 90 пайызынан төмен болмауға тиіс;

жұмыс берушінің шетелдік қызметкерлерді рұқсатсыз тарту фактісін белгілеу;

өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалмауы;

шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейінің (кәсіби дайындығының) және жұмыс тәжірибесінің (өтілінің) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылар лауазымдарына, мамандар мен қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.


  1. шетелдік қызметкерді жұмысқа орналастыруға рұқсатты ұзартуды алу үшін өтініш білдірген кезде, мына жағдайда:

шетелдік қызметкерлердің Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін кәсіптер (мамандықтар) тізбесінде мәлімделген кәсіптер немесе мамандықтар болмаған;

бөлiнген квота мөлшерiнен асқан.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) тікелей уәкілетті ұйымның басшысына. Азаматтарды қабылдау кестесі http:/www.enbek.govkz интернет-ресурсында орналастырылған.

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөліміне;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шағымдар мен ұсыныстар жәшігі арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

15. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.


  1. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

  2. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қарастырылады.

  3. Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.

  4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар



  1. Жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті, сондай-ақ рұқсатты қайта ресімдеуді және мерзімін ұзартуды беру туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады;

  3. Консультативтік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы call-орталығының (1414) телефоны арқылы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі call-орталығының (1411) телефоны бойынша көрсетіледі.

__________________________

«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

__________________________________________________________________


                (рұқсат беруші органның толық атауы)
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған
РҰҚСАТ
№ ___                                       20__ ж. "__" __________
Шетелдік қызметкер _______________________________________________
                       (ТАӘ)
__________________________________________________________________
      (төлқұжат/жеке куәлік №, берілген күні және берген орган)

Шетелдік қызметкер жұмысқа орналасатын лауазымның (кәсіптің) атауы

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Рұқсаттың қолданылатын аумағы ___________________________________


__________________________________________________________________

Жұмыс істеу әдісі (тұрақты, вахталық) ______________________________

Рұқсат берудің негіздемесі _________________________________________
__________________________________________________________________

Рұқсаттың қолданылу мерзімі ____________ бастап ________________ дейін


                              (күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
М.О.                                        қолы ___________________
                                                   (тегі, аты-жөні)

__________________________

«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел

қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел

жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

__________________________________________________________________


(рұқсат берушi органның толық атауы)
Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс
күшiн тартуға арналған
РҰҚСАТ
№ __                                         20 __ ж. "__" _________
Жұмыс берушi _____________________________________________________
                    (заңды тұлға үшiн: атауы, мекенжайы,
__________________________________________________________________
                 тіркеу нөмірі, тiркелген күнi;

__________________________________________________________________

жеке тұлға үшiн: ТАӘ, төлқұжат деректері, үйiнiң мекенжайы)

__________________________________________________________________

Рұқсаттың қолданылатын аумағы (аумақтары) __________________________

__________________________________________________________________


Шетелдiк қызметкер ________________________________________________
                      (ТАӘ, санаты, лауазымы/кәсiбi)
__________________________________________________________________
      (төлқұжат/жеке куәлiк №, берiлген күнi және берген орган)

Жұмыс iстеу әдiсi (тұрақты, вахталық)_______________________________


Рұқсат берудiң негiздемесi__________________________________________
__________________________________________________________________

Рұқсаттың қолданылу мерзімі ______________ бастап _______________дейiн


                              (күнi, айы, жылы) (күнi, айы, жылы)
М.О.                                    қолы _____________________
                                                  (тегi, аты-жөнi)

_________________________

«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел

қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел

жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

_______________________________

(жұмыс берушінің,

қызметкердің атауы)

Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидаларының ___ тармағы, ____ тармақшасына сәйкес 20___жылғы «___» ___________ №______ шешімімен ______________________________________________________

(уәкілетті органның атауы)

Сізге ___________________________________________________________

(рұқсат берілді, қайта ресімделді, ұзартылды немесе беруден, қайта ресімдеуден, ұзартудан бас тартылды)

хабарлаймыз.



_____________________________________________________________________________

(рұқсат беруден, қайта ресімдеуден, ұзартудан бас тартылған жағдайда, нақты дәйектерді көрсете отырып түсініктеме беру қажет, ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсету)


_____________________________________________________________________________

(рұқсаттың түрін көрсету)

_____________________________________________________________________________

(шетелдік қызметкердің ТАӘ, лауазымын (кәсібін) көрсету)


Уәкілетті органның басшысы _________________________________

(лауазымы) (қолы, тегі мен аты-жөні)

__________________________


«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша

_________________________________________
_________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының атауы)

жұмыспен қамтуды үйлестiру және     


әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына
кiмнен ___________________________________
  (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
 
 

ӨТIНIШ
_____________________ облысына (қаласына) ______ адамға, оның iшiнде:

бiрiншi санат бойынша - ____ адамға,


олардың iшiнде лауазымдары(кәсiптерi) бойынша: ______________________

__________________________________________________________________


екiншi санат бойынша - ____ адамға,
олардың iшiнде лауазымдары (кәсiптерi) бойынша: ______________________
__________________________________________________________________
үшiншi санат бойынша - ____ адамға,
олардың iшiнде лауазымдары (кәсiптерi) бойынша: ______________________
__________________________________________________________________
төртiншi санат бойынша - ____ адамға,
олардың iшiнде лауазымдары (кәсiптерi) бойынша: ______________________

__________________________________________________________________


маусымдық жұмыстарға - ____ адамға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудi /мерзiмiн ұзартуды/ (қажеттiнiң асты сызылады) сұраймын.
Жұмыс берушi туралы мәлiметтер:

Жұмыс берушiнiң атауы: ____________________________________________


Меншiк нысаны ____________________________________________________
Құрылған күнi ______ жылғы "____"_____________
Қазақстан Республикасы әдiлет органдарында тiркелу туралы куәлiк
__________________________________________________________________
                  (нөмiрi, кiм және қашан берген)

СТН:_______________, ЖСН____________________, БСН: _______________


Жүзеге асыратын қызмет түрi ________________________________________
Мекенжайы, телефоны, факс _________________________________________
Қоса берiлетiн құжаттар: ____________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Шетелдiк жұмыс күшiн тарту қажеттiлiгiнiң негiздемесi (оның iшiнде бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкке):

__________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________

Шетелдiк қызметкерлер Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал, өкiлдiк құрмай жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаның қызметкерi болып табылған жағдайда, онда шетелдiк заңды тұлға - жұмыс берушi туралы мынадай деректер толтырылады:

Шетелдiк заңды тұлға - жұмыс берушiнiң толық атауы: ________________
__________________________________________________________________

Резидент елiндегi тiркеу туралы деректер____________________________


__________________________________________________________________
      (мемлекеттiк тiркеу №, күнi және тiркеу органының атауы)
Резидент елдегi салықтық тiркеу нөмiрi немесе оның баламасы
__________________________________________________________________

Жүзеге асырылатын қызмет түрi ______________________________________

Резидент елдегi мекежайы, телефоны__________________________________
__________________________________________________________________

"Қолданыстағы Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидаларымен және шарттарымен таныстым".

Басшы ____________________________________________________________
                      (қолы, тегi, аты-жөнi, лауазымы)

20__ж. "___" ___________


М.О.
Өтiнiш қарауға қабылданды 20__жылғы "__"_______________
__________________________________________________________________
            (жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)
----------------------------------------------------------------------------------------------------

(қию сызығы)

Өтініш беруші _________________________________ өтініші қоса берілген құжаттармен бірге қабылданды өтінішті тіркеу күні 20___ж. «___» _________
_______________________________________________________________

құжаттарды қабылдаушының ТАӘ, лауазымы және қолы


М.О.
______________________________

«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша

Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпараттың нысаны


Р/с





Жұмыс берушiнiң қызметкерлерiнiң саны, адам

Тарту жоспарланған шетелдiк жұмыс күшiнiң саны, адам

3 баған + 5 баған

4 баған + 5 баған

Шетелдiк жұмыс күшiнiң қызметкерлердiң жалпы санына қатысты %, 7 баған/6 баған *100%

Барлығы

оның iшiнде шетелдiк жұмыс күшi

1

2

3

4

5

6

7

8

1

1 және 2 санат



















2

3 және 4 санат



















3

БАРЛЫҒЫ



















    

Ескертпе: шетелдiк қызметкер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 5-бағанда есепке алынбайды.


      Жұмыс берушi: _____________________________________________
                         (қолы, тегi, аты-жөнi, лауазымы)

     


М.О.

____________________________


«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша

____________________________________________
____________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының атауы)

жұмыспен қамтуды үйлестiру және            


әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына   

кiмнен _____________________________________


(шетелдiк қызметкердiң ТАӘ)    
___________________________________________
(төлқұжат/жеке куәлiк №, берiлген күнi   
және берген мекеме)
ӨТIНIШ
___________________________________ облысында (Астана немесе Алматы қалаларында)
__________________________________________________________________
      (жұмысқа орналасатын лауазымын (кәсiбiн) көрсете отырып)

жұмысқа орналасуға рұқсат берудi/ұзартуды сұраймын (керегi сызып көрсетiлсiн)


Болжамды жұмыс орны: _____________________________________________


                   (жұмыс берушiнi және оның мекенжайын көрсету)
Қызметкер туралы мәлiметтер

Мекенжайы, телефоны, факс__________________________________________


Қоса берiлетiн құжаттар _____________________________________________
__________________________________________________________________
Резидент елдегi мекенжайы, телефоны _________________________________
__________________________________________________________________

Қолданыстағы Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидаларымен және шарттарымен таныстым.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Қызметкер ________________________________________________________


                       (қолы, тегi, аты-жөнi)

20__ ж. "___" _________________


М.О.
Өтiнiш 20_жылғы "__"________________ қарауға қабылданды
__________________________________________________________________
               (жауапты адамның тегi, аты-жөнi, қолы)
----------------------------------------------------------------------------------------------------

(қию сызығы)


Өтініш беруші _________________________________ өтініші қоса берілген құжаттармен бірге қабылданды өтінішті тіркеу күні 20___ж. «___» _________
_______________________________________________________________

құжаттарды қабылдаушының ТАӘ, лауазымы және қолы


М.О.


_________________________
жүктеу 216,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау